Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет55/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   265

Ә

7

ӘДІС - ӘСЕР КВАНТЫ



138

139



140

141


ӘДІС – белгілі бір мақсатқа жету тәсілі, нақты мәселені шашу; шындықты 

тану  амалдарының  жиынтығы.  Ғылыми  әдістің  негізгі  мақсаты  объективтік 

ақиқатты ашу. Әдістің негізіне айғақталған білімдер (ұғымдар мен түсініктер және 

заңдылықтар) жүйесі жатады.



Аналогия әдісі – кез келген үрдісті (процесті) зерттемекші үрдіс ретіндегі диф- 

ференциалдық теңдеумен сипатталатын үрдіспен алмастыру тәсілімен зерттеу әдісі.



Векторлық  диаграммалар  әдісі  –  гармониялық  тербелістерді  векторлар 

арқылы өрнектеу тәсілімен әлгіндей бірнеше тербелістерді қосу әдісі.



Дебай – Шеррер әдісі – монохромат рентген сәулелерін зерттеу әдісі. Бұл әдісті 

1916  голланд физигі Петер 



Дебай (1884–1966) мен швейцар физигі Пауль Шеррер 

(1890–1970) қолданған.



Интерференциялық контраст әдісі – нысан (объект) арқылы өткен және 

өтпеген жарық толқындарының интерференциялары негізінде микроскопиялық 

нысандардың (объектілердің) кескіндерін шығару әдісі.

Күңгірттелген өріс әдісі – бөлшектерді бақылау бағыты жарықталу бағытына 

перпендикуляр бағытта болған кездегі бақылау әдісі.



Таңбаланған атомдар әдісі – кез келген үрдіске (процеске) қатысушы заттардың 

атомдарын олардың радиоактивті изотоптарымен алмастырылатын зерттеу әдісі.



Үйлесу әдісі – ядролық физиканың бірмезгілде жүзеге асатын оқиғалардың 

белгілі тобын бөліп алу ғылыми-тәжірибелік әдісі.



Фазалық контраст әдісі – жарық толқынының нысаннан (объектіден) өтуі 

кезіндегі айырмашылықтарды тіркеу негізінде микроскопиялық нысандардың 

кескіндерін шығару әдісі.

ӘЙНЕК, б е й о р г а н и к а л ы қ  – әйнектүзуші компоненті (әдетте кремний, 

бор, алюминий, фосфор, титан т.б. тотықтары) және металдар (литий, калий, 

натрий, магний, қорғасын т.б.) тотығы балқымылардың салқындатылуы кезінде 

түзілетін мөлдір (түссіз немесе боялған) морт материал.



ӘЙНЕКТӘРІЗДІ  КҮЙ  –  заттың  асасалқындатылған  балқымаларының 

қатаюы  кезінде пішінделетін  аморфты күйі. Әйнектәрізді күйдің балқымалы 




140

141


күйден  әйнектәрізді  (әйнектелу)  күйге  ауысу  қайтымдылығы  өзге  аморфты 

күйлерден ерекшелігі болып табылады. Балқыманың тұтқырлығының біртіндеп 

артуы заттың кристалдануына, яғни аз еркін энергиялы термодинамикалық едәуір 

орнықты кристалдық күйге ауысуға кедергі келтіреді. Әйнектелу үрдісі (процесі) 

температуралық аралықпен сипатталады. Заттың әйнектәрізді күйден кристалдық 

күйге ауысуы 



І текті фазалық ауысу болып табылады. 

Әйнектәрізді күйдегі заттар орташа изотропты, морт, көп жағдайда мөлдір 

(көрінетін сәуле, инфрақызыл сәуле, ультракүлгін сәуле, рентгендік және гамма-

сәулелер үшін). Әйнектәрізді күйдегі заттардың механикалық кернеулері мен 

біртексіздігі қосарланып сынудың пайда болуына себепші болады. Іс жүзінде 

барлық әйнек әлсіз люминесценциялық жарық шығарады. Әйнектәрізді күйдегі 

заттар  әдетте  диамагнитті,  кейбір  тотықтардың  қоспасы  оны  парамагниттік 

затқа айналдырады. Арнайы құрылымды кейбір әйнектерден 



ситаллдар (бір не-

месе бірнеше кристалдық фазалардан құралған материал) жасалады. Көпшілік 

әйнек  электрлік  қасиеттері  бойынша  диэлектриктер  (силикатты  әйнек), 

жартылайөткізгіштер және металдар да болады.



ӘЛСІЗ ӨЗАРАӘСЕРЛЕСУ – қарапайым бөлшектер арасындағы белгілі төрт 

іргелі өзараәсерлесудің бірі. Әлсіз өзараәсерлесу тек күшті өзараәсерлесуден ғана 

емес, электрмагниттік өзараәсерлесуден де едәуір әлсіз, бірақ гравитациялық 

(тартылыстық) өзараәсерлесуден күшті. 

Өзараәсерлесудің күші туралы осы әсерлер тудыратын үрдістердің (процестердің) 

жылдамдықтары бойынша пікір айтуға болады. Әдетте қарапайым бөлшектер 

физикасында –1 ГэВ энергия кезіндегі үрдістер арасындағы жылдамдықтар өзара 

салыстырылады. Әлгіндей энергиялы күшті өзараәсерлесу үрдісі –10

–24

 секундта, 



электрмагниттік үрдіс –10

–21


 секундта өтеді. Әлсіз өзараәсерлесуге тән үрдістер уақыты 

қарапайым бөлшектер әлемінде өте баяу өтеді. Өзараәсерлесудің өзге бір сипаттама-

сы заттар бөлшектерінің еркін жол ұзындығы. Күшті өзараәсерлесуші бөлшектерді 

(адрондарды) қалыңдығы бірнеше ондаған сантиметр темір плитамен ұстап қалуға 

болады, ал әлсіз өзараәсерлесуші нейтрино ешқандай соқтығысуға ұшырамай 

қалыңдығы миллиард километрдей темір плитадан өте шығады. Бұдан да әлсіз 

гравитациялық өзараәсерлесу күші –1 ГэВ энергия кезінде әлсіз өзараәсерлесуден 10

33

 



есе аз болады. Бірақ та күнделікті тұрмыста гравитациялық өзараәсерлесу әлсіз өзара 

әсерлесуден маңызды. Бұл жайт гравитациялық өзараәсерлесудің электрмагниттік 

өзараәсерлесу секілді әсер ету радиусы шексіз үлкен болады; сондықтан, мысалы, 

Жер бетіндегі денелерге Жердің құрамындағы атомдардың барлығының тарапы-

нан гравитациялық тартылыс әсер етеді. Әлсіз өзараәсерлесудің әсер радиусы 

соншалықты қысқа болғандықтан қазірге дейін өлшенбеген. Оның күтілген жуық 



Ә

7

ӘДІС - ӘСЕР КВАНТЫ




142

МС

шамасы 2·10



–16

 сантиметрдей (күшті өзараәсерлесудің радиусынан мың еседей кіші). 

Осының салдарынан, мысалы, көрші екі атом арасындағы әлсіз өзараәсерлесу 10

–8

 



сантиметрдей қашықтықта өте аз шама. 

Шамасының  аздығына  және  қысқа  мерзімді  әсерлесуіне  қарамастан  әлсіз 

өзараәсерлесудің табиғатта маңызы зор. Егерде әлсіз өзараәсерлесу «жойылатын» 

болса, 


Күн сөніп қалар еді, оған себеп протонның нейтронға, позитронға және 

нейтриноға айналу үрдісі жүзеге аспай қалады, нәтижесінде төрт протон 

4

Не-ге 


айналады. Осы үрдіс Күн және көптеген жұлдыздардың энергиясының көздері бо-

лады. Әлсіз өзараәсерлесудің нейтрино шығарумен өтетін үрдісінің жұлдыздардың 

эволюциясында маңызы бар. Егер де әлсіз өзараәсерлесу болмаса әдеттегі заттар-

да көптеп таралған мюондарπ – мезондарғажайып және «көрікті» бөлшектер 

тұрақты болар еді. Әлсіз өзараәсерлесу зарядталған лептондарды нейтриноға, ал 

кварктердің бір түрін өзге түрге айналдырар еді. 



ӘСЕР – өлшемділігі энергия мен уақыттың көбейтіндісіне тең және жүйе 

қозғалысының  маңызды  сипаттамаларының  бірі  болатын  физикалық  шама. 

Механикалық  жүйелер  үшін  әсердің  мынадай  маңызды  қасиеттері  бар:  егер 

осы жүйенің екі қалпы арасындағы мүмкін болатын қозғалыстардың бірқатар 

жиынтығы қарастырылатын болса, онда жүйенің ақиқат (іс жүзінде жүзеге асатын) 

қозғалысының осы мүмкін болатын қозғалыс арасындағы айырмашылығы оның 

әсер мәні ең аз болатын жағдайға сәйкес болады. Осы жайт механикалық жүйенің 

қозғалыс теңдеулерін анықтауға және қозғалысты зерттеуге мүмкіндік жасайды. 

Әсер ұғымы классикалық механикада қолданылуымен қатар серпімділік теория- 

сында, электрдинамикада, термодинамикада қайтымды үрдістерде (процестерде) 

пайдаланылады. 

Физикалық шамалардың кванттық теориясында әсер өлшемділігі болатын әсер 

тек Планк тұрақтысының бүтіннің жартысына немесе бүтін санға тең дискретті 

мәндерін қабылдайды және сонымен қатар 



әсер кванты деп те аталған. 

ӘСЕР ЖӘНЕ ҚАРСЫ ӘСЕР ЗАҢЫ – механиканың екі материалдық дененің 

бір-біріне тигізетін әсерлері – шамалары бойынша тең және бағыттары бойын-

ша қарама-қарсы болатынын тұжырымдайтын заңы (Ньютонның үшінші заңы). 

Мысалы, жазықтықта жатқан жүктің осы жазықтыққа түсіретін қысым күші – 

жазықтықтың жүкке тигізетін күшіне (реакциясына) тең; Жердің Айды өзіне қарай 

тарту күші – Айдың Жерді өзіне қарай тартатын күшіне тең т.с.с. Әсер және қарсы 

әсер заңы механикалық жүйелер қозғалыстарын зерттеуде маңызды болады. 

ӘСЕР  КВАНТЫ  –  Планк  тұрақтысының  (h  ~  6,626∙10

–34


Дж∙сек)  аталуы, 

физикалық  іргелі  тұрақты  шама,  физикалық  құбылыстардың  кең  аумағын 

анықтайды. Көбінесе ħ h/2π Планк тұрақтысы пайдаланылады. 

Ә

7

ӘДІС - ӘСЕР КВАНТЫ




жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау