И
75
∑
ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА
426
427
инварианттылық маңызды жағдай болып табылады.
Жалпы, салыстырмалық те-
ориясында (тартылыс теориясында) координаттардың кез келген түрлендірулеріне
қатысты шамалар қарастырылады.
Калибрлеу түрлендірулеріне қатысты
инварианттылықтың маңызы зор, бұл физикалық теорияларда кең таралған, ол
іргелі өзараәсерлесулердің бірлігін орнатуға мүмкіндік берді. Инварианттылық
сақталу заңдарымен тығыз байланысты (Нетер теоремасы).
Инварианттылық – физикалық жағдайлар өзгерген кезде физикалық шамалардың
өзгермеушілігі болып табылады.
Изотоптық инварианттылық – изотоптық мультиплетке енетін бөлшектердің
күшті өзараәсерлесуінің осы бөлшектердің электр зарядына тәуелсіздігі.
Калибрлеуіш инварианттылық – қозғалыстардың кванттық-механикалық
теңдеулерінің калибрлеуіштік түрлендіруге қатысты инварианттылығы.
Масштабтық инварианттылық – бір мезгілде бүкіл ара қашықтықтардың
және уақыт аралықтарының немесе импульстер мен энергиялардың бірдей санға
өзгеруі кезінде кез келген физикалық құбылыстарды сипаттайтын
теңдеулердің
өзгермеушілігі.
Релятивтік инварианттылық – Лоренцтің түрлендірілуіне қатысты табиғат
заңдарын өрнектейтін теңдеулердің инварианттылығы.
ИНВЕРСИЯ (латынша «инверсио – төңкеру, аудару, алмастыру»),
толымдылық инверсиясы – орта энергиясының жоғары мәніне сәйкес келетін
деңгейдің толымдылығы аз энергиялы деңгейдегі толымдылықтан жоғары бо-
латын тепе-теңсіздік күйі. Әдеттегі жағдайларда (термодинамикалық күйдегі)
бөлшектер жүйелеріндегі
энергетикалық деңгейлер бойынша үлестірілу қалыпты
(больцмандық) сипатта болады: едәуір жоғары деңгейдегі бөлшектер саны едәуір
төменгі деңгейдегіден аз болады. Кез келген жүйедегі толымдылық инверсиясы
осы жүйеге қатысты сыртқы энергия көздерімен жүзеге асырылады (мысалы,
толтыру арқылы). Толымдылық инверсиялы жүйесі сәулені әрқашан жұту үр-
дісінен артық болатын еріксіз сәуле шығару үрдісі есебінен күшейтеді. Активті
орталарда толымдылық инверсиясын жүзеге асыру – бүкіл кванттық күшейт-
кіштер мен генераторлардың (лазерлердің) жұмыс істеуінің қажетті шарты.
ИНВЕРСИЯЛЫҚ ҚАБАТ – жартылайөткізгіштің негізгі заряд тасушылары-
нан негізгі емес (қосалқы) заряд тасушыларының тепе-тең шоғырлануы артық
болатын аймағының беті. Бұл қабат жартылайөткізгіштің n
-типті (р-типті)
қабатының көлемге қатысты жеткілікті жоғары теріс (оң) потенциалды болуы
кезінде пайда болады. Инверсиялық қабат жартылайөткізгіштің металл жанаспа-
сына жақын, металдың шығу жұмысы жартылайөткізгіштің шығу жұмысынан
И
75
∑
ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА
426
427
жартылайөткізгіштің
тыйым салынған зонасының (аумағының) енінен артық
болған кезде негізгі заряд тасушыны
қармап алатын беттік күйі болғанда жүзеге
асырылады. Егер инверсиялық қабаттың қалыңдығы заряд тасушылардың еркін
жолының ұзындығынан кем болса, онда инверсиялық қабатта квазиекіөлшемді
өткізгіштіктің пайда болуы ықтимал. Осы жайт жартылайөткізгіш қабаттың
беттік және оптикалық қасиеттерінің өзгеруіне әкеп соқтырады.
ИНВЕРТОР (латынша «инверто – аударамын, өзгертемін») –
тұрақты ток-
ты айнымалы токқа түрлендіруге арналған құрылғы; вентильдік қасиетке ие
жартылайөткізгіштік немесе газ-разрядты аспаптардан жасалады.
ИНДИКАТОР (латынша – көрсеткіш) – бақыланатын техникалық үрдісті
немесе нысанды адамның тікелей қабылдауына ыңғайлы түрде көрсететін
және кез келген параметрдің өзгерісін бейнелейтін құрылғы (аспап). Бақылана-
тын нысанның күйін немесе үрдістің өтуін бейнелейтін құрылғы.
ИНДУКТИВТІ БАЙЛАНЫС – электр тізбегінің бөліктері аралығында осы
бөліктерден өтетін айнымалы ток тудыратын магнит өрісінің есебінен туатын
электрлік байланыс.
ИНДУКТИВТІ КЕДЕРГІ – 1) тізбектің индуктивті бөліктерінің (мыса-
лы, катушканың) айнымалы токқа көрсететін қарсы әсерін сипаттайтын шама.
Ом өлшемімен өрнектеледі. Синусоидалы ток үшін индуктивті кедергі (х
L
)
ωL өрнегімен анықталады (мұндағы L – тізбектің индуктивтілігі, ω – токтың
дөңгелектік жиілігі). Индуктивті кедергі кейде
реактивті индуктивті кедергі
деп те аталалы. 2)
Аэродинамикадағы индуктивті кедергі – аэродинамикалық
кедергінің құраушыларының бірі. Дененің қозғалысы кезінде оған ауа (газ) тара-
пынан әсер ететін толық
аэродинамикалық күш.
ИНДУКТИВТІЛІК (латынша – әсер беру, бейімдеу, қоздыру) – электр тізбегінің
магниттік қасиеттерін сипаттайтын шама. Өткізгіш контурмен өтетін ток өзін
қоршаған кеңістікте магнит өрісін тудырады. Сонымен қатар
контурды (не онымен
байланысқан контурды)
тесіп өтетін магнит ағыны (Ф) ток күшіне (
І) тура про-
порционал: Ф = L І, мұндағы L пропорционалдық коэффициенті – индуктивтілік
немесе контурдың
өздік индукция коэффициенті деп аталады. Ол – контурдың
мөлшері мен пішініне, сондай – ақ контурды қоршаған ортаның магниттік
өтімділігіне тәуелді болады. Индуктивтілік
Халықаралық бірліктер жүйесінде
(СИ) генримен, ал СГС жүйесінде сантиметрмен (1 Гн = 10
9
см) өлшенеді.
Егер электрлік және механикалық құбылыстардың арасындағы ұқсастықты еске
алатын болсақ, онда магниттік энергияны дененің кинетикалық энергиясымен Т =
mυ
2
/2 (m – дененің массасы, υ – оның жылдамдығы), ал индуктивтілік массаның