к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
564
МС
КЮРИ (Ки, Си) – радиоактивті көздегі (изотоп активтілігінің) нуклидтің
активтілігінің жүйеден тыс бірлігі. 1 Ки – 1 сек уақытта изотоптың 3,700·10
10
актісі (ыдырауы) болатын активтілігі. 1 Ки = 3,700·10
10
Бк (беккерель). Француз
физиктері Пьер
Кюри (1859 – 1906) мен Мария
Склодовская-Кюридің (1867 –
1934) құрметіне аталған.
КЮРИ ЗАҢЫ – кейбір
парамагнетиктердің меншікті
магниттік
алғырлығының (
) температуралық тәуелділігі, = С/Т түрінде өрнектеледі,
мұндағы Т – абсолюттік температура, С – кюри константасы. Бұл заңды 1895
жылы француз физигі Пьер
Кюри (1859 – 1906) тұжырымдаған. Кюри заңына
кейбір газдар (оттек, азот тотығы), сілтілі металдардың буы, сирек кездесетін
элементтердің парамагниттік тұздар ерітінділері мен кристалдық күйдегі кейбір
парамагниттік тұздар бағынады. Кюри заңының классикалық теориясы бірімен-
бірі әлсіз әсерлесетін магниттік диполдік моменті болатын атомдар, молекулалар
не иондар жүйесін статистикалық тұрғыдан қарауға негізделген. Ал төменгі тем-
пература мен күшті магнит өрісіндегі заттарға Кюри заңында орын жоқ.
КЮРИ НҮКТЕСІ, Кюри температурасы, (θ немесе Т
с
) – фазалық ауысу
нүктесіне жақындағанда және осы нүктеде сапалы жаңа қасиетке ие болатын
заттардың үздіксіз өзгерісімен сипатталатын ІІ текті фазалық ауысу температу-
расы. Ферромагнетиктердегі осы ауысуды егжей-тегжейлі зерттеген француз
физигі Пьер
Кюридің (1859 – 1906) есімімен аталған.
Кюри нүктесінен төменгі (Т) температура кезінде ферромагнетиктер (Т
с
)
температурасында өздігінен магниттелушілікке (Ј
S
) және белгілі бір магниттік-
кристалдық симметрияға ие болады. Ферромагнетиктер қыздырылған және
Кюри нүктесіне жақындаған кезде атомдардың жылулық қозғалысы күшейеді
де бұрынғы магниттік реттілікті – атомдардың магниттік моменттерінің бірдей
бағытталуын «әлсіретеді». Магниттік реттіліктің өзгерісін мөлшерлік сипаттау үшін
р е т т і л і к п а р а м е т р і η енгізілген, бұл үшін ферромагнетиктер жағдайында
олардың магниттелушілігін қабылдауға болады. Т→Т
с
кезде реттілік параметр η→0,
ал Кюри нүктесінде ферромагнетиктердің өзіндік магниттелушілігі жойылады (η=0),
ферромагнетиктер парамагнетиктерге айналады. Антиферромагнетиктерде Т=Т
с
кезде (антиферромагнетиктік Кюри нүктесінде немесе Неель нүктесінде) оларға тән
атомдық магниттік құрылым (магниттік кіші торлар) қирайтын болады және анти-
ферромагнетиктер де парамагнетиктерге айналады. Т=Т
с
кезде атомдардың жылулық
қозғалысы сегнетэлектриктерде кристалдық торлардың қарапайым ұяшықтарының
электрлік диполдерінің реттілікті бағдарларын нөлге теңестіреді. Кюри нүктесінің
маңайында затта Т→Т
с
кезінде максимумға жететін көптеген физикалық қасиеттері
(мысалы, жылу сыйымдылығы, магниттік алғырлығы) арнайы өзгерістерге ұшырайды.
566
567
ҚАБАТ – бір дененің тұтас болмай, өзі секілді немесе өзгедей бөліктердің
арасында немесе асты-үстінде орналасқан құрама бөлігі.
Бейтарап қабат – үлгіні ию кезінде өзінің ұзындығын өзгертпейтін талшық
қабаты.
Жабатын қабат – негізгі заряд тасушымен кедейленген металмен немесе өзге
типті жартылайөткізгіштіктің шекарасының маңындағы өткізгіштегі аймақ.
Қосарланған электрлік қабат – жанасатын екі фазаның шекарасының ұзын
бойына таралған қарама-қарсы таңбалы электр зарядтарының жиынтығы.
Мономолекулалық қабат – заттың бөліну фазаларының шекарасындағы
қалыңдығы бір молекула шамасында болатын қабаты.
Шекаралық қабат – сүйір денелердің бетінде пайда болатын жылдамдығы,
температурасы немесе химиялық құрамы әрқилы екі ағынның ажырау арнасының
қабырғалары немесе шекараларындағы тұтқыр сұйықтың немесе тұтқыр газдың
жұқа қабатты ағу аймағы.
ҚАБЫҚША,
қабық – механикада, арақашықтығы өзге өлшемдерімен
салыстырғанда кіші (аз) болатын екі қисық сызықты бетпен шектелген деформа-
цияланатын қатты дене. Қабықшаның қалыңдығын теңдей екіге ажырататын бет
– осы
беттің ортасы деп аталған; қабықша беттің сырт көрінісіне тәуелді бірнеше
пішінге ажыратылған. Қабықша беттің толық қисықтығы бойынша – гаусстық
қисықтық деп аталатын: оң – сфералық, эллипсоидтық; нөлдік – цилиндрлік,
конустық; теріс – гиперболалық, параболоидтық беттерге топталған. Қабықша
тұрақты және айнымалы (өзгермелі) қалыңдықты, сондай-ақ бір, екі және көп
қабатты қабықшалар бола алады.
«
ҚАБЫҚША» ұғымы физикада шартты түрде мынадай мағыналарда пай-
даланылады: (Физикалық қабықша құрылыс ісінде қолданылатын қабықтарға
ұқсамайды):
Адиабаттық қабықша – қарастырылып отырған жүйе мен сыртқы орта ара-
сында жылу алмасуға жол бермейтін қабықша.
Электрондық қабықша – 1) Атомның немесе молекуланың құрамына енген