Ж
104
∑
ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ
378
379
шөктіру, катодтық тозаңдату немесе қабаттық материалды таңдалып алынған затпен
химиялық реакцияға түсіру арқылы дайындалады.
Жұқа қабаттар оптикасының іс жүзінде қолдануының маңыздысы оптикалық
бөлшектер (линза, пластина, т.б.) беттерінің шағылдыру қасиеттерін кеміту. Мұндай
шағылдыру коэффициенттері болатын айналар 50–99,5% жарықты шағылдырады.
Жұқа қабатты оптика лазерлерде және
жарықтың кванттық күшейткіштерінде;
айырғыштығы жоғары (мысалы,
Фабри-Перо интерферометрі)
аспаптар
жасауға;
түрлі түсті телевизияда қолданылатын
дихроизмді (түрлі түсті) айна-
лар жасауға; интерференциялық микроскопияда қолданылады. Жұқа қабаттар
оптикасының эффектілеріне Ньютон сақинасы, бірдей көлбеулікті жолақтар,
бірдей қалыңдықты жолақтар жатады.
ЖҰҚА ТҮЗІЛІС, мультиплеттік бөлшектену – спин-орбиталық
өзараәсерлесу себепші болған атомдардың, молекулалардың және кристалдардың
энергия деңгейлері мен спектрлік сызықтарының бөлшектенуі. Энергия
деңгейлерінің кіші деңгейлерге бөлшектену саны спиндердің мүмкін болатын
бағдарлануына [мультиплеттілігіне ( )] тәуелді және де мультиплеттілігінен
артық болмайды; дербес жағдайда, сілтілік металдардың атомдары үшін сыртқы
электрондар спинінің екі бағдарының ( = 2) болуы мүмкін және олардың
деңгейлері екі кіші деңгейге (дублетті бөлшектену), сызықтар – өзара жақын
орналасқан екі сызыққа (дублеттерге) бөлшектенеді.
Жеңіл атомдар үшін энергиялардың «жұқа» деңгейлерге бөлшектену шамасы
10
-5
эВ (электрон-Вольттан) артық болмайды, ал спектрлік сызықтарға сәйкес
келетін (толқындық сандармен) шамалар – бірнеше см
–1
-ден артпайды. Ядроның
зарядтары артқан сайын энергиялар деңгейлерінің бөлшектенуі күшті артатын бо-
лады, ауыр атомдардың энергия деңгейлері үшін жіктелу эВ-тың ондық үлесіндей
бола алады, сол себепті «жұқа» болудан қалады.
ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ЖЫПЫЛЫҚТАУЫ – жарықтың рефракция құбылысына
ұшырауы салдарынан байқалатын құбылыс. Телескоп арқылы жарық жұлдызға
қарағанда оның сәл ғана қалтылдап (дірілдеп) тұрғаны байқалады. Егер жұлдыз
көкжиекке жақындау орналасса, жай көзбен-ақ оның жарықтылығының және
түс реңінің құбылуын айқын байқауға болады. Жұлдыз бірде айқын жарқыраса,
бірде сөніп көрінбей қалады, кей кезде қызғылт реңді, кейде жасылдау түсті
болып құбылып байқалады. Осы айтылған құбылыстар жұлдыздардан келетін
арықтың жол-жөнекей ауа ағындарының (жылы және салқын) әсерлеріне
ұшырап, одан соң сыну құбылысы мен ішінара дисперсия құбылыс салдарлары-
ның жиынтығынан пайда болады.
Ж
104
∑
ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ
378
379
Планеталар көкжиекке тақалған кейбір жағдайда ғана олардың әлсіз
жыпылықтауы байқалады. Оның себебі
планеталардың кішкене дискі тәрізді бо-
лып көрінуінде,
жұлдыздар нүкте ретінде байқалатындықтан әлгіндей құбылысқа
ұшырайды.
ЖҰЛДЫЗ «ЖАУЫНЫ»,
м е т е о р л а р а ғ ы н ы – Жердің ғарыштық
кеңістікте болатын қатты денелер –
метеорлық денелер ағыны аймағынан
өтуі кезінде түнгі аспаннан байқалатын метеорлардың «аққан» жұлдыздар
(метеорлардың) секілді жарқырап көрінуі.
ЖҰМЫС, күш жұмысы – күш әсерінің сан шамасы мен бағытына және оның
түсу нүктесінің жылжуына (орын ауыстыруына) тәуелді өлшеуіші. Егер күш (Ғ) сан
жүзінде және бағыты бойынша тұрақты, ал М
0
М
1
орын ауыстыруы түзусызықты
болса (
сызбаға қараңыз), онда жұмыс (
А) мына
А = F·
S·cosα өрнегімен анықталады,
мұндағы α – күш бағыты мен орын ауыстыру бағытының арасындағы бұрыш. Егер
α < 90° болса, онда күш жұмысы оң, ал 180° ≥
α > 90° болса – теріс болады, ал α = 90°, яғни
күш орын ауыстыруға перпендикуляр болса,
жұмыс – А = 0.
Жұмыстың өлшеу бірлігі: СИ-де – джоуль,
1 эрг = 10
–7
Дж, метрге килограмм=күш (1
кг·күш·м=9,81 Дж).
Иондандыру жұмысы – атомнан немесе молекуладан электрондарды атом-
дармен немесе молекулалармен өзараәсерлесуін ескермеуге болатын қашықтыққа
аластауға шығындалатын энергия.
Күш жұмысы – күштің түсу нүктесінің жылжу бағытының проекциясын осы
жылжу шамасының көбейтіндісіне тең әсер етуінің өлшеуіші.
Қарапайым жұмыс – күштің түсу нүктесінің шексіз аз қашықтыққа жылжы-
тылуы кезінде істелген жұмыс.
Термодинамикалық жүйенің жұмысы – термодинамикалық жүйе тарапынан
сыртқы денеге әсер ететін күш жұмысы; жүйенің сыртқы денелерге беретін энер-
гиясы немесе олардан алатын энергиясына тең деп болжалданады.
Шығу жұмысы – қатты немесе сұйық денелерден вакуумға электрондарды
айдап шығаруға шығындалатын энергия.
ЖҰПТАРДЫҢ ТУУЫ,
бөлшек, антибөлшек жұбының тууы – қарапайым
бөлшектердің өзара түрленуінің электрмагниттік немесе өзгедей кез келген
өзара әсерлесу нәтижесінде бір мезгілде бөлшек пен антибөлшектің пайда бо-
луы. Жұптардың туу мүмкіндігі (жұптардың аннигиляциясы секілді) Дирак