Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет76/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   265

Г

107

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ



194

195


өзараәсерлесу  радиусымен  теңеседі.  Нақты  газдардың  термодинамикалық 

қасиеттерін сипаттау үшін күйлердің әртүрлі теңдеулері пайдаланылады. Нақты 

газдың идеал газдан негізгі айырмашылығын сапалы түрде дұрыс сипаттайтын 

теңдеуге, бір жағынан, молекулалар арасындағы тартылыс күштерін (бұлардың 

әсері газдың қысымын азайтады), екінші жағынан, газдың шексіз сығылуына 

кедергі келтіретін тебу күштерін кемітуге әкелетін күштерді есепке алатын Ван-



дер-Ваальс теңдеуін мысалға келтіруге болады.

Теориялық тұрғыда мүмкіндігінше жақсы негізделген (кризистік нүктеден алыс 

күйге арналған) күйдің вириал теңдеуіне pV=RT (1+B/V+C/V

2

+...) теңдеуі жатады, 



мұндағы В, С т.б. коэффициенттер молекулалар жұбының (В), үш молекуланың (С

т.б. жоғары реттік соқтығысулары бойынша анықталады. Вириалды коэффициент-

тер тек температураның (Т) функциялары болады. Нақты газдың ішкі энергиясы 

көлемге (V) (молекулалар арасындағы арақашықтыққа тәуелді) тәуелді, оның 

себебі молекулалардың потенциалдық энергиясы олардың өзара орналасуларымен 

анықталады. Нақты газдың температурасының (Т) өзгеруі, газ кеуек аралықтан 

(қабырғадан) баяу тұрақты жылдамдықпен өткен кезде [осы үрдіс 

дросселдеу 

деп аталған] өткен кездегі молекулааралық өзараәсерлесумен байланысты. Газ 

температурасының өзгеруі кезіндегі өлшеуіші 

Джоуль-Томсон коэффициенті 

болады. Газ молекулаларының ішкі құрылымы олардың термиялық қасиеттеріне – 

қысымға, температураға, тығыздыққа және осы шамалар арасындағы байланысқа 

әлсіз әсер етеді, олардың молекулалық массалары маңызды болады. Керісінше, 

газдың калориялық қасиеттері (жылусыйымдылық, энтропия, т.б.) осылармен 

қатар оның электрлік және магниттік қасиеттері молекулалардың ішкі құралымына 

едәуір тәуелді болады.

Газдың электрлік қасиеті бірінші кезекте молекулалардың немесе атомдардың 

иондалу мүмкіндігімен, яғни газда 

электрлік зарядталған бөлшектердің пайда 

болуымен байланысты. Зарядталған бөлшектері (иондары және электрондары) 

жоқ газ жақсы диэлектриктер болып табылады. Зарядтардың шоғырлануының 

артуы газдың электрөткізгіштігін жақсартады. Температура бірнеше мың К-ге 

(Кельвин температураға) артқан кезде газ ішінара ионданып плазмаға айналады. 

Магниттік қасиеттері бойынша газдар д и а м а г н и т т і к  (бұған инертті газдар, 

сонымен қатар H

2

N



2

, СО


2

, Н


2

О) және п а р а м а г н и т т і к  (О

2

) газға ажыратылған. 



Молекулаларының тұрақты магниттік моменті болмайтын, оны тек сыртқы өрістің 

ықпалымен ғана иеленетін газ-диамагнитті газ, ал молекулаларының тұрақты 

магниттік моменті болатын газ өзін сыртқы магниттік өрісте парамагниттік газ 

ретінде ұстайтын болады.




ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ

194


195

Г

107

Молекулааралық өзараәсерлесуді және молекулалардың ішкі құрылымдарын 



есепке  алу  газ  физикасының  көптеген  мәселелерін  (мысалы,  атмосфераның 

жоғарғы сиретілген қабаттарын ракеталар мен Жер серіктерінің қозғалыстарына 

ықпалын зерттеу кезінде) шешу кезінде қажет болады.

Қазіргі кездегі газ физикасында газ деп тек заттардың бір агрегаттық күйі ғана 

аталмайды, сонымен қатар, мысалы, металдағы 

еркін электрондардың жиынтығы 

да (


электрондық газ), кристалдардағы немесе сұйық гелийдегі (фонондық газ) 

газ деп аталады. Қарапайым бөлшектер және квазибөлшектер газдары кванттық 

статистикада қарастырылады.

Айныған газ – бөлшектерінің айырмашылықтарының болмауынан олардың 

біріне-бірінің  кванттық-механикалық  ықпалының  салдарынан  идеал  газдың 

қасиеттерінен елеулі айырмашылығы болатын газ.

Идеал газ – заттардың өзін құрайтын бөлшектері өзараәсерлесу күштерімен 

әлсіз байланысқан және еркін қозғалатын, өзіне берілген көлемге түгелдей жай-

ылып орналасатын агрегаттық күйі.

Нақты газ – молекулаларының арасындағы өзараәсерлесу маңызды болатын газ.

Сиретілген газ – атмосфералық қысымнан төменгі қысымдағы газ.

Фонондық газ – қатты денедегі, сондай-ақ сұйық гелийдегі фонондардың 

жиынтығы.



Электрондық газ – металдағы еркін электрондардың жиынтығы.

ГАЗДАРДАҒЫ ЭЛЕКТР РАЗРЯДТАРЫгаздық разрядтар – электр тогының 

газ күйін өзгерте отырып осы газды орта арқылы өтуі. Газдың бастапқы күйін 

анықтайтын шарттардың көптігі (құрамы, қысымы т.б.), газға, материалдарға, 

электродтардың пішіні мен орналасуына, газда пайда болатын электр өрісінің сырт 

көрінісіне сыртқы ықпалдар газдардағы электр разрядтарының түрлерінің көп бо-

луына әкеп соқтырады, сонымен қатар олардың заңдары электр тогының металдар-

дан және электролиттен өтуі кезіндегі заңдармен салыстырғанда күрделі болады. 

Газдардағы электр разрядтары сырттан аз потенциалдар айырымы түсірілгенде 

ғана Ом заңына бағынады, сондықтан электр разрядтарының қасиеттері вольт-

амперлік сипаттамалар бойынша айғақталады.

Газда металл мен сұйықтағыдай 



еркін зарядтар (электрондар мен иондар) бол-

майды. Газдар негізінен, бейтарап атомдар мен молекулалардан құралғандықтан, 

олар қалыпты жағдайда электр тогын өткізбейтін диэлектриктер болып табылады. 

Сондықтан газдағы электр тогы металл өткізгіштер мен электролиттердегі токқа 

мүлде ұқсамайтын ерекше құбылыстар тудырады. Газдар иондалу нәтижесінде 

электрөткізгіштік қасиетке ие болады. Егер газдардағы электр разрядтары тек 

сыртқы әсерлер (сыртқы иондауыш) арқылы тудырылатын болса, ол 

тәуелді разряд 



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау