Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет69/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   265

Б

86

БАҒАН – БЭР ЗАҢЫ



176

177


Массаның техникалық бірлігі – МКГСС (метр, килограмм-күш, секунд) 

бірліктер жүйесіндегі масса бірлігі.



Туынды бірлік – физикалық шамаларды байланыстыратын теңдеулері пайда-

ланылатын негізгі бірліктерден құралатын физикалық шамалардың бірлігі.



Физикалық шамалардың бірлігі – анықтамасы бойынша 1-ге тең сан мәні 

меншіктелген (берілген) физикалық шама.



БІРЛІКТЕРДІҢ  СГС  ЖҮЙЕСІ  –  физикалық  шамалардың  негізгі    үш 

бірліктерден құралған – сантиметр (ұзындық бірлігі), грамм (масса бірлігі) және 

секундтан (уақыт бірлігі) алынған бірліктер жүйесі. Ол СГС (немесе CGC) ата-

уымен белгіленеді. Бұл жүйенің аты сантиметр, грамм, секунд атауларының бас 

әріптедрінен  құрылған  (СГС).  1881  ж.  Парижде  өткен  электр  мамандарының 

Халықаралық І конгресінде қабылданған. Осы жүйені құрудың негізіне электр 

заряды (СГСЭ) мен магниттік зарядтардың (СГСМ) өзараәсерлесуінің Кулон заңы 

алынған. 



БІРЛІКТЕР ЖҮЙЕСІ – белгілі бір саланы (механика, жылу, электр, жарық, т.б.) 

қамтитын физикалық шамалардың негізгі және туынды бірліктерінің жиынтығы. 

Бірліктер жүйесі зерттелетін физикалық құбылыстардың табиғатына байланысты 

анықталады. Бір-біріне тәуелсіз халықаралық келісімдерге сәйкес белгіленген 

эталондар түрінде алынған немесе анықтамалар бойынша тұжырымдалған өлшеу 

бірліктері негізгі бірліктер деп аталады. Туынды бірліктер деп аталатын өзге 

физикалық шамалардың өлшеу бірліктері осы негізгі бірліктер арқылы өрнектеледі. 

Негізгі бірлік ретінде ұзындық, уақыт және масса бірлігі алынған. Бірліктер жүйесі 

(өлшеуіштердің метрлік жүйесі, бірліктердің СГС жүйесі, бірліктердің МКС және 

МТС жүйелері) механикада кеңінен қолданылады. Техникада ұзақ уақытқа дейін 

үшінші негізгі бірлік ретінде масса орнына күш қабылданған бірліктердің МКГС 

жүйесі де пайдаланылады. Неміс математигі Карл 



Гаусс (1777–1855) енгізген бұл 

жүйе бірліктердің абсолют жүйесі деп аталды. Бұдан кейін Гаусс тәсілі бойынша 

бірліктердің электрлік және магниттік жүйелері енгізілді. 

Белгілі бір негізгі бірлік жүйесіне сүйеніп математикалық формулалар бойынша 

пропорционалдық коэффициент енгізбей анықталатын бірлік жүйесі когерентті 

(келісілген) жүйе деп аталады. Бірліктердің когерентті жүйесіне Халықаралық 



бірліктер  жүйесі,  бірліктер  жүйесі,  бірліктердің  СГС  жүйесі,  т.б.  жатады. 

Бірліктердің өзге жүйелерінен когерентті жүйелердің басты артықшылығы – бұл 

жүйеде физикалық шамалар арасындағы байланысты өрнектейтін формулалар, 

олардың  сан  мәндері  арасындағы  математикалық  тәуелділікті  де  көрсетеді. 




БАҒАН – БЭР ЗАҢЫ

176


177

Б

86

Бірліктер жүйесінде физикалық шамалардың өзге бірліктерге тәуелсіз халықаралық 



масштабта  қолданылатын  бірыңғай  жүйесі  жасалған.  Халықаралық  бірліктер 

жүйесінің негізіне алты өлшеу бірлігі: 



масса (кг), ұзындық (м), уақыт (секунд), 

ток күші (А), температура (кельвин – К) және жарық күші (кандела – кд) алынған. 

Іс жүзінде жүйелік бірліктермен қатар жүйеден тыс бірліктер де қолданылады. 

Олардың да негізгі және туынды өлшеу бірліктері бар. Жүйеден тыс бірліктер, 

көбінесе, берілген жүйедегі бірліктердің еселік және үлестік өлшеу бірліктері бо-

лып табылады. Іс жүзінде жиі кездесетін жүйеден тыс бірліктер де бар. Мысалы, 

тонна, центнер, сағат, минуттеңіз милі, узел, фут, т.б.

Жалпы  бірліктер  жүйесін  құрғанда  және  оларды  талдағанда,  сондай-ақ 

түрліше есептеу кезінде 

өлшемділік ұғымы пайдаланылады. Бұл қарастырылған 

бірліктер  жүйелерінен  өзге  физикалық  әмбебап  тұрақты  шамаларға  (



әлемдік 

константаларға)  негізделген  бірліктердің  табиғи  жүйелері  де  қолданылған. 

1906 ж. неміс физигі Макс 



Планк (1858–1947) ұсынған алғашқы табиғи жүйенің 

негізіне өлшемсіз бірліктер ретінде 



гравитация тұрақтысы (G), электрдинамика 

тұрақтысы (с-



вакуумдағы жарық жылдамдығы), Больцман тұрақтысы (k), 

Авогадро саны (N

A

) және 



Планк тұрақтысы (h) қабылданған. Атомдық физикада 

табиғи жүйе ретінде бірліктердің ағылшын физигі Дуглас 



Хартри (1897–1958) 

ұсынған атомдық жүйесі кеңінен пайдаланылады. Осы сияқты бірліктердің табиғи 

жүйелерін физиканың әр саласы үшін таңдап алуға болады. Бірақ олар теориялық 

мәселелерді  түсіндіруге  ыңғайлы  болғанмен,  іс  жүзінде  өлшеулер  жүргізуге 

қолайсыз болған. 

БЭР (бэр, rem) – иондауыш сәуле дозасына тепе-тең болатын жүйеден тыс 

бірлік. 1Б = 0,01 Дж/кг. 1963 жылға дейін Бэр бірлігі рентгеннің биологиялық 

эквиваленті  ретінде  анықталып  келді  (бұл  атау  «рентгеннің  биологиялық 

эквивалентті» дегеннің орыс тіліндегі нұсқасы бойынша аталудан қалыптасқан). 



БЭР ЗАҢЫ: Жердің тәуліктік өз осінен айналуының өзен суы бөлшектеріне 

әсер етуінен меридиан бағытында ағатын өзендердің Солтүстік жарты шарда оң 

жағалауы, ал Оңтүстік жарты шарда сол жағалауы шайылып тік жар болу себебін 

түсіндіретін қағида. Бұрынғы деректер негізінде мұны 1857 ж. орыс академигі 

Карл 

Бэр (1792–1876) түсіндірген. Ол бұл құбылысты Кориолис үдеуінің Солтүстік 

жарты шарда қозғалыстың негізгі бағытынан оңға, ал Оңтүстік жарты шарда солға 

бағытталуының салдарынан болады деп түсіндірген. Кориолис үдеуі полюстерде 

ең үлкен шамаға жетеді, ал экваторға қарай біртіндеп кемиді де, экватор бойында 

нөлге тең болып әсер етпейді. 



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау