Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет156/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   265

Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



384

385


бойынша жүйелеу. Бұл жүйені орыс химигі Дмитрий

 Менделеев (1834 – 1907) 

ұсынған.


ЖҮЙЕДЕН  ТЫС  БІРЛІКТЕР  –  физикалық  шамалардың  қолданыстағы 

бірліктер жүйесінің ешқайсысына енбейтін бірліктер. Жүйеден тыс бірліктерді 

тәуелсіз  (өзге  бірліктер  арқылы  анықталмайтын,  мысалы,  Цельсий  градусы, 

бел,  т.б.)  және  ерікті  таңдалған,  бірақ  өзге  бірліктердің  кейбір  сандарымен 

өрнектелетін бірліктерге (мысалы, атмосфераат күші, жарық жылы, парсек

ажыратылған.



ЖҮКТЕМЕ, э л е к т р л і к  – 1) электр тізбектеріндегі кез келген қабылдағыш 

(тұтынушы);  2)  электр  энергиясы  көзінің  іс  жүзінде  беретін  қуаты  мен  оған 

сәйкес болатын токтың қосындысы. Айнымалы ток тізбектерінде а к т и в т і және  

р е а к т и в т і жүктемелер болады. 



Активті жүктеме тізбекте шығындалатын 

(механикалық жұмысқа, жылуға, т.б.) энергияны сипаттайды және оны Вт (Ватт) 

арқылы өрнектейді. 

Реактивті жүктеме (индуктивті немесе сыйымдылықты) 

энергия көзі мен қабылдағыштың арасындағы энергия алмасуды сипаттайды. 

Тізбекте сыйымдылық пен индуктивтілік болатын жағдайда бұл жүктеме вармен 

(ағылшынша  «Вольт-Ампер  реактив»  деген  атаудың  қысқартылуынан  пайда 

болған) өлшенеді. 1 В – тізбектегі кернеу 1 Вольт, ток күші 1 Ампер болған кездегі 

реактивтік қуат бірлігі. Жүктеменің сыйымдылықтық реактивті құраушысы басым 

болса, жүктемедегі ток фаза бойынша түсірілген (әсер етуші) кернеуден озады 

(фазаның ығысу бұрышы теріс), ал индуктивтілік құраушы басым болса – кешігеді 

(фазаның ығысу бұрышы оң). 

Тұрақты ток тізбегінде тек активті жүктеме ғана 

болады.

ЖҮРІЛГЕН  ЖОЛ  –  қозғалыстағы  дене  (немесе  материалдық  нүкте) 

траекториясының  белгілі  бір  уақыт  аралығындағы  бастапқы  және  соңғы 

нүктелерінің арасындағы ұзындық.

ЖҮРІСТЕР АЙЫРЫМЫ, с ә у л е л е р д і ң – екі жарық сәуленің ортақ 

бастапқы және соңғы нүктелері болатын оптикалық жолдарының ұзындықтары. 

«Жүрістер айырымы» ұғымы жарық интерференциясын және жарық дифракциясын 

сипаттауда қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі.



ЖЫЛДАМДЫҚ,  м  е  х  а  н  и  к  а  д  а  ғ  ы  –  нүкте  қозғалысының  негізгі 

кинематикалық сипаттамаларының бірі; υ = dr/dt (мұндағы r – нүктенің радиус-

векторы, t – уақыт) теңдігімен анықталатын векторлық шама. Бірқалыпты қозғалыс 

кезіндегі нүктенің жылдамдығы сан жүзінде жүрілген жолдың (S) уақыт аралығына 

(t) қатынасына тең, яғни  υ = S/t, жалпы жағдайда сан жүзінде  υ = dS/dt. Жылдамдық 

векторы нүкте траекториясының жанамасы бойынша бағытталған. Егер нүктенің 




Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



386

387


қозғалысы оның декарттық координаттарының (х, у, zt-ге тәуелділігін өрнектейтін 

теңдеулермен берілген болса, онда  υ=

, мұндағы  υ

x

 = dx/dt,  υ

y

 = dy/dt,  υ

z

 



= dz/dt, ал жылдамдық векторлары бұрыштар косинустары координаттар өстерімен 

сәйкес түрде  υ



x

/ υ,  υ

y

/ υ,  υ

z

/ υ қатынастарын құрайды. Жылдамдық әдетте м/сек 

(Халықаралық бірліктер жүйесінде) немесе км/сағ бірлігімен өлшенеді.

ЖЫЛДАМДЫҚ – физикалық айнымалы шама өзгерісінің осы өзгеріс болған 

уақыт аралығының қатынасымен анықталатын әлгі физикалық шаманың өзгерісінің 

шапшаңдығы.

Абсолюттік жылдамдық – нүктенің санақтың абсолют жүйесіне қатысты 

қозғалысының шапшаңдығы.



Ғарыштық бірінші жылдамдық – дененің Жердің жасанды серігіне айналуы 

үшін оған берілуі қажет ең аз шапшаңдық.



Ғарыштық екінші жылдамдық – дененің Жердің тартылыс өрісіндегі ұшу 

орбитасы параболалық орбита болуы үшін, оған берілуге қажет ең аз шапшаңдық.



Ғарыштық үшінші жылдамдық – дененің Күннің тартылыс күшін жеңіп, 

Күн жүйесінен тысқары ұшып шығуына қажет шапшаңдық.



Дыбыс жылдамдығы – серпімді толқынның қалпы өзгермейтін жағдайдағы 

қозғалыс шапшаңдығы.



Жарықтың вакуумдағы жылдамдығы – кез келген электрмагниттік тол- 

қындардың таралу шапшаңдығы және кез келген физикалық ықпалдардың та- 

ралуының шекті шапшаңдығы; іргелі физикалық тұрақты шама.

Нүктенің бұрыштық жылдамдығы – нүктенің радиус-векторының бұрылу 

бұрышының осы бұрылу болған уақыт аралығына қатынасы.



Жарық  жылдамдығынан  төмен 

болатын  жылдамдықтар  ариф- 

метикалық  қосу  ережесі  бойын- 

ша  анықталады.  Егер  аттың 

жылдамдығы 

υ

 болса, ал садақ 



жебесінің  ұшу  жылдамдығы 

U  болса,  онда  атты  адамның 

жебесінің  ұшу  жылдамдығы 

υ

+U  болатыны  белгілі.  Поли- 



ция  көлігінің  жылдамдығы  мен  

сиренаның  тарататын  дыбыс  

жылдамдығы  да  осы  секілді  қо- 

сылады,  ал  жарық  жылдамды- 

ғына қарайлас жылдамдықтарды 

қосу өзге ережеге бағынады. 


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау