Сапалық есептерді шығарудың схемасы мынадай: Есептердің шартын оқу, оның шартындағы барлық терминдерді анықтау (мағынасын түсіну); Талдаудың аналитика-синтетикалық тізбегін құру; Алынған жауапты оның физикалық мағынасымен түсіндіру. Сапалық есептерді шығару әдістеріне қарай оларды екі негізгі топқа ажыратамыз: 1.Қарапайым сапалық есептер: оларды шешу бір физикалық заңдылыққа негізделеді, мұнда ой-қорыту тізбегі қарапайым. 2.Күрделі сапалық есептер: бұл бірнеше қарапайым есептердің комбинациясы немесе жиынтығы болып келеді. Оларды шешуде біршама күрделі ой-қорыту тізбегін құруға тура келеді және бірнеше физикалық заңдылықтар талданады. Сондай-ақ сапалық есептер график түрінде де берілуі мүмкін. Мұнда зерттеу объектісі физикалық шамалардың графиктік тәуелділігі болып табылады. Кейбір жағдайларда есептің шарты гафикпен берілуі, ал кейбірінде есептің шарты бойынша график тұрғызылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |