ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР
37
1862 ж. қара дене тұжырымдамасын және оның моделін ұсынған. 1860 ж.
спектрлердің айналымын ашқан.
КИттЕЛЬ Чарлз (1916 ж.т.) – американ физигі. 1953 ж.
циклотрондық ре-
зонансты ашқан. 1958 ж. 1 К температурадан төменгі температура шығарудың
жаңа әдісін ұсынған.
КЛАпЕЙРон Бенуа Поль Эмиль (1799 – 1864) – француз физигі. 1834 ж.
идеал газ күйінің теңдеуін [1874 ж. Д.И.Менделеев жалпылаған (Менделе-
ев-Клапейрон теңдеуі)] және заттардың балқу, қайнау температуралары мен
қысымдарының байланысын орнықтыратын теңдеуді қорытып шығарған.
КЛАУЗИУС Рудольф Юлиус Эмануэль (1822 – 1888) – неміс физигі. 1850 ж.
У.Ранкинге тәуелсіз жылу мен механикалық жұмыс арасындағы жалпы
қатынасты (термодинамиканың бірінші бастамасын), бу машинасының идеал
термодинамикалық циклін (Ранкин – Клаузиус циклі) және термодинамиканың
«жылу өздігінен едәуір салқын денеден едәуір жылы денеге ауыса ал-
майды» деген екінші бастамасын тұжырымдаған. 1865 ж.
энтропия ұғымын
енгізген.
КнИппИнГ Пауль (1883 – 1935) – неміс физигі. 1912 ж. М. Лауэмен бірлесіп,
рентген сәулесінің интерференциясын ашқан.
КоМптон Артур Холли (1892 – 1962) – американ физигі. 1922 ж. зат-
тар электрондарының рентген сәулесін шашыратуы салдарынан әлгі сәуленің
толқын ұзындығының өзгеру құбылысын ашқан (Комптон эффектісі). Осының
нәтижесінде
фотонның болатыны дәлелденген. 1921 ж.
спин туралы идеяға
келген.
Коттон Эме (1869 – 1951) – француз физигі. 1907 ж. А. Мутонмен бірге
жарықтың өріске перпендикуляр таралуы кезінде магнит өрісіне орналасты-
рылған заттардағы
жарықтың қосарланған сынуын ашқан (Коттон-Мутон
эффектісі).
КРИШнАн Кариаманиккам Сриниваза (1898 – 1961) – үнді физигі. 1928 ж.
жарықтың комбинациялық шашырауын ашқан.
КРУКС Уильям (1832 – 1919) – ағылшын химигі әрі физигі. 1879 ж.
заттардың
төртінші күйі туралы ұғым енгізген. «Крукс түтігі» деген аспаппен катодтық
сәулені зерттеген. 1879 ж. катод сәулесінің энергия және импульс таситынын
дәлелдеген. 1886 ж. катод сәулесінің себебінен кейбір тотықтар мен тұздардың
жарқырайтынын байқаған. 1903 ж. күкіртті мырыш пластинкаға түскен альфа-
бұлшек тудыратын эффекті (
сцинтилляциялық эффектісін) ашқан және осы эф-
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР
38
фект негізінде жеке альфа-бөлшектің жарқырауы бойынша оны тіркейтін аспап
(
Крукс спинтарископын) жасаған.
ЛЕБЕдЕВ Петр Николаевич (1866 – 1912) – орыс физигі. 1899 ж.
жарықтың
қатты денеге қысым түсіретінін, 1907 ж.
газға қысым түсіретіндігін тәжірибе
жүзінде дәлелдеген.
ЛЕМАн Отто (1855 – 1922) – неміс физигі. 1889 ж.
сұйық кристалды ашқан.
ЛЕнГМЮР Ирвинг (1881 – 1957) – американ физигі әрі химик. 1929 ж.
Л.Тонкспен бірлесіп
плазма ұғымын енгізген. Плазма – заттардың төртінші күйі.
ЛЕнц Эмилий Христианович (1804 – 1865) – орыс физигі. 1833 ж.
индукцияның электрқозғаушы күшінің бағытын анықтауға арналған ережені
тұжырымдаған (Ленц заңы). 1842 ж. (Дж. Джоульге қатыссыз) электр тогының
жылулық әсерлер заңын ашқан.
ЛИББИ Уиллард Фрэнк (1908 – 1980) – американ физик-химигі. 1946 ж.
геохронологияның
радиокөміртекті әдісі – органикалық нысандардағы
радиокөміртек-14-тің мөлшерін өлшеу бойынша осы геологиялық нысандардың
жасын анықтауды тұжырымдаған. 1953 ж. тритий изотопы бойынша жас
анықтау тәсілін ұсынған. Нобель сыйлығының (химия бойынша) иегері (1960).
ЛИппАн Габриель (1845 – 1921) – француз физигі. 1891 ж.
жарықтың
интерференциясына негізделген ең алғашқы түрлі түсті фотографиялық
әдісті ұсынған. 1908 ж. жазық суретте көлемдік кескін (бейне) көруге болатын
интегралдық фотография тәсілін ұсынған.
ЛИХтЕнБЕРГ Георг Кристоф (1742 – 1799) – неміс физигі. Өз есімімен
аталған пішіндерді ашқан (Лихтенберг пішіндері). Қолданысқа электр ұнтағын
енгізген және 1777 ж. ксерокөшірменің негізгі үрдістерін (процестерін) ашқан.
1778 ж.
«оң» және
«теріс электр» деген атаулар енгізіп, оларды
«+»(плюс) және
«-»(минус) таңбаларымен белгілеуді ұсынған.
ЛоРЕнц Хендрик Антон (1853 – 1928) – нидерланд физигі. Күшті магнит
өрісінде спектрлік сызықтардың бөлшектенетінін алдын ала болжаған, оны
э.Ленц Г.Липпан Г.Лихтенберг Х.Лоренц
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР
39
1896 ж. П. Зееман ашқан. 1897 ж. оның теориясын тұжырымдаған. 1892 ж. Май-
кельсон-Морли тәжірибесін түсіндіруге арналған (Дж. Фитцджеральдке қа-
тыссыз)
денелердің өлшемдерінің оның қозғалыс бағытында қысқаратыны
туралы болжал ұсынған (Лоренц-Фитцджеральд қысқаруы). 1895 ж. қозғалыс-
тағы денелерде тыныштықтағы денелерден өзгеше өтетін
жергілікті уақыт ту-
ралы ұғым енгізген. 1904 ж. әртүрлі екі санақ жүйесіндегі ортақ бір оқиғаның
кеңістіктік координаттары мен уақыт сәттерін (мезеттерін) өзара байланысты-
рушы формуланы қорытып шығарған (Лоренцтің түрлендірулері). Лоренцтің
түрлендірулерінен арнайы салыстырмалық теорияның бүкіл кинематикалық
эффектілері шығады. Сол жылы
электронның массасының жылдамдыққа
тәуелділігінің формуласы қорытылып шығарылған. Салыстырмалық теорияға
және кванттық механикаға ауысуға, салыстырмалық теорияның тұжырымдалуына
ерекше жағдай жасалды.
ЛоУРЕнС Эрнест Орландо (1901 – 1958) – американ физигі. 1929 ж. магниттік
резонанстық үдеткіш-
циклотрон идеясын ұсынған және 1931 ж.
оның ең
алғашқы үлгісін жасаған. Қатерлі ісіктерді шапшаң нейтрондармен емдеу
жөнінде ең алғашқы тәжірибе жасаған. Нобель сыйлығының иегері (1939 ж.).
ЛЬЮИС Гилберт Ньютон (1875 – 1946) – американ физик-химигі. 1933 ж. Р.
Магдональдпен бірге
ауыр суды алғаш рет алған және одан
дейтерийді бөліп
шығарған. 1929 ж.
«фотон» деген ғылыми атауды енгізген.
ЛэМБ Уиллис Юджин (1913 – 2008) – американ физигі. 1947 ж. тәжірибе
жүзінде сутек атомындағы э
нергиялық деңгейлердің ығысуын ашқан. 1962 ж.
ең
алғашқы сызықтық үдеткішті жасауға қатысқан.
МАВРоЛИК Франческо (1494 – 1575) – итальян физигі.
Кемпірқосақтың
пайда болуын түсіндірген, оның жеті түсті болатынын байқаған. Алғаш болып
жақыннан және алыстан көргіштіктің себебін, көзілдіріктің әсерін түсіндірген.
Г.Льюис Г.Магнус э.Маделунг э.Майорана