Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет14/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   265

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

43

оМ  Георг  Симон  (1787  –  1854)  –  неміс  физигі.  1826  ж.  тәжірибе  жүзінде 

электр тізбегінің ток күшін, кернеуін және өткізгіш кедергісін өзара байланысты-

ратын негізгі заңын (Ом заңын) ашқан. 1827 ж. осы заңды теория жүзінде (тізбек 

бөлігі  және  тұтас  тізбек  үшін)  қорытып  шығарған, 

«электрқозғаушы  күш», 

«кернеудің түсуі» және «өткізгіштік» деген ұғымдарды енгізген. 1830 ж. алғаш 

рет ток көзінің электрқозғаушы күшін өлшеген.



оппЕнГЕЙМЕР Роберт (1904 – 1967) – американ физигі. 1931 ж. ол және 

П.  Эренфест  спині  1/2-ге  тең  тақ  санды  бөлшекті  ядролар 



Ферми-дирак,  ал 

жұп санды ядролар 



Бозе-эйнштейн статистикасына бағынышты болуы тиісті 

екенін көрсеткен. 1939 ж. Дж. Снайдермен бірге 



«қара апанның» болуын алдын 

ала болжаған.



пАнЕт Фридрих Адольф (1887 – 1958) – австриялық радиохимик. 1913 ж. Д. 

Хевешимен бірге 



таңбалы атом әдісін тұжырымдаған.

пАРСЕЛЛ Эдвард Милс (1912 – 1997) – американ физигі. 1946 ж. Ф. Блохқа 

қатыссыз түрде Р. Паундпен бірге 



ядролық магниттік резонансты ашқан. Но-

бель сыйлығының иегері (1952 ж.).



    К.нишиджима                  Г.ом               Р.оппенгеймер            Ф.панет

       э.парселл                Б.паскаль               Ж.пельтье                дж.пирсен


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

44

пАСКАЛЬ Блез (1623 – 1662) – француз математигі әрі физик. 1653 ж. қысым 

сұйықтың барлық жағына бірқалыпты беріледі деген заңды тұжырымдаған.

пАУЛИ Вольфганг (1900 – 1958) – швейцар физигі. 1924 – 25 жылдары осы 

заманғы теориялық физиканың маңызды принципі – 



бүтіннің жартысына тең 

спинді тепе-тең екі бөлшек бірдей күйде бола алмайды делінетін принципті 

тұжырымдаған (Паули принципі). Э. Фермимен бірлесіп, металдардағы, электрон-

дық газдағы 

күшті айныған деген түсінікті енгізген. 1931 ж. нейтронның бо-

латыны  туралы  болжал  айтқан  және 



нейтронның  негізгі  қасиеттерін,  1955  ж. 

қарапайым  бөлшектердің  симметриясын  бейнелейтін  СРТ-  теоремасын 

тұжырымдаған. Нобель сыйлығының иегері (1945 ж.).

пЕГРАМ Джордж (1876 – 1958) – американ физигі. 1939 ж. графитті ней-

тронды баяулатқыш ретінде пайдалану идеясын ұсынған.

пЕЛЬтЬЕ Жан Шарль Атаназ (1785 – 1845) – француз физигі. 1834 ж. әртүрлі 

екі  металдың  жапсарында  (жанасатын  тұсында)  токтың  өту  бағытына  тәуелді 



жылу шығарылатынын немесе жұтылатынын анықтаған (Пельтье эффектісі).

пЕРРЕн Жан Батист (1870 – 1942) – француз физигі әрі физик-химигі. 1895 

ж.  тәжірибе  жүзінде 



катодтық  сәуленің  теріс  зарядталған  бөлшек  екенін 

дәлелдеген. 1909 ж. Авогадро санын есептеп тапқан (6,8·10

23

). 1901 ж. 



атомның 

ғаламшарлық моделін ұсынған (Перрен моделі). 

пЕРРЕн Фрэнсис (1901 – 1979) – француз физигі. 1939 ж. тізбекті ядролық 

реакцияның өтуі үшін қажет уранның бөлінуінің кризистік массасын есеп-

теп тапқан.

пЕтРоВ Василий Владимирович (1761 – 1834) – орыс физигі әрі электртехнигі. 

1802 ж. 


электр доғасын ашқан.

пИРСон Джеральд (1905 – ж.т.) – американ физигі. 1954 ж. алғаш рет күн 

батареясын жасаған. 

пЛАнтЕ Гастон (1834 – 1889) – француз физигі. 1860 ж. қорғасынды акку-

муляторды ойлап тапқан.

пЛЮККЕР  Юлиус  (1801  –  1868)  –  неміс  математигі  әрі  физик.  1859  ж. 

катодтық сәулені ашқан және оның магниттің әсерінен ауытқитынын байқаған. 

1865 ж. 


спектрлерді сызықтық және жолақты түрлерге ажыратқан.

пнЕВСКИЙ Ежи Мария (1913 – 1989) – поляк физигі. 1952 ж. М.Данышпен 

бірге 


гиперъядроны ашқан.

поЙнтИнГ Джон Генри (1852 – 1914) – ағылшын физигі. 1884 ж. электр-

магниттік энергияның ағыны туралы ұғымды енгізген (Умов-Пойнтинг векто-

ры). 1903 ж. ғарыштық денелердің гелиоорталықтық қозғалысын Күн сәулесінің 




ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

45

тежейтіні туралы идея айтқан (Пойнтинг-Робертсон эффектісі). Осы эффектімен 



кометалар құйрығының Күннен қарама-қарсы жаққа бұрылуын түсіндірген.

понтЕКоРВо Бруно Максимович (1913 – 1993) – итальян физигі. 1934 ж. 

Э. Ферми тобымен бірге әртүрлі затты нейтрондармен соққылау тәжірибелеріне 

қатысқан. 1957 ж. нейтриноны тербелту мүмкіндігі туралы идея айтқан.

пРИСтЛИ  Джозеф  (1733  –  1804)  –  ағылшын  химигі  әрі  физик.  1771  ж. 

фотосинтезді, 1774 ж. оттегін ашқан. 1766 ж. электрлік өзараәсерлесу күшінің 

зарядтардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал болаты-

нын анықтаған.

пРоХоРоВ  Александр  Михайлович  (1916  –  2002)  –  орыс  физигі.  Жиілік  

пен  уақыттың  молекулалық  стандарттарын  тұжырымдаған,  осы  тұжырым  оны 

1954 ж. Н.Г. Басовпен бірге аммиак негізді алғашқы 

молекулалық генератор 

жасауға  әкелді.  1955  ж.  Басовпен  бірлесіп,  теріс  жұту  ортасын  жасау  әдісін 

ұсынды. Бұл әдіс 

үш деңгей әдісі деп аталған.

РАнКИн  Уильям  Джон  Макуори  (1820  –  1872)  –  шотланд  инженері.  

1859 ж. бу машинасының толық теориясын, дербес жағдайда бу қозғалтқышының 

идеал  термодинамикалық  циклін  тұжырымдаған  (Ранкин-Клаузиус  циклі). 

«потенциалдық энергия», адиобаттық және изотермиялық үрдістер, «адиабат» 

ғылыми атауларын енгізген.



РЕнАЛЬдИнИ  Карло  (1615  –  1698)  –  итальян  физигі  әрі  математик.  

1694  ж.  термометрдің  тұрақты  нүктелері  ретінде 



мұздың  еру  температура-

сын және 



судың қайнау температурасын алуды ұсынған. Швед астрономы әрі 

физигі Андерс Цельсий 1742 ж. жүз градустық термометр межесінде Ренальдини 

ұсынған температуралық межеге 

қарама-қарсы меже ұсынған болатын. Кейін 

бұл меже 



Ренальдинидің ұсынысына сәйкес қайта өзгертілген.

РЕнтГЕн Вильгельм Конрад (1845 – 1923) – неміс физигі. 1885 ж. электр 

өрісінде  қозғалатын  диэлектриктің  магнит  өрісін  (рентгендік  ток  деп  аталған) 



      Г.планте                   У.плюккер               Е.пневский            дж.пойтинг


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау