Бұрыштық жылдамдық туралы ұғым енгізейік. Ол үшін айналған дененің бір В нүктесінің орнын бұрышы арқылы анықтаймыз, ол бұрыш ОВ радиусы мен бастапқы бір ОА радиусының арасындағы бұрыш болсын (1.3.1 -сурет).
Дене айналған кезде бұрышы үздіксіз өзгеріп отырады. Бір қалыпты айналған дененің бұрыштық жылдамдығы дегеніміз ОВ радиусы бұрылатын бұрышына тура пропорционал және осы радиус бұрышына бұрылуға кеткен уақыт аралығына кері пропорционал болатын физикалық шама болады.
Достарыңызбен бөлісу: |