А
79
∑
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА
120
121
АТОМ БОМБАСЫ (грекше «бом-
бас – қатаң шуыл») – ядролық зарядпен
жарақталған бомба. Жарылыс әсері өте
күшті қиратқыш қару. Онда уран-235 не-
месе плутоний-239-дың өздігінен өтетін
тізбекті ядролық реакция пайдаланыл-
ған. Бұл бомбаның негізгі бөліктері –
ядролық заряд, жарғыш (қопарғыш)
құрылғы және бомба қабықшасы.
Ы д ы р а й т ы н з а т з а р я д ы н ы ң
кризистік массадан артық масса-
сы қопарылыс тудырылғанша кризистік массадан кем екіге бөлініп бір-бі-
рінен оқшау тұрады. Бомба жарылатын кезде жарғыш құрылғы оқшау тұрған
екі зарядты бір-біріне лезде жанастыратын болады, сол сәтте зарядтың массасы
кризистік массадан артып ядролық жарылыс болады. Ядролық реакция секундтың
миллиондық үлесіндей уақытта аяқталады. Атом бомбасының қопарылысы кезінде
бір мезгілде өте қуатты
қопарылыс толқыны, жарық сәуле және
өтімділігі күшті
радиация таралады. Радиация қоршаған ортаны (жерді, ауаны, суды)
радиоак-
тивтік қалдық заттармен ластайтын болады.
«Атом бомбасы» деген атауды алғаш рет ағылшынның фантаст-жазышысы
Герберт
Уэллс (1966 – 1916) өзінің 1913 ж. жарияланған «Әлемді құтқару»
деген романында қолданған. Шар тәрізді
уран-235-тің кризистік массасы –
74,8 кг-ға, ал плутоний-239-дың кризистік массасы 9,65 кг-ға тең.
АТОМДАРДЫҢ СОҚТЫҒЫСУЛАРЫ – екі атомдық бөлшектің
(атомдардың, молекулалардың, электрондардың немесе иондардың) ядроларының
құрылымдары мен құрылысы өзгермейтін қарапайым соқтығысулары.
Атомдардың соқтығысулары
серпімді және
серпімсіз соқтығысуларға ажы-
ратылады. Атомдардың с е р п і м д і с о қ т ы ғ ы с у ы кезінде соқтығысушы
бөлшектердің кинетикалық энергиясының қосындысы бастапқы күйінде қалады,
тек бөлшектер арасында қайтадан бөлініп үлестіріледі, бөлшектер қозғалысының
бағыттары өзгереді. С е р п і м с і з с о қ т ы ғ ы с у кезінде соқтығысушы
бөлшектердің ішкі энергиясы өзгеріске ұшырайды (энергиялар басқа энергия
деңгейіне ауысады) және сәйкес түрде олардың толық кинетикалық энергиясы
өзгереді. Сонымен қатар атомның электрондық күйі немесе молекулалардың
тербелістік немесе айналмалы күйі өзгереді.
Атом бомбасының сұлбасы: а) 1 – қо-
парғыш құрылғы; 2 – ядролық заряд (плу-
тоний немесе уран); 3 – қабықша, б) бом-
баның қопарылыс кезіндегі көрінісі
А
79
∑
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА
122
123
Атомдардың серпімді соқтығысулары газдардағы немесе әлсіз иондалған
плазмадағы ауысу құбылыстарын анықтайды. Атомдардың соқтығысуларына
ұшырайтын бөлшектер өзге бөлшектерді шашыратып, олардың еркін қозғалысына
кедергі келтіреді. Сол себепті диффузия (бөлшектерді тасу), тұтқырлық
(импульсті тасу), жылу өткізгіштік (энергия тасу) коэффициенттер және басқа
газ тасу коэффициенттері атомдардың немесе осы газдың молекулаларының
жан-жаққа үлкен бұрыш жасап шашырауының эффектілі (тиімді) қимасы арқылы
өрнектеледі.
АТОМДАР МЕН МОЛЕКУЛАЛАРДЫҢ ҚОЗУЫ – атомдар мен моле-
кулалардың фотондар жұтуы (
фотоқозу) немесе электрондармен және бөл-
шектермен соқтығысулары кезінде (
соққы арқылы қозу) ең аз энергиялы
деңгейден (мысалы, негізгі деңгейден) көп энергиялы деңгейге кванттық ауысуы.
Жарық сәуле әсерінен v жиілікті бір фотонды жұту нәтижесінде hv =
і
–
к
энер-
гиялы қарқындылығы әлсіз қозуға ұшырайды (мұндағы h – Планк тұрақтысы,
v – жиілік, – энергия). Лазерлік сәуле өрісінде бірмезгілде бірнеше фотон
жұту арқылы қозу мүмкін болады, мұның қосынды энергиясы атомдағы немесе
молекуладағы ауысу энергиясына
і
–
к
тең.
АТОМДЫҚ МАССА, ескірген атауы – атомдық салмақ – массаның атом-
дық бірлігімен (м.а.б.) өрнектелген атом массасының салыстырмалы мәні. Атом-
дық масса атомдық бөлшектердің құраушыларының массаларының қосынды-
сынан масса ақауындай (дефектісіндей) шамаға (m) кем. Орыс ғалымы Дми-
трий
Менделеев (1934 – 1907) элементтердің периодтық жүйесінде элементтің
негізгі сипаттамасы ретінде атомдық массаны алған. Атомдық массаның
мас-
салық саннан атом ядросындағы (нейтрондар мен протондардың қосынды-
сынан) айырмашылығы бұл масса – бөлшектік шама. Бір химиялық элементтің
изотоптарының атомдық массалары әртүрлі болады, табиғи элементтер изо-
топтардың қоспаларынан құралған, сондықтан атомдық масса үшін изотоптар-
дың атомдық массаларының орташа мәні қабылданған.
АТОМДЫҚ НӨМІР, Z – атомның негізгі қасиеттерін анықтаушы ядроның
зарядына (қарапайым электр зарядының бірлігіндегі) тең, атомның негізгі
сипаттамаларының бірі.
Атомдық нөмір ядродағы протондар санына, бейта-
рап атом үшін – ондағы электрондар санына тең. Менделеевтің элементтердің
периодтық жүйесінде химиялық элементтер атомдық нөмірдің өсу реті бойынша
орналасқан. Сол себепті химияда осы атаудың синонимі – р е т т і к н ө м і р
атауы қабылданған.