Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0,74 Mb.
бет3/4
Дата07.12.2017
өлшемі0,74 Mb.
#3448
түріБағдарламасы
1   2   3   4

2. Оқытушы жөнінде ақпарат:


География магистрі, аға оқытушы

Чашина Бибігүл Асқарқызы


География және туризм кафедрасы

Тел. (ішкі 1277)

Қабылдау уақыты: жұма – 1000-ден 1200-ге дейін, ауд. № 313


3. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты – студенттерге ақпараттық технологиялар құралдарының көмегімен кәсіби іс-әрекетінің тиімділігін көтеру үшін қажетті білімдер, икемділіктер мен дағдылар кешенін меңгерту.

Пәнді оқытудың міндеттері:

  • студенттерді туризмдегі ақпараттық технологиялардың аппараттық және бағдарламалық қамсыздандырылуымен таныстыру;

  • туристік кеңсенің техникалық және бағдарламалық қамсыздандырылуын, туризм саласында ақпараттар базасын басқару жүйелерін қолдануды қарастыру;

  • студенттерге жергілікті және ғаламдық компьтерлік желілерді құру және қызмет ету, туризм саласындағы мекемелерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерді құру негіздері бойынша білім беру;

  • студенттерге туристік өнімді қалыптастыру, нарықта өткізу үшін қолданбалы бағдарламалар, броньдау мен резервте сақтаудың автоматтандырылған жүйелері, қонақүй және мейрамханалық бизнесті басқару жүйелерін автоматтандыру туралы мәлімет беру;

  • туризмдегі электрондық сауда жасаудың ақпараттық технологияларын, туристік бизнестің тәжіребиесіндегі мультимедиа және Инетернеттің пайдаланылуын қарастыру;

студенттердің туризм мен әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету салаларында қолданбалы бағдарламалық жабдықтау құралдарын пайдалану икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
3. Біліктілік, дағды, икемділік және құзыреттіліктерге арналған талаптар

Студент білу керек:

  • туризмде қолданылатын ақпараттық технологиялар құралдарының ерекшеліктерін;

  • жергілікті, аймақтық және ғаламдық ақпараттық жүйелерін;

  • броньдау мен резервте сақтаудың жаңа ақпараттық құралдары мен бағдарламаларын;

  • туристік өнімді нарықта өткізудің ақпараттық әдіс-тәсілдерін.


Студент істей білу керек:

  • ақпараттық жүйелермен жұмыс істей білу;

  • интернет сайттарында жұмыс істей білу;

  • бронь жасау мен резервте сақтай білу.


5. Пәннің тақырыптық жоспары

р/с

Тақырыптың атауы


Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

Дәріс

Тәж.

Жалпы


соның ішінде СОӨЖ

1

ТЖАТ курсына кіріспе. Ақпараттық технологиялар жүйесі

2

2

6

2

2

Броньдау және резервте сақтау жүйелері

2

2

10

2

3

Ғаламдық компьютерлік желілер

2,5

2,5

10

2,5

4

Мультимедиялық менеджмент жүйелері

2,5

2,5

12

2,5

5

Ақпараттық менеджмент жүйелері

2,5

2,5

12

2,5

6

Қонақүй кешенін басқару жүйесіндегі ақпараттық технологиялар

2,5

2,5

12

2,5

7

Әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризмдегі Microsoft Office негізіндегі ақпараттық технологиялар

4

4

10

4

8

Коммуникация және байланыс құралдары

2,5

2,5

8

2,5

9

Әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризмдегі оргтехниканың замануи құралдары

2

2

10

2




БАРЛЫҒЫ:

22,5

22,5

90

22,5




Пән бойынша барлығы

135




р/с

Тақырыптың атауы


Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

Дәріс

Тәж.

Жалпы


соның ішінде СОӨЖ

1

ТЖАТ курсына кіріспе. Ақпараттық технологиялар жүйесі

2

1

6

2

2

Броньдау және резервте сақтау жүйелері

3

2

10

2

3

Ғаламдық компьютерлік желілер

3

2

10

2,5

4

Мультимедиялық менеджмент жүйелері

3

2

12

2,5

5

Ақпараттық менеджмент жүйелері

3

2

12

2,5

6

Қонақүй кешенін басқару жүйесіндегі ақпараттық технологиялар

3

2

12

2,5

7

Әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризмдегі Microsoft Office негізіндегі ақпараттық технологиялар

5

2

10

4

8

Коммуникация және байланыс құралдары

4

1

8

2,5

9

Әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризмдегі оргтехниканың замануи құралдары

4

1

10

2




БАРЛЫҒЫ:

30

15

90

22,5




Пән бойынша барлығы

135


6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1 Тақырып. ТЖАТ курсына кіріспе. Ақпараттық технологиялар жүйесі



Жоспар

1.Пәннің зерттеу обьектісі және мазмұны.

2.Пәннің зерттеу әдістері.

3.Туризмдегі ақпараттық технологиялардың орны мен рөлі.

Бүгінгі күнгі туризм – дүниежүзі экономикасының ірі, жоғары кірісті және айтарлықтай серпінді саласы. Туризмді дамыту экономиканың көптеген салаларына, атап айтқанда: көлік бен байланысқа, саудаға, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, халық тұтынатын тауарларды өндіруге ықпал етеді. Сондықтан, дамыған туристік ақпараттық жүйені құру мемлекеттің экономикасын дамыту үшін үлкен маңыздылыққа ие болады. 

Туризм туралы әңгіме қозғағанда, оны ақпараттан ажыратуға болмайды, бір күн ішінде туристік нарықтың қатысушылары бірнеше рет ақпарат алмасады. Яғни, ақпараттың көп ағынымен жұмыс атқару қажет, ақпаратты жинақтау, өңдеу және оның негізінде дұрыс шешім қабылдау керек. 

Туризм қызметіне АКТ енгізу туризмді дамытудағы бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Жеткіліксіз ақпараттық сауаттылық және дұрыс жолға қойылмаған коммуникация өсу үшін жалғыз тежегіш фактор болып табылады. 

Дұрыс басқару, білікті персонал және автоматизация бәсекелестікпен күрестің негізгі құрамдас бөлігі. 

Туризмдегі ақпараттық технологиялар жүйесі резервтеудің компьютерлік жүйесімен, телеконференцияларды өткізу жүйесімен, бейне жүйелермен, басқарудың ақпараттық жүйесімен, әуебағыттарын электронды ақпараттық жүйесімен, электрондық валюта транзакциясымен, телефон желілерімен және т.б. ұсынылған. Сонымен қатар, бұл жүйе турагенттердің, қонақ үйлердің немесе әуекомпанияларының есебінен емес, олардың өзара қарым-қатынасынан дамиды. Яғни, осы жүйенің әрбір сигментін пайдалану қалған барлығы үшін маңызды болады. 

Туризмнің үш тән ерекшеліктерін атап өтуге болады: 

1.  көп қырлы ықпалдастырылған қызметтердің саудасы; 

2.  өндіруші үшін де, сонымен қатар тұтынушы үшін де кешенді қызмет; 

3.  ақпаратты байытылған қызмет.

Туризмдегі АКТ жаңа идеяларды, қызметтерді және өнімдерді адам өмірінің барлық саласына әкеледі. Бұл технологиялар туристік саланың түрлі жаңа стратегияларды пайдалану арқылы серпінді өзгеретін әлемге, сонымен қатар жаңашыл қызметтер мен өнімдердің орын алуына бағдарланған туризмді қоршаған ортаға бейімделуін көрсетеді. Туризмдегі АКТ жаһандық және серпінді үдеріс ретінде қаралуы тиіс.



Әдебиеттер тізімі: (1)
2 тақырып. Броньдау және резервте сақтау жүйелері

1 Брондау қызметінің міндеттері

2 Телефонмен брондау қызметі

3 Брондаудың компьютерлік түрі



Брондау — қонақ үйдегі номерлерге және жергілікті жерге алдын-ала тапсырыс беру. Номерлерді брондау қызметін бөлім менеджерлері немесе қабылдау қызметі және орналастыру бөлімі айналысады. Яғни осы бөлімшелерге клиенттерден брондау туралыарыздар түсіп отырады. Көп жылдық қонақ үйде қызмет еткендер ойын-сауықжоспарларын жақсы ұйымдастыра алады. Оларға: спорттық жарыстарсьездер,фестивальдер және т.б. Іс-шара өткізу кезінде қонақ үй орындарына сұраныс өсе түседі.

Брондау қызметінің міндеттері

- қабылдау мәлімдемесі және оларды өңдеу;

- қажетті құжаттарды құрастыру: күнделікті кесте құру (апта, ай, квартал, жыл) – номер қорының жылжу картасы.

Мәлімдеуді қабылдау сымтетік, факс, телекс, поштахат немесе телеграмма, компьютерлік жүйемен брондау арқылы жүзеге асырылады. Әр мәлімдеме келесі хабарламаны қамту керек:

- келушілердің күні мен уақыты;

- кетудің күні мен уақыты;

- қонақтар саны;

- номер категориясы (люксапартаментэконом-классбизнес-класс);

- номер қызметі (ваннадуштеледидармұздатқышсейфмини-бар және т.б.);

- тамақтандыру қызметі (тек теңғы ас, жартылау пансион, толық пансион);

- баға (бағаны көрсеткенде, қонақ неге төлегенін анықтап көрсету керек);

- есептесушісінің аты жөні (немесе фирманық аты);

- төлем түрі (қолма-қол ақшасыз есеп);

- ерекше жағдай (мейрамханада столды алдын-ала брондау, трансферт, номерде жануарды алып келуге мүмкіндік беру және т.б.)

Брондау қызметіндегі қызметкердің мәлімдемені өңдегеннен кейін қонаққа растау немесе қабыл алмау жіберіледі. Мәлімдемені растау – ол арнайы хабарламандыру, қонақтың қонақ үйде орналасуына мүмкіндігі. Әдетте, хабарламада растаудың номері, қонақтың келетін және кететін күні, тапсырыс берген номердің категориясы, қонақ саны, кровать саны және арнайы келісілген талаптар көрсетіледі. Орналасу детальдарын растау үшін, және де даулы мәселелерді болдырмау үшін, қонақ келген кезде хабарламаның өзімен бірге болғаны дұрыс.Қонақ үй кәсіпорыны мәлімдемені кепілді растау үшін көп қолданады. Ол дегеніміз, егер клиент кешігіп келетін болса немесе мүлдем келмесе, клиент кепілдемеретінде брондауға алдын-ала төлем төлейді. Ондай кепілдеме, ең алдымен орналасудың бір күндігін немесе барлық мерзімге алдынала 50 немесе 100% шамасында ақы төлеу болып табылады. Сонымен қатар, клиент өз карточкасының номерін хабарлау керек. Бірақ, сол қонақ үй орналасқан мемлекет заңында қонақ үймен бекіткен брондау тәртібінен клиенттің тапсырыстан бас тарту туралы қатаң нормалар болу қажет.

Брондау жасаған қонақтардың келмеуінен шеккен зиянын төмендету үшін, қонақ үй келесі шешімді қабылдады:

- Қонақтың келмеуі қосалқы шығын болып есептеліп баға саясаты есепке алады;

- Есептің айып төлеуін қонақ үй көрсетеді (номерге кеткен шығынның бағасы);

- Брондаған кезде алдын ала төлеу немесе кредиттік карта номері туралы хабарламаны талап етеді;

- «Қос брондау» -ды қонақ үй қолданады, басқаша айтқанда брондалған бар орынды үстінен қайта брондау (5%, 10%, 15%)

Брондалған орынды үстінен қайта брондау жүйесі ұқыпты ойластырылып, нақтылы реттелу керек. Егер қонақ үй алған тапсырыстың міндетін орындай алмаса, ол клиенттерді жоғалтуға тәүекел етеді, сонымен қатар, туристік компаниялармен іскерлік қатынасты үзеді.Кейбір менеджерлердің ойынша, тапсырыс орындай алмай қалғанша, ең жақсысы номерлерді бос қалдыру. Бұл менеджер тек орынды бос қалдырумен шектеледі. Бірақ көбінесе бұлардың номерлері бос қалып кетеді екен. Факттің дәлелдеуі бойынша, кепілдемесіз брондаған қонақтар шамамен 20% құрады, ал 5% тапсырысы кепілденгендер брондалған орынды қолданбайды. Брондалған орынды үстінен қайта брондау саясаты қонақтың келмей қалу жағдайын қысқартады. Бірақ ол үшін брондау түрлеріне қарай, келмейқалу саясатын білу қажет, атап айтқанда, бұрын брондауға тапсырыс берген нөмірлердің жалпы санынан қанша пайызын олар нақты қолданғанын анықтау үшін түрлі топтағы клиенттерді зерттеу қажет. Сөйтіп, зерттеудің бірі мынаны көрсетті, алдын ала брондауға қарағанда, келуге дейін бір күн бұрын немесе келген күні брондау, келмей қалу шкаласында жоғары көрсеткішті көрсетті. Брондау жасаған клиенттердің сегментін және брондау уақытының түрлерінің анализі брондалған орынды үстінен қайта брондау саясатының моделін құруға мүмкіндік береді. Кейбір қонақ үйлер қонақтың брондаған орнын өзіне беруден бас тартып, моральды шығынына компенсация жасамайды. Бірақ кейбіреулер басқа қонақ үйден бірнеше суткіге орын тауып, кейіннен қонақтың осы жерге қайтып келуіне жағдай жасайды. Олар, осы өзгертілген мәселелерді туыстарына хабардар етуіне, қонаққа сымтетікпен тегін сөйлесуге рұқсат береді. Клиенттің басқа қонақ үйде амалсыздан тоқтағаны үшін, менеджерлер оған келесі қайтып келгенде нөмірді бірнеше тәулікке тегін ұсынады). Қонақ үй үшін, қонақтар үшін номерді алдын-ала брондаған жөн.Қазіргі уақытта көптеген туристік фирмалар келісімді белгілі бір анықталған қонақ үйлермен жүргізгенге ұмтылады. Әдеттегідей клиенттерді әкеліп отырған туристік фирмаларға қонақ үй тұруға төленетін төлем ақыларға, тамақтануға және әртүрлі қызметтерге жеңілдік жасап отырады. Келісімде қонақ үй мен туристік фирманың арасында белгіленеді:

- туристерді орналастыру жөніндегі арыз қандай срокты қамтиды;

- қашан және қандай мақсатпен төлемақылар жүргізіледі;

- қонақ үйде орынды немесе номерді брондау әдістерінің бірнеше түрі бар. Олар:

- жазбаша;

- ауызша;

- компьютерлік.

Әр брондауға арыз және тапсырысқа аннуляциялар тіркелуі қажет. Егер брондау жөніндегі менеджерлер тапсырысты уақытысында жоймаса, номер қате түзелмейінше ешкімге берілмей, бос тұра береді. Арыз тек қана фирмалық бланкте бекітілсе ғана номерге тапсырыс беріліп, төленеді. Номерді брондауға арыз тастаған ұйымның міндетті түрде реквизиттері болуы керек, яғни ұйымның аты, мекен-жайы, телефоны, факс, банктегі шоттық номері. Кез-келген жағдайда арыз келесі жағдайларда болу керек:

- күн және номер категориясы;

- қонақ үйде тұру уақыты;

- келетін қонақтың фамилиясы;

- төлем формасы (қолма-қол немесе қолма-қол емес шот, ұйымның атынан).



Телефонмен брондау қызметін айдаланғанда клиентпен қарым-қатынас жасағанда өте ұқыпты болу керек, бұл сөйлесуден клиент өзіне қонақ үй туралы әсерін, қарым-қатынасын қалыптастырады. Клиент телефон соққанда, ол көп күтпей, яғни 5 гудок барғанға дейін алу керек. Трубканы қонақ үй жайында ақпаратты жақсы меңгерген қызметші көтеру керек. Отельдерде телефонмен номерлерге тапсырыс алу арнайы бланктермен жүзеге асырылады. Телефонмен брондағанды жазбаша түрде көрсетілуі керек.

Брондаудың компьютерлік түрі қонақ үй және клиенттер үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Әлемдік тәжірибеде компьютерлік брондау жүйесінің мынандай түрлері белгілі: - бір тізбекке кіретін қонақ үйлерді біріктіретін ұжымдық брондау жүйесі; - екіншісі тізбекке кірмейтін, тәуелсіз қонақ үйлерді біріктіретін брондау жүйесі. Желіарқылы брондау жасағанда тапсырыс басқа қалада орналасқан қонақ үйде жасалуы мүмкін. Автоматтандырылған желінің артықшылығы тізбекке кіретін кез – келген қонақ үйге жасалынады, бір қалада орналасқан. Қонақ үйден орынға бронды компьютерлік желі арқылы жасауды телефон арқылы жасауға болады. Компьютерлік желіде отырған диспетчер қонақ үймен байланысып брондау мүмкіндігін жасайды. Бұл әдіс ыңғайлы емес, себебі көп уақытты қажет етеді.



Әдебиеттер тізімі: (1, 7)
3 Тақырып. Ғаламдық компьютерлік желілер

Жоспар

  1. Ғаламдық компьютерлік желілер үғымы

  2. Интернеттің қолданылуы мен орны

  3. Қазақстанда интернеттің қолданылуы

Ақпараттық дәуірге Интернеттің қадам басуы барлық кәсіпорын мен салаларға әсер етті. 90 млн адам радионы пайдалануы үшін 30 жылдай, теледидарды пайдалану үшін 15 жылдай уақыт кетті. Ал, интернетті қолдану үшін бар жоғы 3 жыл кетті және оның өсу қарқыны әліде жалғасуда.

Кейбір есепке сүйенетін болсақ, қазіргі таңда 400 мың компаниялар мен ұйымдардың WEB сайттары бар және жаһандық масштабта коммерциялық операцияларды жүзеге асырады. Jupiter Communications компаниясының болжамы бойынша туристік индустрияда коммерциялық келісім айналымы онлайн режимінде 2008 жылдың аяғында 16.6 млрд. АҚШ долларын құраған. 2009 жылы туризмнен түскен кіріс (әуе тасымалын қоспағанда) 445 млрд. АҚШ долларын құраған және кіріс көлемі артуда. Бұл сан аз көрінуі мүмкін, бірақ тұтынушылардың Ақпараттық дәуірге өтуі олардың іс-әрекеттерін өзгертеді, сондықтан оны тиісті ескеру қажет. 2005 жылдың мамыр айындағы NFO Interactive компаниясының зерттеуі бойынша тұтынушылардың 24%-ы интернетте сатуды жүзеге асырғанын көрсетеді. Бөлшекті сауда жүйесіне қарағанда, онлайн режимінде сату аз құралды қажет етеді. Бұл тұтынушылар онлайн режиміндегі саудаға үйренуіне алып келеді және барлық ұйымдар туристік индустрияда өздерінің қызметтерін жоспарлағанда осы жағдайды ескеру қажет.
Туристік бағытта маркетингпен айналысатын ұйымда ақпараттық дәуірдің артықшылығын барлық негізде пайдамен қолданады. Елестетіп көрініз, келешекте қымбат тұратын жарнамалық әдебиетті басу керек болмай қалады. Әлемдегі барлық туристерге ақпаратты жеткізу үшін тек интернет, бір ғана электронды көшірме керек болады. Туристік бағыттағы маркетингтік ұйымдарға сыртқы туризмде, әлемнің ірі елдерінде елшілік керек болмай қалады. Әлемнің барлығына қызмет көрсететін онлайн режимінде жұмыс жасайтын жалғыз орталықтандырылған ұйым керек болады. Туризмнің дамуы әлеуметтік мәселелерді шешуде үлкен рөл атқарады.

Туризм саласының дамуы білім деңгейінің көтерілуіне, медициналық қызмет көрсету жүйесінің жетілуіне, жаңа ақпараттық технологияның таралуына мүмкіндік береді. Біздің елімізде туристік фирма мен туризм нарығын құруда нарықтық қарым-қатынасты қалыптастыру қарқынды үдеріс үстінде және ақпараттандырылған және компьютерленген жүйе бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. 

Шет елдерде туризмді жоспарлау мен басқаруда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану ұзақ кезеңді қамтиды. Аймақтық деңгейде туристік бизнестің ақпаратпен қамтамасыз етілуі, әртүрлі туристік және маркетингтік жүйеге, телекоммуникациялық инфрақұрылымның дамуына сүйенеді.

Туризмдегі аса үлкен көлемдегі 30 жылдық тәжірибесі бар шетелдік зерттеулер ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар аумағындағы әртүрлі функциялы компьютерлік жүйеге негізделеді.

Туризм индустриясы телекоммуникациялық технологияларды аса көп пайдаланатын және іскерлік әлемде үлкен деңгейде компьютерлік жабдықтарды орналастыратын сала болып табылады. Бұл туризм индустриясында қолданылатын ақпараттан келіп шығады. Біріншіден, бұл ақпараттың күні, оқиғасы, кестесі өте жиі өзгеріп отырады. Екіншіден, туристік өнім туралы ақпарат жер шарының әртүрлі нүктелеріне өз уақытында жеткізілуі керек. Үшіншіден, туристік өнім үлкен көлемді жасаушылардан - түнеу, транспорт, көңіл көтеруден тұрады, қандайда бір затты қанағаттанарлық үйлестіру үшін ақпараттың тез жеткізілуін талап етеді.

Туризм индустриясында компьютерлік резервтеу жүйесі ірі және ерекше маңызды ақпараттық жүйе болып табылады. Олар саяхатты жоспарлағанда және индустрияның көптеген саласын резервтегенде, оның ішінде түнеу, круиз, транспорт, турлар, ақша айырбастау, көңіл көтеру барлығын ақпаратпен қамтамасыз етеді. Видеомәтін Ұлыбританияда, Францияда кеңінен қолданады. Ал, КСР электронды пошта, электронды газет және тағы басқа мүмкіншіліктерді үйлестіріп, бір жүйеге біріктіреді. Туристік компания бизнес аспектісімен тез жұмыс істеуі үшін кеңселік қолдау жүйесіне сүйенеді.
Электронды жүйе, атап айтқанда, Интернет дәл қазіргі уақытта туристік өнім туралы белгіленген ақпаратты алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар қонақ үйлерде, әуе жолдарына орынды брондауға мүмкіндік жасайды.
Қазіргі өңдеулер мен жоспарлар туризмнің аймақтық дәрежеде дамуы үшін мына сұрақтарға жауап беруі керек.

1) Туристік саланың деңгейін қалай бағалауға болады және оның дамуындағы негізгі мәселелер.

2) Туризмнің қандай негізгі бағыттары аймақтың қызығушылығына жауап береді және де неге және қайда ақшаны салған тиімді.

3) Имиджді қалай жақсартуға және туристердің аймаққа қызығушылығын қалай арттыруға болады.

4) Туризмнің дамуы есебінен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қалай жақсартуға болады.

Туристік қызметтерді Интернетте сату көлемі бойынша АҚШ және Батыс Еуропа елдері 1-ші орынды алады. Nielsen//NetRatings қызметі және HarrisInteractive компаниясы онлайндық туризмнің нарықтағы деңгейі 2009 жылдың қаңтарында 1,2 млрд. долларға жеткенін, барлық онлайндық келісімнің 3 бөлігін құрағанын, жалпы көлемі 3,8 млрд. долларды құрағанын мәлімдеді.

Бұндай нәтиже 2010 жыл бойынша айналым көлемі 29%-ға 946 млн.долларға өскен. 2009 жылдың қаңтар айынан 2010 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде 5 ірі туристік WEB сайттарға қатысуы 42%-ға жоғарылаған. 

Телекоммуникация саласы бойынша Оңтүстік Шығыс Азия аймағы әлемдегі аса қарқынды дамып келе жатқан аймақ болып табылады. Интернетті қолданудан 1-ші ондық елдердің бесеуі сол аймақтан. Олар: Жапония-26 млн, Қытай, 2 жыл алдын алдын Ресейден қалып келе жатқан қазір-17 млн-ға жуық, Оңтүстік Корея-16 млн, Австралия және Тайвань 6 млн 400 мың тұтынушылары бар. Ал Вьетнам Үкіметі қалай жақсы өмір сүру керектігін біледі. Ол жақта бағдарлама жасаушы компаниялар 4 жыл қатарынан салықтардан босатылған.

Қазақстандағы Интернеттің дамуының деңгейін айтатын болсақ, бірінші, тұрақты тұтынушылардың санына назар аудару керек. Оны анықтау едәуір қиын. Осы мәселе бойынша ең алғашқы маңызды зерттеу 2002 жылдың күзінде Actis System Asia компаниясымен жүргізілген болатын. Егер әдістің толықтығына мән бермегенде, ол ұзақ даусыз болмайтын еді. Қазақстандағы Интернетті қолданушылар (яғни желіде аптасына кем дегенде 3 сағат отыратындар) 30,3+11,4 мың адамды құрайды. Тұрақты қолданушылар (яғни, Интернетке айына 1 рет кіретіндер) 117,5+22,7 мың адам. Ең көп қолданушылар (бұлар, Интернеттен тәжірибесі барлар) 360,2+34,1 мың адам. 

Зерттеу анкеталық сұрақ арқылы өтті. Егер провайдерлер желіні қолданатын өздерінің тұтынушыларының саны туралы мәліметпен бөліспегенде, міндетті түрде бұл көрсеткіш жоғары болатын еді.

Қазақстандық қоғамда Интернет технологияның таралуы Интернет Трейнинг орталығының 2 жылдық жұмыс нәтижесінде жинақталды. Бір жыл алдын тұрақты тұтынушылар саны 20 мың адамға бағаланды. 

Интернет әр адам үшін маңызды, себебі ақпараттық қоғамда өмір сүреді. Қазақстандықтар Интернеттен өзіне, өміріне маңызды мәліметтерді білуіне болады.  Тіпті, ұшақтың ұшу және поездың жүру кестесі қол жетімді ақпарат болып табылмайды.

Интернет арқылы сауда жасау немесе қызмет көрсету - бұл біз үшін тым таңсық емес. Банктік жүйенің жетілмегендігі, халық тарапынан ақшасыз операциялар мен сенімсіздіктің орнығуы - сауда жұмысында жаңа технологиялар үшін жаман көрсеткіш болып табылады.
Интернетті тікелей талап ету деңгейі өнеркәсіптің, білім, ғылым, мәдениет, өміріміздегі барлық салаларға байланысты болып келеді. Неғұрлым мемлекет тез дамитын болса, соғұрлым оған үлкен дәрежеде Интернет керек болады. Бірақ, басқа жағында ұмытуға болмайды, неғұрлым жаңа ақпараттық технологиялар тез дамитын болса, соғұрлым елдің экономикасы, саясат, ғылым және мәдениеті дамитын болады.
Қазақстандық ұйымдар қызметінің 95%-ы шетке шығаруға бағытталған. Қашан біз мемлекет ішінде туристік бизнеспен шыңдап кірісеміз, сонда ғана шетелдіктерді өзімізге шақыра аламыз, сол кезде ғана Қазақстан туралы сенімді деңгейде айта алатын кәсіби сайттарды құруға мүмкіндік туады.

Бір нәрсені нақты айтуға болады. Қазақстандық Интернет үшін алаң болу керек емес. Оның дамуындағы жол әлемнің барлық елдеріндегідей. Егер қазіргі заманғы ақпараттық технологияны меңгеріп алмасақ та, бізсіз-ақ бәрібір өмірімізге кіруде. Интернет - бұл термоядорлық соғыс жағдайында аман қалған, бұрыннан келе жатқан жүйе екенін ұмытпау керек. Өмірдің өзгергенін түсіну қажет, қалай оны тез түсінеміз және қайта құрамыз, солай өзімізге де жақсы. Бүгінгі күнде көбісі мұны түсінген сияқты.
Онлайндық туризм нарығында тағы бір факт, ол оффлайн режимінде онлайндық туристерге 681 млн. доллар жұмсалған. Бұл сатылымдар онлайндық қызметте жүзеге асырылған, бірақ сатып алушылардың жеке визиткасымен немесе телефон арқылы іске асқан.
Сонымен, онлайндық туризм келісімнің 64%-ы Интернет арқылы жасалынатын бірден-бір аса тиімді нарық болып келеді. Ал, басқа салаларда бұл көрсеткіш 30-40% - ы құрайды. Аналитиктердің ойы бойынша, онлайндық туристік WEB сайттарды тек қана келісім үшін ғана бағалауға болмайды. Көптеген адамдар бұл ресурстарды бағаларды салыстыру үшін ғана пайдаланады, ал билеттерді нақты туристік агенттіктерден сатып алады. Біраз данышпан басшылар Интернетті бұрыннан тұтынушыларды тартуда негізгі құрал ретінде пайдаланып келеді.

Туристік қызметті брондауда жаһандық жүйе және Интернет жедел түрде дамуда. Іс жүзінде барлық негізгі GDS - Amadeus, Galileo, Worldspan және т.б өздерінің дерекқорларына Интернет - интерфейсті ұсынады. 

Сонымен, қазіргі заманғы туристік фирмалардың қызметін Интернетсіз елестету мүмкін емес. Интернет туристік компанияның ішінде барлық негізгі бизнес әрекетінде қолданылады. Тұтынушыларды іздеп оларды тартудан бастап, коммуникациялық және маркетингтік құрал ретінде және туристік өнімді жасауда Интернеттің рөлі зор.

Әдебиеттер тізімі: (1, 7)
4 Тақырып. Мультимедиялық менеджмент жүйелері

Жоспар:

  1. Property Management System

  1. Guestroom 2010

Қонақ үй индустриясында көбінесе PMS (Property Management System) жүйесін қолданады. PMS қонақ үй циклін 3 негізгі сегмент бойынша қызмет көрсетулерді қамтамасыз ету.

  1. сыртқы қызметтерді қамтамасыз ету – бағдарламалар модулі 4-ке бөлінеді. Олар брондау, нөмерлік қорды басқару, қонақтармен есеп айырысу, жалпы қонақ үйді басқару.

  2. ішкі қызметтерді қамтамасыз ету – қонақ үйде жалпы бухгалтерлік есепті жүргізу, персоналдың еңбек ақысы бойынша есеп айырысу, қоймадағы мүліктерді есепке алу.

  3. интерфейсті бағдарламалық қамтамасыз ету – ағымдағы сатулар, энергетикалық ресурстарды басқару, телефон байланысы бойынша есеп айырысу, персоналдық компьютерлерді бағдарламалық қамтамасыз ету, мини-бар, бейне фильмдердің демонстрациясы.

Дүниежүзінің көптеген қонақ үйлерінде қолданылып жүрген технологияларға тоқталып өтейік. Қазіргі таңда олар көбіне front desk-тің дамуын анықтайды. Бұрын қызметкер бір орында қоңырауларға жауап беріп, касса мен кілттерді қарауылдап отыратын болса, қазір мүлдем керісінше. Яғни, self check-in киоскісінің арқасында қонақ өзі нөмерге немесе қызметке ақы төлеп, кілтін ала алады. Бүл қызметкерді жұмысынан тек қана босатпайды, сонымен қатар оған қонақпен басқа, яғни қонақты қызықтыратын мәселе туралы пікірлесуіне мүмкіндік береді. Қазіргі таңда елімізде мұндай технологияны қонақ үйлер қолданып отырған жоқ, бірақ болашақта бұл қажетті болады. Мысалы, Embassy Suites қонақ үй желісінің төрттен бір қонақ үйінде осындай үш киоскіден орналастырған және бұл қонақ үйдің барлық талаптарына сай қонақтардың барлығын қамтып отырады. Embassy Suites басшыларының айтуынша болашақта бүкіл желіде осындай киосктер орнатылады. Қонақ үйдің қызметкерлері мұндай технологияны супермаркеттермен ұқсас дейді. Қонақ өзінің керегін таңдайды, ал егер қонақ қолданалмаған жағдайда, қонақ үй қызметкерлері барлығын түсіндіріп көмектеседі.

2007 жылы Флоридада өткен HITEC көрмесінің ең маңызды мәселесі IBM компаниясының Guestroom 2010 жобасы болды. Бұл жоба бойынша болашақта қонақ үй нөмерлерінде қолданылатын және қазіргі кезде кейбір қонақ үйдің люкс нөмерлерінде қолданылып жүрген жаңа технологиялар көрмеге шығарылды. Қонақтарға ұсынылатын барлық сервистер автоматтандырылған қонақ үй нөмері көрсетілген, мұнда:

Суреттер галереясы – нөмердің қабырғаларында арнайы дисплейі бар суреттер ілінген. Қонақ өзінің ыңғайына қарай суреттерді өзгерте алады, яғни теңіз, табиғат немесе классикалық өнер суреттерін қоя алады.

Видео – қонақ өз бөлмесінде отырып арнайы экран арқылы өзіне керек қызметтерді таңдай алады. Мысалы, егер қонақ 19-00 СПА-ға барғысы келсе, экранда СПА-ны таңдап, сағатын көрсетсе болды. Таңдағанын өзіне ыңғайлы түспен белгілесе, ол сол бетінде сақталып қалады, яғни қонаққа ескерту ретінде. Және Philips компаниясының жаңа теледидары – оның артықшылығы ол смарт-карталы. Қонақ өзі таңдаған арналарының барлығын көре алады, интернетке шыға алады және мұндай теледидар ескі теледидарларға қарағанда электр энергиясын 30% аз талап етеді.

Коммуникация – IBM компаниясы IBM’s MASTOR құрылғысын ұсынған. Оның көмегімен қонақ қонақ үй қызметкерлерімен өз тілінде хабарласа алады. Құрылға дәл мерзімде қызметкерге барлығын аударып береді.

Әдебиеттер тізімі: (1, 5)

5 Тақырып. Ақпараттық менеджмент жүйелері



Жоспар:

  1. Автоматтандырылған офистің ақпараттық технологиялары, негізгі құраушылары.

  2. Менеджменттегі ақпараттық модельдеудің жіктемесі.

Автоматтандырылған ақпараттық технология дегеніміз – ақпаратта басқару есептерін шеші үшін ақпараттарды жинақтап жинақтап жүзеге асыру құралдарын тіркеу, алмасу, жинақтау, іздеу, өндеу және есептеуіш техникамен байланыс құрылымын қолдану кезінде бағдарламалық қамтамасыздандыру ақпараттын қорғау. Қазіргі кезде ААТ мынадай сипаттарға ие:

ААТ-ны ж.зеге асыру әдісі, ААТ-ғы басқару есептерін қамту, қолдану интерфейс және ЭЕМ желісінде әдістер, техникалық операциялардың қолдану аясы.

ААЖ-ғы ААТ-ң қолдану  әдістерін дәстүрлі жаңа ақпараттық технологияларды қолдануда. Ал жаңа ақпараттық технология дегеніміз-  қолданушының көмегімен жүзеге асыратын ақпараттық процестердегі қолданбалы интерфейсті жоғары деңгейде мәліметтер қорына кіру мүмкіншілігін қаматамасыздандыратын, компьютерді қолдана отырып жүзеге асыратын технология. ААТ-ң басқару есебі берілгенің электрондық өңдеуі басқару процестегі ұйымдастыру, экономикалық есептерді және басқаруды дамыту ЭЕМ-ды қолдана отырып, жүзеге асырады.

Бұл жерде ақпараттық технологияда білім беру базасы дегеніміз- ақпараттық барлық аймақтардың сипаттарының модельдерін құрылымдау бөлімі жатады. Яғни, білім беру базасы экперттік жүйедегі мамандық жұмыс орнында құрылған негізгі элементі болып табылады.

Ақпараттық технологияның дамуында негізгі бес тенденциясыны белгілеуге болады:

Қолданбалы ЭЕМ-ны қолданушы есептеуіш аналитикалық есептеу мен спецификалық қызмет арасында көптеген өзгерістер пайда болып, ақпараттық технология гибритке айналады.

ААТ-ң логикалық элементтерімен параллель алмастырып, құндылықтары асырылады. Сондықтан ақпараттың барлық типтері адамның  қабылдануында алмастырады.

Видео конфигурация жүйесі арқылы тұтынушыға ақпарат болжамдалады. Мысалы: электронды почта арқылы.

Интернеттің бүкіл әлемдәк желісі және спутниктікбайланыс нәтижесінде ақпараттық технологияны жаҺандандыру.

Ақпараттық бизнесте және материалдық өндіріс сфера арасындағы қазіргі кездегі ААТ-ң дамуы МАХ-ды диверсифакация түрінде (яғни, фирманың дамуы) корпарациялар, қаржылық секторлар және өндірістің түрлі салалары арасындағы ақпараттық технологияның дамуына осы тенденция түйінділеді. Сондықтан, жаңа ақпараттық технологиялар әлемдік масштабтағы индустриалды (ақпараттық дәуірден индустриалдық) дәуірге ауысу болып табылады. Басқару жүйесіндегі жұмыскерлердің қызметі (бухгалтерлер, жоспарлаушы, жүйедегі банктік, несиелік мамандар) қазіргі кезде технологиялық дамуына кең үлес қосуда.  Сондықтан, экономикалық мамандару басқару функцияларын ұйымдастыру және жүзеге асыру жаңа технологияның басқаруын өндіруге мүмкіндік беретін дербес компьютердің алатын орны зор.

Дербес компьютер экономикалық салада, яғни басқару мамандарда жинақталған ақпараттарды автоматтық  өңдеу білу қажет.

ААЖ-ны құру, экономикалық объектінің өндірісінің тиімділігін ұлғайтады және басқару сапасын қамтамасыз етеді. ААЖ-ны үлкен тиімділгі кәсіпорынның, фирманың салалардың жоспарын оптимизациялау кезінде ағымдық шешімдерді, тез өндіру кезінде, материалдық және қаржылық ресурстармен дұрыс пайдалану кезінде және т.б. жағдайларда қолға жетеді. Сондықтан объктінің құрылымдылық динамикалық құрамын адекватты түрде экономикалы-ұйымдастыру моделіне негізделетін автоматтандырылған ақпарат жүйесінде қызмет ететін басқару професі. Модельдің адекваттылығы деп ең біріншіден объект сәйкестілігі, яғни нақты жағдайда көрсететін шарттардағы тәртібі, қойылған тапсырманың мазмұнына және қасиеттеріне тән,  модельденген объектінің тәртібі. Әрине объктінің көрінісін толығымен модельге көшіруге болмайды, бірақ талдауға және басқару шешімдеріне қабылдауға кажет етпейді. Модельдер келесідей жіктеледі:

- ықтимал (мүмкін);

- детерминделген;

- функционалды;

- құрылымдық;

Осы ерекшеліктер ақпаратық жүйелердің әр түрлі топтарын тудырады.

ААЖ-ны құру тәжірибиесі оптимизациялық әдістерді экономикалық жұмыстар практикасына енгізілу, өндірісі шаруашылық процестердің жағдайларын формализациялау мемлекеттік және коммерциялық құрылымдары қазіргі деңгейлі ЭЕМ-мен жабдықтаумен байланысты басқарудығы ақпараттық процестердің технологиясы негізі мен түрін өзгертті.

Басқару қызметінің ААЖ әр түрлі белгілермен және қасиеттеріне қарай жіктелуі мүмкін.

Басқару объктісінің қызмет ету ортасына қарай (нақты болғандықтан) келесі қасиеттері бойынша жітеулерді қарастырайық. Басқару процесіне қарай:

Технологиялық процестерді басқару ААЖ-сі технологиялық құралдарын, станоктары, автоматты түрдегі топтарды басқаруды қамтамасыз ететін адам- машиналық жүйе.

Ұйымдық технологиялық процестерді басқару ААЖ-сі-технологиялық процестерді басқару  ААЖ-сі мен кәсіпорынды басқару ААЖ-сі біріктірілген  көп деңгейлі жүйе.

ААЖ-ны ұйымдық басқарудың объктісі экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде қолданылатын әлеуметтік-экономикалық функционалдық процестер болып табылады. Соның ішінде:

- Банктік ААЖ;

- Нарық қорының ААЖ;

- Қаржылық ААЖ;

- Сақтандыру ААЖ;

- Салықтық ААЖ;

- Кеден ісінің ААЖ;

- Статистикалық ААЖ;

- Өндірістік өнеркәсіп және ұйымдар ААЖ;

Ғылыми зерттеу ААЖ-сі сала аралық есептер мен ғылыми тәжірибе арасында жоғары сапамен тиімділікті қамтамасыз етеді. Осындай жүйелерге әдістемелік негізі экономика- математикалық әдістер, ал техникалық негізі болып- модельдейдің экпериманталды жұмыстарды өткізу үшін ЭЕМ-мен техникалық құралдар болып табылады. Ұйымдық- технологиялық жүйе және ғылыми зерттеу жүйесінде жобалау жұмыстарын автоматтандыруын өз контурына енгізеді.

Оқытатын ААЖ оқыту жүйесінемамндарды дайындау кезінде, әр түрлі саладағы жұмыскерлердің кәсіптік дәрежесі жоғарлату және қайта оқыту кезінде кең қолданылады.

Жістеудің үшінші тобына сәйкес ААЖ үшке бөлінеді:

- салалық;

- территориалды;

- сала аралық.


жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау