қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
584
585
ҚАРМАУ, ф и з и к а д а – қарапайым бөлшекті ұстау, жұту мағынасында
қолданылатын ұғым.
К-қармау – атом ядросының өзіне жақын орбитадан – К-қабықшадан электрон-
ды ұстап қалуы.
Радиациялық қармау – атом ядросының нейтрон жұтуы, осының нәтижесінде
пайда болған ядро гамма-квант немесе ішкі конверсия электрондарын шығару
арқылы
қозған күйден негізгі күйге ауысуы.
Электрондық қармау – атом ядросының электрондық қабықшадан өзіне жақын
орналасқан қабықшаның біреуінен
электрон жұтуымен бір мезгілде нейтрино
шығаруы (таратуы).
ҚАТАЮ – заттың сұйық күйден кристалдық (қатты) күйге
фазалық ауысуы;
кристалдану дегенмен бірдей ұғым.
ҚАТТЫ ГЕЛИЙ – тек жеткілікті жоғары температура кезінде ғана болатын
кристалл күйіндегі гелий.
4
Не-тің үш тұрақты: 25 атм қысымнан (2,5 МПа) қысым
кезінде гексагоналды тығыз топтастырылған;
4
Не-тің күйлер диаграммасының
жіңішке (тар) аймағында 1,46–1,77 температура аралығында балқу қисығына
қосылған кубтық көлемдік орталықтандырылған, Т>14,9 К температура және
қысымдары >105 МПа (1050 атм) кезіндегі кубтық жағы ортақтандырылған
кристалдық түр өзгерісі (модификациясы) белгілі. Қатты гелийге аз тығыздық
(0,19 г/см
3
) және жоғары сығылғыштық (3,5·10
-8
Па
-1
) тән. Қатты гелийдің
механикалық қасиеттері зерттелген кезде
пластикадағы жоғары, деформациялық
ығысуы кезіндегі аққыштықтың шегі 10
3
Па болған. Қатты гелийдің оптикалық
қасиеттері бойынша, сұйық гелийдің қасиеттеріндей. Қатты гелий –
диэлектрик,
электрлік беріктілігі 10
7
В/см. Қатты гелийдің ерекшелігіне Дебай температура-
сы мәнінің салыстырмалы төмендігін (
θ
В
=25 К) және салыстырмалы түрде жы-
лулық тербелістерінің ангармонизмін жатқызуға болады. Осыларға қоса қатты
гелийде сұйық гелийдегідей қоспалар іс жүзінде ерітілмейді, тек
3
Не-дің жеңіл
изотопы ғана бұған қосылмайды.
3
Не-тің де кристалдық үш түр өзгерісі бар.
Физикалық қасиеттері қатты
ң
Не-дікіне ұқсас.
ң
Не-ден айырмашылығы
3
Не
ядросының спині
І=1/2.
Т<1 мК кезінде қатты
3
Не – антиферромагентик.
ҚАТТЫ ДЕНЕ – заттардың тепе-теңдік қалпының айналасында (төңірегінде)
сәл ғана тербеліс жасайтын тұрақты пішінімен және атомдарының өздеріне
тән жылулық қозғалыстарымен сипатталатын агрегаттық күйі. Қатты денелер
кристалдық және аморфты денелер деп екіге ажыратылған. Кристалдардың
атомдары тепе-теңдік қалпында кеңістіктік периодтылықпен орналасуымен сипат-
талады.
Аморфты денелерде атомдар ретсіз (хаос) орналасқан нүктелер
қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
584
585
төңірегінде тербеледі. Қатты денелердің тұрақты күйі (ішкі минимум энергиялы)
кристалдық күй болып табылады. Аморфты дене термодинамикалық көзқарас
бойынша
метатұрақты күйде болады және уақыттың өтуіне байланысты
кристалдануға тиісті. Табиғаттағы барлық денелер (сұйық гелийден өзгелер)
атмосфералық қысым кезінде және Т>0 К температурада қатаятын болады.
Қатты денелердің қасиеттерін зерттеу қ ат т ы д е н е л е р ф и з и к а с ы н а
біріккен, мұның дамытылуы техниканың мұқтаждығынан туындаған. Қатты
денелер физикасы – жаңа материалдардың, жаңа физикалық идеялардың қайнар
көзі. Қатты денелер ядролық физикаға, астрономиялық физикаға және басқа да
ғылыми салаларға енуде. Қатты денелердің қасиеттерін оның атомдық-молекулалық
құрылымымен және оның атомдық (атомдары, иондары, молекулалары), сонымен
қатар субатомдық бөлшектердің (электрондардың, атом ядроларының) қозғалыс
заңдарымен түсіндіруге болады. Қатты денелердің (металдардың, минералдардың)
макроскопиялық қасиеттері туралы мәліметтердің жинақталуы және жүйеленуі
ХVІІ ғасырдан басталған. Қатты денелерге механикалық күштердің, жарықтың,
электр және магнит өрістерінің, т.б. әсерлерін сипаттайтын бірқатар эмпирикалық
заңдар тұжырымдалған. 1660 жылы Гу к з а ң ы , 1819 жылы Д юл о н г ж ә н е
Пти заңы, 1826 жылы Ом заңы, 1853 жылы Вид еман – Франц заңы,
т.б. ашылған. ХІХ ғасырдың 1-жартысында
серпімділік теориясының негізгі жү-
йесі, қатты денелердің
тұтас орта ретіндегі түсінігі қалыптасқан.
Кристалдың кеңістікте реттеліп орналасқан және тепе-теңдік қалпында
өзараәсерлесу күштерімен ұсталып тұратын атомдардың жиынтығы
ретіндегі түсінікті 1848 жылы француз физигі Огюст
Браве (1811–1863) біржолата
тұжырымдағанымен бұл идеяның дамуы 1687 жылы Исаак
Ньютонның (1643–
1727) шыққан еңбегінен бастау алған. Ол еңбекте дыбыстың жылдамдығы серпімді
байланысқан бөлшектердің тізбегі ретінде сөз болған. 1727 жылы швейцар
математигі әрі физигі Даниил
Бернулли (1700 – 1782) және 1830 жылы француз
математигі Огюстен
Коши (1789 – 1857), т.б. қатты денелер туралы зерттеулерді
жалғастырған. 1890 – 1891 жылдары орыс минералогы Евграф
Федоров (1853 –
1919) кристалдардың 230 кеңістіктік симметриялы тобы болатынын дәлелдеген.
1912 жылы неміс физигі Макс фон
Лауэ (1879–1960) рентген сәулесінің
кристалдардағы дифракциясын ашқан, бұл жайт қатты денелердің реттел-
ген дискретті құрылымды екенін біржолата растаған. 1927 жылы американ
физиктері Клинтон
Дэвиссон (1881–1958) мен Лестер
Джермер (1896–1971)
электрондардың кристалдағы дифракциясын бақылаған. Одан кейінгі ке-
зеңде
нейтрондардың кристалдағы дифракциясы белгілі болған.