Литература:
1. Развитие исследовательской деятельности учащихся. Методический сборник. – М.: Народное
образование, 2017.
Жакышева И. М.
Ақтоғай ауданы, Қошқар ОМ (Тірек мектебі (РО)
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР
Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасынының қарқынды дамитын құнды,
қайталан байтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың
алғашқы баспалдағы. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім беру мемлекеттік білім стандартын өз
жұмысымда басшылыққа ала отырып бастауыш сынып оқушыларының бойына білім негіздерін
қалыптастырып, көптілді тұлғаны тәрбиелеуді жалғастырмақпын.
Қазіргі Қазақстан мектептерінде жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін
пайдалана отырып, баланың жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ететін жаңа
технологияларды іздестіру және оларды қолданылуға бағытталған. Орыс мектептерінде қазақ
тілін үйрену, білу қазіргі таңның басты мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі –
әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді қоддана отырып, жаңа технологияларды енгізу. Қазір
технологиялардың түрлері өте көп. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар,
қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады.сондықтан әртүрлі көрнекіліктерді, аудио,
бейнетаспаларды, үлестірмелі материалдарды, дыбыстарды меңгеру барысында бейнероликтерді
жиі қолданамын. Дегенмен, бастауыш сыныптарда тілді үйрету мәселесінде ойын әдісін
қолданудың өте тиімді екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Әрбір ұстаздың басты міндеті оқушыларға өз пәнінен жоғары деңгейде білім бере
отырып, олардың сабаққа деген ынтасын арттыра білу. Ал,қазақ тілі сабақтарында мұғалімдердің
міндеті – ойын эелементтерін кіріктіре отырып, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан
орыс мектептерінде бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін көбінесе ойын арқылы үйретуді
жөн көремін. Өзге тілді аудиторияларда тілді үйретудегі негізгі әдәстің бірі – сабақта ойын
элементтерін жиі қолдану, әсіресе бастауыш сыныптарда балалардың тілді үйренуге деген
қызығушылығын арттырады. Ойын - мәдениет феномені. Ол – оқытады, тәрбиелейді, дамытады.
Сондықтан да сабақта қолданылатын ойынның негізгі мақсаты- оқушылардың танымдық
қызығушылығын арттыру, тілін дамыту болып табылады. Ойын әрдайым оқыту мен
тәрбиелеудің мазмұнына сәйкес таңдалынады. Бұл классификацияға төмендегі ойын түрлерін
көрсетеміз:
сөздік ойындар;
табиғатпен таныстыру ойындары;
математикалық ұғымдарды қалыптастыру ойындары;
дидактикалық ойыншықтармен ойындар;
саяхат-ойындар;
ойын-тапсырмалар;
436
ойын-сөйлемдер;
диалог-ойындар. т. б
Сабақ өткізгенде ойын тәсілінің мына негізгі принциптерін ескеру тиіс: Өтетін
материалды игергенде бала тапсырманы ойын ретінде қабылдауы, қызығушылығын арттырады.
Ұжымдық, яғни балалар ұжымын біріңғай топтастыру. Жеке және топтық тапсырмаларды
қарсыластарынан бұрын шешу арқылы уақытты үнемдеу және достарына үлгі болу. Әр ойынның
мазмұнында жаңа элементтер болуы тиіс.
Ойын кезінде баланы мәжбүрлеуге, ойынды бұзған балаларды бұл жерде жазалауға
болмайды. Ойын соңында талдау жасап кімнің қалай жауап бергенін айтады. Баланың тілін
дамытуда ойын мен ертегінің бала жүрегінің сабақта өте қуанышты жағдайын көрсетеді. Айтқым
келіп отырғаны негізгі мақсат танымдық іс-әрекет қана емес, жеке қасиеттерін қалыптастырып
ауызша жауап беру арқылы тілін дамыту.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы
анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшқыштар», «Отбасы», «Бала бақша» т.с.с болып
ойналады. Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл ойынның жанды тұлғасын құрайтын, ойын
әрекетінің, балалардың өзара қарым – қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара
байланысын анықтайды.
Сюжетті – рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып
табылады. Ол балалар өміріне елеулі орын алады. Сюжетті - рольді ойындарының ерекшелігі
сол, оны балалар өзі жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық
сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті – рольді ойында бейнелеу
құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда
балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттерін, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда балалар
дәрігер мен науқастың әрекеттеріне келтіреді.
М: 3 сыныптарда «Дүкендер» тақырыбы бойынша балалар әр дүкеннің сатушысы болып,
қалғандары сатып алушы рөлінде болып өтілген лексикалық тақырыптар қайталанады,
«Ойыншықтар дүкенінде» ойыншықтар атауы, «Кітап дүкенінде» кеңсе заттарының атауы,
«Азық түлік дүкенінде» азық-түліктер атауы, «Киім дүкенінде» киімдер атауын еске түсіріп
қайталап «Сен қайда барасың?», «Сен дүкенге кіммен барасың?», «Сен қай дүкенге барасың?»
сұрақтарына жауап беру арқылы грамматикалық тақырыпты қайталайды. «Қанша тұрады?»
сұрағына жауап беру арқылы сан есімді қайталайды.
Драматизиялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекеті қандай да бір әдеби шығарманың,
ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына сәйкес болады. Ол сюжетті - рольді ойынғаұқсас. Мысалы:
«Ақылды қарға»ертегісі. Дидактикалық ойын формасы мектеп алды дайындық тобындағы
балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Ойын өлең мен қимылды ұштастыру
негізінде жүргізіледі. Үстел үсті ойындары, тапқырлық ойындар («Қайда не өседі?» «Бұл кімге
керек» т. б.) пазылдар, леголар қимыл белсенділіктерін, ептілікті талап ететін ойында. Бастауыш
сыныптағы балалар қағазға басылған үстел үстінде ойналатын ойын қызықты келеді. Оларға
табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (Кім не біледі? Немен жүреді? Немен жүзеді?
Немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді. (мысалы: «Бауырсақ»
ертегісі).
Қимыл ойындарда балалардың қозғалысын отыру, тұру, секіру т. б қимылдарға
жаттығуына мүмкіндік береді. Қимыл ойындары барлық жүйке - психикалық дамуына,
жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл
ойында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін,
ойнаушылардың қарым-қатынасын, баланың мінез – құлқын анықтайды. Сол сияқты ойындар да
әр сыныпта жас ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. Жалпы, ойынның оқу үрдісіндегі маңызы зор.
Ойын ойнау арқылы баланың бойындағы ерекшеліктерін, бейімділігі мен қабілеттерін
байқауға болады. Бұл мінездемелерді ескере отырып, соған сәйкес жұмыстар жүргізіліп
отырылуы тиіс. Сабақ бойы оқушылардың өзіммен бірге жұмыс істеуіне аса зор мән беремін.
Иә, шынында да, бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті ойын болғандықтан, осы
аталған әдіс арқылы тілді үйрету үрдісінде көп жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Қазақ тілі сабақтарындағы түрлі ойындар мазмұны жағынан өмірдегі алуан
құбылыстармен сәйкес келеді де, ал ұйымдастырылуы жағынан баланың ықыласы мен ынтасын
437
арттыратындай тартымдылыққа ие болады. Соның нәтижесінде бала өмірлік дағдыларды жеңіл
әрі қызыға отырып игереді. Ойын элементтерін әр сабақта пайдалану оқушылардың танымдық
қабілетін арттырып, тілді үйретуге мол мүмкіндік жасайды.
Орыс сыныптарында оқытылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды
белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын
түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Жалпы білім беретін орыс меткептерінде қазақ тілін оқыту
әдістемесінде көрсетілгендей, ойындарды үш топқа бөліп қарастыруға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |