Физикадан үлгерімді тексеруге – білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру кіреді. Оқушылардың үлгерімін тексерудегі негізгі талаптарға – тексерудің жүйелілігі және бағаның әділ қойылуы жатады. Оқушылардың физикадан білімін ауызша және жазбаша, ал іскерліктер мен дағдыларды эксперименттік және графиктік есептерді шығарудың, бақылау және лабораториялық жұмыстардың көмегімен тексереді. Оқушылардың білімін тексерудің ең кең тараған түрі – ауызша тексеру. Оның көмегімен мұғалім мен оқушының арасында тікелей байланыс жүзеге асады. Білімді ауызша тексеруді сабақтың барысында, қайталау уақытында және жаңа материалды оқып үйренуге дайындық кезінде, сабақтың соңында өткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |