Ғылыми кеңесінің


М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚМУ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ПОҚ 2009-2010 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ РЕЙТИНГІЛІК ҚОРЫТЫНДЫСЫ



жүктеу 0,63 Mb.
бет3/4
Дата03.03.2018
өлшемі0,63 Mb.
#11020
1   2   3   4

М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚМУ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ПОҚ 2009-2010 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ РЕЙТИНГІЛІК ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қызметкерлердің ғылыми-педагогикалық еңбегі нәтижелілігінің мониторингісін қамтамасыз ететін қажетті жағдай болып жоғарғы оқу орнының оқытушылық корпусының қызметін рейтингілік бағалауы табылады. Сыртқы және ішкі нормативті құжаттар арқылы оның қызмет етуі анықталған.

Біздің жоғарғы оқу орынымызда алты жыл бойы ПОҚ және құрылым бөлімшелерінің рейтингісі жүзеге асырылуда. 2009-2010 жылдың қорытындысы бойынша рейтингілік бағалаудың өткізілуі университеттің Ғылыми кеңесінің 10.06.2008 жылғы №13 хаттамасында бекітілген Ережеге сәйкес өткізілді. Қызметті бағалау бойынша индикаторлар Ғылыми кеңестің 2010 ж. 26.03. №7 хаттамасында бекітілді. Аталған құжаттардың барлығы университет сайтында орналастырылды http://www.wksu.kz/.

Ғылыми-педагогикалық қызметінің әр бір түріне белгіленген өту деңгейі есеп оқу жылында да өткен оқу жылындағыдай қалғаның атап өту керек. Оқу-әдістемелік жұмыстың белгіленген өту деңгейі 100 баллды, ғылыми-зерттеу – 45 баллды, тәрбие және қоғамдық – 100 баллды құрады. Бұл профессорлық-оқытушылық құрамының қызметіне қойылатын талаптарды анағұрлым жоғарлатты.


1 – сурет. Қызметтің әр бір түрлері бойынша белгіленген деңгейден өткен оқытушылар саны

2009-2010 оқу жылының жұмысының қорытындысы бойынша барлық статистикалық есепті 23 кафедраның өкілі болып табылатын, университеттің 301 оқытушысы тапсырды. Яғни кафедралардың тек қана 59,6% оқытушылары ранжылауға қатысты.

Оқу-әдістемелік, ғылыми зерттеу, тәрбие және қоғамдық бөлімдері бойынша ПОҚ жұмыстарының қорытындысы 1-суретте ұсынылған. Оқу-әдістемелік жұмыс бөлімі бойынша ПОҚ 301-ден тек қана 34 оқытушы 100 балдық деңгейден өтті, ал 267 адам тиісті маңызға жете алмады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бөлімі бойынша 50 оқытушы 45 баллдық деңгейден өтті, ал 251 осыған жете алмады. Тәрбие және қоғамдық жұмыстарының бөлімі бойынша бұл сәйкестік 80/221 құрайды.



2-суретте қызметтің әр түрлі бағыттары бойынша нөлдік бағалары бар оқытушылар санын көрсететін диаграмма ұсынылған.

2-сурет. Ғылыми-педагогикалық қызмет түрлері бойынша нөлдік бағалары бар оқытушылар үлесі (%)

Бекітілген индикаторлар бойынша ешбір нәтижеге жетпеген ПОҚ көп бөлігі ҒЗЖ – 96 адам (31,9%), ОӘЖ жұмыстары бойынша – 67 (22,3%), Т және ОЖ – 80 (26,6%). Яғни қызметтің тиісті түрінің бірде-бір индикаторы бойынша жұмыс жүргізілмеген. Көрсетілген деректерді 2008-2009 оқу жылының қорытындысымен салыстыру кезінде бекітілген индикаторлар тізбесімен нөлдік бағасы бар ПОҚ санының төмендеуін байқауға болады (3-сурет).

2008-2009 оқу жылында ҒЗЖ бойынша нөлдік бағалары бар ПОҚ үлесі 39,8% құраса, 2009-2010 оқу жылында 31,9% дейін төмендеді. ОӘЖ бойынша төмендеу дәрежесі 69,9% дан 22,3% дейін болды. Сонымен қатар осы көрсеткіш әлі де болсын жоғары болып отыр.



3-сурет. Соңғы екі оқу жылындағы ПОҚ қызмет түрлері бойынша нөлдік бағасы бар ПОҚ саны.



Ғылыми-педагогикалық қызметтің белгіленген бағыттары бойынша жұмыс нәтижесінің динамикасын анықтау үшін қызметтің үш түрі бойынша ПОҚ бірінші жүздігіне салыстырмалы талдауы жасалынды (4-сурет).

4-сурет. «Оқу әдістемелік жұмыс» тарауы бойынша жеке көрсеткіштер динамикасы

Ұсынылған қорытындылар көрсеткендей, ОӘЖ бойынша оқытушылардың бірінші жүздігі орташа есеппен 2008-2009 және 2009-2010 оқу жылдарында сәйкесінше 101,2 және 100,9 жинаған. Яғни оқу-әдістемелік қызметінде жұмыс нәтижесінің өсуі байқалмайды. Ғылыми-зерттеу жұмысына келетін болсақ бұл салада нәтижелік үш есеге өскен: 55,8 баллдан 82 баллға дейін. Есеп жылында тәрбие және қоғамдық жұмыстарының нәтижелері айтарлықтай өсті. (29%). Орташа есептегенде ПОҚ-ның бірінші жүздігі 189,7 баллға дейін жинады.

Әр бір бағыт бойынша қызмет нәтижесінің талдауы көрсеткендей, өз шешімін таппаған проблемалар әліде болсын бар.

Оқу-әдістемелік жұмыстың тарауы 10 пунктімен ұсынылған. Бірақта олардың екеуі мүлдем қызмет етпейтіні болып шықты. Бұл П13 ҚОЖ «Прометей» орналасқан оқулықтардың, оқу және әдістемелік құралдардың электронды нұсқауы». Және де «Авторлық бағдарламаларды дайындау және оқу бағдарламасына енгізу» атты П57. Атап өту қажет егерде қандай болмасын көрсеткіш жоспарланса, онда оның орындалуы қадағалану қажет, ал егерде бұл көрсеткіш қызметсіз болса оны енгізу керек емес.

Университеттің Ғылыми Кеңесімен «МАК «жақсы» және «өте жақсы» деп бағаланған және енгізуге ұсынылған дипломдық жұмыстар, шығу бағдарламасы» П17 пункті толықтырылды.

Мемлекеттік аттестау комиссия отырысының хаттамасында жұмыс қорытындысын енгізу туралы жазба көрсетілмегеніне байланысты, статистикалық есептерді жинау барысында көптеген жағдайда оқытушылардың тиісті баллдары сызылып тасталынды.

5 сүретте ұсынылған гистограмма оқытушылардың ҒЗЖ бойынша жинаған балл сомасына қатысты орналасуын көрсетеді. Баллдың ең көп соммасын жинаған профессор А.М.Муханбетжанова – 585,7 балл; профессор Т.З.Рысбеков– 573,5 балл, доцент К.И.Исмагулов - 435 балл. Дегенімен біз көріп тұрғандай, көп бөлігі 45 балл болып белгіленген өту деңгейінен өте алмапты.


5-сурет. ҒЗЖ бойынша жинаған балл сомасына қатысты ПОҚ орналасуы



6 сүретте ұсынылған гистограмма көрсеткендей, бекітілген индикаторлар шеңберінде, ОӘЖ тарауы бойынша жұмыстың көп бөлігін, ПОҚ-ның аздаған бөлігі орындаған – 34 (11,3%).

6-сурет. ОӘЖ бойынша жинаған балл сомасына қатысты ПОҚ орналасуы

Қызметтің бұл түрінде ең жоғары көрсеткішке қол жеткізгендер: профессор Ә.М.Мұханбетжанова – 574 балл, доцент М.М.Нагымова – 455 балл, доцент Н.М. Щербанов – 284,5 балл. Сонымен қатар 267 оқытушы (88,7%) белгіленген өту деңгейінен өте алмапты.

Жоо оқытушысы қызметінің маңызды бөлімі болып тәрбие жұмысы табылады. 2009-2010 оқу жылында ол 7 индикатор бойынша бағаланды. 7-суретте жұмыстың осы түрі бойынша оқытушылардың жинаған балын бөлу жөнінде куәландыратын гистограмма ұсынылған. Осы бағыт бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген оқытушылар: М.М.Нағымова – 533 балл, Т.С. Хасангалиев – 475 балл, Р.Б.Султангалиева – 464 балла.



Алайда, гистограммада (7 сурет) көрсетілген қорытындылар куәландырып отырғандай тек 80 оқытушы (26, 6 %) белгіленген нормаға сәйкес келіпті.

7-сурет. О ж ТЖ бойынша жинаған балл сомасына қатысты ПОҚ орналасуы

Университеттің құрылым бөлімшелерінің рейтингісі (кафедралар, факультеттер, институттар) салыстырмалы принцип арқылы жүзеге асты. Яғни, кафедра оқытушыларымен жинаған баллдардың саны, штаттық кестеде көрсетілген ПОҚ мағынасына бөлінді. Осыған байланысты құрылымдық бөлімшелер үшін ең маңызды болып барлық ПОҚ құрамының мәліметтерін ұсыну болды. Не болмаса құрылыммен жинаған салыстырмалы балл сомасы рейтингте жоғары орынды алуға мүмкіндік бермеді. 1 кестеде университет кафедраларының ранжілеу қорытындысы көрсетілген. Бірінші орынды 282,1 балл нәтижесімен «Дене тәрбиесі» кафедрасы алды, екінші орынды 205,4 балл нәтижесімен – «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасы, ал 179,9 балл нәтижесімен үшінші орында «Педагогика және психология» кафедрасы орналасты. Кестенің төменгі бөлігінде келесі кафедралар орналасты: «Философия және құқық негіздері» – 1,6 балл, «Есеп және қаржы» – 2,5 балл, «Менеджмент және кәсіпкерлік» – 6,4 балл, «Химия» – 6,5 балл. Ғылыми-педагогикалық потенциалы жоғары және мықты кафедралар болса да, бірақ штаттың 10 бірлігінен, 0,25 жүктемеде жасайтын бір оқытушы тек қана есеп тапсырды. «Философия және құқық негіздері» кафедрасынан статистикалық есепті 5 адам тапсырды, штат бойынша 12 бірлік құрағанымен. «Есеп және қаржы» кафедрасынан 5 адам тапсырды, сол уақытта штаттық кесте бойынша кафедрада 27,25 бірлік жұмыс жасағанымен.

Бірақта көшбасшы-кафедралар штаттық кестеге және статистикалық есеп тапсырған оқытушылар санына қатысты жақсы көрінді. «Дене тәрбиесі» кафедрасында бұл 19,25/16 құрады, «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасында – 19,25/14, «Педагогика және психология» кафедрасында – 28,25/20. Сондықтан да бұл рейтинг ең алдымен тәртіптің орындалу жағдайын және кафедра жетекшілірінің өз ұжымын басқару қабілеттілігін анықтады.



1-кесте

жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау