Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет40/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   265

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



106

107


(астероидтар) қозғалысының теориясы. 3) Кометалар қозғалысының теориясын 

жасау. 4) Планеталардың табиғи серіктерінің қозғалысы тура мәселе. 5) Үш дене 

мәселесі  –  Күн  жүйесіндегі  Жер  –  Ай  жүйесіндегі  ғарыштық  аппараттардың 

қозғалысы. 6) Ай қозғалысының теориясы. 7) Күн жүйесінің орнықтылығының 

мәселесі.  8)  Аспан  механикасының  резонанстық  мәселелері.  9)  Табиғи  аспан 

денелерінің айналмалы қозғалысының мәселері т.б. 



АСПАННЫҢ ТҮСІ, аспанның көгілдір түсі – күн сәулесінің атмосфера 

арқылы өтуі кезінде ауа молекулаларынан шашыратылуы нәтижесінде көгілдір 

түсті болып байқалуы. Қосымша Атмосфералық оптика мақаласын қараңыз.

АСТРОНОМИЯЛЫҚ  БІРЛІК  (а.б.)  –  Жерден  Күнге  дейінгі  орташа 

қашықтыққа  тең  ұзындық.  1  а.б.  =  1,49597870·10

11

  метр  =  149597870·10



8

  км 


ұзындықтың жүйеден тыс бірлігі. 

АСТРОФИЗИКА  (грекше  «астер  –  жұлдыз»  +  «физис  –  табиғат»)  – 

астрономияның аспан денелерінің физикалық қасиеттерін және оларда өтетін 

әрі ғарыштық кеңістіктегі үрдістерді зерттейтін саласы. Астрофизиканың негізгі 

бөлімдері: планеталардың және олардың серіктерінің физикасы, Күн физика-

сы, жұлдыздар атмосферасының физикасы, жұлдызаралық ортаның физикасы, 

жұлдыздардың ішкі құрылымының және олардың эволюциясының теориясы бо-

лып табылады. Жер жағдайында ашылған физикалық заңдар мен зерттеу әдістерін 

астрономияда пайдалану спектрлік талдаудан (анализден) басталды. Сәулелердің 

спектрлік талдау шалғайдағы ғарыштық нысандардың тығыздығын, температу-

расын, химиялық құрамын, сипаттамасын және ішкі қозғалыстарын және тіптен 

олардағы электр және магнит өрістерінің болатындығын анықтауға мүмкіндік 

ашты.


Осы жетістіктерге қарамастан классикалық астрофизиканың мүмкіндігі шектеулі 

болды.  Оптикалық  диапазондағы  сәуле  Жерге  келіп  жететін  электрмагниттік 

сәуленің өте аз бөлігін ғана құрайды. ХХ ғасырдың орта шеніне дейін осы зерт-

теулер басымдылық көрсетіп келді. Радиоастрономияның қарқынды дамытылуы, 

термоядролық талдау туралы түсінікті қалыптастырды. Бұған дейінгі кезеңде 

сәулелік талдау кезінде жұлдыздар энергиясының көзі термоядролық реакция 

екені анықталған болатын.

Радиосәулелердің спектрлерін зерттеулер ғарыштық мазерлерді – жұлдызаралық 

газ  молекулаларының  күшті 

когерентті  радиосәулелерін  ашты.  Ғаламнан 

электрондардың  үдетілуіне  байланысты  өте  жоғары,  ультрарелятивті  энергия 

анықталды. Осы электрондардың синхротрондық сәулесі радиодиапазондардан 

байқалды. Бөлшектердің үдетілу үрдісі жұлдыздардың асажаңа жұлдыздардың 




А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



108

109


жарылысына (қопарылысына) байланысты туындайды. Осыған ұқсас үрдістер 

өтеауыр галактикалардың ядроларында өтеді. Жұлдыздардағы энергияны тасы-

малдауда және жұлдыздық жарылыстар мен гравитациялық қирауда (коллапста) 

нейтриноның маңызы үлкен екені белгілі болады. Жалпы салыстырмалық тео-



рияны есепке алу қажет болды (әсіресе нейтрондық жұлдыздар мен қара апандар 

үшін). 


1967  ж.  импульстік  радиосәуле  – 

пульсарлар  ашылды.  Пульсарлардың 

импульстар  аралығының  өте  жоғары  тұрақтылығы  әртүрлі  жиіліктердегі 

радиоимпульстердің  кешігіп  келу  эффектілерін  зерттеуге  мүмкіндік  ашты. 

Ғарыштық  рентген  сәулелердің  табиғатын  зерттеу  кезіндегі  нейтрондық 

жұлдыздардың маңызы белгілі болды. Рентген сәулелерінің импульстік көздері – 

рентгендік 



барстерлер ашылды. Барстерлер осы кездегі түсінік бойынша аралары 

өте жақын қосарланған нейтрондық жұлдыздардағы заттардың құлап түсуінің 

(аккрециясының) себебі болып табылды.

Жұлдыздардың магнит өрісіндегі және жұлдызаралық ортадағы ғарыштық 



плазманың тәртібі ХХ ғасырдың ортасында тез дамытылған электрдинамиканың 

зерттеу  пәніне  айналды.  Плазмадағы  электрмагниттік  үрдістер  Күн  тәжінің 

құрылымын протуберанцтердің пішінін, Күннің активтілігінің циклдігін тек Күн 

үшін ғана емес, Күн жүйесіндегі ең қуатты тұрақсыз үрдістер – Күндегі оталу үшін 

де анықталды. Осы оталулар әзірше Ғаламдағы ғарыштық сәуленің тууын тікелей 

зерттеуге арналған жалғыз үрдіс болып табылады.

Осы  замандағы  астрофизиканың  бөлімдеріне:  жоғары  энергиялар  және 

ғарыштық  сәулелер,  ядролық  және  нейтрондық,  релятивтік  және  кванттық 

релятивтік астрофизика жатқызылған.

АТ КҮШІ (а.к., немісше – PS, французша – CV, ағылшынша – HP) – қуаттың 

жүйеден тыс, ескірген бірлігі: 1 а.к. = 75 кг күш. м/сек = 735,5 Вт, 1 НР = 550 фут· 

фунт/сек = 746 Вт.

Қуаттың  бұл  бірлігін  ғылымға  алғаш  рет  енгізген  шотланд  өнертапқышы 

Джеймс 

Уатт (1736 – 1819) болды. 

АТМОСФЕРА (атм. Atm)– қысымның жүйеден тыс бірлігі. 1) Ф и з и к а- 

л ы қ атмосфера (атм) – қалыпты атмосфералық қысымға тең қысым бірлігі: 

1 атм = 101 325 Па. 2) Т е х н и к а л ы қ атмосфера (aт, at). 1 aт = 1 кг күш/см

2

.  



1 атм = 1,0332 ат = 760 мм сынап бағаны = 10 332 мм су бағаны.

АТМОСФЕРА (грекше «атмос – бу» + «сфера – шар»), Ж е р  а т м о с ф е- 

р а с ы – Жердің айналасындағы газды орта, ол Жермен бірге айналады. Атмосфера 

массасы жуық шамамен 5·15

15

 тонна. Жер бетіне жақын аймақтағы атмосфераның 




жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау