Д
100
∑
ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ
282
283
ДИСЛОКАЦИЯ (латынша «дислокатио – ығысу») – кристалдық тордың
атомдық (кристалграфиялық) жазықтықтарының дұрыс орналасуының
бұзылуының салдарынан пайда болатын ақауы. Дислокацияның кристалдардың
өзге ақауларынан өзгешелігі – шағын аймақта кристалды тесіп өтетін сызықтың
маңайында шоғырланған атомдардың тұрақты алмасу жазықтығының бұзылуы
болып табылады. Дислокацияның қарапайым түрлері: шеткерілік және винттік дис-
локациялар. Идеал кристалдарда көршілес
атомдық жазықтықтар кристалдың бүкіл бой-
ында параллел орналасқан; егер кристалдың
ішінде атомдық жазықтықтардың біреуі
үзілген болса (1-сызбадағы а жағдай),
онда
шеткерілік дислокация пайда бо-
лады, «артық» жарты жазықтықтың шеті
дислокацияның өсі болады. Айырғыштығы
жоғары электрондық микроскоппен
бақылағанда атомдық қатарлардың орна-
ласуы көрінеді (1-сызбаның б жағдайы).
Винттік дислокацияның көрінісі 2-сызбадағы
а жағдайда бейнеленген. Винттік дислокация
жағдайында бірде-бір атомдық жазықтық
кристалдың ішінде аяқталмайды.
Барлық молекулааралық күштер өздерінің
табиғаты бойынша электрлік күштер бо-
лып табылады. Осы күштер салыстырмалы
түрде алыс орналасқан молекулалардың
арасында тартылыс және жақын орналасқан
молекулалар арасында тебіліс тудырады.
Қатты денелердің серпімділік қасиеттері де
осы күштер арқылы түсіндіріледі. Матери-
алды созған кезде атомдар аралығындағы
ара қашықтық аздап қана артады, сол
себепті қорытқы созылу оны тудырған
м е х а н и к а л ы қ кернеуге пропорционал
(осы тәуелділік Гук заңында өрнектелген)
болады. Дене сығымдалған кезде атомдар
жақындайды, сонда ығысу ретінде атомдар
қабатын бір-біріне қатысты сырғытады.
1-сызба. Шеткері дислокация: а – атом-
дық жазықтықтың үзілуі; б – крис-
талдағы дислокацияның электронды-
микроскоптық бейнесі; в – дислокация
ядросындағы атомдардың орналасу
сұлбасы
2-сызба. Винттік дислокация: а –
кристалл атомдарындағы дислокация-
ның орналасу сұлбасы; б – винттік
дислокацияның шығыңқы кристалдың
беті; в – винттік дислокацияның
шығысында пайда болған, парафин
кристалындағы спиральдың өсуі
Д
100
∑
ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ
284
285
Тіптен кристалдық құрылымы болатын қатты денелердегі атомдар кристалдағы
орташа қалпының маңайында үздіксіз тербеліс жасайды. Қыздырылған кезде таза
қатты денедегі тербелістер едәуір қарқынды болады. Сонымен қатар, егер де жылу
энергиясы атомдарды біріктіріп ұстап тұрған күштерді жеңе алатындай жеткілікті
болса, онда кристалдық құрылым «ыдырайтын» болады, қатты дене балқиды.
Таза металдың монокристалы берік болмайды екен. Бұл жайт кристалдық тордың
кемелденбегенінен, дислокацияның болуынан туындайды.
ДИСПЕРГИРЛЕУ (латынша «дисперго – шашамын») – қатты денені ұсақтап
ұнтақтау, сұйықты әбден араластыру, нәтижесінде дисперсті жүйенің пайда болуы.
ДИСПЕРСИЯ (латынша «дисперсио – шашырау»), физикада – кез келген
табиғатты толқындардың шашырауы.
Дыбыс дисперсиясы –
синусоидалық дыбыс тол-
қындарының фазалық жыл-
дамдығының дыбыстың
жиілігіне тәуелділігі.
Жарық дисперсиясы –
1) жарықтың сыну, дисфрак-
ция немесе интерферен-
ция құбылыстары кезіндегі
спектрлік жіктелуі. 2) Зат-
тардың сыну көрсеткіште-
рінің жарық толқынының жиілігіне немесе толқын ұзындығына тәуелділігі.
Жарықтың аномалиялық дисперсиясы – жарық толқынының ұзындығының
кемуіне байланысты заттардың сыну көрсеткішінің кемуі.
Жарықтың қалыпты дисперсиясы – жарық толқынының ұзындығының
кемуіне байланысты заттардың сыну көрсеткішінің артуы.
Толқындар дисперсиясы – синусоидалық толқындардың фазалық
жылдамдығының толқынның жиіліктеріне тәуелділігі.
ДИССИПАЦИЯ (латынша – шашырау) – 1) энергияның диссипациясы –
реттелген қозғалыс энергиясының (мысалы, электр тогының энергиясының)
бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясына (жылуға) ауысуы; 2) атмо с фе-
раның диссипациясы – атмосфера газдарының (Жердің, өзге ғаламшарлардың
және ғарыштық денелердің) қоршаған ғарыштық кеңістікке біртіндеп сейілуі.
ДИССИПАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ (латынша – шашырау), м е х а н и к а л ы қ
ж ү й ед е г і – толық (яғни, кинетикалық және потенциалдық энергиялардың
Жарық дисперсиясы
Д
100
∑
ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ
284
285
қосындысына тең болатын) механикалық энергиясы қозғалыс кезінде энергияның
өзге түріне ауыса отырып (мысалы, жылуға) кемитін жүйе. Осы үрдіс механикалық
энергияның
диссипациялық үрдісі деп аталған; ол әртүрлі кедергілердің
(үйкелістің) нәтижесінде пайда болады, сонымен қатар диссипатциялық күштер
деп аталған. Үйкеліс болатын кезде қатты дененің өзге бір қатты дененің бетімен
қозғалысы; қозғалыс кезінде бөлшектерінің арасында тұтқырлық күш (тұтқырлық
кедергі) әсер ететін сұйық пен газдың қозғалысы диссипатциялық жүйеге мысал
болады.
Диссипациялық жүйенің қозғалысы бая-
улайтын немесе өшетін, сондай-ақ үдемелі
бола алады. Мысалы, серіппеге ілінген
m жүктің (сызбада, а) тербелісі ортаның
кедергісінің және серіппенің жасалған мате-
риалда деформациялар кезінде пайда болатын
ішкі (тұтқырлық) кедергілерінің салдарынан өшетін болады. Сырғанау күші үйкеліс
күшінен артық болған кездегі (сызбада, б) m жүктің көлбеу жазықтың кедір-бұдыр
бетімен қозғалғанда пайда болатын қозғалыс үдемелі болады. Сонымен бірге оның
υ жылдамдығы, сондықтан кинетикалық энергиясы Т = mυ
2
/2 (мұндағы m – жүктің
массасы) уақыт өткен сайын арта түседі, бірақ осы арту потенциалдық энергияның
П = mgh (g – еркін түсу үдеуі, h – жүктің тұрған биіктігі) кемуінен баяу болады.
Осының салдарынан жүктің толық механикалық энергиясы Т+П барлық уақытта
кемитін болады.
«Диссипациялық жүйе» ұғымы физикада барлық жағдайда реттелген
үрдістердегі энергия реттелмеген үрдістердегі энергияға ауысқанда механикалық
емес жүйелерге де қатысты қолданылады, ақыр соңында молекулалардың жылулық
(ретсіз) қозғалысына ауысады. Контурлар жүйесі электр тогының тербелісі
өтетін контурлар жүйесінде
омдық кедергілердің болуы себепті өшетін жүйе
де – диссипациялық жүйе болады; бұл жағдайда
электр энергиясы джоульдік
жылуға ауысады.
Жер жағдайында сырттан энергия алмайтын жүйе кедергілер күшінің болуы
себепті іс жүзінде диссипациялық жүйе болып табылады. Оларды кедергілер
күшін елеусіз қалдырылған жағдайда тек жуық шашамен ғана механикалық
энергиясы сақталатын консервативтік жүйе ретінде қарастыруға болады. Бірақ
консервативтік жүйенің де диссипациялық жүйе болмауы мүмкін, егер ондағы
диссипациялық энергия сырттан келетін энергиямен есесі қайтарылатын болса ғана
әлгіндей бола алады. Мысалы, жеке қарастырғанда
маятникті сағат үйкелістің
Достарыңызбен бөлісу: |