Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 267,53 Kb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата22.05.2018
өлшемі267,53 Kb.
#16364
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

№ 6 Тақырып

. Геодезиялық тірек торы.



Жоспар:

1. Геодезия пәні

2. Геодезиялық тірек торы

3. Қазақстандағы геодезиялық тірек торы



Геодезия (грек. ge —   жер   және daі —   бөлемін)   — Жердің пішіні   мен   мөлшерін,

қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін

зерттейтін,   жер   бетінің   планы   мен   картасын   салу,   жер   бетіндегі   өлшеулерді   жүргізумен

айналысатын   Жер   туралы   ғылымдардың   бір   саласы.   Жердің   физикалық   бетін   зерттеу

үшін картографиялық жәнетопографиялық әдістер  мен пландық және биіктік  координаталар

құрылады. Геодезия ғылымы   астрономиялық   және   гравиметриямен   тығыз   байланысты,

сондықтан Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады. Оның шамасы

— геогр. координаттар арқылы доғалардың сызықтық және бұрыштық мәндерін анықтаудан

тұрады. Г-дағы координаттық  негіздер триангуляция, полигонометрия,  геометриялық  және

тригонометриялық  нивелирлеу әдістерімен  геодезиялық торлар құру арқылы жасалынады.

Өндірістік, гидротехн. және т.б. құрылыс объектілерінің пландық пен биіктік негізін салуды

және   инж.   түсірімдерді   орындау   мәселелерін   инж.   Геодезия   шешеді.   Қазіргі

уақытта мұхит, теңіздердің жәнекөлдердің байлықтарын  меңгеру  үшін  олардың  жағаларын,

түбін   зерттеу   жұмыстары   жүргізіліп, гидрографиясы толықтырылды,   бұл   су   асты   Г-сын

дамытты.   Үлкен   территорияларда топографиялық   жұмыстар тез   және   тиімді   жасалу   үшін

әуеден  жер бетінің  фотогр. бейнесі  алынды, осыған  байланысты  Г-ның аэрогеодезия  мен

ғарыштық геодезия саласы қалыптасты. Жер асты байлықтарын (кен қазбаларын, мұнай мен

газ   өнімдерін,   т.б.)   меңгеруде   инж.-техникалық   жобалар   мен   сызбаларды   қамтамасыз   ету

үшін жер асты Г-сының маркшейдерияның) тәсілдері қажет. Г-ның ғыл. және практикалық

шешу   әдістері   матем.   мен   физ.   заңдарына   негізделген. Республикада ғылыми   және

практикалық мәні зор көптеген геодезиялық және топогр. жұмыстар жүргізіліп келеді. Егер

1917   ж.   дейін   Қазақстан   аумағының   тек   13,5%-іне   1:126000   масштабты   аспаптық   түсіру

жұмыстары орындалса, 1945 ж. ол 86,6%-ке жеткізілді және масштабы 1:100 000, 1:200 000

топогр.   карталар   жасалды.   1920   —   45   ж.   22800-ден   астам пункттің триангуляциясы

анықталды. 1950 жылдары Қазақстан аумағы толығымен түсіріліп бітті. 1954 ж. масштабы

1:25000   картографиялық   түсірілу   басталды.   Дәлдігі   жоғары   1-,   2-   және   3-   класты

мемл. триангуляция торы   құрылды.   Бұрынғы   шығарылған масштабы 1:100   000   карталар

жаңартылды.

 

Бүкілодақтық



 

ауыл


 

шаруашылығы

 

аэрофотогеодезиялық



институтытының Қазақстан филиалы   Геодезия   және   картогр.   Бас   басқармасының   картогр.

материалдарын   пайдаланып   Қазақстан   аумағының   фотокартасын   түсірді   және   а.ш-ғының

картасын жасады (1960). Г-лық тәсілдермен жер сілкінудің  алдын ала болжау мүмкіндігін

анықтау   мақсатында,   жер   қыртысының   жылжуын   зерттеу   үшін   Тянь-Шань   аймағында

геодинамикалық   болжау   полигоны   құрылды.   Полигонда   қазіргі   кездегі   жер   қыртысының

жылжуының вертикаль және горизонталь құраушылары зерттеледі



Геодезиялық тор — Жер бетіндегі координаттары белгілі центрі арнайы белгілермен

бекітілген геодезиялық пункттердің (нүктелердің) жиынтығы. Геодезиялық Тор пункттерінің

координаттары астрономиялық немесе геодезиялық әдіспен анықталады. Осылай анықталған

пункттердің   жиынтығын   геодезиялық   тіректік   тор   деп   атайды.   Олар   жиілету   немесе

толықтыру торларының  негізі болып табылады. Пункттердің абс. биіктіктерін  геодезиялық

биіктіктерді теңіз деңгейі бетіне қатысты анықтайды. Геодезиялық Тор пункттерінің пландық

координаттары   триангуляция,   трилатерация   және   полигонометрия   әдістерімен   анықталса,

биіктіктік   жағдайы   —   геом.,   тригонометриялық   нивелирлеу   әдістерімен   анықталады.

Геодезиялық   Тор   топограф.   түсірімдер,карталар жасау,   сондай-ақ,   барлау,   құрылыс   салу

жұмыстарының жергілікті жердегі дәлдік  есептеулеріне  байланысты  пландық  және биіктік

негіз ретінде қолданылады.



Геодезия - Жер пішіні мен өлшемін анықтау, планда және картада бейнелеу үшін жер

бетіндегі өлшеулер туралы ғылым жүйесі. Геодезия — жер туралы өте ежелгі ғылымдардың

бірі.  Адамзаттың  бағзы  заманда  жер  бетінде  қашықтық  пен  ауданды  өлшеудегі  ашқан

зандылықтары  Геодезияның  ғылым  ретінде  қалыптасуына  негіз  болды.  Геодезия  өте  ерте

заманда жер бетін шаруашылық мақсаттар үшін зерттеу қажеттігі туған кезде пайда бодды.

Әсіресе Ежелгі Египетте Геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше қолайлы жағдайлар

туды. Б.з.д. XIV—XII ҒҒ. Қытайда «бүкіл жерді» зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар

жүргізілді.  Геодезия  Ежелгі  Грекияда  жоғары  дамып,  теориялық  жағынан  негізделді.  Оған

бізге  жеткен  Александриялық  Геронның  (шамамен  1  ғ.)  «Диоптрия  тура  геожүйелердің

қалыптасу,  қызмет  ету  және  даму  процестері.  Олар  геожүйелердің  қасиеттері  мен

құрамдарының,  шекаралары  мен  өзара  байланыстарының  өзгеруімен  қатар  жүреді.

Геодезиялық  процестер  заттық,  энергетикалық  немесе  ақпараттық,  географиялық

нақтылыққа  байланысты  -  физикалық-географиялық  (табиғи),  қоғамдық  - (  географиялық,

сондай-ақ табиғат пен қолы» және «Ауданды өлшеу» атты кітаптары дәлел бола алады. Бұл

кітаптарда геодезиялық жұмыстар мен геодезиялық құралдардың еипаттамалары келтірілген.

Грекғалымы  Эратосфен  (б.з.д. 276—194  жж.)  Египетте  жердің  көлемін  анықтады.  Ол  жер

шарының радиусы, шамамен, 6000 км екенін анықтап берді.

Геодезиялық  жұмыстардың Ресейде ғылыми  жолға  қойылуы I  Петр кезінде  жүзеге

асырылды.   XIX  ғ.  бірінші  жартысында  Ресейдегі  геодезиялық  жұмыстардың  ғылыми

жағынан жоғары қойылуына атақты орыс астрономы және геодезисі, Пулковастрономиялық

обсерваториясының  негізін  салушы  және  бірінші  директоры  В.Я.  Струве  (1793-1864  жж.)

болды.


Қазіргі  кезде  геодезия  іргелі ғылымдардың жетістіктеріне  сүйенетін  күрделі  әрі  жан-

жакты дамыған ғылымдардың бірі болып саналады. Оның негізгі атқаратын міндеті - Жердің

пішіні,  келисіп  және гравитациялық  өрісін зерттеу,  пландар  мен  карталарды  және  олардың

электрондық  ұқсастығын  —  жергілікті  жердің  цифрлық  моделін  және  электрондық

карталарды  жасау,  шаруашылық  салаларының  жоіте  еліміздің  корғанысының  жергілікті

жердегі  әр  түрлі инженерлік мәселелерін  шешу.  Адамзат  қоғамының  және  ғылым  мен

техниканың  дамуына  байланысты  Геодезияның  мазмұны  да  өзгеріп  отырды.  Соның

нәтижесінде  өзінің  даму  процесінде  геодезия  бірқатар  дербес  ғылыми  және  ғылыми-

техникалық пәндерге бөлінді.

Жоғарғы  геодезия  жердің  және  пішіндері  мен  көлемдерін  зерттейді,  сондай-ақ

геодезиялық  негізгі  тірек  жүйелерін  құру  жөніндегі  міндеттерді  шешеді.  Жоғарғы  геодезия

міндеттерін 

шешу 

әдістерін 



егжей-тегжейлі 

зерттеу 


басырында 

одан


геодезиялық астрономия, геодезиялық  гравиметрия және  ғарыш  геодезиясы  жеке  пәндер

болып бөлінеді.

Геодезиялық  астрономия  геодезиялық  тірек  жүйелері  үшін аспан шырақтарын

бақылау  негізінде  координаталық  бастапқы  мәліметтерді  анықтау  мәселелерімен

айналысады.

Геодезиялық  гравиметрия  жер  бетінің  жекелеген  нүктелерінің  ауырлық  күшін

арнайы аспаптармен өлшеу аркылы жердің пішінін зерттейді.



Ғарыш  геодезиясы  Жердің  жасанды  серіктерінің  көмегімсн  жер беті  нүктелерінің

геометриялық арақатынастарын зерттейді.  Геодезия  немесетопография жер  бетінің  біршама

шағын  телімдерін  түсірумен  байланысты  мәселелерді  зерттейді. Картография жер   бетінің

едәуір   аумағының   кескіндерін   әр   түрлі   мақсаттағы   карталар   түрінде   жасау   әдістері   мен

процестерін, оларды жасау және көбейту технологиясын зерттейді.

Аэрофототопография.  Аэрофототопография   жердің   карталары   мен   пландарын

жерден   және   әуеден   түсірген   фотосуреттер   бойынша   жасаудьщ   әдістерін   талдаумен

айналысады. Теңіз геодезиясы мұхиттар мен теңіздер түбінің табиғи корларын барлау мен

картаға түсіруге байланысты арнайы өлшеу әдістерін талдайды.

Қолданбалы   немесе   инженерлік   геодезия   іздеулер,   құрылыстар   мен

инженерлік ғимараттарды салу   және   пайдалану,   жабдыктарды   құрастыру,   сонымен   қатар

еліміздің табиғат байлықтарын пайдалану кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың



жүктеу 267,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау