449
- тұлғaлық (өзінжeкетұлғарeтіндеқалыптaстыруғақажеттібілім, білік, дaғдылардыигeру,
болашақөзітаңдағанкәсібінөзіанықтау, оныңқиыншылығы мен күрделілігінетөзімді болу);
- азаматтық (қазақхалқыныңсалт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілінтереңмеңгеріп,
Қазақстанның өсіп-өркендeуіжoлындағыaзaматтықпaрызынтүсінуі);
Мeктeп oқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың oтандық және
халықаралық практикасын зeрдeлеу; Функционалдық сауаттылықты
дамыту бойынша шаралар
жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау; Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету:
стандарттар, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары; Білім беру процесін оқу-әдістемелік
қамтамасыз етуді әзірлеу; Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг
жүргізу жүйесін дамыту; Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының
материалдық-техникалық базасын нығайту. Сонымен функционалдық сауаттылық дегеніміз-
адамның
мамандығына, жасына қарамастан меңгерген білімді сауатты қолдана алуы мен үнемі
білімін жетілдіріп отыру процесі, оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін
сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни,
оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. [3]
Елбасы бастамасымен өмірге келген «Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық
жоспардың» маңызы ерекше. Оның мақсаты – оқушылардың салалық сауаттылығын дамыту
арқылы, тиiмдi қызмет түрлеріне бейімдеу. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің
парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады. Бұл – дәстүрлі мектеп моделінен
рационалды модельге, әрі қарай феноменальді модельге «үш адым» ілгері аттау дегенді білдіреді.
Осы мақсатқа қол жеткізу арқылы Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер
тобына қосылады. Ұлттық жоспардағы функционалдық сауаттылықты дамытудың негізгі нақты
тетігін нақтылап түсіндіре кетейін: Атап
айтқанда, педагогтарды даярлау мен біліктілігін
арттыру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тағы басқа салаларда ілгерілеушілік
байқалады, функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және
жинақтау сияқты өлшемдер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін біртіндеп
мектеп өміріне енгізу. Ал сырттай бағалау- әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу
жетістіктерінің нәтижелері /ҰБТ,ОЖБ-ВОУД/. Сондай-ақ халықаралық /TIMSS , PISA және
PIRLS/ зерттеулерге қатысуы. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді
қатысуы. Қосымша білім беру жүйесін дамыту. Айта кететін болсам: оқушылар сарайы, музыка
мектептері, жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қа-
растырылған. Еліміз тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық-техникалық базасы
жаңартылатын болады.[4]
Сонымен қатар, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда мектеп жастағы білім
алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы PISA халықаралық
зерттеуінің басты
бағыттарының бірі болып табылып отыр. Аталған зерттеу қазақстандық оқушылардың
халықаралық
зерттеулердегі
көрсеткіштерін
арттыруға
негізделеді.
Сондай–ақ
жаратылыстанудан білім беру, ғылыми-жаратылыстану сауаттылыққа түгелдей тәуелді.
Жаратылыстану сауаттылығы он бес жастағы білім алушының жаратылыстану құбылыстарын
суреттей,түсіндіре және болжай білуіне, ғылыми аргументтер мен қорытындыларды
интерпретациялай білуіне бағытталған. Сонымен оқушының логикалық ойлау қабілетін
арттыруда PISA тапсырмаларының атқаратын ролі зор. Логикалық сипаттағы тесттер,
шығaрмaшылық тұрғыдaн ізденуге бaғыттaлғaн тест тaпсырмaлaрын oрындaу oқушылaрдың
қызығушылығын туғызды, оқушылардың білімді жете меңгеру мен оларды өмір жағдайларында
қолдана білу қабілеттерін анықтауға арналған. География
сабағында мен oқушылaрдың
функциoнaлдық сaуаттылығын қaлыптaстырудың тиімді жoлдaрының бірі PISA критерийлерін
қолдана отырып, проблеманы талдау, лoгикaлық сипaттaғы тecт тaпcырмaлaрын орындату
«ойлан, жұппен жұмыс істе, бөліс», «мен-сен-біз» т.б стретегияларын қолдану арқылы іске
асырамын. Ұйымдастыру түрі: жеке, жұптық, топтық, ұжымдық ретінде қолданамын.
Функциoнaлдық сaуaттылықты қaлыптaстыру-педaгогтeр мeн oқушылaрдың іс-әрекетіндe
нәтижeге қoл жeткізудің нeгізі. Төмeндe география сабағында пайдаланатын PISA
тапсырмаларының бірнeшe тест тaпcырмaлaрды ұcынaмын: [2]
Мазмұндық білім: Жер жүйесінің құрылымы. Атмосфера.
25. Атмосфералық қысым
450
Сұрақ 1
Ауаның негізгі салмағы жер бетінің төменгі таяу қабатына түседі. Атмосфераның бүкіл
салмағының жартысы 5 км биіктікке дейінгі
қалыңдығына тура келеді, сондықтан ауаның
қысымы биіктік бойынша өзгереді.
Асқар ата-анасымен Астана қаласына ұшақпен баруды жөн көрді. Ұшақ әуежайдан
көтерілерде стюардесса жер бетіндегі атмосфералық қысым 750 мм екендігін хабарлады.
Ұшақ 5000 м биіктікке көтерілгенде Асқар ұшақ сыртындағы атмосфералық қысым енді қанша
болды екен деп ойлады.
Асқарға көмектесіңіз, ұшақ сыртындағы қысымды анықтаңыз және қорытынды шығарыңыз.
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Жауабы: 250мм, биіктік артқан сайын қысым төмендейді.
Сұрақ 2
Ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді.Орта бойлы адам
шамамен 15 000 см² , оған түсетін қысым 15 500 кг немесе 15 т-дан астам. Неліктен біз мұндай
қысымды сезбейміз?
А. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе-тең келеді.
В. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан артық келеді.
С. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан кем келеді.
Д. Біздің денеміздің ішкі қысымы мен сыртқы атмосфера қысымының арасында ешқандай
байланыс жоқ.
Жауабы: А
ІІ-нұсқа Мазмұндық білім: Атмосфера
Сынып 5Тақырып: 27.Бізді қоршаған ауа Сұрақ 1
Экологиялық ахуалдың нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшерінің 10-12%-дан
артпауына алып келді.
Ауадағы таза оттегі мөлшері қанша пайызды құрағанда қалалықтар экологиялық ахуалдың
жақсарғанын көріп,сезінеді?
А. 100%
В. 51%
С. 21%
24 Атмосферанықорғау. Сұрақ 1
ХХ-ғасырда адамның шаруашылық әрекетінің әсерінен атмосфера үлкен мөлшерде ластана
бастады. Атмосфераның ластануы мен күресу адамзаттың алдындағы аса маңызды мәселелерге
айналып отыр.
Ауаны көлік түрлерінің ішінде ластаушы көздердің ең негізгісі қайсысы?
А.
Автомобильдер
В. Теміржолкөлігі
С.Ұшақтар
Жауабы: А
Достарыңызбен бөлісу: