Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет10/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   265

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

31

ГУК Роберт (1635 – 1703) – ағылшын физигі. 1665 ж. Х. Гюйгенспен бірге 

термометрдің  тұрақты  нүктелері  ретінде 

мұздың  еру  және  судың  қайнау 

нүктелерін  белгілеген  және  жылуды  бөлшектердің  қозғалысы  ретінде  болжам 

жасаған. 1660 ж. қатты денелерге арналған серпінділік теориясын ашқан.

ГЮИ  Луи  (1854  –  1926)  –  француз  физигі.  1888  ж.  броун  қозғалысының 

жылулық табиғаты болатынын дәлелдеген.



ГЮЙГЕнС Христиан (1629 – 1695) – голланд физигі. 1656 ж. төмен түсетін 

жүк орнатылған ең алғашқы сағатты жасаған. 1678 ж. жарықтың толқындық 

теориясын  тұжырымдаған.  Жарықтың  таралу  тетігін  түсіндірген  принципті 

(Гюйгенс  принципін)  ұсынған. 



1678  ж.  жарықтың  полярлануын  ашқан.  

1667 ж. 


судың қатаю кезінде көлемін ұлғайтатынын байқаған. 1655 ж. Сатурн 

ғаламшарының сақинасын және бір серігі – Титанды ашқан.

дАЛЬтон Джон (1766 – 1844) – ағылшын химигі әрі физик. 1801 ж. қаныққан 

және аса қызған булардың айырмашылығын алғаш рет көрсеткен. Газдардың 

үлестік (парциалдық) қысымын ашқан (1801).

дАнИЕЛЬ Джон Фредерик (1790 – 1845) – ағылшын ғалымы әрі өнертап- 

қышы.  1818  ж. 



гигрометрді  ойлап  тапқан.  1830  ж.  су  барометрін  жасаған.  

1836  ж. 



мыс  пен  мырыштан  құралған  химиялық  ток  көзін  (даниель 

элементін) ойлап тапқан. Бұл ең алғашқы тұрақты ток көзі болды.

дЕБАЙ Петер (1884 – 1966) – голланд физигі. 1916 ж. А. Земмерфельдпен 

бірге Зееман эффектісін түсіндіру үшін кванттау шартын қолданған, магниттік 

кванттық  санды  енгізген.  1923  ж. 

Комптон  эффектісін  түсіндірген.  1932  ж. 

ультрадыбыстағы жарық дифракциясын ашқан.

дЕЗАГЮЛЬЕ Жан Теофил (1683 – 1744) – ағылшын жаратылыстанушысы. 

1742  ж. 



электр  өткізгіш  және  өткізгіш  емес  деген  ұғымдарды  енгізген  және 

«өткізгіш» деген ғылыми атауды енгізген. 



планетарийді ойлап тапқан.

       И.Гитторф                д.Глезер               э.Гольдштейн             дж.дальтон


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

32

дЕКАРд  Рене  (1596  –  1650)  –  француз  философы,  физик  әрі  математик. 



Қозғалыс «күші» (қозғалыс мөлшері) деген ұғымды енгізген. 1644 ж. инерция 

заңын тұжырымдаған. 1637 ж. «Диоптрика» деген ғылыми еңбегінде жарықтың 

таралуы,  шағылысуы  және  сынуы,  кемпірқосақ  туралы  т.б.  мәселелер 

қарастырылған.



дЕЛЮК  Жан  Андре  (1727  –  1817)  –  швейцар  физигі.  1754  –  55  жылдары 

мұздық  еруі  кезінде  температураның  өзгермейтінін  және  мұздың  суға  ауысуы 

үшін  қосымша  жылудың  қажет  болатынын  байқаған.  Судың  жылулық  ұлғаюы 

кезіндегі аномалияны – 



максимал тығыздықты қатаю кезінде емес, +4

0

C тем-



пературада ие болатынын анықтаған (1772 ж.).

дЕМпСтЕР Артур Джеффи (1886 – 1950) – канада физигі. 1918 ж. ең алғашқы 

масс-спектрметрді жасаған. 

дЕннИСон  Дэвид  Маттиас  (1900  –  1976)  –  американ  физигі.  1927  ж. 

протонның спині болатынын және оның 1/2 h-қа тең екендігін постулаттаған 

(пікір айтқан).



дЕпРЕ Марсель (1843 – 1918) – француз физигі әрі инженер. 1880 ж. Д. А. 

Лачинковқа қатыссыз 



алыс қашықтыққа электр энергиясын шығынсыз та-

рату үшін кернеуді арттыру туралы идеяны негіздеген.

дЖЕРМЕР  Лестер  Халберд  (1896  –  1971)  –  американ  физигі.  1927  ж.  К. 

Девиссонмен  бірлесіп  (Дж.  П.  Томсонға  қатыссыз)  никель  монокристалынан 



электрондардың дифракциясын байқаған.

дЖоСЕФСон  Брайан  Дэйвил  (1940  ж.т.)  –  ағылшын  физигі.  1962  ж. 

туннельдеудің  жаңа  түрі  – 



джозефсондық  туннельдеуді  және  онымен  бай-

ланысты  бірқатар  эффектілерді  (тұрақты  және  тұрақсыз,  т.б.)  ашқан.  Нобель 

сыйлығының иегері (1973 ж.). 

дЖоУЛЬ  Джеймс  Прескотт  (1818  –  1889)  –  ағылшын  физигі.  1841  ж. 

өткізгіштен ток өтіп тұрған кезде одан бөлінетін 



жылу мөлшері токтың шама-

        п.дебай                 А.демпстер               д.деннисон               Л.джермер


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

33

сына және өткізгіштің кедергісіне тәуелді болатынын ашқан (Джоуль-Ленц 

заңы). 1843 ж. 

жылуды механикалық жұмыс есебінен де алуға болатынын 

тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Идеал газдың ішкі энергиясының оның көлеміне 

тәуелсіз  болатынын  анықтаған.  1853  –  54  жылдары  У.Томсонмен  бірлесіп, 

газдың  кеуекті  аралықтан  адиабатты  өтуі  кезінде  әлгі 



газдың  салқындау 

құбылысын ашқан (Джоуль-Томсон эффектісі). 1840 ж. ферромагнетиктердің 



магниттік қанығуын, 1842 ж. магнитстрикцияны ашқан.

дИРАК Поль Адриен Морис (1902 – 1984) – ағылшын физигі. 1927 ж. электр- 

магнттік өріске кванттық теория принциптерін қолданып, кванттық өрістің алғашқы 

моделін  жасаған.  Осылай  кванттық  электрдинамиканың  бастамасын  тұжырым- 

даған. 1927 ж. кванттық электрониканың негізіне жатқызылатын еріксіз шығарылған 

және  алғашқы  реттік  кванттардың  тепе-теңдігін  алдын  ала  болжаған.  1928  ж. 

электронның релятивтік қозғалыс теориясын тұжырымдаған. Дирак теориясынан 

электронның теріс энергия мәніне ие бола алатындығы туралы қорытынды шыққан. 

Сол себепті оң зарядталған электронның немесе позитронның болуы болжанған. Осы 

оң зарядты электрон, яғни позитрон 1932 ж. ашылған. 1930 ж. 



кемтіктер теориясын, 

1931 ж. антибөлшектердің болатынын, электрон-позитрон жұбының аннигиляция-

лануын алдын ала болжаған. 1931 ж. қарапайым 

магнит зарядының (Дирак моно-

полы), 1933 ж. 



антизаттың болуы туралы болжал ұсынған. 1933 ж. вакуумның 

полярлануы эффектісін постулаттаған. Нобель сыйлығының иегері (1933 ж.).



дУэн  Уильям  (1872  –  1935)  –  американ  физигі.  Рентген  сәулесін  қатерлі 

ісікті емдеу үшін қолданған.

дэВИ Гемфи (1778 – 1829) – ағылшын химигі әрі физигі. 1821 ж. өткізгіш 

кедергісінің  оның  ұзындығы  мен  көлденең  қимасына  тәуелділігін  ашқан. 

1799 ж. 


екі мұз кесегін үйкелеу арқылы жылу шығарған.

дэВИССон Клинтон Джозеф (1881 – 1958) – американ физигі. 1927 ж. ни-

кель  кристалынан 



электронның  дифракциясын  байқаған.  Осы  жаңалық  де 

     Б.джозефсон              К.дэвиссон            п.дюлонг                  п.Зееман


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау