Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет171/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   265

И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



424

425


Жарық импульсі – оптикалық сәуле 

шығару  көздерінің  қысқа  мерзімді 

(0,01  сек)  жарық  шығаруы.  Жарық 

импульсінің  спектрлік  құрамы  жарық 

көзінің  түріне  (газдағы  импульстік 

электр  разряды,  жарқыл,  т.б.)  сәйкес 

ажыратылады.  Жарық  импульсі  жыл-

дам  өтетін  үрдістерді  (шапшаң  фото 

және  кино  түсірулерде,  қарапайым 

бөлшектердің ізін суретке түсіруде, т.б.) 

зерттеу үшін қолданылады. 



Күш  импульсі  –  күштің  орташа 

мәнінің оның әсер ету уақытына көбейтін- 

дісіне  тең  болатын  күш  әсерінің 

өлшеуіші.



Механикалық импульс – материя- 

ның  барлық  түрлерінің  қозғалысының  өлшеуіші;  материалдық  нүкте  үшін 

осы  нүктенің  массасының  (m)  оның  жылдамдығының  (v)  көбейтіндісіне  тең 

және жылдамдық векторымен (υ) бағыттас шама: р = m · υ. Импульсті қозғалыс 



мөлшері деп те атайды. Бөлшектің қозғалыс жылдамдығы жоғары болғанда, оның 

массасының жылдамдыққа тәуелділігі ескеріледі: m = m



о

/

, мұндағы m



о

 – 


бөлшектің тыныштық күйдегі массасы (тыныштық масса), с – жарықтың вакуумдегі 

жылдамдығы. Бұл жағдайда еркін бөлшектің импульсы: р=m·υ=m



о

·υ/

, ал 

бөлшектердің импульсі оның толық энергиясымен (



2

 = р



2

·с

2

+m

2

о

·с

4

) байланысқан. 

Тыныштық массасы нөлге тең бөлшектер (фотон, нейтрино) үшін р= /с. Мұндай 

бөлшектер әр уақытта жарық жылдамдығымен (с) қозғалады. Материяның барлық 

формаларының, мысалы, электрмагниттік өріс пен гравитациялық өрістің де 

импульсі болады.



Соққы  импульсі  –  соқтығысатын  денелердің  соққысы  кезінде  олардың 

әрқайсысына әсер ететін күш импульсі. 



Толқындық импульс – кеңістікте бір реттік ұйытқу немесе периодты ұйыт- 

қулар топтамасы түрінде таралушы ұйытқулар. Толқындық импульс – кеңістікте 

не белгілі бір ортада таралатын ұйтқу. Мұндай импульске дыбыс импульсі (мы- 

салы, қару атылған кездегі), сондай-ақ электрмагниттік ұйтқу, т.б. жатады. 



Электрлік импульс – электр кернеуінің немесе ток күшінің секірісті түрде 

немесе  бірқатар  тербелістер  түрінде,  бірінен  соң  бірі  келетін  қысқа  мерзімді 

өзгерістер. 

Тыныш  тұрған  шар  массасы  бірдей  қозға- 

лыстағы шармен соқтығысады. Қозғалыстағы 

шар соқтығысқанға дейін (А) белгілі бір им-

пульске  (оның  массасының  жылдамдыққа 

көбейтіндісіне тең) ие болған. Соқтығысқан 

кезде  (Б)  ол  осы  импульсті  тыныш  тұрған 

шарға береді, алғашында қозғалыста болған, 

тынышталған  (В)  шар  қозғала  бастайды. 

Осы өзараәсерлесу кезінде импульс сақталады, 

соқтығысқаннан кейін екінші шар біріншісінің 

импульсіне тең импульс алады.



И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



424

425


Электрмагниттік импульс – материяның барлық түрлерінің қозғалысының 

импульсі; орта аумағындағы (көлеміндегі) өріс энергиясының осы ортадағы жарық 

жылдамдығының қатынасына тең электрмагниттік өріс импульсі.

Фотон импульсі – материяның барлық түрлерінің қозғалыс импульсі; фотон 

энергиясының жарықтың вакумдағы жылдамдығына қатынасына тең.



ИМПУЛЬСТІК МОДУЛЯЦИЯ (латынша «модулатио – өлшемдік, бірқалып- 

ты»)  –  модуляцияланатын  сигнал  импульстер  тізбегі  болатын  тербелістердің  

модуляциясы.  Импульстік  модуляция  нәтижесінде  модуляцияланатын  тербе- 

лістердің қысқа мерзімді толқындар тізбегі (цугтер) пайда болады. Осы тізбектің 

сипаттамалары  жіберілу  реті,  ұзақтығы  және  жеке  жіберілімнің  пішіні,  т.б. 

қасиеттерімен  анықталады.  Импульстік  модуляция,  мысалы,  нысанға  дейінгі 

қашықтық  нысан  тарататын  тербелістердің  импульстік  жіберілімдерінің  ны- 

санға қайтып келу немесе нысан шағылдырған тербелістер импульстерінің келу 

уақыты бойынша анықталатын 

радиолокацияда, оптикалық локацияда, гид- 

ролокацияда, ионсфераны зондтау кезінде қолданылады.

ИМПУЛЬСТІК РЕАКТОР (латынша «ре – қайталама, қарсы әсер» + «актио – 

әсер») – ұзақтығы бірнеше ондаған микросекундтан (мксек, 10

-6

 секунд) бірнеше 



секундқа дейін созылатын нейтрондар ағынының қысқа уақыттық импульстерін 

тудыратын  ядролық  реактор.  Импульстік  реакторда 



нейтрондардың  көбею 

коэффициенті тез артады, мысалы, реактордың активті зонасына қосымша 

ядролық отын ендіру арқылы ядролық тізбекті реакцияның дамытылуына жағдай 

жасалады. Өздігінен сөнетін әсерлі деп аталған импульстік реактор импульсінің 

сөнуі активті зонаны қыздыру нәтижесінде нейтрондардың көбею коэффициентін 

кеміту есебінен жүзеге асырылады және реактор салқындатылған соң (бірнеше 

сағат бойы) импульс қайтадан әсер ететін болады. 

ИНВАРИАНТ (латынша «инварианс – өзгермейтін») – санақ жүйесінің белгілі 

бір түрлендірілуі кезінде нысанның өзгермеушілік қасиетін сипаттайтын сан не-

месе функция.

ИНВАРИАНТТЫЛЫҚ  –  кейбір  физикалық  шарттарға  тәуелсіздік, 

өзгермеушілік.  Инварианттылық 



  көбінесе  кез  келген  шамалардың  кейбір 

түрлендірулерге қатысты өзгермеушілігінің математикалық өрнегі. Мысалы, егер 

біреуі екіншісіне салыстырмалы түрде белгілі бір бұрышқа бұрылған екі коорди-

наттар жүйесінде қарастырылса, онда мұндағы қозғалыс жылдамдығының про-

екциясы әртүрлі болады, сондықтан кинетикалық энергиясы бірдей болады, яғни 

санақ жүйесінің кеңістігінде кинетикалық энергия бұрылысқа қатысты инвари-

антты болады. Лоренц түрлендірулеріне (

релятивті инварианттылық) қатысты 



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау