Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет11/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   265

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

34

Бройльдің 



материяның толқындық қасиетін тәжірибе жүзінде анықтауы бол-

ды. Нобель сыйлығының иегері (1937 ж.).



дЮАМЕЛЬ Жан Мари Констант (1797 – 1872) – француз физигі әрі мате-

матик. 1845 ж. жарық көрген «Механика курсы» деген еңбегінде 



дененің мас-

сасын оған түсірілген күштің дене алған үдеуге қатынасы ретінде, яғни m = F/а 

(мұндағы m – дене массасы, F – күш, а – үдеу) түрінде анықтаған.



дЮГЕМ Пьер (1861 – 1916) – француз физигі. 1886 ж. термодинамикалық 

потенциал ұғымын енгізген.

дЮФЕ Шарль Франсуа (1698 – 1739) – француз физигі. 1733 ж. электрдің 

екі  тегі: 



«әйнектік»  және  «шайырлық»  (смолалық)  болатынын  анықтаған. 

«Әйнектік» электр әйнекте, тау хрусталында, қымбат тастарда, шашта, жүнде, 

қағазда; «шайырлық» электр янтарьда, жібекте, қағазда, т.б. пайда болады. 1735 

ж. алғаш рет 



найзағай мен аспанның күркіреуінің электрлік табиғаты бар екені 

туралы идея айтқан. 



дЮФоР Луи (1832 – 1892) – швейцар физигі. 1872 ж. газдардың кеуек ара-

лықтан 


диффузиялануы  кезінде  температураның  өзгеру  эффектісін  ашқан. 

Дюфор эффектісі – термодиффузияға кері құбылыс. 



ЖАМЕн Жюль Селестен (1818 – 1886) – француз физигі. 1847 ж. жарықтың 

металдан,  1857  ж.  мөлдір  денелерден  шағылысуларын  зерттеген.  1856  ж. 



интерференциялық рефрактметрді (интерферометрді) жасаған. 

ЖоЛИо-КЮРИ  Ирен  (1897  –  1956)  –  француз  физигі  әрі  радиохимик.  

1934 ж. Фредерик Жолио-Кюримен бірге жасанды раидоактивтілік құбылысын 

және 

позитрондық радиоактивтілікті ашқан. 

ЗЕЕБЕК Томас Иоганн (1770 – 1831) – неміс физигі. 1821 ж. термоэлектрді 

(мыс-висмут  жұпты) 



терможұп  жасап,  оны  температураны  өлшеу  үшін 

пайдаланған. Магнит өрісінің күш сызықтарының пішінін анықтау үшін ең алғаш 

рет 

темір ұнтақтарын пайдаланған. 1813 ж. турмалиннің полярландырғыштық 

қасиетін ашқан. 



ЗЕЕМАн Питер (1865 – 1943) – нидерланд физигі. 1896 ж. магнит өрісінің 

ықпалынан 



спектрлік  сызықтардың  бөлшектену  құбылысын  ашқан  (Зееман 

эффектісі).  1917  ж. 



инерттік  және  гравитациялық  массалардың  теңдігін 

тәжірибе  жүзінде  дәлелдеген.  Меншікті  электр  зарядын  анықтаған.  Нобель 

сыйлығының иегері (1902 ж.).

ИЗИнГ Густав Адольф (1883 – 1960) – швед физигі әрі геофизик. 1925 ж. 

сызықтық резонанстық үдеткішті және оның негізгі екі тәсілін – шағын потен-

циалдар айырымын көп рет қайталап пайдалануды және бөлшектердің, үдетуші 

өрістің бір орында синхронды пайда болуын ұсынған. 




ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

35

КАЛЛАн  Николас  (1799  –  1864)  –  ирланд  физигі.  1836  ж.  индукциялық 



катушканы  ойлап  тапқан  (Ч.Пейджа  мен  Г.Румкорфтан  бұрын)  және  1838  ж. 

өздігінен қозу принципін ашқан (Э.Сименс пен Ч.Уитсоннан бұрын).



КАЛЬМАн  Хартмут  Пауль  (1896  –  1978)  –  неміс  физигі.  1947  ж. 

сцинтилляциялық есептеуішті ойлап тапқан.

КАМЕРЛИнГ-оннЕС  Гейке  (1853  –  1926)  –  нидерланд  физигі.  1906  ж. 

сұйық  сутек  шығарып  алған.  Алғашқы  болып  абсолюттік  нөлге  жуық  тем-

пература шығарған. 1908 ж. алғаш рет 



сұйық гелий шығарған және оның тем- 

пературасын  өлшеген.  1911  ж. 



гелийдің  кризистік  температурасын  өлшеген 

(Т

k

=5,20  K,  p



k

=2,26  ат).  1909  ж.  1,04  К  температура  шығарған. 



1911  ж.  

сынаптың,  қалайының,  қорғасынның,  талийдің  асқынөткізгіштігін  аш- 

қан.  1913  ж.  күшті  магнит  өрісінің  ықпалымен  асқынөткізгіштіктің 

бұзылатынын  анықтаған.  1924  ж. 



сақинада  өшпейтін  ток  тудыру  мүмкінді- 

гін ашқан, әлгі сақина екі әрқилы асқынөткізгіштерден құралған әрі бір-бірімен 

жанасатын болды. Нобель сыйлығының иегері (1913 ж.).



КАнтон Джон (1718 – 1772) – ағылшын физигі. 1759 ж. турмалиннің сал- 

қындатылған  кезде  электрленетінін  байқаған.  1762  ж.  турмалиннің  қыздырыл- 

ған  кезінде  пайда  болатын  электр  зарядтарының  шамалары  бірдей,  таңбалары 

қарама-қарсы болатынын анықтаған. 1762 ж. судың сығылатынын дәлелдеген.



КАпАнИ Нариндер (1926 ж.т.) – американ физигі. 1956 ж. «талшықтық оп-

тика» ғылыми атауын ұсынған. Әйнек қабықшалы әйнек талшықты жасаған.

КАСтЛЕР  Альфред  (1902  –  1984)  –  француз  физигі.  1952  ж.  атомдардың 

қоздырылған күйлерін 



оптикалық резонанс әдісімен зерттеген. Осы зерттеулер 

негізінде 



жүйелерді  оптикалық  толтыруды  жүзеге  асырған.  Оның  зерттеу- 

лері  лазерлер  мен  лазерлерді  жасаудың  негізіне  алынды.  Нобель  сыйлығының 

иегері (1966 ж.).

       Х.Кальман               А.Кастлер                 В.Кеезом                     д.Керст



ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

36

КАтАЛАн Мигель (1894 – 1957) – испан физигі. 1922 ж. спектрлік мулти-



плет ұғымын енгізген.

КАУФМАн Вальтер (1871 – 1947) – неміс физигі. 1902 ж. алғаш болып тәжірибе 

жүзінде 


электрон массасының жылдамдыққа тәуелділігін дәлелдеген.

КЕЕЗоМ Виллем Хендик (1876 – 1956) – нидерланд физигі. Гелийдің қай- 

нау  температурасын  анықтаған.  1926  ж.  қатты  күйдегі  гелийді  шығарған. 

1928  ж.  М.Вольфкемен  бірлесіп,  2,19  К  температура  кезінде  сұйық  гелийдің 

ІІ текті фазалық ауысуын ашқан. Осы жайт 

сұйық гелийдің екі күйі болаты-

нын  анықтаған:  гелийдің  ауысу  температурасынан  жоғары  температурадағы 

күйі – гелий І, ал ауысу нүктесінен төменгі температурадағы күйі – гелий ІІ деп 

аталған.

КЕндАЛЛ Генри (1926 – 1999) – американ физигі. Қарапайым бөлшектердің 

кварктік құрылымын зерттеген. Нобель сыйлығының иегері (1990 ж.).

КЕРР Джон (1824 – 1907) – шотланд физигі. 1875 ж. электр өрісіне орналас- 

тырылған изотропты заттағы қосарланған сәуленің сыну құбылысын ашқан 

(Керр эффектісі), электр өрісінің ықпалымен сұйық диэлектриктерде оптикалық 

анизотропияның пайда болатынын байқаған, осы жайт оптикалық және электр 

құбылыстары аралығында байланыс бар екенін тікелей көрсеткен. Керр эффекті- 

сі кең қолданыс тапқан, дербес жағдайда – жапқыш (Керр ұяшығы). 

КЕРСт Дональд Вильям (1911 – 1993) – американ физигі. 1940 ж. бетатрон-

ды ойлап тапқан. 1956 ж. зарядталған бөлшектерді үдету үшін қарама-қарсы 

соқтығысушы шоқтар идеясын ұсынған.

КИРХГоФ Густав Роберт (1824 – 1887) – неміс физигі. 1845 – 47 жылдары 

тарамдалған электр тізбектеріндегі электр тогының өту заңдылықтарын ашқан. 

1857  ж.  өткізгіштердегі  ток  қозғалыстарының  жалпы  теориясын  тұжырымда- 

ған. Р.Бунзенмен бірлесіп, 1860 ж. цезий, 1861 ж. рубидий элементтерін ашқан. 



     А.Комптон              У.Крукс                      п.н.Лебедев               И.Ленгмюр


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау