Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет49/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   265

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



126

127


АТОМНЫҢ ТҰРАҚТЫ КҮЙІ – белгілі бір ішкі энергиясы болатын атомның 

сәуле шығармайтын негізгі (таратпайтын) күйі. Атомның тұрақты бір күйден өзге 

күйге ауысуы секірісті жүзеге асырылған кезде атом белгілі бір мөлшерлі (квант-

ты) энергия шығарады (таратады) немесе жұтады. Осы жағдайда әрбір атомның 

тұрақты күйін сипаттайтын энергия жиынтығы – энергиялар деңгейлері жүйесі 

сәйкес болады. Атомның тұрақты күйінің болатынын 1913 ж. дат физигі Нильс 



Бор (1885 – 1962) өзінің атом теориясында постулат ретінде тұжырымдаған 

және бұл күй кванттық механикада негізделген. 



АТОМ  РАДИУСЫ  –  молекулалар  мен  кристалдарда  атомаралық  (ядро-

аралық) қашықтықты жуықтап анықтау үшін қолданылатын сипаттама. Кванттық 



механиканың негізгі қағидалары бойынша атомның айқын қатаң шекарасы жоқ. 

Атомның  мөлшері  оның  электрондық  қабықшаларының  шекарасы  бойынша 

анықталады. Әдетте әрбір атомның электрондық қабықшалары басқа атомдармен 

ұласып (бірігіп) жататындықтан, оның мөлшері жуық шамамен ғана анықталады. 

Атом радиусының орташа шамасы үшін 10

–8

 см, яғни 1Å не 0,1 нм алынған (на-



нометр). Атом радиустары атомдар арасында қандай күштердің әсер етуіне тәуелді 

түрде металдық, иондық, коваленттік және ван-дер-ваальстік атомдық радиустарға 

ажыратылған.  Металдық  радиус  –  таза  металдың  кристалдық  торларындағы 

ең қысқа атомаралық қашықтықтың жартысына тең. Коваленттік радиус жеке 

химиялық байланыстың ұзындығының жартысы ретінде анықталған. Иондық 

атом радиустары жекелеген иондардың атом радиустарының шамалары бойынша 

бір-бірнен айырмашылықтары болатын бірнеше жүйелері бар. Полинг жүйесінде 

радиус шамасы үшін оттегі ионның радиусы 0,140 нм алынған.



АТОМ ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ (АЭС), ядролық электр стансасы – атом 

(ядро) энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы. Атом 

электр стансасы бірқатар ауыр 

элементтердің  [негізінен 

233



(уран –233), 



235

U (уран–235), 

239

Рu 


(плутоний–239)] ядроларының 

ядролық  реакторлардағы 

ыдырауының  тізбекті  реак-



циясы  нәтижесінде  бөлінетін 

жылуды, кәдімгі жылу электр 

станциясындағыдай  электр 

энергиясына түрлендіреді. 



1 г 

уран изотопы немесе плуто-

1911 жылы Эрнст Резерфорд (1871–1937) жүзеге асыр- 

ған атомның ортасында оң зарядты тығыз құрылым– 

ядросы болатынын меңзеген тәжірибесінің сұлбасы.


А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



128

129


ний ыдырағанда жуық шамамен 22,5 МВт∙сағат энергия босап шығады. Бұл 

2,8 тонна шартты отынды жаққанда шығатын энергияға парапар. 



АТОМ ЯДРОСЫ – протондар мен нейтрондардан құралған атомның орталық 

және ең ауыр бөлігі. Атом ядросының 

массасы  атомның  құрамына  енген 

электрондар  массасынан  жуық  шама-

мен 4·10

3

 есе артық. Ядроның орташа 



тығыздығы  10

14

  г/см



3

,  ал  сызықтық 

өлшемі  10

–12


–10

–13


  см.  Электр  заряды 

оң және абсолюттік шамасы бейтарап 

атомның  электрондар  зарядтарының 

қосындысына тең. 

Атом  ядросын  1911  ж.  ағылшын 

физигі  Эрнест 



Резерфорд  (1871  – 

1937)  α-бөлшектерінің  заттардан  өтуі 

кезіндегі  жан-жаққа  шашыратылуын 

байқатқан  тәжірибе  негізінде  ашқан. 

Атом бөлшектерінің кейбіреулері заттан 

өтуі  кезінде  үлкен  бұрышқа  ауытқып 

шашыраған.  Осыдан  Резерфорд 

атомның  оң  заряды  өте  кіші  өлшемді 

атом  ядросында  шоғырланған  деген 

болжам жасаған. α-бөлшегі оң зарядты 

болғандықтан атом ядросының оң зарядымен жақындасқанда олар бір-бірінен 

тебілетіні белгілі. Осы жайт Резерфордтың жоғарыдағыдай тұжырым жасауына 

себеп болған. Резерфордтың осы тұжырымына дейін 1903 ж. оның отандасы фи-

зик Джозеф Джон 



Томсонның (1856 – 1940) ұсынған моделі бойынша атом оң 

зарядталған сферадан және бос орындарына электрондар біркелкі орналастырған 

болатын. Резорфордтың идеясын оның замандастары бірден қабылдамаған. Оның 

себебі  атом  ядросының  төңірегіндегі  орбитамен  қозғалатын  электрондардың 

үздіксіз түрде электрмагниттік сәуле шығаруы кезінде энергияның шығындалуы бо-

лады. Осы қиындықтан құтылу үшін Резерфордтың идеясын мойындату мақсатында 

дат физигі Нильс 

Бордың (1885 – 1962) еңбегі зор болды, 1913 ж. ол неміс физигі 

Макс 


Планктің (1858 – 1947) энергияны кванттау туралы 1900 ж. ұсынған 

идеясын басшылыққа ала отырып, 



екі постулатқа негізделген атомның сутек- 

тік моделін ұсынған. Бор осылайша атомның кванттық теориясының бастамасын 

Уран-235-ті  ядросы  баяу  нейтрондарды  (1) 

жұтып бөлшектенеді, осыдан энергия бөлініп 

шығады  және  бірнеше  нейтрон  (2)  пайда 

болады. Егер осы нейтронның біреуі уран-235-

тің ядросымен тағы да соқтығысатын болса, 

онда    тізбекті  реакцияның  пайда  болуына 

әкеп  соғады;  пайда  болған  нейтрондар  өзге 

ядроларға  (4)  немесе  уран-238-дің  ядросына 

жұтылатын болады.


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау