В
43
∑
ВАВИЛОВ ЗАҢЫ – ВОЛЬТМЕТР
186
187
тұрақты болатынын тұжырымдайды: яғни / ϭ = const. Бұл заңды 1853 ж. неміс
физиктері: Густав
Видеман (1826 – 1899) мен Р. Франц ғылыми тәжірибе негізінде
тұжырымдаған. 1881 ж. дат физигі Людвиг
Лоренц (1829–1891) ғылыми тәжірибе
жүзінде бұл қатынастың температураға (Т) пропорционал болатынын анықтаған:
/ϭ = LТ, мұндағы L –
Лоренц саны, бұл сан іс жүзінде барлық металдар үшін
бөлме температурасында және одан да жоғары температура (Т) кезінде бірдей
болады. Видеман – Франц заңын алғаш рет 1902 ж. неміс физигі Пауль
Друде
(1863–1906) түсіндірген. Ол металдағы электрондарды газ ретінде қарастырған
және оған газдардың кинетикалық теориясының әдістерін қолданған (металдардың
электрлік және жылуөткізгіштігі негізінен еркін электрондардың қозғалысынан
пайда болады).
ВИДИКОН (латынша «видео – қараймын» + грекше «ейкон – кескін»)
– оптикалық кескінді электрлік сигналдар тізбегіне түрлендіру үшін ішкі
фотоэффектіні пайдаланатын телевизиялық таратқыш түтік.
ВИЗУАЛДАУ (латынша «визуалис – көрінетін») – физикалық құбылысты не-
месе үрдісті (процесті) түйсінуге ыңғайлы көрініс түрінде бейнелеу. Нысанның
(объектінің) шығаратын көрінбейтін сәулені өрісі таратылған кезде көрінетін
кескінге түрлендіру.
ВИЛЛАРИ ЭФФЕКТІСІ, магниттік серпімді эффект – ферромагнетиктердің
магниттелуіне механикалық деформациялардың (созу, бұрау, ию, т.б.) әсер етуі.
1865 ж. италия физигі Эмилио
Виллари (1836–1904) ашқан. Ферромагнетик үлгіге
тұрақты серпімді кернеу түсіріліп магниттік өріс артқан кезде үлгінің магниттелуі
алғашында артады, содан соң максимум (
Виллари нүктесі) арқылы өтеді де ең
соңында нөлге дейін кемиді. Виллари эффектісі магнитстрикцияға
кері құбылыс.
Ферромагнетиктер (мысалы, Ni) магниттелуі кезінде өлшемдерін кішірейтеді
(теріс магнитстрикциялы болады), созылу кезінде магниттелуін кемітетін болады
(теріс Виллари эффектісі). Керісінше, оң магнитстрикциялы ферромагнетиктер
созылғанда, мысалы, Ni (65% – Fе (35%) қорытпасынан жасалған шыбық бұлардың
магниттелуін арттырады. Сығылған кезде Виллари
эффектісінің таңбасы кері өзгереді. Бұл эффект
механикалық деформация әдісімен магниттік ма-
териалдар жасауға арналған.
ВИЛЬСОН КАМЕРАСЫ – зарядталған
бөлшектердің іздерін (траекторияларын) бақылауға
арналған аспап. Бұл аспапты 1912 ж. ағылшын физигі
Чарлз
Вильсон (1869–1959) жасаған. Зарядталған
Вильсон камерасының сыртқы
көрінісі
В
43
∑
ВАВИЛОВ ЗАҢЫ – ВОЛЬТМЕТР
186
187
Вильсон камерасының сұлбалық кескіні
бөлшектердің траекторияларының
бойында пайда болатын иондарға
асақаныққан будың конденсациялануы-
на негізделген. Осының нәтижесінде за-
рядты бөлшектердің жолдары көрінетін
ізге айналады. Камера конденсация-
ланбайтын газбен (гелий, азот, аргон)
және кейбір сұйықтың (су, этил спирті,
т.б.) асақаныққан не қаныққан буымен
толтырылады. Зарядты бөлшек өз жо-
лында кездескен молекулаларды иондайды, яғни бу иондарының тізбегін құрайды.
Осы иондар асақаныққан будың конденсациялық ұйытқы орталығына айналады
да өте ұсақ тамшылар түрінде шөгетін болады. Осылай бөлшектердің өткен
жолының бойында тамшылардан түзілген жіңішке із пайда болады. Зарядталған
бөлшектер камераның ішіне орнатылған көзден немесе сыртқы көзден таратыла-
ды. Бөлшектердің еркін жолы мен импульсі, магнит өрісінің бөлшектер траекто-
рияларын ауытқытуы бойынша олардың табиғаты және қасиеттері анықталады.
Бұл камераның ядролық физика тарихында маңызы зор болды. Осы камерамен
қарапайым бөлшектер физикасында бірқатар жаңалықтар ашылған. ХХ ғасырдың
50–60-жылдары бұл камераның орнын
көпіршікті камера мен ұшқындық ка-
мера басты.
ВИННІҢ СӘУЛЕ ШЫҒАРУ ЗАҢЫ – абсолюттік температураға ( Т) тәуелді
түрде тепе-теңдік сәуле шығару спектріндегі энергияның үлестірілу заңы. Бұл
заңды 1893 ж. неміс физигі Вильгельм
Вин (1864–1928) ашқан. Осы заң жоғары
жиілікке (ν) арналған (қысқа толқын ұзындығы үшін λ = с/ν)
Планктің сәуле
шығару заңының шекті жағдайы болып табылады.
ВИРТУАЛ (латынша «виртуалис – мүмкін, сондай») – белгілі бір жағдайлар
кезінде пайда болуы мүмкін; физикалық тұрғыда жүзеге асырылмайтын немесе
нақты жағдайда болатын нәрселерден өзгеше жайт.
ВИРТУАЛ АУЫСУЛАР, к в а н т т ы қ т е о р и я д а – физикалық
микрожүйелердің виртуал бөлшектердің тууымен және жойылуымен байланысты
бір күйден өзге күйге ауысулары.
ВИРТУАЛ БӨЛШЕКТЕР, к в а н т т ы қ т е о р и я д а – нақты бөлшектерге
сәйкес келетін кванттық сандары (спині, электрлік және бариондық зарядтары,
т.б.) болатын; бірақ та бұлар үшін әдеттегі (нақты бөлшектер үшін тура) энергия
( ), импульс (р) және масса (m) арасындағы байланыс орындалмайтын бөлшектер:
В
43
∑
ВАВИЛОВ ЗАҢЫ – ВОЛЬТМЕТР
188
189
2
≠ р
2
с
2
+ m
2
с
4
. Осы бұзылыс энергия мен уақыт аралығындағы кванттық
анықталмағандық қатынастың салдарынан пайда болады әрі қысқа мерзімді
уақытта ғана жүзеге асуы мүмкін (бұл жайт виртуалдық бөлшектерді тәжірибе
жүзінде тіркеуге кедергі жасайды); сондықтан виртуалдық бөлшектер тек өте
қысқа мерзімді аралық күйлерде ғана кездеседі де тіркелуге уақыты жетпейді.
Виртуал бөлшектердің ерекшелігі –
олар өзараәсерлесуді тасушылар. Мысалы,
екі электронның бір-бірімен өзараәсерлесуі олардың
біреуінің электрон шығаруы,
екіншісінің виртуалды фотонды жұтуы арқылы жүзеге асырылады.
ВИРТУАЛДЫҚ (латынша «виртуалис – мүмкін, сондай болу») – физикалық
тұрғыда жүзеге аспайтын немесе бар нәрселерден айырмашылығы болатын, белгілі
бір шарттар кезінде кез келген бір нәрсеге ұқсастырылып елестетілу.
Виртуалдық нақтылық – компьютерлік ойындар, желілер мен жүйелер әлеміне
қатысушы ретінде сезінуге арналған бағдарламалық-аппараттық құралдар
жиынтығы болып табылады.
ВИРТУАЛДЫҚ КҮЙЛЕР, к в а н т т ы қ т е о р и я д а – микробөлшектер
жүйесінің энергиясы, импульсі және массасы арасындағы әдеттегі байланыс
орындалмайтын (бұзылатын) қысқа мерзімдікаралық күйлер. Виртуалды күйлер
әдетте микробөлшектердің соқтығысулары кезінде пайда болады. Мысалы,
нейтрондардың протондармен соқтығысулары виртуалды күйлерде дейтронның
пайда болуымен тез ыдырауы жағдайында өтеді.
ВИСКОЗА (латынша «вискосис – тұтқыр») – күйдіргіш натрийдің сұйық
ерітіндісіндегі целлюлоза ксантогенатының қою ерітіндісі. Целлюлоза ксантогена-
ты сілтілік целлюлоза мен күкіртті көміртектің әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі.
Вискоза ерітіндісінің тұтқырлығы жоғары.
ВИСКОЗИМЕТР (латынша «вискосис –
тұтқыр + ... метр) – сұйық пен газ тұтқырлығын
анықтайтын аспап. Жұмыс істеу принципіне
қарай вискозиметрдің капиллярлы, айналма
цилиндрлі, ротациялы, шарик батырылып
анықтайтын және ультрадыбыстық әдіске не-
гізделген түрлері бар.
Капиллярлық вискозиметрдің тұтқырлықты
анықтауы Пуазейль заңына негізделген және
берілген қысым айырмашылығы кезінде дөңгелек қималы жіңішке түтікше (ка-
пилляр) арқылы белгілі мөлшерлі сұйықтың немесе газдың өту уақытын өлшеуге
негізделген.
Әйнек капилляр вис-
козиметр: 1 – өлше-
уіш резервуар; 2 –
капилляр; 3 қабыл-
дағыш ыдыс; М
1
жә-
не М
2
– өлшеуіш ре-
зервуардан сұйық-
тың ағып шығу уа-
қытын өлшеуге ар-
налған сызық белгі-
лер
Достарыңызбен бөлісу: |