Изопроцестер немесе газ заңдары. Параметрлердің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде өтетін процестер изопроцестер деп аталады. «Изос» грек сөзі «тең» деген мағынаны білдіреді.
Изобаралық процесс. Қысым тұрақты болғанда, термодинамикалық жүйе күйінің өзгеруі процесі изобаралық деп аталады. Грек сөзінен алынған «Барос» - ауырлық, салмақ. Егер газ қысымы өзгермесе, берілген массалы газ үшін көлемнің температураға қатысы тұрақты болады. Бұл газ заңын эксперименттік түрде 1802 жылы Гей –Люссак (француз ғалымы) тағайындаған.
Күй теңдеуінен Р =const болғанда, 1) =const; 2) . 3) . Графигі изобар деп аталады.
Әр түрлі қысымға тәуелді әр түрлі изобара сәйкес келеді. Тұрақты температурада қысым артқан сайын газдың көлемі кішірейеді. Төменгі температурада идеал газдың барлық изобралары Т=0 нүктесінде түйіседі, бірақ бұл нақты газдың көлемі шынында да нөлге айналатындығын білдірмейді. Барлық газдар қатты суығанда сұйыққа айналады, ал күй теңдеуі сұйықтарға қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |