Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 267,53 Kb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата22.05.2018
өлшемі267,53 Kb.
#16364
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

компас   немесе  карта   көмегімен,  аэрофото-түсірім  мен  жергілікті  белгілерге,   Күнге,   Айға,

жұлдыздарға   қарап,   сондай-ақ   жарық, радио және дыбыс толқындары   бойынша   да

жүргізіледі;

 

2) ғарыштық



 

аппараттың геометриялық

 

осьтерінің аспан



денелеріне (Күн, Ай, жұлдыздар),   сондай-ақ,магнит немесе   ауырлық   өрісінің   күш

сызықтарына  қатысты  анықталатын  орны; 3) күрделі геом. фигуралар үшін түзудегі  бағыт

ұғымын жалпылап алу. Нүкте түзу бойымен қарама-қарсы екі бағытта қозғала алады. Мыс.,

горизонталь   түзудің   бойындағықозғалыс солдан   оңға   қарай   не   оңнан   солға   қарай

бағытталады. Осы сияқты әрбір тұйық қисық сызықты сағат тілінің бағытымен (1-, 2-сурет)

не сағат тіліне қарсы бағытпен (3-сурет) Бағдаулауға  болады. Жазықтықта жатқан, өзін-өзі

қиып өтпейтін  бірнеше  тұйық қисық сызық үшін де белгілі бір Бағдарлауды  таңдап алуға

болады.   Егер   осындай   қисық   сызықтардың   бәрі   сағат   тілінің   (не   оған   қарама-қарсы)

бағытымен бағдарланса, онда барлық жазықтық сағат тілінің бағытымен (не оған қарама-

қарсы)


 

бағдарланады

 

делінеді.



 

Әр

 



түрлі

 

беттің



 

бағдарлануы

(мыс., сфера бетінің, эллипсоид бетінің, т.б.) жазықтықтың бағдарлануы сияқты анықталады.

Бірақ кез келген бетті (мыс., Мебиус жапырағы) Бағдарлауға болмайды. Бағдарлау ұғымын

кеңістікке  де   енгізуге   болады.  Егер  кеңістіктің  бір   бөлігін   шектейтін  тұйық   беттің   бөлігі

сырттан қарағанда сағат тілінің бағытына қарама-қарсы (не оның бағытымен) бағдарланса,

онда бұл бет оң жаққа (сол жаққа) қарай бағдарланған делінеді. Оң және сол координаталар

жүйелері   де   Бағдаулау   ұғымына   байланысты   шыққан;   4)   Ірі

масштабты карта мен компасты пайдалана

 

отырып,



 

айналаны


 

бағдарлауға

негізделген спорттық жарыс   түрі. Бағдаулау спорты   19   ғасырдыңсоңында   пайда   болған.

Оның   жүгіріп   келе   жатып   Бағдарлау,   шаңғымен   келе   жатып   Бағдарлау,   т.б.   түрлері

бар. Бағдарлау   спортының халықар.   федерациясы   (ІОҒ)   1961   жылы   құрылған.   Оған

40 мемлекет мүше.   Дүниежүзілік   (1966   жылдан)   және   еуропалық   (1962   жылдан)

чемпионаттар өткізіліп тұрады.Қазақстанда Бағдарлау спортынан тұңғыш жарыс 1963 жылы

ұйымдастырылды. Республика бойынша қысқы және жазғы чемпионаттар өткізіліп тұрады. 



География мен геодезиядағы бағдарлау

Бағдарлау   -   сызықтың   бағытын   бастапқы   бағыт   арқылы   табу. Геодезияда бастапқы

бағыт ретінде меридиан пайдаланылады. Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретінде

шын   азимуттар,   магниттік   азимуттар   және   дирекциондық   бұрыштар   қызмет   етеді.   Осы

бұрыштар   бастапқы   бағыттан   бастап   сағат   тілінің   бағыты   бойымен   0"-тан   360°-қа   дейін

өлшенеді.   Шын азимут —   бақылау   нүктесі астрономиялық   меридианының   жазықтығы мен

осы   нүктеде   осы   бағыт   арқылы   өтетін   вертикаль   жазықтық   түзетін   екі   қырлы   бұрыш.

Магниттік   азимут   —   сағат   тілінің   бағыты   бойымен   магниттік   меридианның   солтүстік

бағытынан   (машит   нүсқарының   солтүстік   шетінен)   белгілі   бір   алынған   бағытқа   дейін

есептелетін горизонталь

 

бұрыш.


 

Магниттік

 

азимуттар



 

компаспен

немесе буссольмен өлшенеді. Дирекциондық   бұрыш —   осьтік   меридианның   солтүстік

бағытынан немесе абсцисса осінің бағытынан сағат тілінің бағыты бойымен берілген нүкте

бағытына дейін есептелетін горизонталь бұрыш.

Бағдарлау сызығы.  бағытты анықтау сызығы. Бағдарлау сызығы жер бетінде және

карта   арқылы   бағдарлауда   жиі   кездеседі.   Бағдарлау   кезінде   негізгі   сызық   болып

географиялық,   магниттік   және   осьтік   меридиандар   немесе   оларға   параллель   сызықтар

алынады. Бағдарлау сызықтарының көмегімен карта бетінде жүру бағытын, елді мекендерді,

нысананы және тағы да басқалары анықтауға болады.

Бағдарлаушы   құрылғылар.  жергілікті   жердегі   заттарға   (нысандарға)   қарайғы

бағытты анықтайтын құрылғылар — буссоль, компас.



Бағдарлық бағыт. жергілікті жерде компас, карта немесе аэротүсіріс арқылы бағытты

анықтау. Бағдарлық бағыт ретінде дүниенің төрт бағыты (солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс),

Күннің, Айдың, жұлдыздардың орналасу жағдайлары алынады.

Бағыт   бағдары  жер   бетінде   жақсы   көрініп   түрған   қозғалмайтын   зат   немесе   жер

бедерінің элементі.



Әдебиеттер тізімі: (1, 2)


№ 4 Тақырып

Топографиялық карталардың географиялық мазмұны



Жоспар

:

1. Топографиялық карталардың мазмұны мен қызметі.

2. Топографиялық карталардың түрлері. 

3. Карта арқылы жол бойымен жүру

4. Карта бойынша жер бедерін зерттеу

Топографиялық   карта (Топографическая   карта)   —   шартты   белгілермен,   барлық

сызықтарын   белгілі   бір   мөлшерде   бірнеше   есе   кішірейту   арқылы   жергілікті   жерді   қағаз

бетінде   дәлме-дәл   әрі   жан-жакты   бейнелеу.  Топографиялық   картада   арнаулы   шартты

белгілермен   жердің   барлық   бөлшектерінің   (бедері   мен   заттардың)   орналасуы   мен   өзара

байланысы   көрсетіледі. Карта   бойынша   жергілікті   жерді   бағалауға,   қозғалыс   бағытын

зерттеуге,   қашықтықты,   бұрышты,   алаңдарды,   биіктікті,   кеңістікті   анықтауға   байланысты

міндеттер   орындалады,   Топографиялық   карталар   жалпы   мемлекеттің,   елдің   қорғаныс

қажеттілігін қамтамасыз ету үшін де, халық шаруашылығы үшін де қажет.Топографиялық

карта   көмегімен   орындалатын   міндеттердің   сан   алуандығы   өр   түрлі   масштабтағы

карталардың болуын керек етеді.

Карта (немісше   Karte   –   түпнұсқа;   грекше   chartes   –   жазуға

пайдаланылатын папирус парағы)   –   Жер   бетінің, жұлдызды аспанның   немесе   оның

бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана   отырып,   шартты   белгілер   арқылы

жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының,

жыралардың өзгеруін,батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б. анықтауға

болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы  мен байланысын, саралық және

сандық   сипаттарын   анықтайды.   Картаныңөндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен елдің

қорғанысында маңызы   зор.   Сонымен   бірге   іздестіру   жүргізуде,   жоспарлауда,   әр

түрлі құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады 

Карта — Жер  шарының  бетін   немесе   оның бөліктерін  белгілі  бір  картографиялық

проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу.  Қолданылу мақсатына қарай

керекті мәліметтер көрсетіледі. 

Карта арқылы жол бойымен жүру (Движение по дорогам с помощью карты). Алдын

ала картамен жақсылап зерделеп алып, қозғалыс маршрутын: жол сипатын, жол бойындағы

құрылыстарды,   көкжиек   тұсына   қатысты   жалпы   бағыт   жолын,   өтуі   қиын   тұстардың

орналасуын   және   оларды   айналып   өтуге   болатын   жолдарды,   жол   айырығы   мен   жол

қиылыстарын   есте   сақтау   керек.   Сонан   соң   картада   қозғалыс   дұрыстығын   бақылау   үшін

қажетті маршрут бойынша   негізгі   бағдарлар   тандалынып   алынып,   іріктеледі.   Бүкіл

марштурттың   ұзындығы   мен   тандалып   алынған   бағдарлар   арасындағы   қашықтықтар

өлшенеді және жазылып алынады. Қозғалыс уақытында карта бағдарланған болуы тиіс. Бір

бағдардан келесі бағдарға ілгерілеп, картаны жергілікті жермен жүйелі түрде салыстырып

отыру, жүріп өткен қашықтық пен бағдарлар бойынша қозғалыс дұрыстығын бақылау кез

келген   нүктеде   таңдап   алынған   бағдарларға   қатысты маршрутта өз   тұрған   жеріңді   және

қозғалыстың соңғы пунктін айқын білу үшін қажет.



Карта арқылы жолдан тыс жермен жүру. (Движение вне дорог с помошью карты).

Ол үшін жолдың әрбір бұрылысы жақсы танылатын  жергілікті  жер бағдарлары  көрсетіле

отырып, картада маршрут белгіленеді. Маршрут бағыты мүмкіндігінше жергілікті заттардың

(орлар, байланыс желілері т.б.) тұзу сызықты бағыттарымен сәйкес келуі керек. Бір бағдардан

келесі  бағдарға ілгерілеу кезінде,  жүріп өткен  жолды карта  бойынша жиі бағдарлап,  оны

жергілікті жермен сәйкестендіріп отыру керек.



Карта бойынша жергілікті жер бедерін зерделеу. (Изучение рельефа местности по

карте) — жазықтықтың горизонтальдық суреті бойынша ой жүгірте отырып, жер бетіндегі

тегіс емес кеңістік көрінісін елестету және бедер (ылди құлдилығы, нүктелер биіктігі және

т.б.)   сипатын   анықтау   бойынша   есептеу   мен   өлшеу   жүргізу.  Бедердің   жалпы

сипаттамасы горизантальдардың пішіні  мен  жиілігі   бойынша  үстірт   шолумен   анықталады.



жүктеу 267,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау