Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет14/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   271
Список литературы: 
1.
Закон Республики Казахстан «О борьбе с коррупцией»от 2 июля 1998 года№267-1
2.
Закон Республики Казахстан «О противодействии коррупции» от 18 ноября 2015 года №410-V 
ЗРК 
3.
Алауханов Е. Антикоррупционная правовая политика // Заң әдебиеті,
4.
учебное пособие. Алматы,2009.
5.
Жетписбаева А. Начни с себя// Индустриальная Караганда. - 2020. – 27 февраля. 
6.
Шәкәрім 
Құдайбердіұлының 
нақыл 
сөздері//Ақпарат 
дереккөзі: 
https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/asyil_soz/53203/ 
 
Абдыкаримова Дария Абылгазықызы 
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақжарық ауылы «Қызыларай жалпы білім беретін мектебі» 
коммуналдық мекемесі 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ СЫНИ ОЙЛАУ ЖҮЙЕСІ
 
 
Аңдатпа. Бұл мақалада білім мазмұнының жаңартылған шеңберінде бастауыш сынып 
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту технологиясын жоспарлауда оқыту мен оқу 
үдерісінде тиімді жүзеге асуы жан-жақты талданады. Бастауыш сынып оқушыларының 
функционалдық сауаттылығын дамыту технологиясын қандай технология арқылы дамиды және оны 
қысқа мерзімді жоспарлаудың алгоритмі ретінде көрсетіп, оқу мақсаттары негізінде сабақтың 
сараланған мақсаттарының оқушылардың қажеттіліктеріне орай SMART форматында 
құрастырылуы мен нәтижелілігі, сәйкесінше жиынтық бағалауда жоғары нәтижеге қол жеткізуі 
дәлелденеді. 
Тақырып мазмұнына сәйкес таңдалған белсенді әдістердің оқушыларды оқуға тартуы, оқу 
мақсатына жетуіне ықпал етуі, сол арқылы коммуникативтік әрекеттің келесі дағдысына 
бағытталуы ескерілді. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту 
технологиясы бұл оқу мен оқытудағы сыни ойлау жүйесі мен және қысқа мерзімді жоспарлаудың 
педагогикалық үрдістегі табыстылығы болып сараланады. 
Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында мемлекеттің адами құндылығы 
қоғамның білімділігіне тәуелді екенін және құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт 
қана табысқа жететінін жаһандық сын-тегеуріндер дәлелдеп келеді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» 
Ұлттық жоспарындағы білім беру саласына қатысты5 қадам адам капиталының сапасын көтеруге 
бағытталғаны баршаға мәлім. Соның ішінде 76-қадамда «12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен 
енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту» 
басымдықтары білім беру жүйесіне тың серпіліс әкелді [1]. Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік 
білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай функционалдық сауаттылықты 
қалыптастыру құзыреттіліктерін қамтитын білім беру мазмұнының жаңартылған моделіне көшу 
кезең-кезеңмен іске асырылуда.
Жалпы білім беретін негізгі мектептерде бастауыш сынып оқушыларының функционалдық 
сауаттылығын дамыту технологиясыбойынша оқушының –ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін 
түсінетін оқушы қалыптастыру, сондай-ақ нормаларды сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін 
сөйлесуге және сауатты жазуға оқушыларды мұғалім дағдыландыруға үйрету қажет [2]. Қазіргі 
заман мұғалімі - ол үнемі табысқа ұмтылатын және өз оқушыларының табысқа жетуіне қабілетті 
кәсіби маман. 
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту технологиясын мен 
Стронгтің "Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім" деген 
сөзімен түсіндірер едім. Себебі менің алдымда оқушыларымды оқу мақсаты арқылы күтілетін 


35 
нәтижеге жетелеу, болашақ өмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, олардың бойында 
тілдік және өмірлік маңызы бар адамзаттық дағдыларды қалыптастыру міндеті тұрды. Алғашқы 
айларда жоспарланған оқу әрекеттері толық жүзеге аспады және пән бойынша академиялық білімді 
меңгертумен ғана шектелдім де, оқушыларым оқу жетістіктерін анықтайтын жиынтық бағалау 
тапсырмаларын орындауда біраз ізденісті талап етті. Бұл мәселе мені терең толғантты және 
ізденіске, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту технологиясын 
іздеуге және, тығырықтан шығуға жетеледі. 
Педагогикалық қызметімде орыс педагогі К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім - өзінің білімін 
үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де 
жойылады» деген пікірі өмірлік ұстанымыма айналды. Жан-жақты ізденіспен білімім мен білігімді 
ұштастырып, кәсіби шеберлігімді шыңдап, табысқа ұмтылу, оқушыларымды жетістікке 
жетелеу басты мақсатым болып табылады. Ал ол үшін бастауыш сынып оқушыларының 
фунционалдық сауаттылығын дамытудазаманауи білім берудегі оң өзгерістерге бейімделудегі 
икемділік, инновациялық технологиялар мен оқыту құралын, жаңартылған білім мазмұны негізінде 
сабақты тиімді, нәтижелі жоспарлауды меңгеру қажеттілігі туындауы - заңдылық.
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда сабақты 
жоспарлауданбастау қажет. Нақты оқу уақыты барысында мұғалім мен оқушының нәтижеге 
бағытталған әрекеттерін, оның мақсат, міндеттері мен әдістерін, тапсырмаларын құрастыру. 
Жаңартылған білім мазмұнындағыбастауыш сынып оқушыларының сауаттылығының бірден-бір 
көрінісі қысқа мерзімді жоспарлаудың кейбір ерекшеліктерін өзімнің алдыңғы сабақ жоспарыммен 
салыстыру барысында анықтадым.
Жаңартылған білім мазмұндағы мұғалімнің функционалдық сауаттылығын дамытудың 
көрінісі қысқа мерзімді жоспарлауда көрініс береді. 
Ұзақ мерзімді жоспардан бөлім бойынша қамтылуға тиісті тақырыптар мен мақсаттар 
жүйесін білу; 
Орта мерзімді жоспар мен оқу жоспарынан белгілі бір бөлімдегі нақты ұсынылған сабақ 
тақырыбынан оқу мақсатын анықтау; 
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытужәне сыни ойлау 
жүйесі – нәтижесі алдын-ала белгісіз шығармашылық, зерттеушілік мәселелерді шешумен тығыз 
байланысты жұмыс. Мұғалімдердің өз беттерінше ізденулері арқылы зерттеушілік іс-әрекет 
дағдыларын, ойлаудың зерттеушілік түрін меңгерулеріне, сонымен қатар оқу барысында 
белсенділік ұстанымдарын қалыптастыруға, функционалдық сауаттылықтарын дамыту шарт. 
Ұстаздың функционалдық сауаттылығы – бұл педагогикалық іс-әрекетті өзгерту бойынша 
құндылыққа бағытталған, жан-жақты дәлелденген, талаптарға сай ұйымдастырылған, нақты 
мақсатты көздейтін кәсіби қызмет. Мұғалімдердің функционалдық сауаттылығын дамытуда 
жобалық және зерттеу әрекетіне үйрету барысында қойылатын міндеттер төмендегідей болуы 
мүмкін: – мұғалімдердің функционалдық сауаттылығын дамытуда танымдық қызығушылықтарын 
дамыту; – шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту; – проблема қою және оны 
шешудің тәсілдері мен жолдарын табу біліктері мен дағдыларын дамыту; – оқуға және өздігінен 
ізденуге ынталандыруға жағдай жасау; – білім алушылардың өз әрекеттеріне, қабылдаған 
шешімдеріне жеке (тұлғалық) жауапкершілік сезімін, өзін-өзі бағалаудың негізін қалау; – тұлғаның 
бойында коммуникативтік дағдылар қалыптастыру және дамыту; – білімді күнделікті өмірде 
қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, яғни функционалдық сауаттылықтарын дамыту.
ХХI ғасырдамұғалімдердің фунционалдық сауаттылығын дамыту бұл шығармашылық 
қабілеттерін дамытуға ықпал ететін белсенді оқу әдістері мен тәсілдерінің дамуымен байланысты 
функционалдық сауаттылықты дамытуда Джона Дьюи идеяларына қызығушылық артты. Ол «сын 
тұрғысынан ойлауды» дамытудың қажеттілігіне назар аудара отырып, оқу материалын белсенді 
және саналы түрде меңгертуге бағытталған сын тұрғысынан ойлауды қалыптастырудың 
қағидаттары мен әдістемесін әзірлеп ұсынды: 

көп мәнділікті меңгеру, яғни теориялар мен түсініктердің мән-мағынасын сөздердің, 
суреттердің және математикалық мәндердің көмегімен жеткізе білу; 

ақпаратты ықшамдай және жалпылап қорыта білу, өз бетінше тиімді және үнемді 
құрылымдарды, тұжырымдамалық карталар мен схемаларды құруға қабілеттілік; 

нақты, деректіден алшақтап, дерексіз, абстрактылы ойлай білу;

кез келген құбылыстың негізгі, басты қағидаттарын анықтап, таба білу.


36 
Функционалдық сауаттылықты дамытуда Дьюи идеясын іске асыру тәсілдерінің бірі 
«жобалау әдісі» бойынша оқыту болды. Қазіргі заманғы педагогикада жобалау әдісі заманауи білім 
беру жүйесінің компоненттерінің бірі ретінде қолданылуда. Дәстүрлі және инновациялық оқыту 
әдістерінің тиімді арақатынасы мұғалімнің танымдық және эмоционалдық тұрғыдан дамуына оң 
ықпал етеді. 
Функционалдық сауаттылықты дамытуда пәнаралық және шығармашылықпен кіріктірілген 
бағдарлы жұмыс түрі болып табылады. Бұл әдіс мұғалімдердің қандай да бір мәселені өздігінен 
зерделеп, зерттеу нәтижесін көпшілікке таныстырып жариялаудан тұратын оқу-танымдық іс-
әрекеттерінің жиынтығын қамтиды. Мұғалімдердің коммуникативтік, күрделі мәселелерді шешу 
жолындаға ізденістік және өз іс-әрекетіне рефлексия жасай білу қабілеттері дами түседі. Сонымен 
қатар, мұғалімдердің функционалдық сауаттылығын дамыту жұмыстары пәнаралық байланысты 
нығайтып, екі немесе одан да көп сабақтар бойынша кіріктірілген сабақтар ұйымдастыруға 
мүмкіндік береді. Мұғалімдер өздігінен ізденіп, оларды талдап, дамыту арқылы қорытынды жасап, 
жаңа нәтиже алуды және оны жариялауды жүзеге асырады.
Қорыта келгенде, сабақтың оқу мақсатына, ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес 
жоспарланған тиімді деп таңдалған әдіс-тәсілдермен берілген топтық, жұптық, жеке формадағы 
тапсырмалар белсенді оқу ортасының қалыптасуына, өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға 
бағытталуы тиіс. Бұған оқуды барынша белсенді, күрделі, қызықты, маңызды ету арқылы қол 
жеткізуге болады. Жеке және топпен бірлесе жұмыс істеу қабілеті, сын тұрғысынан ойлау 
дағдылары, сөйлеу мәдениеті қалыптастыру, өмірлік жағдаяттарда оң шешім қабылдау, адамзаттық 
құндылықтарға баулу - жаңартылған білім мазмұнының соның ішінде функционалдық 
сауаттылықты дамыту тиімді тұсы екенін атап айтқым келеді. Демек, «функционалдық сауаттылық» 
табысты оқытуың мәні – мұғалімдердің бойында ХХІ ғасырда өмірдің барлық саласында табысты 
болуы үшін қажетті кең ауқымды дағдыларды дарыту болып табылады. Оқушы кез келген ауызша 
және жазбаша мәтіндерді түсініп оқып, сын тұрғысынан қолдануға, басқалармен әртүрлі тақырып 
төңірегінде мазмұнды әңгіме жүргізіп, мәтін құра білуге белсенді оқыту мен оқу үдерісінде 
дағдыланады. 
Демек, білім мазмұнының жаңартылған шеңберінде функционалдық сауаттылығын дамыту 
технологиясы негізінде қысқа мерзімді жоспарды тиімді әзірлеудің табыстылығы оқу 
бағдарламасының талаптарын орындауға және мұғалімдердің оқу үлгеріміне оң әсер етеді. Жалпы 
мақаламды қортындылай келе, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын 
арттыру және сыни ойлау жүйесін қалыптастыру технологиясы бұл мұғалімнің жан-жақты дамуы.

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау