258
259
тың беттік үзілістерінен айырылған дененің шексіз сұйық ішіндегі бірқалыпты
және түзусызықты қозғалысы кезінде сұйық тарапынан дене қозғалысына ықпал
ететін кедергілердің қорытқы күші нөлге тең болады делінетін ережесі [1744
жылы француз математигі Жан
Д’Аламбер (1717–1783) және 1745 жылы швей-
цар математигі Леонард
Эйлер (1707–1783) тұжырымдаған]. Кедергінің физика-
лық тұрғыда болмауының себебі аталған шарттар кезінде қозғалыстағы дененің
соңында сұйық ағынының тұйықталуы керек деп түсіндірілген.
Шындығында дене сұйықта немесе газда қозғалған кезде әрқашан кедергіге
ұшырайды. Шындық жағдай мен Д’Аламбер-Эйлер парадоксының арасындағы
қайшылық нақты ортада парадокс дәлелдемесіне негіз болған жорамалдардың
орындалмауымен түсіндіріледі. Дененің сұйықтағы қозғалысы кезінде әрқашан
сұйықтың тұтқырлығы әсер етеді, құйындар (әсіресе дененің соңғы жағында)
түзілетін болады және жылдамдықтардың үзілістері пайда болады. Осы
термодинамикалық қайтымсыз үрдістер дененің қозғалысына сұйық тарапынан
кедергі келтіреді.
ДАЛЬТОН ЗАҢДАРЫ – газдар қоспасының қасиеттері бағынатын физикалық
заңдылықтар. 1) Тұрақты температурада сұйық бетіндегі бірнеше газ қоспасы-
ның ерігіштігі берілген сұйықтағы газ қоспасы компоненттерінің әрқайсысы
үлестік (парциал) қысымға пропорционал; газдар қоспасы ерігенде әрбір газ өзі
туғызатын үлестік қысымына пропорционал ериді. Бұл заңға ерігіштіктері нашар
және еріткішпен химиялық әрекеттеспейтін газдар ғана бағынады. 2) Бір-бірімен
химиялық әрекеттеспейтін идеал газдар қоспасының қысымы, үлестік (жеке)
қысымдардың қосындысына тең. Бұл заңды 1801 жылы ағылшын химигі әрі физигі
Джон
Дальтон (1766 – 1844) ашқан.
ДЕБАЙ (Д, D) – электрлік дипольдік моменттің жүйеден тыс өлшеу бір-
лігі. Бұл атау голланд физигі Петер
Дебайдың (1884 – 1966) құрметіне аталған.
1 Д = 1·10
–18
СГС бірлігі = 3,33564·10
–30
Кл·м.
ДЕБАЙ ЗАҢЫ, ж ы л у с ы й ы м д ы л ы қ т ы ң – төменгі температурадағы
кристалдың жылу сыйымдылығының (С) абсолют температураның (Т) үшінші
дәрежесіне (кубына) пропорционал өзгеретіндігін айқындайтын заң:
,
мұндағы k – Больцман тұрақтысы, V – көлем, ħ – Планк тұрақтысы, ū – дыбыстың
орташа жылдамдығы. Бұл заңды 1912 жылы теория жүзінде голланд физигі
П.
Дебай қорытып шығарған. Бұл заң қарапайым кристалдық торы болатын қатты
дене құрамындағы бөлшектердің жылулық тербелістерін олардың акустикалық
тербелістерімен байланыстырады. Температура абсолют нөлге жақындағанда,
қатты денелердің барлығының да жылусыйымдылығы нөлге жуықтайды.
Д
100
∑
ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ
258
259
Қатты денелердің өте төменгі температурадағы жылусыйымдылығының өзгеру
заңдылығы кванттық механика негізінде түсіндірілген.
ДЕБАЙ ТЕМПЕРАТУРАСЫ – қатты дененің
қатынасымен
анықталатын сипаттамалық температурасы [мұндағы
– кристалдық
тордың серпімді тербелістерінің шектік жиілігі, n – көлем бірлігіндегі атом-
дар саны, ū – қатты денедегі дыбыстың орташа жылдамдығы], кейде д е-
б а й л ы қ ж и і л і к деп те аталады.
(классикалық аймақ) болған кезде
қатты дененің жылусыйымдылығы
Дюлонг мен Пти заңымен сипатталады;
(кванттық аймақ) болған кезде – Дебайдың сыйымдылық заңы орындалады.
Дебай температурасы кристалдың серпімділік тұрақтыларына тәуелді.
ДЕБАЙ – ШЕРРЕР ӘДІСІ – рентгендік сәулелердің дифракциясы арқылы
поликристалл заттарды зерттеу әдісі. 1916 жылы голланд физигі Петер
Дебай
(1884 – 1966) мен швейцар физигі Пауль
Шеррер (1890 – 1970) ұсынған. Бұл әдіс
қарапайым кристалдық ұялардың өлшемдері мен пішіндерін, ұсақ кристалдар-
дың өлшемдері мен кеңістіктік бағдарлануын, деформациялар мен кернеулерді
анықтау, сондай-ақ поликристалл нысандарды (объектілерді) фазалық талдау үшін
пайдаланылады.
ДЕВИАЦИЯ (латынша – ауытқу) – 1. Компас тілінің магниттік меридианнан
ауытқуы. 2. Нүкте қозғалысының есептелген траекториядан (бағыттан) ауытқуы.
3. Жиіліктік модуляция кезіндегі жиіліктің орташа мәннен ауытқуы.
ДЕЙТЕРИЙ (латынша «дейтериум – екінші», D,
2
Н), ауыр сутек – массалық
саны 2-ге тең с у т е к т і ң т ұ р а қ т ы и з о т о п ы. 1932 жылы американ физигі
әрі химигі Гарольд
Юри (1893 – 1981) ашқан. Дейтерийдің атом ядросында
бір протон, бір нейтрон болады, атомдық массасы 2,0147411. Дейтерий сұйық
сутекті құраушыларына ажырату арқылы алынады. Сутектің де, дейтерийдің де
табиғаттағы негізгі қоры – су (Н
2
0 : D
2
0 – 5000 : 1).
ДЕЙТРОН – сутектің ауыр изотопы –
дейтерийдің ядросы. Дейтрон бәр
нейтрон, бір протоннан құралған, массалық саны 2-ге, массасы 2,01423 атомдық
масса бірлігіне, нейтронның байланыс энергиясы 2,23 (4) МэВ-қа, спині 1-ге (h
бірлігінде), магниттік моменті 0,857348(9) ядролық магнетонға тең. Ол
2
Н, D
немесе d таңбасымен белгіленеді. Дейтрон құрамында 2
нуклон (1 протон және 1
нейтрон) ғана болғандықтан, оны зерттеу арқылы ядролық күштің табиғаты туралы
мәліметтер алынады. Дейтрондағы нуклондардың спиндері параллель бағытталған.
Дейтрон ядролық физикада әрі атқылайтын бөлшек ретінде, әрі нысана ретінде
кеңінен қолданылады.
ДЕМБЕР ЭФФЕКТІСІ (латынша «еффектус – орындау, әсер») – біртекті
жартылайөткізгіштерді бірқалыпсыз жарықтау кезінде электр өрісі мен