Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет174/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   265

И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



430

431


әсер ететін болса, онда оның инерцияға 

ықпалы  тиеді,  тыныштық  күйінің 

өзгерісі немесе дененің қозғалысы, яғни 

оның нүктелерінің жылдамдықтарының 

өзгерісі  кенеттен  емес,  біртіндеп 

өзгеретін  болады;  сонымен  қатар 

дененің  инерциясы  қаншалықты  үл- 

кен  болса,  қозғалыс  та  соншалықты 

баяу өзгеретін болады. 

Дененің массасы оның инерциясының өлшеуіші болады.

 

ИНЕРЦИЯ ЗАҢЫ – механиканың сыртқы әсерлер (күштер) болмайтын не-

месе әсер етуші күштер өзара теңгерілген кезде 

дене өзінің қозғалыс немесе 

тыныштық күйін инерциялық санақ жүйесіне 

қатысты өзгертпей сақтайды

Дербес жағдайда материалдық нүкте тыныштық жағдайда немесе бірқалыпты 

және түзу сызықты қозғалыста болады.

ИНЕРЦИЯ КҮШІ (латынша – қозғалмайтын) – материалдық нүкте массасы 

(m) мен оның үдеуінің (w) сан жүзіндегі көбейтіндісіне тең болатын және де үдеуге 

қарама-қарсы бағытталған векторлық шама. Қисық сызықты қозғалыс кезінде бұл 

шама жанама (тангенстік) және нормал бағыттық (тік бағыттық) құраушыларға 

жіктеледі. 

Инерция күші туралы ұғым 



салыстырмалы қозғалыс үшін де ендіріледі.

ИНЕРЦИЯЛЫҚ САНАҚ ЖҮЙЕСІ – ешқандай күш әсер етпейтін (немесе  

бір-бірін өзара теңгеретін күштер әсер етсе) материалдық нүкте тыныштық күйде 

немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыста болады делінетін инерция заңы 

тура болатын санақ жүйесі. Инерциялық санақ жүйесіне қатысты ілгерілемелі, 

бірқалыпты және түзу сызықты қозғалатын кез келген санақ жүйесі де инерциялық 

санақ жүйесі болады. Сондықтан теория жүзінде инерциялық санақ жүйесімен 

тең  болатын  кез  келген  санды  әлгіндей  жүйелерде  физика  заңдары  ортақ 

(

салыстырмалық принцип) болады. Кез келген инерциялық санақ жүйесінде 



Ньютонның  екінші  заңы  және  қозғалыс  мөлшерінің  (импульстің),  қозғалыс 

моменті  мөлшерінің  және  сыртқы  әсерлерге  ұшырамаған  тұйық  жүйелерге 

арналған инерция орталығының (масса орталығының) қозғалысының сақталу 

заңы тура.Инерциялық санақ жүйесіне қатысты үдемелі қозғалатын санақ жүйесі 

– 

инерциялық емес жүйе болады және де инерция заңы және басқа әлгі аталған 

заңдар мұнда орындалмайтын болады.

 «Инерциялық санақ жүйесі» ұғымы 

ғылыми абстракция болып табылады. 

Нақты санақ жүйесі әрқашан да іс жүзінде әйтеуір бір денемен (Жермен,  

ғарыш  кемесімен  немесе  ұшақ  корпусымен,  т.б.)  байланыстырылады. 



И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



430

431


Табиғатта  тапжылмай  орнынан  қозғалмайтын  дене  жоқ  (дене  Жерге  қа- 

тысты  қозғалмайтын  болғанымен,  Күнге  және  жұлдыздарға  қатысты  үдемелі 

қозғалыста  болады).  Сондықтан  кез  келген  нақты  санақ  жүйесі  жуықтап 

қарастырылғанда инерциялық санақ жүйесі ретінде қарастырылады. 

Бір инерциялық санақ жүйеден Ньютонның классикалық механикасынан өзге 

бір жүйеге ауысқан кезде кеңістіктік координаттар мен уақыт үшін 



Галилейдің 

түрлендірулері, релятивтік механикада Лоренцтің түрлендірулері тура болады. 

 

ИНЕРЦИЯ МОМЕНТІ (латынша «моментум – қозғалту») – денедегі массаның 

үлестірілуін сипаттайтын және массамен қатар ілгерілемелі емес қозғалыс кезінде 

дененің инерттілігінің өлшемі болатын шама.



ИНЕРЦИЯ ОРТАСЫ, м а с с а  о р т а с ы – қалпы денедегі немесе механика- 

лық жүйедегі массаның үлестірілуімен сипатталатын геометриялық нүкте. Инер-

ция ортасы мен ауырлық ортасы ұғымдарының айырмашылығы мынада: дененің 

ауырлық ортасы біртекті ауырлық өрісіндегі тек қатты заттар үшін ғана мағыналы 

болады; инерция ортасы туралы ұғымның ешқандай күштік өріспен байланысы 

жоқ, кез келген механикалық жүйе үшін ғана мағынасы болады. 



Қатты дененің 

инерция ортасы мен ауырлық ортасының қалпы бірімен-бірі үйлеседі.

ИНЕРЦИЯ РАДИУСЫ – ұзындық өлшемі  r шамасы болатын, ол арқылы 

дененің  инерция  моменті  берілген  оське  қатысты  I  =  Mr



2

  формуласымен 

өрнектеледі, мұндағы М – дененің массасы. Мысалы, біртекті шар үшін инерция 

радиусы шардың орталығы арқылы өтетін өске қатысты 

 ≈ 0,632R, мұндағы 

R – шардың радиусы.

ИНЖЕКЦИЯ (латынша – ендіру) – 1) бөлшектерді әрі қарай үдету немесе 

жинақтау  үшін  зарядталған  бөлшектердің  шоғын  үдеткішке  енгізу;  2)  электр 

өрісінің  әсерімен  тепе-теңсіз  заряд  тасушылардың  жартылайөткізгішке  енуі; 

3) сыртқы электр өрісінің әсерімен ток тасығыштардың шоғырлануы жоғары 

аймақтан жартылайөткізгішке немесе диэлектрикке тасымалдау нәтижесінде заряд 

тасушылардың шоғырын арттыру. 



ИНЖЕКЦИЯзаряд тасығыштардың инжекциясы – тепе-теңсіз (артық) 

заряд тасушылардың электр өрісінің әсерімен жартылайөткізгішке немесе диэлек- 

трикке  енуі.  Артық  заряд  тасушылардың  көзі  ретінде  жанасатын  жартылай- 

өткізгіш немесе металл, жарық (



фотоинжекция), электр өрісінің өзі (тасқындық 

инжекция), т.б. бола алады. Жанаспалық инжекция кезінде сыртқы электр өрісі 

заряд тасушылардың тепе-теңдігін шығу жұмысы (Ф) әртүрлі қатты екі дененің 

жанаспалы (жапсары) арқылы бұзады. Қатты денені жанаспаға жанастырған кезде 

жанасатын аймақ маңайында бір дененің оң зарядталуына, ал екіншісінің – теріс 



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау