ІV. Қорытынды
Мен қорыта келе жүзімнің пайдалы екенін айтқым келеді және Қытайдың ерте заман жазбаларында оны «қоянкөз» деп атап былай суреттейді:
«Үлкендігі атбас бұршақ, қарашы,
Ақшыл жасыл-көгілжім түс арасы.
Мөлдірейді асыл тастай жарқырап,
Айырып көр жақұттан, жоқаласы» — деп суреттейді.
Олардың адам ағзасы тигізер пайдалы жақтары мен сан алуан емдік қасиеттерінің сырын жаздым. Тіпті түрлі фармацевтикалық компаниялар жүзімді БАД өндіруде ертеден бері қолданып келеді. Олардың құрамына жүзім экстракттары кіреді. Әсіресе, жүзімнің сүйегі мен қабығы жоғары бағаланады. Мәселен, ұсақталған жүзім қабығы мен сүйегінен жүрекке арналған ұнтақ және көптеген сергектендіретін дәрі-дәрмектер дайындалады.Ертеден бері жүзім сұлулықты арттыру үшіп пайдаланылады. Қазір кез келген косметикалық фирмалардан құрамында жүзім кездесетін өнімді таба аласыз. Бұл негізінен бетке арналған кремдер. Бұл кремдердің құрамында антиоксидантты өнімдер көп. Алайда, жүзімнің көмегімен косметикалық өнімді үйде дайындауға болатынын да ұмытпаңыз.Жүзімнің ұлпасынан беттің майлылығын қалыпқа келтіріп, бетті сергектендіре түсетін маскалар жасауға болады.Бұл күндері целлюлитке қарсы өнімдерде жүзім белсенді қолданыла бастады.Байқаған шығарсыздар, жүзімнің пайдалы тұстары өте көп. Сақтықта қорлық жоқ! Демекші дұрыс жуылмаған жүзімде пестицид, ашытқы саңырауқұлақтары, шаң-тозаң қалдықтары қалып қоюы әбден мүмкін; Қара жүзім бас сақинасы ауруын жүдетіп жіберуі мүмкін; Алқызыл жүзімнің құрамындағы таниндар сақина ауруын тудыруы мүмкін. Сондықтан жүзімді мөлшерден тыс жеуден аулақ
Жүзімнің ең жақсысы - ұстағанда қатқылдау болатыны және ашық түсті келгендері. Жасыл түстегі жүзім алғыңыз келсе, сәл сарғыштауын, қара жүзімді қаласаңыз, қою түстісін таңдаған жөн. Жүзімді мүмкіндігінше сыртқы тозаңымен сақтай білген дұрыс. Сабағының құрғап қалғандығы – жүзімнің үзілгеніне біраз уақыт болғанын көрсетеді. Тез үзіле қоймауы жүзімнің сапасын білдіреді. Бір тал жүзімнің шіри бастауы тұтастай бір шоқ жүзімнің шіруіне алып келеді. Жүзімді сатып алғаннан кейін көп уақыт ұстамаған жөн. Жүзім міндетті түрде суық жерде сақталуы тиіс. Бөлменің жылылығы жүзімді тез солдырады. Жүзім тоңазытқышта бір-екі күн бойы бұзылмастан сақталып тұра береді. Тоңазытқыштан алынған жүзімді бір сағаттан кейін жесе, дәмі анағұрлым тәтті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |