Сабақтың мақсаты: Жасушадағы зат және энергия алмасу тіршілікке
тән қасиет екенін біле отырып, өз бетінше ізденуге, ауызекі сөйлеуге үйрену.
Оқып үйренудің міндеттері 1.Жасушадағы зат және энергия алмасу туралы білімді меңгереді.
2.Мәтінге талдау жасауды үйренеді, сұрақ қою дағдысы мен сөйлеу мәдениеті жетіледі.
3.Ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасы нығаяды, бір-біріне сенімділігі артады.
Әдіс-тәсілдері: «Ой шақыру стратегиясы (Кластер), ЖИГСО, Топтық жұмыс. АКТ.
Негізгі дереккөздері: Мұғалімге
арналған нұсқаулық, әдістемелік нұсқау, интернет, электронды оқулық.
Ресурстар:,флипчарт, маркер, стикер, кестелер, конверттегі сұрақтар.
№
|
Сабақ
кезеңдері
|
Уақыты
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Күтілетін
нәтиже
|
Бағалау
|
1.
|
Ұйымдастыру
|
3мин
|
Топқа бөлу.(сандар арқылы топқа бөлу, 1, 2 Психологиялық ахуал:әр топ бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, оқушылар арасында еркіндік атмосферасын орнату.
Бағалау парағын тарату.
І топ
ІІ топ
|
Оқушылар жылы лебізбен бір-біріне жақсы қасиеттерін айтады.Оқу құрал-жабдықтарын дайындайды.
|
Оқушының сабаққа деген ынтасы артады
|
|
2
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
5мин
|
«Сұрақты ұстап ал» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.(Допты лақтыру арқылы сұрақ қою, оқушыларға бағытталады.) Мыс:Неге бірден көп мөлшерде тамақ ішуге болмайды?
|
Оқушылар сұраққа жауап беріп, келесі оқушыға сұрақты қояды. Сөйтіп оқушылар кезектесе жауап беріп, бір-біріне сұрақ қояды.
|
Оқушы өз мүмкіндіктеріне қарай сұраққа жауап береді, сұрақты нақты қоюға дағдыланады.
|
Бағалау критерийлері арқылы топ басшылары бағалайды.
|
3
|
Жаңа сабақ
|
25мин
|
1.Ой шақыру стратегиясы. Зат алмасу туралы жалпы түсінік қалыптастыру. Кластер құру. (Тақтаға)
2 ЖИГСО әдісі арқылы жаңа сабақты түсіну.
№ 1 оқушылар Зат алмасу.
№2 оқушылар Органикалық қосылыстардың алмасуы
№3 оқушылар Су мен минералды тұздардың алмасуы
Барлық топтағы сәйкес нөмірлі оқушылар бірігіп, мәтінді оқып талқылап , өз топтарына қайтып келіп, мәтінді түсіндіреді.
3.Электронды оқулықпен жұмыс. «Зат және энергия алмасу» тақырыбынан үзінді көрсету.
|
1оқушылардың ойы мен бұрынғы білімі анықталады..
2.Мәтінді бөліп оқиды.
3.Топта талқылайды. Бірін-бірі тыңдайды.
4.Тақырыпты толықтыра отырып ізденеді.
5.Оқушылар топ болып бірлесе жұмыс атқарады.
Электронды оқулық арқылы өздерінің білімдерін толықтырады.
|
Оқушылар жеке өз бетімен ойланады, проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі дамиды, мәтінге талдау жасауды үйренеді, белсенді тыңдайды.
|
Топ басшысы бағалау парақшасына баға қойып отырады.
|
4
|
Бекіту
|
6мин
|
Термин сөздерге түсінік беру. (Конверттегі құпия сөзді табу). Әр топ бір-біріне жасырылған сөзге сипаттама бере отырып, сол сөзді табуға нұсқау береді.
|
Әр оқушы бүгінгі сабақ бойынша бір сөйлемнен айтып шығады. Қалғандары ол сөйлемді қайталамауы керек.
|
Ой толғауға дағдыланады, есте сақтау мен сөйлеу дағдылары жақсарады.
|
Топ бір-бірін бас бармақ әдісі арқылы бағалайды.
|
5
|
Қорыту
|
3мин
|
«Сиқырлы қалам» әдісі арқылы сабақты қорыту.
Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
|
Ойларын жүйелейді, қорытындылайды.
|
Тақырыпты жүйелеп, жинақтап қорыту дағдысы дамиды
|
Кері байланыс жүргізуде стикерлерге жазу арқылы тақтаға іледі
|
6
|
Үйге тапсырма
|
1мин
|
Үй тапсырмасын тақтаға жазу , нұсқау беру.
Тақырыпты оқу, қосымша іздену, кестені дәптерге толтыру.
|
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады
|
|
|