тапсырма. Қысқа толқынды пештің «құпиясы»
Жұмыртқаны суға пісірген кезде нәруыздың табиғисыздануы жүреді. Суда еритін түссіз ақуыз жоғары температураның әсерінен ерімейтін, түсі бар, тығыз затқа айналады. Ал жұмыртқаны суда пісіру мен қысқа толқынды пеште әзірлеудің қандай айырмашылығы бар? Бағандарды сәйкестендіріңіз.
А. Жұмыртқаны суда пісіргенде
В. Жұмыртқаны қысқа толқынды пеште әзірлегенде температура:
Жұмыртқаның ішіндегі су сұйық күйінде болып, біртіндеп ақуыз денатурацияланады.
Температура 100°C-тен асып кетуі мүмкін. Денатурация процесі аяқталмай жатып су қайнап кетуі мүмкін. Жылытқанда жұмыртқа ішіндегі газдың көлемі сұйықтық пен қатты денеге қарағанда айтарлықтай ұлғайып, су буының қысымы кенеттен жоғарылайды, мұның нәтижесінде қабыққа сыймай атылып кетуі мүмкін.
Жұмыртқа ішіндегі температура сырттағы, яғни қабық температурасынан төмен болады.
Қабықтың ішкі температурасы сырттағыдан гөрі жоғары болады. Жауабы:
А – 1 мен 3. В – 2 мен 4
Жартас қыртысы - жердің ең жоғарғы қабаты. Қыртыс ішінара балқитын жыныс қабаттары бойынша жүретін тектоникалық тақталарға бөлінген. Тілімдер жарықтар деп аталатын жарылған жерлерден тұрады. Жарықтың бойында жиналған қысым босап шыққан кезде, жер сілкінісі болады, оның нәтижесінде қыртыстың бөлшектері араласып кетеді. Жарықты бойлай қозғалу мысалы төменде көрсетілген.
Жарық жағдайында табиғи себептермен қысым пайда болады.
Неліктен?
Жауабы: Жердің мантия қабатындағы еріген заттар жоғары температурада болғандықтан, қысымның жоғарлауына әкеледі. Сондықтан жоғары қысымдағы сұйықтық жарық аймақтарда сыртқа шығады (магма-лава), сол жарық аймақтарда жоғары қысым пайда болады. Біртіндеп сыртқа шыққан сұйықтық топырақпен немесе тау жыныстарымен араласып, қысымның біртіндеп тоқтауына себеп болады.
Тектоникалық тақталардың қозғалысы қысымның жиналуына әкеледі.
Әртүрлі бағытта қозғалатын тау жынысы не топырақ жарық кезінде үйкелу есебінен тоқтайды.
тапсырма. Шолпанның Күн дискісінен өтуі.
2004жылғы маусымда Жердің көптеген аумағынан Шолпан ғаламшарының Күн дискісінің алдында қалай өтетінін бақылауға болады.Бұл құбылыс Шолпанның Күн дискісінен өтуі деп аталады және Шолпан Күн мен Жер арасынан өткен кезде байқалатын құбылыс.Төмендегі суретте 2004 жылы Шолпанның Күн дискісінен өтуі көрсетілген.Телескоп Күнге бағытталған,ал сурет ақ экранға түсірілген.
Неліктен Шолпанның өтуі кескінді телескоп арқылы тікелей емес,ақ экранға проекциялау арқылы бақыланады?
А.Күн сәулесі жарық,одан Шолпанды көру мүмкін болмады. В.Күн үлкен,оны үлкейткіш құрылғыларсыз көруге болады .
С.Телескоп арқылы күн сәулесіне қарасаңыз,көзіңізге зақым келуі мүмкін. Д.Кескінді экранға проекциялау оны кішірейту үшін қажет болды.
Достарыңызбен бөлісу: |