В
43
∑
ВАВИЛОВ ЗАҢЫ – ВОЛЬТМЕТР
182
183
лады. Сұйықтық, деформациялық, компрессиялық, радиометрлік, тұтқырлық,
жылулық, иондауыштық, т.б. вакуумметрлер бар.
ВАЛЕНТТІЛІК (латынша «валентиа – күш») – элементтер атомдарының
химиялық байланыс құру қасиеті; мөлшері сан мәнімен сипатталады.
Валенттілікті атомның сыртқы электрондық қабықшасының (валенттік элементтің)
электрондарының белгілі бір бөлігін беру немесе өзіне қосып алу қасиеті ретінде
қарастыруға болады.
Иондық байланыс жағдайында валенттілік – берілген
атомның беретін немесе қосып алатын электрондар санына;
коваленттік бай-
ланыс жағдайында валенттік ортақтастырылған электрондар жұбының санына
тең. Көптеген элементтер қандай байланыстарға енетіндігіне тәуелділігіне орай
әртүрлі валенттілікке ие болады.
ВАЛЕНТТІК ЗОНА – қатты денедегі рұқсат етілген электрондық күйлердің
энергетикалық аймағы; абсолюттік нөл температура кезінде түгелдей валенттік
электрондармен толтырылған болады. Электрондар валенттік зонада кристалдық
байланыс энергиясына, оның диэлектриктік өтімділігіне үлес қосады, жарық
сәуленің кристалдарға жұтылуын анықтайды;
валенттік зонадағы Т ≠ 0 К (абсолюттік нөл
температураға тең емес) кезде валенттік зонаны
толтырған электрондар электрөткізгіштік, т.б.
ауысу үрдістеріне қатыспайды.
Жылулық қозғалыстың (Т ≠ 0 К), сондай-ақ
сыртқы әсерлердің (жарықтау, электрондармен
сәулелендіру, қоспалар ендіру, т.б.) ықпалымен
әдетте электрондардың аздаған бөлігі
валенттік
зонадан өткізгіштік зонаға немесе
тыйым
салынған зонаның қоспалар деңгейіне ауы-
сады. Нәтижесінде валенттік зонаның жоғарғы
бөлігінде бірқатар толтырылмаған электрондық
күйлер (
кемтіктер) пайда болады, валенттік
зонаның электрондары электрөткізгіштікке
қатысуға мүмкіндік алады.
ВАН-де-ГРАФФ ГЕНЕРАТОРЫ – электр за-
рядтарын механикалық тәсілмен көшіру арқылы
жоғары тұрақты кернеу шығаруға арналған
электрстатикалық құрылғы. Бұл құрылғыны
алғаш рет 1931 ж. американ физигі Роберт
Зарядтардың диэлектрлік транс-
портері болатын электрстати-
калық генератордың сұлбасы: Т –
ені b болатын транспортер; Щ –
зарядтар әкелетін немесе заряд
алынатын құрылғы (щетка мен
үшкір ұштық); Э – жоғары вольт-
ті электрод.
В
43
∑
ВАВИЛОВ ЗАҢЫ – ВОЛЬТМЕТР
182
183
Ван-де-Графф (1901–1967) ұсынған. Құрылғы цилиндр тәрізді оқшаулағыш
бағанға орнатылған шар немесе жарты сфераға ұқсас қуыс металл электродтан
(Э) құралған. Электрод ішінде үздіксіз айналмалы тұйық транспортер бола-
ды. Электрод осы таспа арқылы зарядталады. Бұл генератор негізінен зарядты
бөлшектердің жоғарывольттік үдеткіштерінде және әлсіз токты жоғары вольтті
техникада пайдаланылады.
ВАН дер ВААЛЬС КҮШТЕРІ – молекулааралық өзараәсерлесудің көп таралған
атауы.
ВАН-дер-ВААЛЬС ТЕҢДЕУІ – нақты газ күйінің теңдеуі. Бұл нақты газ
күйлерінің ең алғашқыларының бірі, мұны 1873 ж. голланд физигі Иоханнес
Ван дер Ваальс (1837–1923) ұсынған.
V көлемді
Т температура және
р қысымды
газ молі үшін мына түрде болады: (р+а/V
2
) (V–b) = RТ, мұндағы R – әмбебап газ
тұрақтысы, ал
а және
b – нақты газдың, идеал газдың қасиеттерінен ауытқуын есеп-
ке алатын қасиеттерінің тәжірибелік тұрақты шамалары. а/V
2
мүшесі қысымның
өлшемділігіне тең және молекулалық өзараәсерлесу нәтижесінде молекулалардың
тартылыстарын ескереді, ал а b – жақын қашықтықтағы молекулалардың бірінен-
бірінің тебілуін ескеретін меншікті көлемге енгізілетін түзету. V үлкен шама
болған кезде (сонымен бірге сиретілген газдар үшін) а және b тұрақты шамаларды
ескермеуге болады және теңдеу идеал газ күйінің (Клапейрон теңдеуіне) теңдеуіне
ауысады.
Ван-дер-Ваальс теңдеуі тек Т – жоғары температура және р – төменгі қысым
болған жағдайда ғана нақты газдардың қасиеттерінің жуық шамалы теңдеуі болады.
Бірақ р – жоғары қысым болған кезде газдың сұйыққа айналуын және кризистік
күйін сипаттауға мүмкіндік береді.
ВАР (
вольт – ампер реактивті, ВАр) – айнымалы (синусоидалы) электр
тогының Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ)
реактивті қуаттың бірлігі. 1
ВАр – электр кернеуі 1 В, ток күші 1А және sin φ=1 (φ – тізбектегі кернеу мен ток
арасындағы фазалардың ығысуы) болған кездегі реактивті қуатқа тең.
ВАРИАЦИЯ (латынша – өзгеру) – бір нәрсенің негізгі бөлігі сақталған кездегі
әлгі нәрсенің қосалқы бөлігінің түр өзгерісі.
Ауырлық күш вариациясы – уақыттың өтуіне байланысты Жердің берілген
нүктесіндегі ауырлық күштің үздіксіз өзгерісі.
Магниттік вариация – уақыттың өтуіне байланысты Жердің магнит өрісінің
үздіксіз өзгерісі.
ВАРИСТОР [ағылшынша «vari(able) –айнымалы» + (resi) stor-резистор»] –
шамасы түсірілетін кернеуге тәуелді айнымалы кедергі (R).