Этапы исследования: в зависимости от цели и специфики темы исследовательской работы использовались литературно-исторический, системно-описательный, повествовательный, сравнительный анализ и обобщение, систематизация и методы ее интерпретации.
Теоретическая значимость исследования: наряду с большим диапазоном полезных свойств, в винограде выявлен широкий спектр возможностей и значений признаков отказа от его применения.
Практическая значимость исследования: накопленный в результате исследования материал может быть использован в дальнейшем для дальнейшего изучения и изучения свойств винограда, а также может быть включен в программу дополнительных элективных курсов по школьным предметам.
Результаты самостоятельности исследования:
- Определены лечебные свойства винограда, насыщенные полезными витаминами;
- Использование винограда в качестве ухода за кожей в косметической сфере, история происхождения плодов;
Научная новизна научного проекта: познавательно изучены целебные свойства винограда при различных недугах.
І. КІРІСПЕ
Жер бетінде ең алғаш пайда болған өсімдіктердің бірі – жүзім. Оның жапырақтарының ізі мен дәндерінің қалдықтары сонау бор дәуірінің қазба жұмыстарының арасынан табылған. Сондай деректерге қарап, мыс және қола дәуірінде жүзімнің дәл бүгінгідей өсіріле бастағанын байқаймыз. Археологтар жүзім ұрықтарын көбіне өзен маңындағы қоныстардан кезіктірген екен.
Жүзім (лат. Vitis) – жүзім тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі. Жүзімнің 70-ке жуық түрі бар. Қазақстанда дақылдық Жүзім (V. vіnіfera) өсіріледі.
Жүзім – шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық түрі бар. Зерттеушілер тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері болады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор. Егер жүзім түбі ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін. Дұрысы, жүзім түптерін ашуға сөл жүре бастаған кезде кірісіп, бүршік бөрте бастағанға дейін аяқтау қажет. Мол және тұрақты өнім алу үшін жүзімді уақтылы тыңайтып отыру қажет. Жүзімнің гүл шоғырлары өсіп келе жатқанда азотпен, жеміс өсе бастағанда фосфор және калий тыңайтқышымен қоректендіреді. Жүзім сабағын аспаларға өнімнің салмағын көтере алатындай берік жіппен байлау қажет. Өсу кезеңі ішінде жүзім сабағы жуандайтын болғандықтан, байлаған
жіп сабақты қиып кетпуі үшін, кеңірек етіп байлау керек. Синтетика жіпті және сымды пайдалануға болмайды. Көктемде қырқу-кесу жұмыстары жүргізілмесе, онда күзде міндетті түрде жасау қажет, өйткені бұтақтары жиі болып кеткен жағдайда, жеміс беру сапасы нашарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |