Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет168/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   265

И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



418

419


Изомерлердің ыдырауы 

конверсиялық электрондар (электрондар шығару) 

немесе γ-кванттар шығарумен қабаттас өтеді; нәтижесінде сол ядроның өзі пайда 

болады, бірақ күйі, энергиясы аз болады. Кейде бета-ыдыраудың болуы да ықтимал. 

Ауыр элементтердің изомерлерінің өздігінен ыдырауы мүмкін. Атом ядросының 

изомериясы ядроның құрылымына байланысты болады. Изомериялық күй ядроның 

аз энергиялы күйінен γ-квант шығару арқылы ауысуы қиын болған жағдайда 

пайда  болады.  Бұл  жайт  осы  күйлердегі  ядролар спиндері  мәндерінің  үлкен 

айырмашылықтарына байланысты болады. Егер осы кезде екі күй энергиясындағы 

айырмашылық үлкен болмаса, онда γ-кванттың шығу ықтималдығы аз және қозған 

күйдің жартылай ыдырау периоды салдар ретінде үлкен болады. Изомерлер масса 

санының (А) белгілі бір аймақтарындағы мәндерінде (и з о м е р л е р  а р а л д а 

р ы н д а) жиі кездеседі.

Атом  ядроларының  изометриясы  –  кейбір  атом  ядроларының  негізгі 

күйлерімен қатар ұзақмерзімді қозған (метаорнықты) күйлерінің болу құбылысы. 

Қозбаған күйге ауысуы γ-сәулелер немесе ішкі конверсия есебінен жүзеге асады. 

Ядролық изомерияны 1921 жылы неміс физигі Отто 



Ган (1879 – 1968) ашқан.

Молекулалар изомериясы – молекулалық массасы және құрамы бірдей, бірақ 

құрылысы немесе атомдардың кеңістіктегі орналасуларына орай қасиеттерінде 

айырмашылығы болатын молекулалардың болуы. Осы молекулалар и з о м е р л е 

р деп аталған. Молекулалар изомериясын 1823 жылы неміс химигі Юстус 



Либих 

(1803 – 1873) ашқан. «Изомерия» ғылыми атауын 1830 жылы швед химигі Йенс 



Берцелиус (1779 – 1848) ұсынған.

Оптикалық изомерия – кейбір заттардың жарықтың полярлану жазықтығын 

қарама-қарсы айналдыру қасиеті.



ИЗОМЕРЛЕР (грекше «изос» + «мерос») – құрамы және молекулалық массасы 

бойынша бірдей, бірақ құрылысы немесе кеңістікте атомдарының орналасуна орай 

қасиеттері бойынша айырмашылығы болатын химиялық қосылыс.

ИЗОТЕРМА  (грекше  «изос  –  теңдей»  +  «терма  –  жылу»)  –  күйлердің 

термодинамикалық диаграммасында изотермиялық үрдісті өрнектейтін сызықтар. 

Идеал  газдың  изотермиялық  теңдеуі:  pV-const,  мұндағы  p  –  қысым,  V  –  газ 

көлемі. Сонымен, p, V координаттарында р, V изотерма гипербола тәрізді болады. 

Нақты газ үшін изотерма теңдеуі едәуір күрделі сипатты және тек төменгі қысым  

немесе жоғары температура кезінде ғана изотерма теңдеуіне ауысады. р, V коор-

данаттарында изотерма жүрісі әрқашан адиабатадан сәл ғана тіктеу болады.

ИЗОТЕРМАЛЫҚ ҮРДІС – физикалық жүйеде тұрақты температура кезінде 

өтетін  үрдіс;  күйлердің  термодинамикалық  диаграммасында  изотермамен 

кескінделеді. Жүйенің изотермалық үрдісін жүзеге асыру үшін термостатқа 



И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



418

419


(тұрақты  температура  ұстап  тұратын  құрылғыға)  орналастырылады,  мұның  

жылу  өткізгіштігі  жоғары,  жүйенің  температурасы  іс  жүзінде  термостаттың 

температурасынан  айырмашылығы  болмайды.  Изотермалық  үрдісті  өзгеше 

де: жылу көздерін немесе жылу ағынын қолдану арқылы жүзеге асыруға бола-

ды.  Изотермалық  үрдістің  мысалына 

тұрақты температурадағы сұйықтың  

қайнауы  немесе  қатты  дененің  балқуы  жатады.  Идеал  газда  изотермалық  

үрдісте қысымның көлемге көбейтіндісі тұрақты болады (Бойль – Мариот заңы), 

Жүйедегі изотермалық үрдіс кезінде, жалпылама айтқанда, белгілі бір 

мөлшерде 

жылу беріледі (немесе жүйе жылу береді) және сыртқы жұмыс жүзеге асыры-

лады. Идеал газдар үшін осы жұмыс Nk Тln (V

2

/V



1

), мұндағы N – газ бөлшекте- 

рінің саны, Т – абсолюттік температура, V

1

 және V



2

 – үрдістің (процестің) бастапқы 

және  соңғы  кездеріндегі  көлемдері.  Егер  тек  фазалық  ауысу  жүзеге  асырыл- 

майтын болса, қатты денелерде және көптеген сұйықтарда изотермалық үрдіс  

дене көлемін сәл ғана өзгертеді.

ИЗОТОНДАР (грекше «изос – тең, бірдей» + «тонос – кернеу») – нейтрондарының 

саны бірдей, бірақ электр зарядтары әр түрлі болатын атом ядролары.



ИЗОТОНИЯ (грекше «изос ... – тең, бірдей» + «тонос – кернеу») – бір еріткішпен 

ерітілген әр түрлі заттардың ерітінділерінің осмостық қысымдарының теңдігі.



ИЗОТОПТАР  (грекше  «изос  –  бірдей»  +  «топос  –  орын»)  –  химиялық 

элементтердің  атомдар  ядроларындағы  протондар  саны  бірдей,  бірақ 

нейтрондарының саны өзгеше болатын түр өзгешелігі. Элементтердің изотопында 

нейтрон санының түрліше болуының шегі бар. Мыс., гелий атомы ядросында 1, 2, 4 

немесе 6 нейтрон болуы мүмкін. Протон мен нейтрон санына қарай изотоптардың 

ядросының  қасиеттері  (ядроның  тұрақтылығы,  ыдырау  ықтималдығы,  спині, 

электрлік және магниттік моменттері т.б. ) әр түрлі болады. Ал электрондық 

қабықшалардың  құрылымы  бірдей 

болғандықтан,  олардың  химиялық 

қасиеттері  бір-біріне  өте  ұқсас  бо-

лады.  Химиялық  элементтердің 

изотоптары  сол  элементтің  шарт-

т ы   б е л г і с і м е н   ө р н е к т е л е д і . 

Изотоптардың болатындығы туралы 

алғашқы  тәжірибелік  мәліметтер 

1906  –  10  жылдары  радиоактивтік 

элементтердің  қасиеттерін  зерттеу 

кезінде анықталған. «Изотоп» деген 



Қарапайым  изотоптық  генератордың  сұлба- 

сы:  1  –  изотоп;  2  –  изотоп  қыздыратын  іш- 

кі контейнер; 3 – жартылайөткізгіштік тер- 

моэлектрлік  генератордың  бөліктері;  4  –  ра- 

диациялық сәуледен қорғаныштық қабат


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау