Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты


Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларына қойылатын жалпы талаптар



жүктеу 0,94 Mb.
бет4/5
Дата21.02.2018
өлшемі0,94 Mb.
#10353
түріРегламент
1   2   3   4   5
4.7. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларына қойылатын жалпы талаптар

 

179. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғылары өртті автоматты анықтауды, өрт туралы өрт орны ғимаратына хабарлауды, хабарлаудың техникалық құралдарына басқару сигналдарын қалыптастыру мен беру мүмкіндігін және адамдарды эвакуациялауды басқаруды, өрт сөндіру, түтінді жою, инженерлік және технологиялық жабдық қондырғыларын басқару аспаптарымен қамтамасыз ету үшін қолданылады.

180. Қондырғылар кезекші мамандарды өрт туралы сигналдан ерекшеленетін жарықтық және дыбыстық сигналдардың көмегімен жекелеген техникалық құралдардың арасында байланыс желісінің ақаулығын анықтау туралы хабарландыруды қамтамасыз етуі қажет.

181. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының жүйелері өрт пайда болғаны туралы кезекші маманның ғимаратына қабылдау-бақылау құрылғысы мен ғимараттар мен құрылыстардағы хабарландырудың арнайы шығарылатын құрылғыларына жарықтық және дыбыстық сигнал беруді қамтамасыз етуі қажет.

182. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларының техникалық құралдары бір-бірімен, сондай-ақ олармен өзара байланысатын басқа да техникалық құралдармен электрлік және ақпараттық үйлесімділікті қамтамасыз етуі қажет.

183. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларының техникалық құралдарының арасындағы байланыс желілері олардың өртті анықтау, эвакуация туралы сигналды беруге қажетті уақыт, эвакуация уақыты, сондай-ақ басқа да техникалық құралдарды басқаруға қажетті уақыт ішінде қызмет етуін қамтамсыз етуді ескере отыра орындайды.

184. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларының өрт жабдықтарының басқару аспаптары басқарылатын жабдықтың типіне және нақты объектінің талаптарына сәйкес басқару алгоритмін қамтамасыз етуі қажет.

185. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларының техникалық құралдары өз қызметтерін орындауы кезінде үздіксіз электрқоректенумен қамтамасыз етеді.

186. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларының техникалық құралдары қорғалатын объектіге тән шектік рұқсат етілген деңгейі бар электромагниттік кедергілердің әсеріне тұрақты болуға, сонымен қатар олар қорғалатын объектіде пайдаланылатын техникалық құралдарға электромагниттік кедергілермен теріс әсерлерді тигізбеу қажет.

187. Өрт хабарландырушылардың, өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйелерінің, қабылдап алу-бақылау аспаптарының, сондай-ақ күзет, өрт және өрт-күзет сигнал беру жабдықтары жүйелерінің параметрлері Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес анықтайды.

 

4.8. Өрт хабарлауыштарына қойылатын талаптар



 

188. Әрекетке келтіру тәсілі бойынша өрт хабарландырушылары автоматты және қол болып бөлінеді.

189. Өрттің бақылау белгісінің түрі бойынша автоматты өрт хабарландырушылары мынадай типтерге:



1) жылу;

2) түтін;

3) жалын;

4) газ;

5) құрама болып бөлінеді.

190. Өрттің бақыланатын белгісіне реакцияның сипаты бойынша автоматты өрт хабарландырушылары:



1) максимал;

2) дифференциалды;

3) максимал-дифференциалды болып бөлінеді.

191. Әрекет принципі бойынша өрт түтін хабарландырушылары:



1) ионизациялық;

2) оптикалық болып бөлінеді.

192. Әрекет ету принциптері бойынша түтін иондау хабарландырушылары:



1) радиоизотопты;

2) электриндукциялық болып бөлінеді.

193. Өлшеу аймағының конфигурациясы бойынша түтін оптикалық өрт хабарландырушылары:



1) нүктелік;

2) сызықтық болып бөлінеді.

194. Өлшеу аймағының конфигурациясы бойынша жылу өрт хабарландырушылары:



1) нүктелік;

2) көпнүктелік;

3) сызықтық болып бөлінеді.

195. Сезгіш элементтер қабылдайтын электр магниттік сәулелену спектрінің саласы бойынша жалынның өрт хабарландырушылары:



1) сәулеленудің ультракүлгін спектрі;

2) сәулеленудің инфрақызыл спектрі;

3) сәулеленудің көрінетін спектрі;

4) көп ауқымды болып бөлінуі қажет.

196. Электр қоректену тәсілі бойынша өрт хабарландырушылары:



1) шлейф бойынша қоректенетін;

2) жеке сым бойынша қоректенетін;

3) автономды болып бөлінеді.

197. Адресінің қондырғысының мүмкіндігі бойынша өрт хабарландырушылары:



1) адрестік;

2) адрестік емес болып бөлінеді.

198. Өрт сигнал беру жабдығының автоматты жүйелерінің өрт хабарландырушылары қорғалатын үй-жайда өртті үй-жайдың кез келген нүктесінен уақытында табуды қамтамасыз ететіндей орналастырады.

199. Қол өрт хабарландырушылары эвакуациялау жолдарында өрт пайда болған жағдайда оларды қосуға қол жетімді орындарда орнатады.

200. Өрт хабарландырушылар тәулік бойы үздіксіз жұмысқа есептелген болуы керек.

201. Өрт хабарландырушылар қабылдау-бақылау аспаптарымен ақпараттық және электрлік сыйымдылықты қамтамасыз етуге тиіс.

202. Өрт хабарландырушыларының қауіп-қатер дабылын беру режимінде қосылатын ішіне салынған қызыл түсті оптикалық индикаторы болуы қажет.



Оптикалық индикаторды өрт хабарландырушысына орнату мүмкіндігі болмаған жағдайда шығару оптикалық индикаторын қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі немесе қауіп-қатер дабылын берудің жергілікті индикациясына арналған басқа да құралдары болуы керек.

203. Егер өрт хабарландырушысының құрылмасы оны розеткаға бекітуді қарастыратын болса, өрт хабарландырушыларын розеткадан ажыратқан кезде қабылдау-бақылау аспаптарында ақаулық туралы хабардың қалыптасуы қамтамасыз етілуі қажет.

204. Өндіріс процесінде пайдаланылатын өрт хабарландырушыларының мөлшерлеу немесе күйін келтіру элементтерінің өрт хабарландырушысын жасағаннан кейін сырттан қол жетімділігі болмауы қажет.

205. Өрт хабарландырушысының сезгіштігін сыртқы туралау мүмкіндігі кезінде мынадай талаптарды орындайды:



1) сезгіштіктің әр деңгейіне өрт хабарландырушыларына арналған белгілі бір таңбалау сәйкес келуі қажет;

2) өрт хабарландырушысын жинақтағаннан кейін туралау құралдарына тікелей қол жетімділік болмауы керек.

206. Өрт хабарландырушылары оның әрбір үлгісінде сынақтар кезінде нормаланатын барлық техникалық сипаттамаларды тексеруді, сондай-ақ пайдалану процесінде жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін қалпына келтіру бұйымы болуы қажет.

207. Сызықтық өрт хабарландырушысының іске қосылу шегі 0,4 дБ бастап 5,2 дБ дейінгі шамада, сонымен қатар хабарландырушылардың сегіз үлгісі үшін жұмыс істеудің ең жоғарғы және ең төменгі шегінің мәндері 1,3 аспауы қажет.

208. Іске қосылудың реттелмелі шегі бар сызықтық өрт хабарландырушының іске қосылудың белгіленген мәндерін көрсететін құрылғымен қамтамасыз етіледі. Іске қосылу шегін реттеу ауқымы 0,4 бастап 5,2 дБ дейін шамада болуы қажет.

209. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс істеу шегінің мәні үздіксіз ұзақ жұмыс кезінде өзгермеуі керек.

210. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс істеу шегінің мәні оптикалық осінің тік және көлденең жазықтықтарға көлбеуі бұрышының өзгерістеріне байланысты болмауы қажет.

211. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс істеу шегінің мәні қоректену кернеуінің номиналды мәндерінен 85 %-тен бастап 110 %-ке дейінгі шамада қоректену кернеуінің өзгерген кезде өзгермеуі керек.

212. Сызықтық өрт хабарландырушысының қарама-қарсы компоненттерінің хабарландырушының оптикалық осінің тік және көлденең жазықтықтарға көлбеуі бұрышын өзгертуге мүмкіндік беретін туралау құрылғысы болуы қажет.

213. Сызықтық өрт хабарландырушысы кабель қосылыстарының ақаулығы жағдайында «Ақаулық» деген сигналды қалыптастырумен компоненттер арасында кабельдік қосылыстарды бақылауды қамтамасыз етуі керек.

214. Кезекші режимде тұрған сызықтық өрт хабарландырушысының тұтынатын қуаты 1,0 Вт аспауы қажет.

215. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс істеу шегінің мәні жолдың оптикалық ұзындығына байланысты болмауы қажет.

216. Сызықтық өрт хабарландырушысы ортаның оптикалық тығыздығы (5,2 + 0,5) дБ жылдам артқан кезде (5 с аспайтын уақытта) 10 с аспайтын уақытта «Өрт» деген сигналды қалыптастыруы қажет.

217. Оптиканы ластау компенсациясының құрылғысы бар сызықтық өрт хабарландырушысы 2,8 дБ шектік компенсациясына қол жеткізген кезде 30 мин ішінде 0,268 дБ аспайтын ортаның оптикалық тығыздығын өзгерту жылдамдығымен «Ақаулық» деген сигналды қалыптастыруы керек.

1 мин ішінде 0,109 дБ аспайтын жылдамдығы бар ортаның оптикалық тығыздығы одан ары артқан кезде компенсация құрылғысы бар сызықтық хабарландырушы 10 дБ ортаның оптикалық тығыздығы мәніне қол жеткізгенге дейін "Өрт" деген сигналды қалыптастыруы қажет.

218. Сызықтық хабарландырушы таратқыш (1 + 0,1) с сәулеленуі үзілген кезде "Ақаулық" немесе "Өрт" деген сигналды қалыптастырмауы қажет.

219. Дискретті шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарландырушыларының іске қосылу сигналы жану өнімдерінің әсері аяқталғаннан кейін сақталуы қажет. Сигналды ажырату қоректендіруді 3 с аспайтын уақытқа ажырату арқылы немесе арнайы құрылғының көмегімен жүргізілуі қажет.

220. Оптикалық өрт хабарландырушысының қоректену кернеуінің номиналды мәні 6 В, 9 В, 12 В, 18 В, 20 В, 24 В қатарынан немесе 30 В анықталады.

221. Оптикалық өрт хабарландырушысының сезгіштігін 0,05 дБ/м бастап 0,2 дБ/м дейін шамада таңдалады.

222. Дискреттік шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарландырушысына арналған техникалық құжаттамада сезгіштіктің нақты мәнін белгілейді.

223. Ұқсас шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарландырушысына арналған техникалық құжаттамада сезгіштіктің мәнінің ауқымын белгілейді.

224. Ұқсас шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарландырушысы бақылайтын ең жоғарғы меншікті оптикалық тығыздық қалыпты жағдайларда 0,2 дБ/м кем болмауы қажет.



224. Оптикалық өрт хабарландырушысының сезгіштік мәні:

1) өрт хабарландырушысының іске қосылу санына байланысты болмауы қажет;

2) ауа ағынының әсеріне байланысты болмауы қажет;

3) ауа ағынының бағытына қарай бағдарға байланысты болмауы қажет;

4) бір үлгіден екіншісіне өзгермеуі керек;

5) нақты типті оптикалық өрт хабарландырушысына арналған техникалық құжаттамада айтылған кернеу ауқымының ішінде қоректену кернеуіне байланысты болмауы қажет.

225. Радиоизотопты өрт хабарландырушысының іске қосылу шегі:



1) салыстырмалы бірліктердің 0,2 бастап 3,0 дейін шамасында болуы қажет;

2) барлық үлгілер үшін біркелкі болуға тиіс.

226. Радиоизотопты өрт хабарландырушысының іске қосылу шегі:



1) іске қосылудың санына байланысты болмауы керек;

2) ауа ағынының бағытының өзгеруіне байланысты болмауы қажет;

3) ауа ағынының (1,0 + 0,1) м/с жылдамдықпен әсері кезінде өзгеруі қажет.

227. Ауа ағынының (10,0 + 0,5) м/с жылдамдығы кезінде радиоизотопты өрт хабарландырушысы "Дабыл" деген жалған сигналды бермеуі қажет.

228. Радиоизотопты өрт хабарландырушысының іске қосылу сигналы жану өнімдерінің (аэрозольдың) әсері аяқталғаннан кейін сақталуы қажет.

229. Ұқсас сигналы бар радиоизотопты өрт хабарландырушысы



Жану өнімінің (аэрозольдың) бақыланатын концентрациясының шығу сигналына түрленуінің бір мағыналылығын қамтамасыз етуі қажет.

230. Газды өрт хабарландырушылары төменде келтірілген газдардың бір немесе бірнешеуіне мына концентрациялар шегінде реакцияға түсуі қажет:



1) (СО2) көміртегінің ррm бастап 1500 ррm дейінгі шегінде;

2) диоксиді үшін 1000 (СО) көміртегі оксиді үшін 20 ррm бастап 80 ррm дейінгі шегінде;

3) (СхНу) көмірсутегі газдары үшін 10 ррm бастап 20 ррm дейінгі шегінде.

231. Газды өрт хабарлағыштары қоректену кернеуінің номиналды мәнінен 75 % бастап 115 % дейінгі шегінде қоректену кернеуі өзгерген кезде жұмысқа қабілеттілігін сақтауы қажет.

232. Автономды өрт хабарландырушысы іске қосылған кезде дыбыс деңгейі 4 мин. бойы 85 дБ кем болмайтын "Дабыл" деген сигналды беруі керек (автономды хабарландырушыдан 1 м. арақашықтықта өлшенген).

233. Оптикалық-электронды түтін автономды өрт хабарландырушыларының сезгіштігі 0,05 дБ/м бастап 0,20 дБ/м дейінгі шамада болуы қажет.

234. Автономды өрт хабарландырушысының сезгіштігінің мәні (іске қосылу шегі):

1) іске қосылудың санына байланысты болмауы керек;

2) ауа ағынының бағытына бағдарға байланысты болмауға тиіс;

3) бір үлгіден екіншісіне өзгермеуі керек.

235. Автономды өрт хабарландырушысының сезгіштігі 0,2 м/с бастап 1,0 м/с дейінгі жылдамдығы бар ауа ағынының әсеріне байланысты болмауы қажет.

236. Автономды өрт хабарландырушысының ауа ағынының (10,0 + 0,5) м/с жылдамдығының мәні кезінде "Дабыл" деген жалған сигналды бермеуі керек.

237. Автономды өрт хабарландырушысының кезекші режимде қоректенудің ішкі көзінен тұтынатын тоқтың мәні 50 мкА аспауы қажет.



 

4.9. Өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйелеріне қойылатын талаптар



 

238. Өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйелері кезекші маман тәулік бойы болатын үй-жайларда орнатылады.

239. Өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйелері қорғалатын үй-жайда (адрестік өрт хабарландырушылары орнатылған орындарда) адрестік өрт хабарландырушыларының құрамына кіретін адрестік өрт хабарландырушыларының іске қосылу шегінің бақыланатын факторының сандық шамасынан асқан, сондай-ақ қол адрестік өрт хабарландырушыларын қосқан кезде «Өрт» деген режимге ауысуы қажет.

240. Өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйелері «Өрт» деген сигнал келіп түскен адрестік өрт хабарландырушыларының адрестерінің кодтарын (бұдан ары - нөмірлерін) визуалды бейнелеуді автоматты түрде қамтамасыз етуі керек. «Өрт» деген сигнал келіп түскен адрестік өрт хабарландырушыларының бір мезгілде немесе кезектесіп бейнеленетін нөмірлерінің жалпы саны 10-нан кем болмауы қажет.

241. Өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйелерінің:



1) осы ақпаратты визуалды бейнелеу мүмкіндігі бар «Өрт» деген сигналдың келіп түскен санын есте сақтау құрылғысы болуы керек;

2) адрестік өрт хабарландырушыларының нөмірлерін визуалды бейнелеуі бар адрестік өрт хабарландырушыларының жұмысқа қабілеттілігін автоматты арақашықтық тексеруді қамтамасыз етуі қажет;

3) реле түйіспесінің көмегімен «Өрт» және «Ақаулық» деген электрлік сигналдарды таратуды, сондай-ақ өрт автоматикасының қондырғыларын іске қосуға сигналдарды қосуды қамтамасыз етуі қажет.

242. Адрестік өрт хабарландырушысының бас тартқан сәтінен бастап адрестік қабылдау-бақылау аспабында ақпарат пайда болғанға дейінгі аралық 2 сағ. кем болмауы керек.

243. Өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйелерінің:

1) өрт автоматикасының қондырғыларын іске қосу сигналдарын қолмен арақашықтық қосу мүмкіндігі болуы керек;

2) өрт автоматикасының қондырғыларының абайсызда іске қосылуынан қорғанышы болуы қажет.

244. Адрестік өрт хабарландырушысынан «Өрт» деген сигнал түскен кезде адрестік қабылдау-бақылау аспабында қызыл түсті «Өрт» деген оптикалық индикатор және «Өрт» деген үндік дыбыстық сигнал қосылуы керек.

245. Өрт автоматикасының қондырғысының іске қосу сигналын автоматты қосуды жүзеге асыратын адрестік өрт хабарландырушысының кез келген бағдарламаланған топтарының адрестік өрт хабарландырушысынан «Өрт» деген алғашқы сигналдың түсуі тиісті қызыл түсті оптикалық индикатордың қосылуымен ілесуі қажет.

246. Электрлік қоректенудің негізгі көзі ажыратылғаннан кейін өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйесі «Өрт» және «Ақаулық» деген режимдерден ерекшеленетін дыбыстық сигнал беру жабдығының және сәйкес оптикалық индикатордың (қызыл түстен басқа) қосылуымен немесе оптикалық индикатордың басқа режимде қосылуымен резервтік көзден электрлік қоректенуге автоматты ауыстырылып қосылуы бар «Резерв» деген режимге ауысуы қажет.



Жұмысқа деген қабілетін бұзатын адрестік өрт хабарландырушысының электрлік сұлбасының кез келген құраушы элементінің қатардан шығуы немесе адрестік қабылдау-бақылау аспаптары мен адрестік өрт хабарландырушысының арасында ақпарат алмасу процесін бұзатын шлейфтің қатардан шығуы ақаулылық болып табылады.

247. Ажыратылғаннан, қатардан немесе электрлік қоректенудің резервтік көзінің нормасынан төмен разрядынан шығудан өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйесі тиісті оптикалық индикаторын (қызыл түстен басқа) және «Өрт», «Ақаулық» және «Резерв» деген режимдерден ерекшеленетін дыбыстық сигнал беру жабдығының қосылуы бар «Разряд» деген режимге ауысуы қажет.



Электрлік қоректенудің резервтік көзінің күйін мерзімді бақылаудан туған «Разряд» деген режимге ауысу кезінде бақылау арасындағы уақыт аралығы 2 сағ. аспауға тиіс, ал дыбыстық сигнал қысқа уақытты болуы қажет.

248. Дыбыстық сигналдарды ажырату үшін адрестік қабылдау-бақылау аспаптарының басқару органдарының бекітуі бар түймешігі немесе дыбыстық сигналдарды ажыратудың режиміне сәйкес оның қалпынан оптикалық индикациясы бар бекітуі бар түймешігі болуы керек.

249. Адрестік қабылдау-бақылау аспаптарының басқару органдарының ақпаратты сақтай отыра барлық түскен сигналдарды жедел ажырату үшін бекітуі жоқ түймешігі болуы қажет.

250. Өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйесінде «Өрт» деген оптикалық, дыбыстық және электрлік сигналдарының басқа сигналдарға қарағанда басымдығы болуы қажет.

251. Барлық санаттағы өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйелеріндегі бағдарламалау және басқару органдары рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғалған болуы қажет.

252. Адрестік өрт хабарландырушысына адрестік өрт хабарландырушысының іске қосылу шегінен немесе өрт сигнал беру жабдығының барлық ұқсас жүйесінің іске қосылу шегінен асатын шамасы бар өрттің бақыланатын факторы әсер етудің басталған сәтінен бастап оның «Өрт» деген режимге ауысуына дейінгі уақыт аралығы 10 с. аспауы қажет



Адрестік өрт хабарландырушысының қолмен қосу сәтінен бастап өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйесінің «Өрт» деген режимге ауысуына дейінгі уақыт аралығы 10 с. аспауы керек.

 

4.10. Өрт сигнал беру жабдығының автоматты жүйелерінің қабылдау-бақылау



аспаптарына қойылатын талаптар

 

253. Өрт қабылдау-бақылау аспаптарын кезекші маманның тәулік бойы келуі бар үй-жайларда орнатылады.

254. Өрт қабылдау-бақылау аспаптары мынадай функцияларды:



1) өрт хабарлағыштарының іске қосылған шлейфтердің нөмірлерінің жарықтық индикациялары бар және дыбыстық және жарық сигнал беру жабдықтарын қосуы бар қол және автоматты өрт хабарландырушыларынан электрлік сигналдарын қабылдауды;

2) барлық ұзындығы бойынша үзілуді немесе ондағы қысқа тұйықталуды автоматты анықтауы бар сигнал беру жабдығының шлейфтерінің ақаусыздығын, сондай-ақ пайда болған ақау туралы жарықтық және дыбыстық сигнал беру жабдығын бақылауды;

3) сигнал беру жабдығының және байланыс желісінің жерге тұйықталуын (егер бұл өрт қабылдау-бақылау аспаптарының қалыпты жұмысына кедергі келтіретін болса) бақылау;

4) олардың ақаулығы туралы сыртқы шынжырларға хабарлама беру мүмкіндігімен өрт қабылдау-бақылау аспаптарының түйіндері мен блоктарының жұмыс қабілеттілігі мен күйін қолмен немесе автоматты бақылауды;

5) сигнал беру жабдығының кез келген шлейфін қолмен қосу, сонымен қатар сигнал беру жабдығының бір немесе бірнеше шлейфтерін қосуға сыртқы шынжырларға ақаулық туралы хабарды беру ілесуі керек;

6) жарықтық индикацияны сақтай отыра қабылданған хабар туралы дыбыстық сигнал беру жабдығын қолмен қосу, сонымен қатар дыбыстық сигнал беру жабдығын ажырату сигнал беру жабдығының басқа шлейфтерінен хабарларды қабылдауға және жаңадан дабыл хабары түскен кезде кезекті қосылуына ықпал етпеуге тиіс.

7) өрт қабылдау-бақылау аспаптары қалыптастыратын басқа сигналдарға қарағанда өрт туралы хабарды сыртқы шынжырларға айрықша тіркеу мен беруді;

8) қол өрт хабарландырғышына өрт туралы хабардың қабылданғанын нақтылайтын кері сигналдың жіберілуін;

9) басқару органдарын бөтен тұлғалардың рұқсатсыз қол жетімділігінен қорғауды;

10) өрт, өрт қабылдау-бақылау аспаптарының ақаулығы мен оның басқару органдарына бөтен тұлғалардың рұқсатсыз енгені туралы жекелеген хабарлардың автоматты берілуін;

11) қорғалатын бір үй-жайда орнатылған екі өрт хабарлағышы іске қосылған кезде өрт сөндірудің автоматты қондырғыларының басқару аспаптарын жіберудің бастату импульсін 30 с кем болмайтын ұстамымен және адамдардың келуі қарастырылмаған үй-жайлар үшін уақыт ұстамай қалыптастыруды;

12) электр қоректенудің негізгі көзден резервтікке және сыртқы шынжырларға жалған сигналдарды бермей сәйкес индикацияның қосылуымен кері автоматты ауысып-қосылуын;

13) сигнал беру жабдығының бір шлейфіне қалыпты тұйықталған түйіспелері бар белсенді (энергия тұтынушы) және пассивті өрт хабарландырғыштарының қосылу мүмкіндігін;

14) қоректенудің резервтік көзінің (аккумулятордың) күйін бақылауды;

15) өрт туралы хабарды қалыптастыру тактикасын бағдарламалау мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.

255. Өрт қабылдау-бақылау аспаптары мынадай хабарларды:



1) сигнал беру жабдығының шлейфіндегі бір өрт хабарлағышы іске қосылған кезде өрт туралы;

2) өрт сөндірудің автоматты қондырғыларымен бірге жұмыс істейтін өрт қабылдау-бақылау аспаптары үшін екі өрт хабарлағыштары іске қосылған кезде өрт туралы;

3) сигнал беру жабдығы шлейфінің қысқа тұйықталуы немесе үзілуі туралы;

4) негізгі қорек көзі кернеуінің ажыратылғаны туралы немесе кернеудің рұқсат етілген деңгейден төмен түскені туралы;

5) резервтік қорек көзінің кернеуінің ажыратылғаны туралы;

6) жұмыс қабілеттілігін автоматты немесе қолмен тексеру кезінде өрт қабылдау-бақылау аспабының ақаулығы туралы;

7) негізгі қорек көзінен резервке ауысқаны туралы;

8) бөтен тұлғалардың өрт қабылдау-бақылау аспаптарының басқару органдарына рұқсатсыз қол жеткізгені туралы хабарларды беруі қажет.

256. Өрт қабылдау-бақылау аспаптары хабарларды мынадай тәсілдердің бірімен тіркеу мен бейнелеуді:



1) жарық индикациясымен;

2) жарық индикациясымен және дыбыстық хабарлаумен қамтамасыз етуі керек.

257. Өрт қабылдау-бақылау аспаптарының мынандай:



1) кезекші режимде және дабыл режиміндегі қоректенудің резервтік көзінен тұтынылатын тоқ;

2) қоректену кернеуінің ауқымы;

3) бөгеуілден қорғанушылық;

4) ақпараттық сыйымдылық;

5) ақпараттылық;

6) шығу байланыстарымен коммутацияланатын ең жоғарғы кернеу;

7) шығу байланыстарымен коммутацияланатын ең жоғарғы тоқ;

8) жұмысқа техникалық дайындығының уақыты;

9) өрт қабылдау-бақылау аспаптары өзінің жұмыс қабілеттілігін сақтап қалатын шығару элементінің кедергісін есепке алмайтын сигнал беру жабдығы шлейфінің ең жоғарғы кедергісі;

10) өрт қабылдау-бақылау аспаптары өзінің жұмыс қабілеттілігін сақтап қалатын сигнал беру жабдығы шлейфтерінің сымдарының немесе «Жерге» сымдарының әрбірінің арасындағы жылыстау кедергісінің ең төменгі рұқсат етілген шамасы;

11) хабарландырғыштарды қоректендіру үшін сигнал беру жабдығының шлейфі бойынша тоқтың шамасы;

12) дабыл туралы хабарлаудың ұзақтығы;

13) климаттық әсерлері бойынша қолданудың жұмыс жағдайлары;

14) механикалық әсерлері бойынша қолданудың жұмыс жағдайлары;

15) габаритті өлшемдері деген арналу көрсеткіштері болуы керек.
 


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау