Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет53/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   265

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



134

135


рий). Тығыздығы 10,104 г/см

3

 (25°С), қатаю температурасы 3,813°С, қайнау тем-



пературасы 101,43°С. Табиғи судағы қатынасы Н

2

О:D



2

О жуық шамамен 6800:1. 

Адамның денсаулығына қауіпті. 

Ауыр суда – өсімдік тұқымы өспейді, өсімдік 

қурап қалады. Ауыр су ядролық реакторларда нейтрондарды баяулатқыш және 

жылу тасығыш, изотоптық индикатор ретінде пайдаланылады.

АУЫСУ – бір күйден өзге күйге немесе бір жағдайдан өзге жағдайға өту не-

месе көшу.



Виртуалды ауысу – виртуал бөлшектердің тууына немесе жойылуына байла-

нысты микробөлшектер жүйелерінің бір күйден өзге күйге көшуі.



Ерікті ауысу – кванттық жүйенің едәуір жоғары деңгейден едәуір төменгі 

деңгейге өздігінен өтуі.



Еріксіз  ауысу  –  сыртқы  сәуле  әсерінен  кванттық  жүйенің  едәуір  жоғары 

деңгейден едәуір төменгі деңгейге көшуі.



Индукциялық ауысу – е р і к с і з  а у ы с у  болып табылады.

Кванттық ауысу – кванттық жүйенің өздігінен немесе сыртқы әсерлердің 

салдарынан жүзеге асатын секірісті көшуі.



Лазерлік ауысу – лазерлік сәулелер шығару (тудыру) үшін пайдаланылатын 

атомның немесе молекуланың энергия деңгейлерінің арасындағы көшуі.



Өздігінен ауысу – е р і к с і з  а у ы с у  болып табылады.

Фазалық бірінші текті ауысу – ішкі энергия мен тығыздықтың секірісті 

өзгерістерімен қабаттасып өтетін фазалық көшу.



Фазалық екінші текті ауысу – ішкі энергияның немесе тығыздықтың секірісті 

өзгерісі болмайтын кездегі фазалық көшуі.



Электрондық кемтіктік ауысу – кемтіктік өткізгіштіктен электрондық өткізгіш-

тікке көшу жүзеге асырылатын монокристалдық жартылайөткізгіштің аймағы.



р=n – ауысуы – электрондық-кемтіктік ауысу. 

АШЫҚ ЖҮЙЕЛЕР – қоршаған ортамен зат, сондай-ақ энергия және импульс 

алмасатын термодинамикалық жүйе. Химиялық үздіксіз реакция (сырттан химия- 

лық реакцияға түсуші зат әкелінеді, ал реакция өнімдері әкетіледі) өтетін химиялық 

жүйе ашық жүйелерге жатады. Биологиялық жүйелерді, тірі организмдерді де 

ашық химиялық жүйе ретінде қарастыруға болады. Тірі организмге осылайша 

қарау тәсілі олардың дамуы мен тіршілік етуін термодинамикалық тепе-теңсіздік 

үрдістерінің, физикалық және химиялық кинетика заңдары негізінде қарасты- 

руға мүмкіншілік жасайды.

Ашық жүйелердің қасиеттері термодинамикалық тепе-теңдік күймен жуықтап 

сипатталады. Егер ашық жүйелер термодинамикалық тепе-теңдіктен сәл ғана 

ауытқыған  болса,  онда  бұл  күйді  өзінің  параметрлерімен  (температурамен, 



А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



136

137


химиялық потенциалмен) сипаттауға (бірақ бүкіл жүйе үшін тұрақты мәндермен 

емес, координаттар мен уақытқа тәуелділікпен) болады. Осындай ашық жүйелердің 

реттелмегендік дәрежесі тепе-теңдік күйлердегідей энтропиямен сипатталады. 

Термодинамикалық  параметрлердің  тепе-теңдік  мәндерден  ауытқулары 

(

термодинамикалық күштер) жүйеде энергия мен заттың ағынын тудырады.

АШЫҚ РЕЗОНАТОР – толқын ұзындығы (λ) айналардың өлшемдерінен және 

олардың арақашықтығынан әлденеше есе кіші болатын әлсіз электрмагниттік 

тербелістердің  демеп  (ұстап)  тұра  алатын  айналар  жиынтығынан  құрылған 

тербелмелі жүйе. Бұл резонаторды алғаш рет екі жазық параллел айна түрінде 

жасауды 1958 ж. орыс физигі Александр 



Прохоров (1916 – 2002) және сол ж. 

американ физиктері Роберт 



Дикке (1916 – 1997), Артур Шавлов (1921 – 1999) 

және Чарльз 



Таунс (1915 – 2015) ұсынған. Өлшемдері бірдей тұйық көлемдік 

резонаторлармен салыстырғанда бұл резонатордың меншікті жиілігі едәуір сирек 

болады. Ашық резонаторлар оптикалық, миллиметрлік және субмиллиметрлік 

диапазондардағы толқын ұзындықты аспаптарда сенімділігі жоғары резонанстық 

жүйелері ретінде қолданылады.

АЭРОДИНАМИКА  (грекше  «аер  –  ауа»  +  «диномис  –  күш»)  –  гидро- 

аэромеханиканың ауаның (немесе басқа газдың), денелердің бетінде оларға қа- 

тысты пайда болатын қозғалысты және күшті зерттейтін саласы. Аэродинами- 

када дыбыс жылдамдығына дейінгі жылдамдық, яғни 340 м/сек (1200 км/сағ) 

қозғалыс жылдамдығы қарастырылады. 

Аэродинамика ХХ ғасырдың басында авиацияның мұқтаждығына байланыс-

ты дербес ғылым ретінде пайда болды. Аэродинамиканың негізгі мәселелерінің 

бірі – ұшу аппараттарына әсер ететін аэродинамикалық күштерді анықтау болды. 

Ұшақтардың аэродинамикасында тұтас ұшаққа және оның бөліктеріне – қанатына, 

фюзеляжіне, тірек бөліктеріне әсер ететін аэродинамикалық күштер мен момент- 

терді анықтаудың аэродинамикалық есеп-қисабы жасалады. Ұшақтың аэроди- 

намикасына әдетте орнықтылықтың есеп-қисабы және ұшақтың басқарылымды- 

лығы, сонымен қатар ауа винттерінің теориясы жатады. Ұшу аппараттарының 

орнықсыз қозғалысына байланысты мәселелер ұшу динамикасында қарастырылады.

Аэродинамиканың теориялық мәселесі гидроаэромеханиканың теңдеулеріне 

негізделген. Ұқсастық теориясы негізінде аппараттың кіші масштабты моделін сы-

най отырып, іс жүзіндегі ұшу аппаратының аэродинамикалық күштері анықталады. 



АЭРОДИНАМИКАЛЫҚ КЕДЕРГІ, маңдаулық кедергі  – кедергі – ауа-

да немесе өзге газдарда қозғалатын денеге әсер ететін күш; бұл күш дененің 

қозғалу бағытына қарама-қарсы бағытталады және күш аэродинамикалық күш- 

тің құраушыларының бірі болып табылады. Аэродинамикалық кедергі – дене- 




жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау