Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет173/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   265

И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



428

429


орнына,  ток  –  жылдамдыққа  сәйкес  болады.  Сонымен  индуктивтілік  токтың 

инерциялық қасиеттерін анықтайды. 

 Индуктивтілікті арттыру үшін темір өзекшелі орамдар қолданылады; осының 

нәтижесінде  ферромагнетиктердің магниттік өтімділігі (μ) осындай орамдар 

индуктивтілігінің магниттік өрісінің кернеулігі токқа (І) тәуелді болады. 

Өзара индуктивтілік – электр тізбектерінің бір контурдағы ток күшімен және 

өзге контурды тесіп өтетін әлгі ток тудыратын магниттік ағынының арасындағы 

екі  немесе  одан  көп  контурлардың  (ток  тізбектерінің)  пропорционалдық 

коэффициенттерімен анықталатын магниттік байланыстарының сипаттамасы.



ИНДУКЦИЯ (латынша – енгізу, әсер ету, әсерін тигізу, қоздыру) – өткізгіш 

тұйық контурдың (электр тізбегінің) магнит өрісіндегі қозғалысы кезінде немесе 

осы контурдың төңірегіндегі (айналасындағы) магнит өрісінің өзгеруі кезінде 

электрқозғауыш күштің (ЭҚК-тің) пайда болуы.



Қалдық  магниттік  индукция  –  ферромагнетиктегі  сыртқы  магнит  өрісі 

жойылғаннан кейінгі магниттік индукция.

 

Өздік электрмагниттік индукция – контурлардың біреуіндегі электр тогының 

күші өзгерген кезде екінші контурда электрқозғаушы күшінің пайда болуы.

 

Магниттік индукция – магниттік өрістің негізгі сипаттамасы болатын вектор; 

оның шамасы және бағыты магниттік өріске орналасқан электр тогы өтіп тұрған 

өткізгішке осы магнит өрісінің ықпалы бойынша анықталады.

 

Униполярлық индукция, бір полюсті индукция – қозғалатын магниттел-

ген электр өткізгіш денеде, оның қозғалыс бағыты мен магниттелу бағытының 

үйлеспеуі кезінде электрқозғаушы күштің пайда болуы.

 

Электрмагниттік индукция – электр өткізгіш контурда оны тесіп өтетін 

магниттік ағынның өзгерісі кезінде әлгі контурда электрқозғаушы күштің пайда 

болуы.

 

Электрстатикалық индукция – тұрақты электр өрісіне орналастырылған 



өткізгішке немесе диэлектрикке электр зарядтарын беру (жұқтыру, дарыту).

 

ИНДУКЦИЯЛЫҚ  СӘУЛЕ  ШЫҒАРУ,  еріксіз  сәуле  шығару  –  заттар 

бөлшектерінің  (атомдардың,  молекулалардың,  т.б.)  сыртқы  (мәжбүрлеуші) 

электрмагниттік  сәуленің  әсерімен  электрмагниттік  толқындар  шығаруы. 

Бұл  сәуленің  жиілігі,  фазасы,  таралу  бағыты  және  полярлануы  мәжбүрлеуші 

сәуленікімен бірдей болады. Сондықтан, индукциялық сәуле когерентті болады 

және белгілі бір жағдайларда электрмагниттік толқындардың едәуір күшеюіне 

және шығуына әкеп соқтырады. Әдетте қоздырылған күйдегі атомдар саны мен 



индукциялық сәуле квантын шығару қасиеті термодинамикалық теңгерілмеген 


И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



428

429


жүйедегі  негізгі  күйдегіден  артық  болады.  Жиіліктің  кванттық  эталонының, 

кванттық генераторлардың, кванттық күшейткіштердің, мазерлердің, лазерлердің 

жұмыстары 

индукциялық сәуле шығару құбылысына негізделген.

ИНДУКЦИЯЛЫҚ ТОК – айнымалы магнит өрісінде немесе қозғалыстағы 

магнит өрісінде орналасқан өткізгіштік контурда туындайтын ток.



ИНДУКЦИЯЛЫҚ ҮДЕТКІШТЕР – үдеткіш электр өрісінің, магнит өрісінің 

уақыт бойынша өзгерісі (индукциялық электрқозғаушы күш) есебінен туындай-

тын үдеткіш. Электрондардың циклдік индукциялық үдеткіші б е т а т р о н деп 

аталған. Индукциялық электрқозғауыш күшін сақина тәрізді импульстік магнит 

өрісі тудыратын сызықтық индукциялық үдеткіштер де бар.

ИНЕРТТІ МАССА (латынша «инертис – әрекетсіз») – дененің динамикалық 

қасиетін сипаттайтын физикалық шама. Инертті масса Ньютонның екінші заңына 

енген (сондықтан дене инерциясының өлшеуіші болып табылады). Гравитациялық 

массаға тең.



ИНЕРТТІЛІК, инерция (латынша – әрекетсіздік), м е х а н и к а д а  – мате- 

риалдық денеге сырттан ешқандай ықпал жасалмаса немесе өзара теңгерілетін 

болса, онда осы дененің санақтың инерциялық жүйесіне қатысты өзінің қозғалыс 

немесе тыныштық күйін өзгеріссіз сақтайтын қасиеті. Егер де денеге теңгерілмеген 

күш жүйесі әсер ететін болса, онда инерттілік қасиет денелердің тыныштық немесе 

қозғалыс күйлерінің өзгеруіне, яғни оның нүктелерінің жылдамдықтарының сол 

сәтте емес, бірте-бірте өзгеруіне септігін тигізеді; сонымен, дененің инерттілігі 

қаншалықты  үлкен  болса,  қозғалыс  соншалықты  баяу  өзгеретін  болады. 



Инерттіліктің өлшеуіші оның массасы болып табылады.

И Н Е Р Ц И Я   ( л а т ы н ш а   – 

әрекетсіздік), 



инерттілік – денеге 

ықпал  жасайтын  сыртқы  әсерлер 

(кұштер) болмайтын немесе өзара 

теңгерілген  кезде  дененің  өзіне 

ықпалы  материалдық  денелердің 

механиканың  (1-  және  2-Нью-

тон)  заңдарында  көрініс  тапқан 

қасиеті. Денеге ықпал ететін сыртқы 



инерциялық санақ жүйесіне қатысты 

өзінің 


қозғалыс  күйін  немесе 

тыныштығын өзгертпейтін кезде 

инерция пайда болады. Егер де де-

неге теңгерілмеген күштердің жүйесі 



Дененің  инерциясының 

қасиетін  бірдей  бірінің  

астына  бірі  ілінген  екі  

жүкпен жасалған тәжі- 

рибемен  көрсетуге  бола- 

ды.  Жіп  бір  жүктің  ке- 

рілуіне  ғана  шыдайтын- 

дай, екі жүктің салмағын 

көтере алмайтындай бо- 

лып таңдалады. Егер ал- 

дымен  жоғарғы  жүк 

жайлап  түсірілсе,  одан  

соң  астыңғы  жүк  жай- 

лап  түсірілсе,  үстіңгі 

жүктің жібі үзіледі. Егер 

төменгі  жүк  жаймен 

түсіріліп, астындағы ті- 

рек алынса, онда төменгі 

жүктің жібі үзіледі.


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау