Антикалық ғылым.
Антикалық ғылымның ерекшеліктері.
Ең бірінші эксперименттің болмауы. Қазіргі заманғы зерттеулер эксперименттерге негізделген, яғни теорияны міндетті түрде экспериментпен салыстырып, дәлелдейді.
Мұның бірнеше себептерін қарастыруға болады. Ең алдымен ғылым тарихшылары идеологиялық көзқарастар деп санайды. Құлиеленуші қоғамда еркіндіктегі қала тұрғындары физикалық еңбекпен айналыспаған. Олар данагөйлер жатпайтын құлдар қатарына жатты. Осылайша, эксперименттік және теориялық ғылыми зерттеулер антикалық қоғамның ерекшеліктерімен сәйкес келмеді. Екінші себебі, экономикалық көзқарастар, құлиеленуші қоғамның экономикалық базисі жеткіліксіз болды. Ол уақытта ешқандай материалдық база болмады, техника төмен деңгейде болды. Сірә, осы себеп сол заманға нақты болар.
Не болса да, ол кезде әскери істерде ғылыми зерттеулер эксперименттік бағыт алды деуге болды. Дәл осы облыстарда инженерлер мен атақты оқымыстылар жұмыс істеді, олардың ішінде ежелгі әлемнің ұлы оқымыстылары Сиракуздан Архимед бар.
Антикалық заманның тағы бір ерекшелігі - ғылыми зерттеулерде математиканы қолданудың шектелуі. Бұл антикалық қоғамды билеп тұрған құлиеленушілікпен байланысты. Экономиканың дамуының сатысы, саяси жағдайлар барлық нәрсенің сандық көрсеткішіне мән бермеді, бағаламады. Бұл антикалық натурфилософтарға ғылыми сұрақтарды шешуде өрескел сапалық түсініктердің жеткілікті екеніне әкелді.
Антикалық ғылым.
Физиканың әр түрлі облыстарында антикалық ғылымның жетістіктері қандай болды?
Механика. Алғашында механика қолданбалы ғылым болған, тек кейін ғана механикада алғашқы теориялық қорытындылар пайда бола бастады. Олардың бірі қарапайым механизмді қарастыру, бірінші кезекте, рычаг проблемасын шешу. Осы мәселемен Арихимед (оның «Таразы туралы» кітабы бізге жеткен жоқ), Евклид, жалған-Евклид және тағы да басқа да ғалымдар айналысқан.
Гидростатика. Антикалық ғылымдар гидростатика мәселесін де өте маңызды деп санады. Архимед денелердің жүзу шарттарын қалыптастырды. Бұл бізге қазір Архимед заңы деген атпен белгілі.
«Ауаның ауырлығы» деп ежелгілер оның пневматикалық қасиеттеріне қарай айтқан. Осыған үлес қосқан Герон Александрийскийдің «Қозғалысы» антикалық ғалымдардың қозғаған мәселерінің бірі. Ол Аристотельдің «Физикасында» жүйелі көрсетілген.
Акустика. Акустика туралы алғашқы ұғымдар Пифагорға жатқызылады. Осыған орай, пифагорлықтар дауыстың таралу жылдамдығы оның жоғарлылығына байланысты, бірақ олар жоғарылылықтың тербеліс жиілігіне байланысты екенін білмеді.
Оптика. Оған антикалық ғалым Евклидті (б.э.д. III ғ.) жатқызады, ол евклидтік геометрияны сол кезде «Бастаулар» атты шығармасында жазған және де ол «Оптика» және «Катоптрика» (аударғанда «Көріністер туралы», және «Шағылу көріністері туралы» дегенді білдіреді) шығармаларын жазды. Оның бұл жұмыстарында қазіргі геометриялық оптиканың бастамалары жазылған. Оптикамен сол заманда Архимед, Герон Александрийский, Клавдий Птолемей сияқты оқымыстылар айналысқан.
Қарап тұрсақ, қазіргі заманның ғылымының түп негізі сонау антикалық заманнан басталады екен. Антикалық заманда қойылған міндеттер мен мәселелер көптеген ғасырларға созылып, солардың жауабын іздеу барысында қаншама ғылыми жаңалықтар ашылды, қаншама ғалымдар келді.
Достарыңызбен бөлісу: |