Егер ортаның бөлшектері толқын бағытына перпендикуляр болатын жазықтықта тербелетін болса, онда серпімді толқындар көлденең болып табылады. Көлденең толқындар ығысу деформациясымен қатар жүреді. Сондықтан олар серпімді ортада таралады, яғни қатты денелерде.
Егер ортаның бөлшектері толқынның таралу бағытында тербелетін болса, онда толқындарды бойлық деп атайды. Бойлық толқындар созылу (сығылу) деформациясымен байланысты сондықтан олар газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде таралуы әбден мүмкін.
Кеңістікте энергия тасымалдайтын толқындарды қума толқындар деп атайды. Қума толқындар толқындық функциямен (толқындық теңдеу) математикалық түрде сиптталады. Толқындық функция деп тербелетін ортаны сипаттайтын -шаманың -координаталардан және -уақыттан тәуелділігін айтады. Жалпы тәуелділігі күрделі болуы мүмкін. Егер толқын қандай да бір түзу бойымен таралатын болса (мысалы, осі бойымен) және өшпейтін болса (яғни тербеліс амплитудасы уақыт бойынша өзгермесе), онда осі бойындағы кез келген нүктедегі тербеліс координат басындағы тербелістен тек уақыт бойынша шамаға ғана өзгеше болады, мұндағы -толқын жылдамдығы. Сондықтан осындай толқын үшін толқындық функцияның түрі:
Достарыңызбен бөлісу: |