Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0,74 Mb.
бет4/4
Дата07.12.2017
өлшемі0,74 Mb.
#3448
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Әдебиеттер тізімі: (1, 5 )

6 Тақырып. Қонақүй кешенін басқару жүйесіндегі ақпараттық технологиялар



Жоспар

  1. Қонақ үйдің әртүрлі қызметтерінің құрамдарымен функцияларын қарап шығу.

  2. Қонақ үйдің нөмір фонды, администрация қызметі

Сандық технологияның  және  бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі   дами түскендіктен қонақ үй шаруашылығын автоматтандыру үшін мықты тиімді және  ыңғайлы  жүйелердің  пайда болуына алып келді.Осындай табысты, тәжірибелерден өткен, 30 – дан  3000 – ға дейінгі нөмерлерге, түрлі көлемдегі  қонақ үйлерге арналған  жүйе -  FIDELIO FRONT OFFICE. Ең алдымен  қонақ үй бизнесінде  қолданыстағы  бағдарламаларды қолданған дұрыс, FIDELIO бағдарламасы солардың қатарынан, яғни олардың қысқаша  сипаттамасы.

FIDELIO FRONT OFFICE – қонақтарды қабылдау және  орналастыру үшін әлемдегі автоматтандырылған жүйелердің  ең белгілілерінің бірі.

FIDELIO FRONT OFFICE – бағдарламалық  комплексі  барлық  қонақ үйлердің  байланысын және номерлерді  брондауды автоматты түрде  жасауға, тіркеу жасауға, орналастыру және есеп айырысуға, номерлік  фондты басқаруға, қонақтардың көңіл көтеруімен, қонақ үйдің болашағы туралы болжам жасауға  мүмкіндік береді.

FIDELIO FRONT OFFICE комплексінің  әдістеріне    келесілер жатады:

-   жеке. корпоративті, топтық тапсырыстармен  жұмыс эасауға мүмкіндік  туғызатын, толығымен автоматтандырылған процесс, брондау әдісі;

-   тарифтерді басқару әдісі  — бұл әдіс  қонақ үйдің толылығы, номерлердің типі, қызметтердің пакеті, корпоративтікелісімдер сияқты  факторларды ескере отырып, тиімді тарифтер жүйесіне жетуге мүмкіндік береді;

-   орналастыру және  қабылдау модулі -  қонақтарды орналастыруды және  ұйымдастыруды, сонымен қатар тұрғын қонақтарға қызмет көрсетуді тиімді іске асыруға көмектеседі;

-   клиенттермен есеп айырысуды енгізу  модулі – қонақтардың, компантялардың,  есептерін енгізуге, түрлі әдістермен және   интерфейстердің көмегімен қонақтарға көрсетілген қызметтердің тіркеуін  жасауға көмектеседі;

-   номерлік фондтарды басқару модулі (шаруашылық бөлімнің модулі) – номерлердің  жалпы жағдайы туралы мәлімет алуға, қонақ үй номерлерін тазалаушы әйелдерге тапсырма беру қызметін оңай іске асыруға көмектеседі; (қабаттар бойынша нөмерлердің жағдайы көрініп тұрды).

-   бас инжинердің модулі – қонақ үй номерлерінің жөндеу керек жерлері туралы өтініштерін тіркеуге және оны іске  орындалғанын бақылап отыратын жүйе;

-   көңіл көтеруді басқару модулі – қонақтар үшін қонақ үйден көңіл көтеру орталықтарынан тиімді орын брондауға көмектеседі;

-   есеп тапсыру модулі – 500 – ге жуық стандартты есептеулерді   қамтиды (брондау, тұрушылар, профайлдар, қаржылық есептер, түнгі аудитордың есебі, статистика, ауысымдағы есептер және т.б.); Модулге есептердің генераторы қосылады;

-   дебиторлармен жұмыс жасау модулі – тапсырыс берушілердің/ контрагенттердің қарыздарын көруге арналған;

-   үнемі тұратын қонақтың модулі – клиенттер үшін  программалармен жұмыс жасауға арналған;

-   турагенттіктермен жұмыс жасау модулі – туристік фирмалар үшін қжетті есептеулерді жүзеге асыруға арналған.

FIDELIO FRONT OFFICE -  комплексі қонақ үйде болатын барлық, шамамен 500 түрлі жүйелерді байланыстырады – телефон станцияларымен, ресторан, ақылы теледидар, мини – бар, кредиттік карталрды авторизациялумен, энергетикамен қамтамасыз ету, орталық брондау жүйесімен және т.б. Жақын арада осы жүйені құрушылары қонақ үйлерге жаңа интерфейс ұсынады -  кассалық аппараттарды алмастыратын,  фискальды тіркеуімен.

FIDELIO FRONT OFFICE – тің артықшылықтарына келесілерді жатқызуға болады: эксплуатациялаудағы жеңілдік, қауіпсіздіктің жоғарылаған  деңгейі, т.с.с.Әлемде осы бағдарламаны қолданушылар саны шамамен 7,5 мыңға жуық. Рессейде, СНГ және Балтикада 95 құрушылар – «Мариотт» қонақ үй желісі, «Националь», «Шератон Палас», «Ренесанс», «Золотое кольцо», «Ирис», «Рэдиссон Славянская », «Пекин» және т.б. (Мәскеу), «Европа», «Невский Палас», «Прибалтийская» және т.б. (С.- Петербург), «Каравелла», «Молния», «Надежда» пансионаты, «Волна», «Виктория», «Сафар», «Байкал» бизнес оралығы және т.б.

Ережеге сай, FIDELIO FRONT OFFICE жүйесін  есептік – кассалық аппаратымен бірге Migros ресторандары үшін орнатады.  Қонақ үйлердің тілегіне байланысты автоматизациялау  бағдарламаларының ішінен складттық операциялар үшін арналған  FIDELIO FOOD & BEVERAGE бағдарламасы, қаржылық – шаруашылықты қызметті автоматтандыру үшін  HRS BACK OFFICE бағдарламасы қолданылса, сату  және іс – шаралар бөлімін ұйымдастыру   үшін SALES & CATERING бағдарламасы қолданылады, бұл бағдарламалар   FIDELIO FRONT OFFICE  бағдарламасымен қонақ үйді басқарудың бір жүйесі ретінде жұмыс жасайды.

«Эдельвейс» бағдарламалық комплексін « Рексофт » Петербург компаниясы жасап шығарған және  рессейлік қонақ үй нарығында кең қолданысқа ие. « Эдельвейс » қонақ үйдің  негізгі қызметтерін автоматтандыру үшін арналған, олар – портье, келісім бөлімі, брондау бөлімі, жинастыру бөлімі үшін, сервис – бюро; бизнес – орталық, тұру бухгалтериясы үшін, қонақ үйдің телефон қзметі үшін. Комплекс келген қонақтардан толық мәлімет алумен қоса қызмет көрсетуге, сонымен қатар көп факторлы сақтау анализі және  басқа бөлімдер үшін еркін ақпараттың берілуі қызметін атқарады. (Қонақтардың  берілгендерін қоса алғанда, қосымша қызметтер, тұрудың ерекше жағдайлары және т.б. ).

«Эдельвейстің» маңызды басты қызметтерінің қатарына: түрлі критерилар бойынша келуші өтініштердің ізделуі және іріктелуі, түрлі ережелерге сай  бос нөмерлерді брондау және іздеу, үлкен топты жылдам орналастыру, фирма және турист арасындағы өтемді нақты бөлу, түрлі қосымша қызметтердің есебі және көрсетілу аппараты, әмбебап мультивалюталық тарифтік жоспарлар және т.б.

Комплекс қонақ үйдің аралас жүйелерімен байланыста болады: кәсіпорынның стандартты бухгалтериясымен, тарификация және басқару, ақылы теледидир, жабық жүйелермен, сонымен қатар өшірілген брондауармен (Key system, Reconline және т.б.).

Рессейдегі осы бағдарламаны қолданушылар – «Пулковская», «Юность», «Гранд – отель Европа», «Нептун» бизнес – орталығы,   «Арктика», «Калининград», «Полярные Зори», «Меридиан», «Арктика» және т.б. Шет елде – 150-ге жуығы пайдалануда.



Әдебиеттер тізімі: (1, 7)
7 Тақырып. Әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризмдегі Microsoft Office негізіндегі ақпараттық технологиялар

Жоспар:

  1. Microsoft Office негізіндегі ақпараттық технологиялар

  1. Microsoft Excel

Жаңа ақпараттық технология дегеніміз – бұл компьютерге негізделген технология,
1998 жылдан бері Microsoft компаниясының жаңа өнімдерінің бірі Office,
Қазірге кезде VBA Windows қосымшасының жетілген автоматизациялау тілі болып табылады.

Access қосымшаларында VBA–ны қолдану мүмкіндіктері 
Visual Basic бағдарламасы көп функцианальды бағдарламалардың бірі бұл бағдарламаны
Visual Basic–ті қолдану кейбір мүмкіндіктері және қолдану мысалдары:
 

– Күрделі құрлымды есептер шығаруға арналған функциаларды құруға қолданады

– Бағдарламаны орындалу барсында комплекті өзгертулер енгізуге қолданамыз.

Орындалу

– Макростар іске қосылып тұрған кезде әр жазударды өңдеу

– Белгілі шарттарды циклдарды орындау. Макростар While Wend циклдарын

– Қателерді жөндеу және оны қайта өңдеу жұмыстарын жүргізу.

– Windows DDE құралдары арқылы өзара ақпарат алмасу кезінде. 

– Access–тен тыс әрекеттер орындау кезінде, Мысалға дискілерді тексеру

Қосымша меню түрлері 

Word және Excel қолданбалы бағдарламалар ішінде менюдің үш

– Басты меню–меню, қосымша терезесінің үстінгі жағында орналасады, жалпы

– Контекстік меню–меню, қандайда бір объектіге тышқаның оң жақ

– Құралдар тақтасы – мәзірі, стандартты бас мәзірін ашып береді.

Microsoft Excel 97 – компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етушілердің сенімді
Электрондық кестелер – кестелік ұяшықтарда орналасқан сандар және мәтінмен
Excel жұмыс бетіне жазылған сандарды қолданып, графикалық кескіндер мен
Microsoft Excel финанстық фукцияларды пайдаланатын жұмыстарда жиі қолданылады. 

Excel файлдарын жұмыс кітаптары деп атайды. Олардың әрбіреуінде 
Уақыттың көп бөлігінде сіз 65536 жолы және 256 бағаны
Жол мен баған қиылысқан аймақ ұяшық деп аталады. Менің
Excel ұяшығында сандар, мәтін, формула, тіпті бос болуы да
Формулалар қарапайым арифметикалық операторлардан тұрады, мысалы + (плюс), -
MS Excel бағдарламасы электрондық кестелерді өңдеу бағдарламаларының нарығында көшбасшы Excel бағдарламасының жаңа нұсқасының көзге көрінерлік жетістіктеріне үшөлшемді құжаттардың өңделуі.

Сонымен қатар, берілген тапсырманы шешудің жеңіл әдісі болатын жағдайда,
Осы уақытқа дейінгі сипатталған жаңалықтардың барлығы жұмыс кезіндегі қолайлылық
файлдар менеджері, барлық файлдар туралы толық ақпаратты шығарады; 
диалогтық терезе-регистрлер; форматтауға арналағн жеке пиктограмма; 
диаграммаларды жылдам активтеуге арналған Drag & Plot механизмі. 

Файлдарды басқару 

Жұмыс құжаттарымен жұмыс жүргізу үрдісін қарастырайық. Excel бағдарламасының көмегімен Файл жалғыз ғана үшөлшемді құжатты (блокнот, жұмыс қалтасы) құрайды.

Жаңа құжат құру. Жаңа құжат құру үшін Файл мәзірінен Создать директивасын таңдаймыз. Экранда Книга 2 атты құжат шығады: Excel бағдарламасы жаңа
Сонымен қоса, жаңа құжатты бірінші (негізгі) пиктографикалық панельде шығады.

Жұмыс құжатын іске қосу. 

Дискте орналасқан жұмыс құжаты бар файлды ашу үшін Файл
Сонымен қоса, негізгі панельде орналасқан екінші пиктограмманы шертуге де болады.

Құжатты сақтау. Құжатты бірінші рет сақтау кезінде Файл мәзірінен Сохранить как...

Әдебиеттер тізімі: (2, 3, 4, 6)
8 Тақырып. Коммуникация және байланыс құралдары

Жоспар:

    1. Коммуникациялық жүйелер мен модульдер

    2. Коммуникациялық хаттама және бағдарлама

Коммуникациялық жүйе, байланыс жүйесі (коммуникационная система, система связц; commu-nications system) - мәліметтерді жеткізу кешенін қүрайтын аппараттық құралдардың, программалық жасақтамалардың және сол мәліметтерді жеткізу арналарының бірлестігі.

Коммуникацйялық модуль (коммуникационный модуль; communication module) - ақпаратты бағдарлауды және ақпараттық арналарды басқаруды жасақтайтын есептеу желісінің логикалық элементі.

Коммуникациялық сервер (коммуникационный сервер; communications server) - терминал, компьютер және принтер сияқты құрылғылардын желіге қосылуын жеке коммуникациялық хаттамасыз-ақ іске асыратын, байланысқа сәйкес программалық жасақтамамен қамтамасыз етілгей компьютер. Жергілікті желілерде - жұмыс станцияларының үлкен электрондық есептеу машина- ларына, модемдерге, факс-модемдерге және басқа құрылғыларға қатынас құруын қамтамасыз ететін компьютер де осылай аталады.

Коммуникациялық хаттама (коммуникационный протокол; communications protocol) - қысқа мерзімде стандартгы пішімді пайдаланып, мәліметгерді желінің бір торабынан (түйінінен) екіншісіне жеткізуді атқаратын мүмкіндіктер (спецификациялар) жиыны.

Коммуникациялық программа (коммуникационная программа; Communications program'(software) - компьютер мен модемнің басқа компьютермен және модеммен қатынас құруына мүмкіндік беретін қолданбалы программа. Ол компьютерлер арасындағы байланыс түзілімін ұйымдастыратын телефон нөмірлерін жадында сақтап, оларды автоматты түрде теруді жүзеге асырып, жалпы қатынас қүруды оңайлатады. Байланыс орнатылған сон, бұл программа келіп түскен мәліметтерді дискіде сақтап, қажетті файлдарды дискіден өрі карай i жәнелтеді. Байланыс параметрлерін алғаш - орнату кезінде осы компьютердегі модем сипатгамаларына сәйкес бейімделеді.

 АКТ саласындағы заманауи жетістіктер  туристік бизнеске жаңа мүмкіндіктер береді. Туризмге қажетті барлық кеңістік  ақпараттық технологиялармен қамтылады (дестинация, орналастыру,  көлік, пэкидж-турлар және қызметтер туралы ақпарат) және  осындай қызметтерді белсенді бақылау жүзеге асырылады.

Ағымдағы жағдайға қысқаша талдау

2007-2010 жылдар бойы  саланы дамыту Қазақстан Республикасында  туристік саланы дамытудың  2007-2011 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасына негізделді.


Осы кезеңде  нормативтік  құқықтық базаны  жетілдіру жұмысы жүргізілді.  2008 жылы   бірқатар заңнамалық актілерге туристік қызмет мәселелері бойынша  өзгерістер енгізілді.
Туризм саласында тұрақты негізде  шетелдерде Қазақстанның имиджін,  оның ішінде ақпараттық насихатты қалыптастыру жұмысы  жүргізілгенін атап өткен жөн.  Негізгі құралдар әлемнің жетекші телеарналарында  жарнамалық бейне роликтерді жасау және жүргізу, ірі туристік көрмелерге қатысу болып табылады.
2009 жылғы басты имиджді оқиға  Астанада 2009 жылғы  қазан айында  Дүниежүзілік туристік ұйымдардың  (ЮНВТО) Бас ассамблеясының 18-сесссиясын өткізу болды. Оның жұмысына 146 мемлекеттен  700 астам делегат,  ЮНВТО ұйымының мүшелері, сондай-ақ  әлемдік БАҚ құралдарының өкілдері қатысты.

Міндеті: Туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігі мен  АКТ енгізу арқылы  Қазақстанның туристік бағыттағы тартымдылығын  арттыру.


Нысаналы индикатор:

  • интернет желісіне қосылған туристік инфрақұрылым нысандарының (қонақ үй, демалыс орындары және туристік фирмалар) үлесі 2017 жылы 100%;

  • интернет-брондаудың халықаралық жүйесіне ықпалдастырылған туристік инфрақұрылым нысандарының (қонақ үй, демалыс орындары және туристік фирмалар) үлесі 2017 жылы – 65%; 2020 жылы - 100%;

  • меншікті интернет-порталы бар туристік инфрақұрылым нысандарының үлесі 2017 жылы - 100 %;

  • ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандырған туристік инфрақұрылым нысандарының үлесі 2017 жылы - 100%.

Қол жеткізу жолдары. АКТ енгізу арқылы туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін және  Қазақстанның туристік  бағыт ретіндегі тартымдылығын  арттыру үшін  мынадай іс-шаралар жүргізілетін болады:

Интернет арқылы Қазақстанның туристік  бағыт ретіндегі тартымдылығы имиджін жылжыту, халықаралық көрмелер және спутниктік Kazakh TV (CaspioNet) телеарнасы бойынша іс-шараларды  іске асыру;

Интернет желісіне  жедел қол жеткізе отырып  туристік инфрақұрылым объектілерін  қамтамасыз ету;

Қазақстанның туристік инфрақұрылым объектілерін (қонақ үйлер, демалыс базалары мен санаторийлер)  интернет-брондтаудың  танымал халықаралық жүйесіне  біріктіру


мемлекеттік- жеке меншік әріптестік шеңберінде  туризм саласындағы  сервистер мен қызметтерге  қол жеткізуді арттыру үшін  ұтқыр ұсыныстар  әзірлеу;

туризм индустриясы объектілерін салған және жарақтандырған кезде «жасыл» энергия үнемдеу технологиялары мен жабдықтарын қолдану.

Туризм объектілерінің орналасқан жерлерін,  тарихи және ескерткішті орындарды,  санаторийлерді, курорттық аймақтар мен  өзге де көрікті жерлерді  көрсете отырып геоақпараттық технологиялар базасында  Қазақстан, Республикасының бірыңғай цифрлық  картасын жасау;

Жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарын қоса алғанда  өңірлердегі бар туризм объектілері туралы  бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жария ету;


Қазақстан Республикасындағы туризм объектілерінің тізілімін жасау және өзектендіру.

Әдебиеттер тізімі: (1, 5, 7)
9 Тақырып. Әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризмдегі оргтехниканың замануи құралдары

Жоспар:

  1. Техникалық жасақтама

  2. Компьютерлік құрылғылар

  3. Модем және оның түрлері

Техникалық жасақтама (Техническое обеспечение; engineering support) — компьютер күрамына кіретін техникалык қүралдар жиынтығы; ақпараттық құралдар кешені. Сондай-ақ осы құралдар мен техникалық процестерге тиісті қүжаттама.

Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.

Дисплей (монитор) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.

Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.

Тышқан, кейде тінтуір – «графикалық» басқару құрылғысы. Тышқанды кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тышқанның екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.

Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.

Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.



Модем (ағылш. modem, modulator-demodulator) — сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы.

Деректерді әр түрлі арқаулар арқылы, мысалы телефон сымы арқылы немесе радиосигналдар түрінде беруге болады. Телефон сымы арқылы аналогтық сигналдар деп аталатын импульстарды беруге болады. Аналогтық сигналдар шуыл немесе электрлік-магнитті импульстар түріндегі кедергілердің әсеріне ұшырауы мүмкін.

Дыбыстық сигналдар дерек берудің едәуір жаңа әдісі болып табылады, онда дерек беру және қабылдау үшін екілікті пішім қолданылады (нөлдер мен бірліктер тізбегімен жұмыс істейтін кодтау/кодты ағыту жүйесі). Дерек беру мен қабылдау үшін компьютерлерде дәл осы пішім қолданылады. Алайда сандық сигналдарды телефон желісі арқылы беру мүмкін емес. Сондықтан телефон сымы арқылы дыбыстық сигналдарды берер алдында оларды аналогтық сигналдарға айналдыру керек. Және тиісінше деректі қабылдаушы жақ алынған деректі сандық сигналдарға айналдыруға тиіс. Модем осындай айналдыруды жүзеге асырады – сандық пішімнен аналогтық пішімге және керісінше.

Басқа компьютерге хабар жіберу кезінде модем шығару құрылғысы рөлін атқарады. Ал сіздің компьютеріңізге хабар келген кезде, модем енгізу құрылғысы ретінде жұмыс істейді. модем сыртқы немесе жүйелік блокқа кірістірілген болуы мүмкін. Сыртқы модемдер – бұл сым арқылы жүйелік блокқа қосылатын модемдер.

Модемдер сондай-ақ компьютердің жүйелік блогына кіріктірілген болуы мүмкін. Мұндай модемдер Ішкі модемдер деп аталады

Модем типтері

- cыртқы – COM, USB порттары немесе желілік картадағы RJ-45 тіркеуіші бойынша қосылады, олардың көбінесе сыртқы қоректеу блогы болады;

- ішкі – компьютердің ішіне ISA, PCI, PCI-E, PCMCIA, AMR, CNR слоттары арқылы қосылады;

- кірістірілген – кез келген құрылғының, мысалы ноутбуктың немесе док-станцияның ішкі бөлігі болып табылады.

Жұмыс принципі бойынша:

- аппараттық – сигналды айналдырудың барлық операциялары, алмасудың физикалық протоколдарын қолдау модемге кірістірілген есептеуішпен жасалады (мысалы DSP, контроллер қолдану арқылы). Сонымен бірге, аппараттық модемде тұрақты есте сақтау құрылғысы бар, оның ішіне модемді басқаратын микропрограмма жазылған.

- софт-модем, винмодемдер (ағыл. Host based soft-modem) – аппараттық модемде, алайда микропрограммасы бар тұрақты есте сақтау құрылғысы болмайды. Мұндай типті модемнің микропрограммасы компьютер жадысында сақталады, оған модем жалғанған болады. Сонымен бірге модемде аналогтық сұлба мен түрлендіргіштер болады: АСТ (аналогты-санды түрлендіргіш), САТ (санды-аналогты түрлендіргіш), интерфейс контроллері(мысалы USB). Драйверлер болған жағдайда ғана жұмыс істеуге қабілетті, олар сигналдарды кодтау бойынша, қателерге тексеру және протоколдарды басқару барлық операцияларды өңдейді, сәйкесінше программалы түрде жүзеге асырылады және компьютердің орталық процессорымен өңделеді.

- жартылай программалы (Controller based soft-modem) – модем функцияларының бір бөлігін модем қосылған компьютер орындайтын модемдер. Қосылу типі бойынша:

- коммутацияланатын телефондық желілер үшін модемдер – модемдердің ең тарағын түрі.

- ISDN – сандық коммутацияланытын телефондық желілер үшін модемдер

- DSL – бөлінген (коммутацияланбайтын) желілерді қарапайым телефон желісі көмегімен ұйымдасытыру үшін пайдаланылады. Коммутацияланатын модемдерден айырмашылығы – басқа жиілік диапазонын қолданады, және де телефон желелері бойынша сигнал тек АТС-ке дейін ғана беріледі. Көбінесе бір уақытта мәліметтермен алмасуды және телефон желісін пайдалануды қамтамасыз ете алады.

- кабельдік – арнайы кабельдер бойынша ғана мәліметтермен алмасу үшін қолданылады – мысалы, DOCSIS протоколы бойынша ұжымдық телекөрсетілім кабелі бойынша.

- радио

- ұялы – тек қана ұялы байланыс протоколдары – GPRS, 3G, 4G және т.с.с бойынша ғана жұмыс істейді. Жиі USB-салпыншақ(брелок) түрінде келеді. Мұндай модемдер ретінде көбінесе ұялы байланыс терминалдары қолданылады.



- спутниктік

- PLC – тұрмыстық электр желісі сымдары бойынша мәліметтерді беру технологиясын пайдаланады. Қазіргі кезде ең көп тарағаны:

- ішкі программалық модем;

- сыртқы аппараттық модем;

- ноутбуктерге кірістірілген модемдер;

Құрама құралдар

1. Енгізу-шығару порттары – телефон желісі мен модем арасында мәліметтерді алмасуға арналған сұлбалар бір жағынан, және модем мен компьютер арасында мәліметтерді алмасуға арналған сұлбалар екінші жағынан. Аналогты телефон желісімен өзара әрекет жасау үшін көбінесе трансформатор пайдаланылады.

2. Сигналды процессор (Digital Signal Processor, DSP) – көбінесе сандық деңгейде қолданылып жатқан мәліметтерді алмасу протоколға сәйкес шығыс сигналдарды модульдейді және кіріс сигналдарын демодульдейді.

3. Контроллер компьютермен алмасуды басқарады.

4. Жад микросхемалары:

- ROM – энерготәуелді жад, оның ішінде модемді басқару микропрограммасы сақталады – мұнда модемді басқаратын барлық командалар мен деректер, барлық қолданылатын коммуникациялық протоколдар мен компьютермен интерфейс болады.

- NVRAM – энерготәуелді электрлі қайтапрограммаланатын жад, оның ішінде модем түзетпелері сақталады. Қолданушы түзетпелерді өзгерте алады, мысалы AT-командаларды пайдалана отырып.

- RAM – модемнің жедел жадысы, ол қабылданатын және жіберілетін мәліметтердің буферизациясын жасауға, қысу алгоритмі мен басқаға арналған



Басқа да мүмкіндіктері бар модемдер

Факс-модем – компьютерге факсимильді бейнелерді басқа факс-модемге немесе факс-машинаға қабылдауға және жіберуге мүмкіндік береді. Дауыстық модем – телефон желісіндегі сигналды сандық түрге айналдыру және еркін дыбысты желіге орындап шығару функцияларына ие. Бұл мына әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді:

- дауыстық хабарламаларды шыңайы уақыт жағдайында басқа дауыстық модемге жіберу мен одан хабарламаларды алу, және оларды ішкі динамик арқылы дыбыстап шығару.

- мұндай модемді автожауапқайтарғыш ретінде пайдалану және дауыстық поштаны ұйымдастыру.



Әдебиеттер тізімі: (1, 5, 7)

7. Сарамандық сабақтардың мазмұны, 22,5 (15) сағат


1 Тақырып. ТЖАТ курсына кіріспе. Ақпараттық технологиялар жүйесі - 2 (1) сағат

Жоспар

1.Пәннің зерттеу обьектісі және мазмұны.

2.Пәннің зерттеу әдістері.

3.Туризмдегі ақпараттық технологиялардың орны мен рөлі.



Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар:

1. Тақырып мақсатын анықтау;

2. Тақырып бойынша міндеттерді құру;

3. Тақырып мазмұнын ашатын сұрақтарды жүйелеу;

4. Тақырып бойынша түсініксіз тұстары бойынша оқытушыға сауалдарды дайындау;

5. Тақырып бойынша әдебиеттер көзін тауып, тізімдеп, жүйелеу;

6. Тақырып бойынша мазмұнын ашатын баяндама жазу;

Сарамандық сабаққа дайындалу әдебиеттер мен дерек көздерге жалпы шолудан басталады. Берілген тапсырманы орындау үшін оның мазмұнын берілген жоспар бойынша орындау қажет. Керекті мәліметтерді қысқаша тезис түрінде дәптерге жазып алу керек. Тақырыпты толығырақ ашу үшін әртүрлі сызбалар мен суреттерді келтіруге болады. Сарамандық жұмыстың соңында міндетті түрде қорытынды шығарылады.



Әдебиеттер тізімі: (1)
2 Тақырып. Броньдау және резервте сақтау жүйелері (2 сағат)

Жоспар:

1. Резервте сақтау жүйелері

2. Қазақстандағы резервте сақтау жүйелері.

3. Павлодар облысындағы брондау және резервте сақтау жүйелері.



Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар:

1. Тақырып мақсатын анықтау;

2. Тақырып бойынша міндеттерді құру;

3. Тақырып мазмұнын ашатын сұрақтарды жүйелеу;

4. Тақырып бойынша түсініксіз тұстары бойынша оқытушыға сауалдарды дайындау;

5. Тақырып бойынша әдебиеттер көзін тауып, тізімдеп, жүйелеу;

6. Тақырып бойынша мазмұнын ашатын баяндама жазу;

Сарамандық сабаққа дайындалу әдебиеттер мен дерек көздерге жалпы шолудан басталады. Берілген тапсырманы орындау үшін оның мазмұнын берілген жоспар бойынша орындау қажет. Керекті мәліметтерді қысқаша тезис түрінде дәптерге жазып алу керек. Тақырыпты толығырақ ашу үшін әртүрлі сызбалар мен суреттерді келтіруге болады. Сарамандық жұмыстың соңында міндетті түрде қорытынды шығарылады.



Әдебиеттер тізімі: (1, 7)
3 Тақырып. Ғаламдық компьютерлік желілер – 2,5 (2) сағат.

Жоспар:

  1. Ғаламдық компьютерлік желілердің таралу аумақтары

  2. Қазақстандағы ғаламдық компьютерлік желілер

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар:

1. Тақырып мақсатын анықтау;

2. Тақырып бойынша міндеттерді құру;

3. Тақырып мазмұнын ашатын сұрақтарды жүйелеу;

4. Тақырып бойынша түсініксіз тұстары бойынша оқытушыға сауалдарды дайындау;

5. Тақырып бойынша әдебиеттер көзін тауып, тізімдеп, жүйелеу;

6. Тақырып бойынша мазмұнын ашатын баяндама жазу

Сарамандық сабаққа дайындалу әдебиеттер мен дерек көздерге жалпы шолудан басталады. Берілген тапсырманы орындау үшін оның мазмұнын берілген жоспар бойынша орындау қажет. Керекті мәліметтерді қысқаша тезис түрінде дәптерге жазып алу керек. Тақырыпты толығырақ ашу үшін әртүрлі сызбалар мен суреттерді келтіруге болады. Сарамандық жұмыстың соңында міндетті түрде қорытынды шығарылады.



Әдебиеттер тізімі: (1, 5)
4 Тақырып. Мультимедиялық менеджмент жүйелері - 2,5 (2) сағат.

Жоспар:

  1. Мультимедиялық басқару жүйелерінің автоматтандырылған түрлері

  2. Қазақстандағы мультимедиялық менеджмент жүйелері

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар:

1. Тақырып мақсатын анықтау;

2. Тақырып бойынша міндеттерді құру;

3. Тақырып мазмұнын ашатын сұрақтарды жүйелеу;

4. Тақырып бойынша түсініксіз тұстары бойынша оқытушыға сауалдарды дайындау;

5. Тақырып бойынша әдебиеттер көзін тауып, тізімдеп, жүйелеу;

6. Тақырып бойынша мазмұнын ашатын баяндама жазу

Сарамандық сабаққа дайындалу әдебиеттер мен дерек көздерге жалпы шолудан басталады. Берілген тапсырманы орындау үшін оның мазмұнын берілген жоспар бойынша орындау қажет. Керекті мәліметтерді қысқаша тезис түрінде дәптерге жазып алу керек. Тақырыпты толығырақ ашу үшін әртүрлі сызбалар мен суреттерді келтіруге болады. Сарамандық жұмыстың соңында міндетті түрде қорытынды шығарылады.



Әдебиеттер тізімі: (1, 5)

5 Тақырып. Ақпараттық менеджмент жүйелері - 2,5 (2) сағат

Жоспар:

  1. Ақпараттық менеджмент жүйелерінің пайдалану салалары

  2. Туризмде ақпараттық менеджмент жүйелерін пайдаланудың ерекшеліктері

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар:

1. Тақырып мақсатын анықтау;

2. Тақырып бойынша міндеттерді құру;

3. Тақырып мазмұнын ашатын сұрақтарды жүйелеу;

4. Тақырып бойынша түсініксіз тұстары бойынша оқытушыға сауалдарды дайындау;

5. Тақырып бойынша әдебиеттер көзін тауып, тізімдеп, жүйелеу;

6. Тақырып бойынша мазмұнын ашатын баяндама жазу

Сарамандық сабаққа дайындалу әдебиеттер мен дерек көздерге жалпы шолудан басталады. Берілген тапсырманы орындау үшін оның мазмұнын берілген жоспар бойынша орындау қажет. Керекті мәліметтерді қысқаша тезис түрінде дәптерге жазып алу керек. Тақырыпты толығырақ ашу үшін әртүрлі сызбалар мен суреттерді келтіруге болады. Сарамандық жұмыстың соңында міндетті түрде қорытынды шығарылады.



Әдебиеттер тізімі: (1, 7)
6 Тақырып. Қонақүй кешенін басқару жүйесіндегі ақпараттық технологиялар - 2,5 (2) сағат

Жоспар:

  1. Қонақүй кешеніндегі компьютерлік технологиялардың қолданылуы

  2. Қазақстандағы қонақүй кешеніндегі компьютерлік технологиялардың қолданылуы

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар:

1. Тақырып мақсатын анықтау;

2. Тақырып бойынша міндеттерді құру;

3. Тақырып мазмұнын ашатын сұрақтарды жүйелеу;

4. Тақырып бойынша түсініксіз тұстары бойынша оқытушыға сауалдарды дайындау;

5. Тақырып бойынша әдебиеттер көзін тауып, тізімдеп, жүйелеу;

6. Тақырып бойынша мазмұнын ашатын баяндама жазу

Сарамандық сабаққа дайындалу әдебиеттер мен дерек көздерге жалпы шолудан басталады. Берілген тапсырманы орындау үшін оның мазмұнын берілген жоспар бойынша орындау қажет. Керекті мәліметтерді қысқаша тезис түрінде дәптерге жазып алу керек. Тақырыпты толығырақ ашу үшін әртүрлі сызбалар мен суреттерді келтіруге болады. Сарамандық жұмыстың соңында міндетті түрде қорытынды шығарылады.



Әдебиеттер тізімі: ((2, 3, 4, 6)
7 Тақырып. Әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризмдегі Microsoft Office негізіндегі ақпараттық технологиялар - 4 (2) сағат

Жоспар:

  1. Microsoft Office ақпарттық технологиялары, олардыі пайдалану мүмкіншіліктері

  2. Microsoft Office жаңа нұсқаулары

  3. Әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризмдегі Microsoft Office технологияларының қолданылуы

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар:

1. Тақырып мақсатын анықтау;

2. Тақырып бойынша міндеттерді құру;

3. Тақырып мазмұнын ашатын сұрақтарды жүйелеу;

4. Тақырып бойынша түсініксіз тұстары бойынша оқытушыға сауалдарды дайындау;

5. Тақырып бойынша әдебиеттер көзін тауып, тізімдеп, жүйелеу;

6. Тақырып бойынша мазмұнын ашатын баяндама жазу

Сарамандық сабаққа дайындалу әдебиеттер мен дерек көздерге жалпы шолудан басталады. Берілген тапсырманы орындау үшін оның мазмұнын берілген жоспар бойынша орындау қажет. Керекті мәліметтерді қысқаша тезис түрінде дәптерге жазып алу керек. Тақырыпты толығырақ ашу үшін әртүрлі сызбалар мен суреттерді келтіруге болады. Сарамандық жұмыстың соңында міндетті түрде қорытынды шығарылады.



Әдебиеттер тізімі: (1, 5, 7)
8 Тақырып. Коммуникация және байланыс құралдары – 2,5 (1) сағат

Жоспар:

  1. Заманауи байланыс құралдары

  2. Туризмдегі заманауи байланыс құралдары

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар:

1. Тақырып мақсатын анықтау;

2. Тақырып бойынша міндеттерді құру;

3. Тақырып мазмұнын ашатын сұрақтарды жүйелеу;

4. Тақырып бойынша түсініксіз тұстары бойынша оқытушыға сауалдарды дайындау;

5. Тақырып бойынша әдебиеттер көзін тауып, тізімдеп, жүйелеу;

6. Тақырып бойынша мазмұнын ашатын баяндама жазу

Сарамандық сабаққа дайындалу әдебиеттер мен дерек көздерге жалпы шолудан басталады. Берілген тапсырманы орындау үшін оның мазмұнын берілген жоспар бойынша орындау қажет. Керекті мәліметтерді қысқаша тезис түрінде дәптерге жазып алу керек. Тақырыпты толығырақ ашу үшін әртүрлі сызбалар мен суреттерді келтіруге болады. Сарамандық жұмыстың соңында міндетті түрде қорытынды шығарылады.



Әдебиеттер тізімі: (1, 5, 7)
9 Тақырып. Әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризмдегі оргтехниканың замануи құралдары 2 (1) сағат

Жоспар:

  1. Оргтехника құралдарымен жұмыс жасау

  2. Оргтехника құралдарының мүмкіншіліктері

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар:

1. Тақырып мақсатын анықтау;

2. Тақырып бойынша міндеттерді құру;

3. Тақырып мазмұнын ашатын сұрақтарды жүйелеу;

4. Тақырып бойынша түсініксіз тұстары бойынша оқытушыға сауалдарды дайындау;

5. Тақырып бойынша әдебиеттер көзін тауып, тізімдеп, жүйелеу;

6. Тақырып бойынша мазмұнын ашатын баяндама жазу

Сарамандық сабаққа дайындалу әдебиеттер мен дерек көздерге жалпы шолудан басталады. Берілген тапсырманы орындау үшін оның мазмұнын берілген жоспар бойынша орындау қажет. Керекті мәліметтерді қысқаша тезис түрінде дәптерге жазып алу керек. Тақырыпты толығырақ ашу үшін әртүрлі сызбалар мен суреттерді келтіруге болады. Сарамандық жұмыстың соңында міндетті түрде қорытынды шығарылады.



Әдебиеттер тізімі: (1, 5, 7)


  1. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар



Өздік жұмыстың тақырыбы

Өздік жұмыстың атауы

Өздік жұмыстың мазмұны

Әдебиет

1

ТЖАТ курсына кіріспе. Ақпараттық технологиялар жүйесі

Өздік жұмыс № 1

ЖАТ туристік фирманың жұмысына енгізу нұсқаулығын құрастыру

(1)

2

Броньдау және резервте сақтау жүйелері

Өздік жұмыс № 2

Броньдау және резервте сақтау жүйелерінде жұмыс жасау ерекшеліктері

(1, 7)

3

Ғаламдық компьютерлік желілер

Өздік жұмыс № 3

Ғаламдық желілерде жұмыс жасау ерекшеліктері

(1, 5)

4

Мультимедиялық менеджмент жүйелері

Өздік жұмыс № 4

Автоматтандырылған менеджмент жүйелерін құрастыру ерекшеліктері

(1, 5 )

5

Ақпараттық менеджмент жүйелері

Өздік жұмыс № 5

Жаңа ақпараттық менеджмент жүйелері

(1, 7)

6

Қонақүй кешенін басқару жүйесіндегі ақпараттық технологиялар

Өздік жұмыс № 6

Қонақүй кешенін басқарудың автоматтандырылған технологиялары

(2, 3, 4, 6)

7

Әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризмдегі Microsoft Office негізіндегі ақпараттық технологиялар

Өздік жұмыс № 7

Microsoft Office форматындағы қосымшалармен жұмыс істеу

(1, 5, 7)

8

Коммуникация және байланыс құралдары

Өздік жұмыс № 8

Байланыс құралдары арқылы туристік фирманы немесе қонақүйді жарнамалау

(1, 5, 7)

9

Әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризмдегі оргтехниканың замануи құралдары

Өздік жұмыс № 9

Күнделіктегі оргтехника құралдары

(1, 5, 7)


9 СОӨЖ кеңес кестесі (СОӨЖ-сы СӨЖ-ның 25% құрайды)




Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру













12.35

13.25





2.

Семинар сабақтары бойынша кеңес







12.35

13.25











3.

СӨЖ бойынша кеңес










12.35

13.25








4.

Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес

12.35

13.25


















11. Студенттердің білімдерін тексеру кестесі

Дәріс және тәжірибелік (семинар, зертханалық) сабақтар 0-100 баллмен бағаланады




Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырма тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылған әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау формасы

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

7

1

Глоссарий құрастыру

Пәнді оқытуда қолданатын терминдер мен ұғымдарды жатқа айту




Семестр бойы




семестр бойы

2

Аралық бақылау

Жоспар бойынша алғашқы 5 тақырып







коллоквиум

8-ші жұма

3

Google Earth бағдарламасымен жұмыс жасау

Қазақстандағы қонақүйлерге қойылатын стандарттар мен нормативтердің талаптары




4 жұма




13-шы жұма

4

Аралық бақылау

Жоспар бойынша 6-9 тақырыптар







коллоквиум

15-ші жұма

12. Студенттердің білімін бағалау критериилері


Пәнді оқуту жыл бойы алған білімдері бойынша, тестілеу формасындағы емтиханмен аяқталады. Бағдарламада берілген барлық тапсырмаларды орындау, емтиханға жіберудің міндетті критерииі болып табылады.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.


14. Әдебиеттер тізімі


  1. Сұлтанбекова А.О. Туристік бизнестегі қазіргі замаңғы ақпараттық технологиялар. - Алматы: Экономика, 2009. – 304 б.

  2. Аяжанов С.С. Ақпараттық жүйелердің негіздері. - Алматы: Дәуір, 2012. – 400 б.

  3. Нүрбекова Ж.К., Ақанова А.С. Жаңа ақпараттық желілік технологиялар. - Павлодар: Кереку, 2009.

  4. Хакимова Т. Графикалық компьютерлік модельдеу. - Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 131 б.

  5. Бөрібаев Б. WEB-технологиялар. - Алматы: Дәуір, 2011. – 560 б.


Қосымша:

6. Ермеков Н.Т. Ақпараттық технологиялар. - Астана: Фолиант, 2007. – 208 б.



7. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б. Интернетке кіріспе «Бүкілдүниежүзілік өрмек». - Алматы: ЖТИ, 2006. – 28 б.
жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау