Жұмыс беруші деп аталып, және «kegoc» АҚ еңбек ұжымының конференциясы уәкілеттік берген «кеgос» АҚ қызметкерлерінің өкілі болып табылатын Қазақстанның Энерготехникалық саласы Қызметкерлері Кәсіби Одағының төрағасы



жүктеу 1,88 Mb.
бет1/4
Дата17.11.2017
өлшемі1,88 Mb.
#562
  1   2   3   4

2013 жылғы 24 желтоқсанда жұмыс беруші өкілдері мен

«КЕGОС» АҚ еңбеккерлерінің 2014-2018 жылдарға арналған

Ұжымдық шартты жасау жөніндегі жиналысында бекітілді

Утвержден

24 декабря 2013 года на собрании представителей

работодателя и работников АО «КЕGОС»

по заключению Коллективного договора

на 2014-2018 годы

Қазақстан Республикасы еңбек және

халықты қорғау министрлігінің уәкілетті

органында 2014 жылғы 28 қаңтарда тіркелді, №58

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы мен қызметкерлердің өкілдері арасында жасалған

2014-2018 жылдарға арналған



ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы мен қызметкерлердің өкілдері арасында жасалған 2014-2018 жылдарға арналған



ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ
Астана қаласы 2013 ж. 24 желтоқсан

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ атынан 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 125 сенімхаттың негізінде әрекет жасайтын Басқарма төрағасының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Бексары Жаңабай Мұратбекұлы, бұдан әрі – Жұмыс беруші деп аталып, және «KEGOC» АҚ еңбек ұжымының конференциясы уәкілеттік берген «КЕGОС» АҚ қызметкерлерінің өкілі болып табылатын Қазақстанның Энерготехникалық саласы Қызметкерлері Кәсіби Одағының төрағасы (бұдан әрі – «Энерготехкәсіподақ» БҚ) Стребков Вячеслав Михайлович, бірге «Тараптар» деп аталып, осы Ұжымдық шартты төмендегілер туралы жасасты.

Еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастар – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, кәсіптік даярлауға, қызметкерлерді қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгілеуге қызметкерлердің (қызметкерлер өкілдерінің) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын қатынастар.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Ұжымдық шарт (бұдан әрі - Шарт) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасының «Кәсіби одақтар туралы» Заңы, басқа нормативтік құқықтық актілер негізінде жасалды.

2. Шарт құқықтар мен міндеттерді жіктеу, Тараптардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау қағидаттары тұрғысынан жасалған, «KEGOC» АҚ-ның тиімді жұмысын, «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған. Шарт қызметкерлер атынан өздері уәкілеттік берген өкілдері атынан жасалады.

Кәсіби одақтардың органдары, олардың бірлестіктері және (немесе) өзге жеке және (немесе) заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген (сайланған) қызметкерлер қызметкерлер өкілдері болып табылады.

«KEGOC» АҚ-да қызметкерлердің бірнеше өкілдері болған жағдайда олар Шартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөніндегі комиссияға қатысу үшін бірыңғай өкілдік органын құрады. Бұл ретте олардың әрқайсысына барабар өкілдік ету қағидаттары негізінде өздері ұсынған қызметкерлердің санына байланысты келіссөздер жүргізу жөніндегі бірыңғай органның құрамында өкілеттік ету құқығы беріледі.

Егер Шарттың қолданыс мерзімі ішінде қызметкер немесе «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің бір бөлігі өз өкілін ауыстырған жағдайда, онда олар бес күндік мерзімде алдағы уақытта әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі келіссөздерге қатысу үшін жаңа өкілдің деректемелері көрсетілген жазбаша нысандағы хабарламаны жұмыс берушінің назарына жеткізуге міндетті. Кодекстің 283-бабы 1-тармағының негізінде қызметкер Шарт тарабы болып табылатыны ескере келе, осы Шарттың күші ешқандай шектеулерсіз қол қойған қызметкерлерге қолданылады.

Жұмыс беруші қызметкерлер (оның ішінде жекелеген қызметкерлер) өкілінің ауысқаны туралы жазбаша хабарламаны алғаннан кейін әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық келіссөздерді жүргізу және осы шартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жобасын дайындау, қызметкерлердің пікірлерін ескере отырып немесе олардың өкілдерінің келісімі бойынша Кодекске сәйкес басылып шығарылатын Жұмыс беруші актілерінің жобаларын талқылау кезінде қызметкерлердің жаңа өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау туралы, сондай-ақ қызметкерлердің жаңа өкілдерінің қатысуымен ұжымдық шарттың орындалуына бақылауды ұйымдастыру үшін шартқа қол қояды.

3. Шарттың күші ұйым қызметкерлері атынан Шарт жасалған Жұмыс беруші мен жазбаша өтініш негізінде оған қосылған қызметкерлерге қолданылады.

Шартты талқылауға және оған қол қоюға қатыспаған және кәсіби одақтың мүшелері болып табылмайтын, бірақ Шарт күшінің оларға қолданылуына ниет білдірген қызметкерлердің жазбаша өтініші негізінде Шартқа қосылуға құқығы бар, оны Шарт тараптары он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Екі жақты комиссия қызметкерлердің Шартқа қосылуы туралы жазбаша өтінішін зерделей келе, одан бас тарту себептеріне дәлелді пікірлер келтіре отырып бас тартуға құқылы.


Шартқа қосылу рәсімі

Шартқа қосылу туралы ниетін білдірген қызметкер тиісті өтінішін (жазбаша түрде) Адами ресурстарды басқару жөніндегі департаментке (бұдан әрі – АРБД)/кадр қызметіне жібереді. Өтініш тіркеледі, тараптардың өкілдеріне өтініштің қабылданғаны туралы хабарлайды, бұдан кейін ол Ұжымдық келіссөздерді жүргізу, Шарттың жобасын дайындау және орындалуын бақылау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін екі жақты комиссияға (бұдан әрі – Келіссөздер жөніндегі комиссия) беріледі.

Қызметкерді Шартқа қосу немесе одан бас тарту туралы шешім Келіссөздер жөніндегі комиссия отырысында қабылданады және комиссия хаттамасында тіркеледі.

4. Шарттың ережелері басшылық пен Тараптардың орындауы үшін міндетті болып табылады. Тараптың ешқайсысының да бір жақты тәртіппен Шарттың кез келген тармақтарын өзгертуге немесе қолданысын тоқтата тұруға құқығы жоқ.

5. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың өзара келісімі бойынша ғана енгізіледі. Келіссөздерді бастау туралы Тараптардың біреуінің талабы екінші Тарап үшін міндетті болып табылмайды. Шарттың барлық толықтырулары мен өзгерістерін Жұмыс берушінің өкілдері мен уәкілетті қызметкерлерінің өкілдері қатарынан құрылатын Келіссөздер жөніндегі комиссия қарайды, Тараптар қол қойған қосымша келісіммен ресімделеді, ол Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және олармен бірдей заңдық күші бар.

6. Шарт ережелерін түсіндіру Тараптардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.

7. Қазақстан Республикасының заңнамасымен салыстырғанда Жұмыс беруші ұсынатын еңбек жағдайлары және оған ақы төлеу, еңбекті қорғау, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы ережелердің қосымша артықшылықтары Шарттың мәні болып табылады. Шартта сондай-ақ қызметкерлер үшін үлкен маңызы бар еңбек туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі ережелері толықтырылып жазылады.

8. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын Шартта көзделген талаптардың нашарлауына алып келетін, жекелеген еңбеккерлердің құқықтарын шектеу, айыру жағына қарай қайта қараған жағдайда, осы Шарт ережелері Шарттың қолданыс мерзімі ішінде күшінде қалады.



2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
9. Жұмыс беруші:

1)  Кодекстің, ұжымдық және еңбек шарттарының, сондай-ақ ішкі нормативтік құжаттардың (бұдан әрі – ІНҚ) талаптарын сақтауға;

 2)  жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерлермен Кодексте белгіленген тәртіп пен талаптарда еңбек шарттарын жасасуға;

 3) қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыруға;

 4) еңбеккерге еңбек шартында уағдаласқан жұмысты беруге;

 5) еңбеккерге уақытында және толық көлемде жалақысын және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек және ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген өзге де төлемдерді төлеуге;

6) қызметкерді ұйымның еңбек тәртібі ережелерімен, қызметкердің жұмысына тікелей қатысы бар Жұмыс берушінің өзге актілерімен (еңбек функцияларымен) және Шартпен таныстыруға;

7) қызметкерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу үшін қажетті толық және шынайы ақпарат беруге, ұжымдық шарттар жасасуға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға;

8) қызметкерлердің Өкілдерінің ұсыныстарын қарауға, Кодексте белгіленген тәртіпте ұжымдық келіссөздер жүргізуге, шарт жасасуға;

9) «Электр энергетикасы саласындағы ұйымдардың қызметкерлеріне жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқ киім мен басқа жеке қорғану құралдарын берудің салалық нормаларын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 10.07.2008ж. №169-б және «Құрылыс, құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқ киім мен басқа жеке қорғану құралдарын берудің салалық нормаларын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 10.07.2008ж. №170-б бұйрықтарымен, сондай-ақ «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы киім мен басқа жеке қорғану құралдарын беру, қызметкерлерді ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету; қызметкерлерге жұмыс берушінің есебінен сүт беру нормаларын; қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 05.12.2011ж. №1458 қаулысына сәйкес қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасауға, арнайы аяқ киім мен аяқ киім беруді және оларды жөндеуді қамтамасыз етуге, қызметкерлерді қолданыстағы нормалар бойынша профилактикалық өңдеу құралдарымен, жуғыш және дезинфекциялайтын құралдармен, медициналық дәрі-дәрмек қобдишаларымен, сүтпен, емдік-профилактикалық тағаммен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен жабдықтауға;

10) өз қаражаты есебінен қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындауы үшін қажетті жабдықтармен, аспаптармен, техникалық құжаттармен және басқа да құралдармен қамтамасыз етуге;

11) қызметкерлерді міндетті әлеуметті сақтандыруды жүзеге асыруға;

12) қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына оның еңбек міндеттерін атқаруы кезінде келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруға;

13) Кодекске және ІНҚ-ға сәйкес демалыстар беруге;

14) қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған ақшаның ұсталғаны мен аударылғаны туралы мәліметтердің сақталуы мен мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге;

15) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген тәртіппен қызметкерлердің кәсіби дайындықтарын, қайта даярлануы мен олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге;

17) «Энерготехкәсіподақ» БҚ-ға денешынықтыру, мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру үшін еңбек ақы төлеу қорынан кемінде 0,25% және жыл қорытындылары бойынша нақты табыстан сауықтыру іс-шаралары үшін еңбек ақы төлеу қорынан кемінде 0,2% қаражат бөлуге;

18) «Зиянды өндірістік факторлардың, міндетті медициналық тексерулер жүргізілетін кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексерулер жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2012ж. №166 қаулысына сәйкес өз қаражаты есебінен (еңбек қызметі кезінде) міндетті мерзімдік медициналық тексерулер мен қызметкерлерді ауысым алды медициналық куәландыруды Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек шарттары өзгерген басқа жұмысқа ауыстыру кезінде немесе кәсіби аурудың белгілері пайда болғанда жүргізуге міндетті.

10. Жұмыс берушінің:

1) Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша қызметкерлермен жасалатын еңбек шарттарын өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;

3) қызметкерлерден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын, еңбек тәртібінің ережелерін және Жұмыс берушінің басқа актілерінің орындалуын талап етуге;

4) қызметкерлерді көтермелеу, тәртіптік жазаға тарту, Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тартуға;
5) еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкер келтірген зиянның орнын толтыртуға;
6) қызметкерге үш айдан аспайтын сынақ мерзімін белгілеуге;

7) еңбеккерді оқытуға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға байланысты өзінің шығыстарын өтетуге құқысы бар, егер ол еңбек шартының және ІНҚ талаптарымен келісілген болса.

11. Қызметкерлер:

1) еңбек міндеттерін еңбек шарттарына, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;

2) еңбек тәртібін және іскерлік этикасын сақтауға;

3) қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен жұмыс орнындағы өндірістік санитарияның талаптарын сақтауға;

4) Жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкіне ұқыптылықпен қарауға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шекте жұмыс берушіге келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.

12. Қызметкерлердің:

1) Кодексте көзделген тәртіппен және талаптармен еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;

2) Жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың, Жұмыс беруші актілері талаптарының орындалуын талап етуге;

3) қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға;

4) еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес жалақының уақытында және толық көлемде төленуіне;

5) демалысқа, с.і. әлеуметтік демалыстарға, ақылы жыл сайынғы еңбек және қосымша демалыстарға;

6) кәсіби одақтар немесе басқа одақтар құруды қоса алғанда, бірлестіктерге, сондай-ақ өзінің еңбек құқықтарын көрсету және қорғау үшін оларға мүшелікке кіруге, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге көзделмесе;
7) өзінің өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеуге қатысуға;

8) Кодексте және ІНҚ көзделген тәртіппен кәсіби даярлыққа, қайта даярлануға және өзінің біліктілігін арттыруға;

9) еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыртуға;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;

11) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген кепілдіктер мен өтемдік төлемдерге; 

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға, сондай-ақ еңбек және ұжымдық шарттарға сәйкес жеке және ұжымдық құралдармен, арнайы киімдермен қамтамасыз етілуге;

13) Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге заңдарында белгіленген тәртіппен жеке және ұжымдық еңбек дауларының шешілуіне құқығы бар.

13. «Энерготехкәсіподақ» БҚ-ның:

1) Шарт шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыс беруші мен қызметкер арасында туындаған басқа әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша Жұмыс берушімен келіссөздерде қызметкерлердің өкілетті өкілі болуға;

2) «Кәсіптік одақтар» Қазақстан Республикасының Заңымен және өзге заңнамалық актілермен және Шартпен белгіленген өкілеттіктер шегінде ақпаратты Жұмыс берушіден сұратуға құқысы бар.


14. «Энерготехкәсіподақ» БҚ:

1) Компанияның қызметін оңтайландыру жөнінде келісілген іс-шараларды жүргізу кезінде еңбек ұжымдарындағы шиеленушілікті азайтуға көмектесуге;

2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, осы Шартты түсіндіру жөніндегі жұмысты жүргізуге, қызметкерлердің «KEGOC» АҚ-ның мүлкіне саналы түрде және ұқыптылықпен қарауын қалыптастыруға;

3) кәсіподақ мүшелері болып табылатын Компания қызметкерлерінің белгіленген әлеуметтік кепілдіктері мен осы Шарт қағидаларын орындауда заңнаманы сақтау бөлігінде олардың мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге;

4) кәсіподақ мүшелеріне олардың қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларына арналған құқықтарын қорғауға көмек көрсетуге, ерекше жағдайлардағы жұмыстары үшін өтемақылар беруге, мемлекеттік өкімет органдарында, сотта, құқық қорғау және бақылаушы органдарда олардың мүдделерін білдіруге;

5) еңбек дауларын шешу кезінде Жұмыс берушімен келіссөздерде кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлердің мүдделерін білдіруге;

6) Жұмыс берушінің бастамасы бойынша кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлермен жасалған еңбек шартын бұзу туралы Жұмыс берушінің немесе оның өкілінің өтінішін осы Шартпен белгіленген мерзімде қарауға;

7) Жұмыс берушінің жазбаша ақпараты бойынша қызметкердің атқаратын лауазымына сәйкестігіне аттестаттау жүргізілер алдында, сондай-ақ Кодекстің 54-баптың 1-тармағының 2), 3) тармақшалары бойынша Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу кезінде және 59-баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еңбек шартын тоқтату кезінде кәсіподақ мүшелерінің саны туралы ақпаратты ұсынуға;

8) 7 күнтізбелік күн ішінде кәсіптік одақтың мүшелері болып табылатын қызметкерлерге қатысты Жұмыс берушінің өтініші бойынша олармен жасалған еңбек шартын бұзу (қызметкерлердің санын немесе штатын қысқарту, қызметкердің атқаратын лауазымға немесе атқаратын жұмысына біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан сәйкес келмеуі) немесе қызметкердің еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмысты жалғастырудан бас тартуы себепті оны тоқтату туралы Жұмыс берушінің өтініші бойынша дәлелдер келтірілген пікірді ұсынуға;

9) Компания қызметкерлерінің арасында спорттық-сауықтыру және мәдени-ағарту іс-шараларын өткізуге және ұйымдастыруға міндетті.



3. ЕҢБЕК ШАРТЫ
15. Жұмысқа қабылданған кезде еңбек қатынастары жазбаша еңбек шартын айқындалмаған мерзімге, айқындалған, бірақ бір жылдан кем емес мерзімге, белгілі бір жұмысты орындау уақытына және уақытша жұмыста жоқ еңбеккердің орнын алмастырған уақытқа жасай отырып ресімделеді.

      Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен еңбек шарты, ол атқаратын еңбек функциясы бойынша қайтадан жасалған жағдайда, ол да белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі.


      Еңбек шарттары белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір мерзімге жасауға тыйым салынады.
      Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі соңғы жұмыс күні (ауысым) ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі;

16. Кодекстің 185-бабының 2-тармағына сай егер еңбек шартының аяқталатын мерзіміне жұмыста жоқ қызметкердің орнын алмастыратын жағдайлардан басқа, он екі аптадан асатын мерзімдік жүктілігі туралы медициналық қорытындыны тапсырған жағдайда әйелдердің еңбек шартын ұзартуға құқығы бар. Еңбек шартының мерзімін ұзарту жүктілік мерзімі көрсетілген Дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ДКК) анықтамасы мен бала күтімі бойынша демалысы аяқталатын күнге баласы үш жасқа толғанға дейін еңбек шартының мерзімін ұзарту туралы жүкті әйелдің жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады. Еңбек шартының мерзімін ұзарту еңбек шартының ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісіммен ресімделеді.

17. Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шартының негізінде шығарылатын Жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. Еңбек шарты мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады, олардың біреуі Жұмыс берушіде болады, екіншісі жазбаша нысанда қызметкердің алғанын растай отырып беріледі.

Жұмысқа қабылдау кезінде Жұмыс беруші қызметкерді ұйымдағы Еңбек тәртібі ережесімен, қызметкердің жұмысына, Шартқа қатысы бар (еңбек функциялары) Жұмыс берушінің өзге актілерімен таныстыруға міндетті.

Жұмысқа қабылданған кезде және одан кейін еңбек шартының қолданыс мерзімі ішінде қызметкер ІНҚ және Жұмыс берушінің актілерімен танысуға және танысқаннан кейін оларды орындауға міндеттенеді. Қызметкер Жұмыс берушінің актілерімен немесе Шартпен танысудан бас тартқан жағдайда бұл оны тәртіптік жазалауға тарту үшін негіз болып табылады.

18. Еңбек шартында тапсырылатын жұмысқа қызметкердің біліктілігінің сәйкес келуін тексеру мақсатында сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі еңбек шартының қолданысы күшіне енген күннен басталады және үш айдан аспайды. Сынақ мерзіміне егер қызметкер жұмыста нақты болмаған кезең есептелмейді. Сынақ мерзімі кезеңінде жұмыста болмау себептеріне қарамастан жұмыс орнында жұмыс уақытында қызметкер болмаған жағдайда сынақ мерзімі қызметкер болмаған күндерге ұзартылады.

19. Жұмыс беруші мен қызметкер жасалған еңбек шартының талаптарын орындауға міндеттенеді. Осыған байланысты жұмыс беруші қызметкерлерден еңбек шартында уағдаласпаған жұмыстардың орындалуын талап етуге құқығы жоқ. Еңбеккердің келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстыруға тек Кодексте көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.

 

20. Қызметкердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзгелей зақым келуіне байланысты немесе денсаулығына зақым келуі өндіріске байланысты емес жағдайларда және медициналық қорытындыда көрсетілген ұсынымдарға сәйкес неғұрлым жеңіл жұмысқа ауысу мүмкіндігі болмаған кезде Жұмыс беруші қызметкерді денсаулық жағдайы бойынша оған қарсы көрсетілімдері бар жұмыстан босатады. Қызметкер денсаулық жағдайы бойынша оған қарсы көрсетілімдері бар жұмыстан босатылған кезеңде тиісті Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген айлық жалақысының ең төменгі мөлшері сақталады. Жұмыс уақытын есепке алу табелінде қызметкер денсаулық жағдайы бойынша оған қарсы көрсетілімдері бар жұмыстан босатылған кезең ақылы жұмыс істелінбеген уақыт ретінде тіркеледі және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуға құқық беретін еңбек өтіліне енгізіледі. Қызметкер денсаулық жағдайы бойынша оған қарсы көрсетілімдері бар жұмыстан босату мерзімі медициналық қорытындымен немесе еңбек қабілеті қалпына келгенге немесе мүгедектігі белгіленге дейін немесе кәсіби еңбек қабілетінің жойылуын белгіленге дейін анықталады.



Жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтын басқа жұмысқа орташа жалақысын сақтай отырып ауыстыруға міндетті.

21. Жүкті әйелді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтын басқа жұмысқа ауыстырғанға дейін оның барлық өткізіп алған жұмыс күндеріне Жұмыс берушінің қаражаты есебінен орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылуға жатады.

Жұмыс уақытын есепке алу табелінде қызметкер денсаулық жағдайы бойынша оған қарсы көрсетілімдері бар жұмыстан босатылған кезең ақылы жұмыс істелмеген уақыт ретінде тіркеледі және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуға құқық беретін еңбек өтіліне енгізіледі. Қызметкерді денсаулық жағдайы бойынша оған қарсы көрсетілімдері бар жұмыстан босату мерзімі медициналық қорытындымен уақытша ауыстыру үшін оған лайық бос орын іздестірілгенге дейін немесе жүктілігі мен босануы бойынша демалысқа шығуға құқық беретін уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейін анықталады.

22. Өндірістегі өзгерістерге байланысты, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемдерін қысқарту кезінде Жұмыс беруші еңбек шартында келісілген лауазымы, мамандығы немесе кәсібі, тиісті біліктілігі бойынша жұмысты олардың одан әрі жалғастыруы кезінде қызметкердің еңбек жағдайларын өзгертуге жол береді. Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек және (немесе) ұжымдық шарттарға тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Еңбек жағдайларының өзгергені туралы Жұмыс беруші қызметкерді және (немесе) оның өкілін бір айдан кешіктірмей жазбаша ескертуі тиіс. Егер қызметкер жаңа талаптармен жұмысты жалғастыруға келіспесе, онда Жұмыс берушіге хабарламаны алғаннан бастап бір айдың ішінде жазбаша бас тарту хатын ұсынуы тиіс. Ондай жағдайда, жұмыс беруші оның біліктілігі мен денсаулық жағдайына сәйкес келетін өзге жұмыс болған жағдайда оған оны жазбаша нысанда ұсынуға міндетті, ондай жұмыс болмаған жағдайда – қызметкер бос төменгі лауазымды немесе ақысы төмен жұмысты өзінің біліктілігі мен денсаулық жағдайына қарай атқара алады. Еңбек жағдайының өзгеруіне байланысты жұмысты жалғастырудан қызметкер жазбаша түрде бас тартқан жағдайда Кодекстің 59-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 48-бабының 3,4-тармақтарымен көзделген негіздер бойынша қызметкермен жасалған еңбек шарты тоқтатылады.

23. Қызметкерлер санының немесе қызметкерлер штатының қысқартылуына байланысты барлық мәселелерді Жұмыс беруші қызметкердің уәкілеттік берілген Өкілімен бірлесе отырып қарайды.

24. Кодекстің 54-бабының 1-тармағының 2), 3) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша (қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы немесе қызметкердің атқаратын лауазымына сәйкес келмейтін немесе атқаратын жұмысына жеткілікті біліктілігі болмаған жағдайларда Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу) кәсіподақтың мүшелері болып табылатын қызметкерлермен еңбек шартын бұзу, сондай-ақ Кодекстің 59-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еңбек шартын тоқтату (еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметкердің жұмысты жалғастырудан бас тартуы кезінде еңбек шартын тоқтату) қызметкерлердің уәкілеттік берілген Өкілдерінің дәлелді пікірлерін ескере отырып жүргізіледі, оны баяндау тәртібі Шартпен көзделеді.

1) Ұйымның таратылуына немесе қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты еңбек шарты бұзылған жағдайда Жұмыс беруші қызметкерді бір ай ішінде жазбаша ескертуге міндетті, егер өзге Шартпен көзделмесе. Жұмыс беруші қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда қызметкерлерді 1 (бір) ай ішінде жазбаша хабарландыруға міндеттенеді, бұл ретте хабарлама лауазымдары нақты қысқартылатын қызметкерлерге тапсырылады. Алдағы уақытта еңбек шартын бұзу туралы хабарлама мерзімі Жұмыс берушінің бастамасы бойынша Кодекстің 54-бабының 1-тармағының 1), 2) тармақшалары бойынша екі айға дейін ұзартылуы мүмкін. Қызметкердің жазбаша келісімі бойынша жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша қызметкер еңбек шартын бұзу туралы қол қойған хабарламадағы бұзылатын күні көрсетілген бір айлық ескерту мерзім аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.

2) Егер алдағы уақытта еңбек шартын бұзу туралы хабарламадағы мерзім жұмыс емес күнге аяқталатын жағдайда, онда мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі бірінші жұмыс күні болып есептеледі.

3) Алдағы уақытта еңбек шартын бұзу туралы хабарлама қызметкерге табыс етілген күннен бастап екі күнтізбелік айда еңбек қатынастары нақты жалғастырылған жағдайда хабарламаның күші жойылған деп есептеген жөн. Егер қызметкерді босату туралы хабарлама берілген күннен бастап екі ай аяқталған соң қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында немесе басқа демалыста немесе еңбекке уақытша жарамсыз болса, хабарламаның күші жойылады, және қызметкермен еңбек шартын бұзу ол жұмысқа шыққан бірінші күні жүзеге асырылады.

4) Бір тоқсан ішінде қызметкерлердің саны немесе штаты 10 және одан көп адамға жаппай қысқартылатын жағдайда Жұмыс беруші шартты бұзғанға дейінгі үш ай ішінде жұмыспен қамту органын, сондай-ақ әлеуметтік мәселелер бойынша жұмыстан босатылатын қызметкерлердің ққажеттілігін толығымен қанағаттандыру үшін тиісті кәсіподақ органын хабардар етуге міндетті.

5) Қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты еңбек шартын бұзу кезінде Жұмыс беруші бос орын болған жағдайда қызметкерді басқа жұмысқа оның жазбаша келісімімен, денсайлық жағдайын ескере отырып басқа жұмысқа ауыстыру жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Қызметкер басқа жұмысқа ауыстыру туралы ұсынысты оны алған күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде қарауға және Жұмыс берушіге жазбаша жауап беруге міндетті. Қызметкердің басқа жұмысқа ауыстыру туралы жазбаша жауабы ұсынылмаған жағдайда Жұмыс беруші Кодекспен көзделген рәсімдерді сақтай отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы.

6) Қызметкер соңғы жұмыс күні еңбек шартын бұзу туралы Жұмыс берушінің актісінің көшірмесімен танысуға және еңбек кітапшасын (қызметкерде ол болған жағдайда) алуға міндетті.

7) Кодекстің 54-бабының 1-тармағының 2), 3) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша кәсіподақтың мүшелері болып табылатын қызметкерлермен Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу, сондай-ақ Кодекстің 59-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еңбек шартын тоқтату кәсіби одақтың дәлелді пікірлерін ескере отырып мынадай тәртіппен жүргізіледі:

- Еңбек шарты бұзылады деп жоспарланып отырған күнге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей Жұмыс беруші Кодекстің 54-бабының 1-тармағының 2), 3) тармақшалары бойынша кәсіподақ мүшелерімен алдағы уақытта еңбек шартын бұзу туралы кәсіподақ органын жазбаша хабарландырады.

- Еңбек шарты тоқтатылады деп жоспарланып отырған күнге дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей Жұмыс беруші Кодекстің 59-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы бойынша кәсіподақ мүшелерімен алдағы уақытта еңбек шартын бұзу туралы кәсіподақ органын жазбаша хабарландырады.

- Кәсіподақ органы Жұмыс берушіден кәсіподақ мүшелерімен алдағы уақытта еңбек шартының бұзылатыны туралы хабарламаны алған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде шешім қабылдайды, ол туралы Жұмыс берушіні тиісті хаттаманың деректемелері көрсетілген хаттаманың көшірмесін беру жолымен жазбаша хабарландырады.

8) Кәсіподақ ұйымының еңбек шартын бұзудан немесе тоқтатудан бас тарту түріндегі дәлелді пікірін Жұмыс беруші алған жағдайда Жұмыс беруші еңбек қатынастарын сақтауға міндетті. Жұмыс беруші еңбек шартын бұзу немесе тоқтатудың негізделген себептерін (аталған Шартқа қарама қайшы келмейтін) кәсіподақ органына тапсырғаннан кейін ғана және кәсіподақ органының келісімін алғаннан соң Еңбек шартын бұзу немесе тоқтату рәсімдерін жалғастыруға құқылы.

9) Шартпен белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін кәсіподақ органының дәлелді пікірі болмаған жағдайда Жұмыс беруші қызметкерді хабарландыру мерзімі аяқталғаннан кейін онымен жасалған еңбек шартын кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескерместен бұзуға құқылы.

25. Қызметкердің атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына жеткілікті біліктілігінің жоқтығынан еңбек шартын бұзу қызметкерді аттестаттау нәтижелері негізінде жүргізіледі. Аттестаттау комиссиясының құрамына қызметкерлердің уәкілеттік берілген өкілдері енгізілуі тиіс.

Қызметкерлерді аттестаттау тәртібі, талаптары мен мерзімділігі қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша шығарылған Жұмыс берушінің актісімен анықталады.

26. Жұмыс режимі, демалыс уақыты, еңбеккерлерге қолданылатын көтермелеу мен өндіріп алу және басқа да еңбектік қарым-қатынастар Еңбек тәртібі ережесімен, ІНҚ және қызметкерердің уәкілеттік берілген өкілдерінің келісімі бойынша Жұмыс беруші бекіткен актілерімен реттеледі.


жүктеу 1,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау