Сұрақтар:
1. Жоғары деңгейдегі сұрақтар дегеніміз не?
2. Жоғары деңгейдегі сұрақтарды сабақ үрдісінде қолданасыз ба?
3. Жоғары деңгейдегі сұрақтарды кімдерге қоясыз?
4. Жоғары деңгейдегі сұрақтардың қарапайым сұрақтардан айырмашылығы неде?
5. Жоғары деңгейдегі сұрақтарды қандай тапсырмалар беру арқылы қоясыз?
6. Жоғары деңгейдегі сұрақтарды проблемелалық сұрақтар деп айтуға болады ма?
7. Жоғары деңгейдегі сұрақтарға қандай сұрақтар кіреді деп ойлайсыз?
Талдау жүргізу
Коучинг барысында іс-әрекетім жүйелі жүру үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:
1.Мұғалімдердің ынтасын арттыру жолындағы тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау және оны шешу жолдарын табу.
2.Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы көшбасшылар шығарып, өз іс-әрекеттерін сын тұрғысынан ойлауға дейін жеткізу.
Мақсатыма жету үшін жауапкершілікті сезіне отырып, өзіме нәтижеге жетуді міндет етіп алдым.
Слайд көрсету арқылы мұғалімдерді ойланту үшін Блум таксономиясының кезеңдеріне бірнеше мысал беремін. Ол мысалдарды алты кезеңге бөлу керек болатын. Бұл тапсырмада мұғалімдерде кішкене түсінбеушілік туындауы мүмкін, Бенжамен Блум жайында және Блум таксономиясын қайта түсіндіріп өткесін, үш топ постер қорғауға қызу кірісіп кетті.
Постер қорғауда бірінші, екінші, үшінші топтан көшбасшы шығып, тапсырманы Блум таксономиясына салып берді. 3 топқа постер қорғау ұсынылды. І топ: «Жоғары деңгейдегі сұрақтардың қарапайым сұрақтардан айырмашылығы неде?», ІІ топ: «Жоғары деңгейдегі сұрақтарды қандай тапсырмалар беру арқылы қоясыз?», ІІІ топ: «Жоғары деңгейдегі сұрақтарды қандай тапсырмалар беру арқылы қоясыз?» деген тақырыптарда топтық жұмыс қорғады. Топтық жұмыс барысында әр топта жүйелі жұмыс болды, топ мүшелері барлығы бірдей белсене қатынасты, топтардың ұйымшылдығы көрінді.
Әр топ бір-біріне сағат тілі бағыты бойынша «Сэндвич» әдісі арқылы кері байланыс берді.
Топтардың жұмысы «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағаланды.
Кері байланыс парағында мұғалімдер жаңа технологияға қызығушылықтарының артқанын және сабаққа қолдануға тиімді екендігін жазды.
Коуч сессия өте қызықты және сәтті өтеді деп ойлаймын. Өйткені, әр топта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты. Орындалып жатқан тапсырмалардан жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді екенін және оны болашақта өз сабақтарында іске асыратындарына сенімді болды деген ойдамын. Коучингке қатысқан мұғалімдер арасынан үлкен қызығушылық танытқан әріптестер өздерінің сұрақтарын қойып, қызығушылықтарын танытып, оң бағаларын берді.
Коучинг жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |