А
79
∑
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА
132
133
сұйық түрінде қарастырылған. Нуклондарға бір-бірін теңгеретін ядролық
күштер: тартылыс және ядроны жаруға бағытталған бір-бірін тебетін электрлік
күштер әсер етеді. Тамшылық модел ядроның орташа алынған қасиеттерін ғана
сипаттайды.
АТОМ ЯДРОСЫНЫҢ ИЗОМЕРИЯСЫ (грекше «изос – тең» + «мерос – үлес,
бөлік») – атомның кейбір ядроларында салыстырмалы түрде ұзағырақ мерзімді
«өмір сүруі» болатын метатұрақты күйінің болуы. Кейбір атом ядросының «өмір
сүру» уақыты әртүрлі бірнеше изомерлік күйі болады. Бұл құбылысты табиғи
радиоактивтік ядролар үшін 1921 ж. неміс физигі Отто
Ган (1879 – 1968), ал
жасанды радиоактивтік ядролар үшін 1935 ж. кеңес физиктері: Игорь
Курчатов
(1903 – 1960), Лев
Мысовский (1888 – 1939) ашты. Изомериялық күйлер тұрақты
изотоптарда кездеседі. Изомерлердің ыдырауы γ-сәулелер мен
конверсиялық
электрондар шығарумен қабаттасып өтеді. Осының нәтижесінде аз энергиялы
күйдегі ядро пайда болады. Кей кездері бета-ыдыраудың пайда болуы ықтимал.
Ауыр элементтердің изомерлері өздігінен ыдырауға ұшырауы да мүмкін. Атом
ядросының изомериясы ядролардың құрылымдарының ерекшеліктеріне де
тәуелді. Изомериялық күй ядроның γ-квантты шығару арқылы аз энергиялы
күйге ауысуы қиын жағдайда пайда болады. Бұл жайт көбінесе осы күйлердегі
ядролар спиндерінің мәндерінің өте үлкен айырмашылығының болуына байла-
нысты. Егер екі күйдің энергияларының айырмашылығы аз болса, онда γ-квантты
шығару ықтималдығы аз болады да осының салдарынан қозған күйдің жартылай
ыдырауы ұзақ болады.
АУА – Жер атмосферасы құралатын газдар қоспасы (құрамында азот – 78,08%,
оттек – 20,95%, инертті газдер мен сутек – 0,94%, көмірқышқыл газы – 0,03%,
аздаған – азон, т.б. газдар). Орташа молекулалық массасы жуық шамамен – 29
атомдық бірлікке тең. 0°С-тағы ауаның теңіз деңгейіндегі қысымы 101325 Па (1
ат немесе 760 мм сынап бағанына тең). 1 л ауаның қалыпты жағдайдағы шартты
массасы 1,2928 грамға тең; қалыпты қысымдағы сұйық ауаның қайнау темпе-
ратурасы 83 К. Кризистік (шұғыл өзгерістік) температурасы 140,7°С, кризистік
қысымы 3,7 МН/м
2
. Есептеу жұмыстарында ауаны идеал газ ретінде қарастыруға
болады.
АУЫР ЛЕПТОН (τ) – массасы шамамен 1,8 ГэВ-ке тең
лептон; мұны
1975 ж. американ физигі М.
Перл басқарған топ қарама-қарсы электрон-пози-
трон шоқтарының соқтығысуы тәжірибелері кезінде анықтаған. Позитрон-
ның электронмен соқтығысуы кезінде τ
–
және оның антибөлшегі τ
+
жұбы пайда
болған.
А
79
∑
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА
134
135
АУЫРЛЫҚ КҮШ – жер бетіне тақау аймақтағы кез келген материалдық
бөлшекке әсер ететін Жердің тарту күші (F) мен Жердің тәуліктік айна-
лу эффектісі ескерілген ауыспалы инерция күшінің (J
ауыс
) геометриялық
қосындысы ретінде анықталатын күш (P). Жер
бетінің берілген нүктесіндегі ауырлық күші тік
бағытталған, осы бағытқа перпендикуляр жазықтық
–
көкжиектік жазықтық болып табылады. λ және φ
бұрыштары (сызбаға қараңыз) геоорталықтық және
астрономиялық ендіктерді анықтайды. J
ауыс
=
mhω
2
(мұндағы
m – бөлшектің массасы,
h – бөлшектің
жер өсінен қашықтығы, ω – Жердің өз өсінен
айналуының бұрыштық жылдамдығы) ω
2
шамасы
F-тен аз шама болғандықтан ауырлық күші Жердің тарту күшінен айырмашылығы
аз болады. Жер полюсінен экваторға қарай жылжыған кезде J
ауыс
күшінің артуына
және F күшінің Жердің сфералылығының ауытқуына байланысты ауырлық күштің
мәні біршама кемиді; ауырлық күші экваторда полюстегі ауырлық күштен жуық
шамамен 0,5% кем болады. φ және λ бұрыштарының арасындағы айырымы да
кем (ең үлкені жуық шамамен λ=45° болған кезде 11′). Бөлшектер ауырлық күш
әсерінен
ауырлық күштің үдеуі деп аталатын g=P/m үдеу алатын болады, бұл
үдеу ауырлық күші тәрізді ендік бойынша өзгереді.
Дене салмағының сан мәні
ауырлық күшке тең. Ауырлық күш Жер бетінде болатын барлық табиғи және
техникалық құбылыстар мен үрдістерге айтарлықтай әсерін тигізеді.
АУЫРЛЫҚ ОРТАСЫ – дененің кеңістіктегі кез келген қалпында оның
бөлшектеріне әсер ететін бүкіл ауырлық күштердің тең әсерлі күштері өтетін,
қатты денемен өзгерместей болып байланысқан геометриялық нүкте; бұл нүкте
берілген дененің бірде-бір нүктесімен үйлеспеуі мүмкін (мысалы, сақинада). Егер
еркін дене әр жерінен жіпке салбыратылып ілінетін болса, жіптердің салбыраған
бағыттарының іздері ауырлық ортасында өзара қилысатын болады. Бір текті
ауырлық өрістегі қатты денелердің
ауырлық ортасы оның масса ортасының
қалпымен үйлестін болады. Симметрия ортасы болатын біртекті дененің (тік
төртбұрышты немесе дөңгелек пластинаның, шардың, цилиндрдің т.б.) ауырлық
ортасы әлгі симметрия ортасында жатады. Егер дененің ауырлық ортасы орнықты
жағдайда дененің жоғары (үстіңгі) жағында орналасса, онда тепе-теңдік жағдай
орнықсыз, ал төменгі жағында болса – орнықты жағдайда болады.
АУЫР СУ – сутек және (немесе) оттек атомдары едәуір ауыр изотоптарымен
алмастырылған су изотопының бір түрі; көбірек таралғандары D
2
О (D – дейте-