6. Дәріс сабақтарының мазмұны
№ Тақырып. Кіріспе
Жоспар
1.Пәннің зерттеу обьектісі және мазмұны.
2.Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары.
3.Уақыт айырмасы.Сағаттық белдеулер.
1. Қазақстанның физикалық географияның негізгі зерттелу нысаны географиялық қабық және бөліктері.Оның құрамды бөліктеріне табиғат компоненттері(ауа, су, топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі) жатады. Сонымен табиғат компоненттерінің мұндай күрделі ұштасуының нәтижесінде сол аумаққа тән табиғат компоненттері қалыптасады.Қазақстан жерінің табиғат кешендерін оқып үйренгенде табиғаттың жеке және бір-бірімен әрекеттесе отырып,бірте-бірте қалай өзгеретінін,осы күнгі сипатына қалай келгенін, қазіргі кезде онда қалай өзгерістер болып жатқанын білу үшін әрбір табиғат компонентімен танысу қажет.
Қазақстан аумағы 2,7 млн. Шаршы км.Аумағы бойынша дүние жүзінде 9-шы орын алады.Республиканың халқы 17 млн адам.Қазақстан халқының тығыздығы 1 шаршы километр жерге 5,4 адамнан келеді.Қазақстан Еуразия материгінің дәл ортасында орналасқан,екі дүние бөлігін қамтиды.Кіші батыс бөлігі Еуропада,ал көлемді шығыс бөлігі Азияда жатыр.Жайық өзенінің екі жағында орналасқан Атырау қаласының тұрғындары Еуропа мен Азияға саяхат жасай алады.Қазақстан батысында Еділдің төменгі ағысынан,шығысында-Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге,Солтүстік-Батыс Сібір жазығынан,оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 км-ге созылып жатыр.
Қазақстанның шеткі нүктелері 550 261-400 561 с.е. және 450 271-870 181 ш.б. Белдеулік уақыт Халықаралық келісім бойынша Жер шары 24 сағаттық белдеуге бөлінеді.Оның ішінде ТМД елдері 11 сағаттық белдеуге,ал Қазақстан 2 сағаттық белдеуге (IV-V) бөлінеді.Әрбір сағаттық белдеудің ішіндегі уақытты белдеулік уақыт деп атайды.Сонымен 24 сағаттық белдеудің өз номерлері бар (0-23-ке дейін).
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
№ 2 тақырып.Қазақстан Республикасының табиғат жағдайлары.
Жоспар
1. Қазақстан аймағының геологиялық және тектоникалық құрлысы
2. Негізгі пайдалы қазбалардың геоқұрылымдық ерекшеліктері.
3. Пайдалы қазбалар қоры және олардың таралу заңдылықтары.
Геологиялық дамуы барысында Қазақстанды бірнеше рет су басып, кейіннен теңіз табаны құрлыққа айналған. Палеозойға дейін, яғни архей және протерозой эраларында теңіз сулары басып жатқан геосинклинальді аймақ болды. Батыс аймағында ғана жер қыртысының тұрақтанған бөлігі Шығыс Еуропа (Орыс) платформасының шағын аймағы қалыптасты. Палеозой басынан бұл аймақ біртіндеп төмендеп, бетін теңізсуы басты. Күшті тектоникалық қозғалыстар әсерінен геосинклиндер орнына сарыарқаның солтүстік батысы мен Тянь-Шаньнің солтүстігіндегі тау жүйелері қалыптасқан. Палеозойдың аяғында жүзеге асқан герциндік тау түзілу процессі кезінде Алтай және Жоңғар Алатауы, Сарыарқаның шығыс бөлігі, Мұғалжар өңірлері көтерілді. Мезозой эрасы жер қыртысынан салыстырмалы түрде тыныш кезеңі болған: бұл кезде тектоникалық қозғалыстар баяу болған, тау жүйесі түзілмеген. Неогеннің аяғында бірнеше рет болған күшті тектоникалық қозғалыс әсерінен альпілік таулар түзілген. Альпілік таулар түзілу процессі кезінде жер қыртысында жарықтар пайда болып, бұрыны қатпарлы аймақтар төмендеп, көтерілген. Нәтижесінде қатпарлы-жақпарлы биік таулы жүйелер қалыптасқан. Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань таулары екінші рет көтерілуге ұшыраған. Қазақстанда төмендегідей негізгі геотектоникалық құрылымды аймақтар ажыратылады: платформалар (өте ескі – Шығыс еуропаның және Жаңа Батыс Сібір мен Тұран), және қатпарлы облыстар (Тянь-Шань, Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Мұғалжар, Сарыарқа).
Пайдалы қазба орындары жанатын, кенді және кенсіз болып 3 топқа бөлінеді. Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір кен орындары жатады. Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 99 элементі кездеседі. 70 элементінің мол қоры барланған және 60- тан астамы өндіріледі.
6 мыңға жуық пайдалы қазбалар қоры ашылған. Республика дүние жүзінде вольфрамның қоры жөнінен 1-ші орынға, хромит пен фосфорит кенінен 2-ші орынға, марганей кенінен (АҚШ, Украина) 3-ші орынға, қорғасын мен молибден қорларынан 4-ші орынға, темір қорынан (Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ, Үндістан, Ресей, Украина) 8-ші орынға ие. Алтын қоры бойынша Қазақстан дүние жүзінде 6-шы орында, ТМД бойынша 3-ші орында. ТМД-дағы мыс пен қорғасын 50-70% -ын өндіреді.
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
№ 3 Тақырып Жер бедері типтері. Қазіргі кездегі жер бедері түзілу үрдістері. Геоморфологиялық аудандастыру
Жоспар
Жер бедері типтері.
Қазіргі кездегі жер бедері түзілу үрдістері.
Геоморфологиялық аудандастыру
Қазақстанның жер бедері өте күрделі және алуан түрлі. Картадан республика жерінде жазықтан бастап биік тауларға дейінгі барлық жер бедерінің биіктік сатыларын байқаймыз. Оның аумағының үштен бір бөлігін ұлан байтақ ойпаттар (Солтүстік Қазақстан жазығының оңтүстік бөлігі, Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты) алып жатыр. Қазаөстан аумағының жартысынан астамы биіктігі 400-500 м болатын көтеріңкі жазықтар, үстірттер мен ұсақ шоқылар (Торғай, Үстірт, Сарыарқа және т.б.) үлесіне тиеді. Ал биіктіктері 4000-5000 метрден астам, бастарын мұздықтар мен қар басқан биік таулар республика жерінің 10% -ынан тұрады. Олар шығыс пен оңтүстік-шығыста орналасқан таулар: Алтай, Сауыр, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік сілемдері.
Жер бетінің әр түрлі түзілуі мүмкін, сондықтан мөлшеріне (масштабына) қарай Жер бедерін планетарлық пішінді (құрлықтар, мұхит табаны), мегапішінді (тау жүйелері, аумақты жазық жерлер, мұхит ойпаттары), макропішінді (жоталар, тауаралық аңғарлар), мезопішінді (төбелер, аңғарлар, сай-жырлар), микропішінді (шұқанақтар, дала бидайықтары), және нанопішінді (түбіршіктер, төбешіктер) деп бөледі. Жер бедерін геоморфология ғылымы зерттейді.
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
№4 Тақырып Қазақстанның ішкі сулары. Климат.
Жоспар:
Қазақстанның өзендері.
Көлдер мен бөгендер.
Жер асты сулары.
Қазақстанның климаты
Климат түзуші факторлар
Қазақстанда 85 мың ірі, орташа, ұсақ өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің ( Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу ) ұзындығы 1000 км-ден асады. Каспий теңізі алабына- Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл т.б. жатады. Арал теңізі алабына – Сырдария, Шу, Торғай, Ырғыз, Талас, Сарысу өзеңдері, Балқаш- Алакөл көлдер жүйесіне Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек. Сарқан, Басқан және т.б.
Қазақстандағы ең суы мол өзен- Ертіс. Орташа жылдық су шығыны- 960 м3/сек, Сырдарияда 730 м3/сек. Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су шығынын жылдық ағын ден атайды. Ертістің жылдық ағыны 28000 млн. М3. Жылдық ағынның мөлшері ең алдымен климатқа байланысты және жер асты суларына тәуелді болып келеді.
Қазақстанның кең-байтак аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуык бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердін көбі Қазақстан солтүстігіне қарай орналасқан. Қазақстан көлдерінің географиялык таралуында ерекшеліктер бар. Оның бірінші ерекшілігі аумақ бойынша біркелкі таралмаған. Көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді.
Қазақстанда қазір 3 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км2. Оларда 90 км3 тұшы су жиналған. Бөгендердін көбі ОРТАЛЫҚ, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда шоғырланған олар. Бұқтарма, Капшағай, Шардара, Самарқан, Бөген, Аққөл, Молодежное, Шерубай-Нура Кенгір Өскемен т.б.
Жарықшақты қат-қабатты типті жер асты сулары Манғыстау Мұғалжар Сарыарқа тауларындағы палеозой және мезозой жыныстарының қат-қабаттарында қалыптасады. Жер асты суынын бұл типі таулы өңірлердін 860 мың км2 ауданында таралған.
Қат-қабатты жер асты сулар типі шөгінді жыныстардың арасында кеңінен тарлған. Олар ірі ойыстардын Іле, Торғай, Зайсан және т.б тереңдігі 100 метрден астам қабаттар арасында молынан іркілген. Тереңдік жағдайларына қарай жер асты сулары грунт (еспе) суы және артезиан сулары деп бөлінеді.
Республикада артезиан алаптары табылды. Олардың ауданы Балқаш сияқты 70 көлдің көлеміне тең Артезиан сөзінің төркіні францияның Артуа провинциясында 1126 ж. шыңырау қудық қазылып, су алынуына байланысты аталған
Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Оның солтүстік аймағының қысы суық, жазы қоңыржай, ал оңтүстігінде қыс она қатты болмайды, жазы ыстық, қуаңшыл. Бұл температураның тез ауысуынан, ауаның құрғақ болып, жауын-шашынның аз түсуінен байқалады. Қазақстанның климатына СММ үстінде қалыптасатын арктикалық ауа массалары көктемнің соңғы, жаздың алғашқы айларында бау-бақшаға үсік әкеледі.
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
№ 5 Тақырып Өсімдіктер типтері және олардың құрылымдық-динамикалық ерекшеліктері. Жануарлар әлемінің құрылуының зоналық және аймақтық ерекшеліктері.
Жоспар:
Өсімдіктер жамылғысының қалыптасуы мен таралу ерекшеліктері.
Жануарлар дүниесі.
Қазақстанның флорасы мен фаунасын қорғау.
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бастапқы кезеңінен басталды. Соның нәтижесінде Қазақстанда Торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері қалыптасқан. Оған грек жаңғағы, емен, шамшат, терек т.б. жатады. Палеогенде субтропиктік жалпақ жапырақты орман өсіп тұрған. Грек жаңғағы, өрік,алма т.б. сақталып қалды. Сібір жақтан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған. Сонымен қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Өсімдігі жағынын бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады.
Жануарлар дүниесі жағынан Қазақстан палеоарктикалық – зоогеографиялық облысқа енеді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Олардың ішінен: қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, құстардан ақққтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады. Далалы тышқан, ала қоржын, торсық, құстардан дуадақ, тырна, торғайдың әртүрлі (бозторғай, қараторғай)т.б. Шөл зоналық жануарлары ыстыққа шөлге шыдамды болуғабейімделген. Тасбақа, кесіртке, жылан т.б. жиі кездеседі.
Әдебиеттер тізімі: (1,2,3,4.)
№ 6 Тақырып Топырақ жамылғысының табиғи ортаның құрылымындағы ролі. Жер ресурстары. Жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері.
Жоспар:
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Жер ресурстарын тиімді пайдалану
Қазақстан аумағындағы топырақ жамылғысы күрделі және алуан түрлі. Республика жерінің топырақ түрлері топырақ түзуші факторларға тығыз байланысты келеді, сондықтан да топырақ түрлері географиялық ендік бағыты бойымен созыла орналасқан әрі әр түрлі аймақ түрінде еліміздің солтүстік бөлігінен оңтүстікке қарай алмасып отырады.
Қазақстан аумағындағы 4 табиғат зонасына (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) сәйкес жазық жерлерде қара топырақ, қызыл қоңыр топырақ және қоңыр топырақ, сұр топырақ түрлері таралған. Құнарлы қара топырақ (қара шірікті қабаты 1-2 м) зонасы республикамыздың солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. қара топырақ аймағының жалпы көлемі республика аумағының 9,5 пайызын қамтиды. Зонааралық орманның сұр топырағы кездеседі. Қызыл қоңыр топырақ аймағы 530 солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр, оның жалпы көлемі еліміздің жер көлемінің 34%-ін қамтиды. Қызыл қоңыр топырақ түрлері (орташа қызыл қоңыр, бозғылт қызыл қоңыр) дала зонасында таралған.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.)
№7 Тақырып Табиғи зоналар.
Жоспар:
Орманды дала және дала зоналары.
Шөлейт және шөл зонасы.
Табиғат зоналарының қалыптасуына негізінен сыртқы фактордар әсер етеді. Олар көп жағдайда күн жыдуының таралуына тәуелді. Тағы бір фактор -аумактың ылғалдылығының әртүрліліп больш табылыды. Жылу мен ылғалдып арақатынасы нәтижесінде әртүрлі табиғи зоналар пайда болады. Эрбір зона өзіне тән юшматымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеденеді. Кейде бір зонаныи ішінде баска зоналарға тән жеке участкілер де кездеседі. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала. шөлейт. шөл зоналары ауысын келеді.
Қазакстанның солтүстік бөлігінің аздаған участкесі (Қостанай, С.Қ.О., Павлодар) ғана орманды дала және дала зоналарына кіреді. Орманды дала зонасында алты мыңнан астам көл бар. Дала зонасы Қазақстанның 77 млн га (23%) жерін алып жатыр. Дала зонасы орманды дала зонасынан онтүстікке қарай, батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге созьшған кең алкапты камтиді. шамамен 54 - 501 с.е. аралығында орналасқан. Қазақстанның шөлейт жерлері дала мен шөл зоналары арасындағы орналасып, Жайық жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км-ге созылып жатыр. Ол республиканың барлық жерінің 14%-н алып жатыр. Зонаның оңтүстік шекарасы 48 с.е. бойымен етеді.
Шөл зонасы шөлейттен бастальга, оңтұстікте биік таулы өлкенін етегіне дейін созылады. Шөл зонасы республика жерінің 44 %-ға жуығын алады. Бүл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер тараған. Тасты шолдер Қазакстаиға төн емес, бұлар тек шағын участкелерде ғана кездеседі.
Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды. Кейбір аудандарда жауын-шашын 100 мм-ге де жетпейді. Жазда жыңбыр өте сирек жауады. Жауын-шашынның кебі көктемде түседі. Қысы суық, аяз ~40°-қа дейін жетеді. Жазы өте ыстық, қапырық, әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы солтүстігінде 24 - 26 °С, оңтүстігінде 28 - 30 °С. Құм бетінде температура жазда 70°С-ге дейін қызады. Осының бәрі буланудың көп болуына септігін тигізеді.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.)
№ 8 Тақырып Физикалық-географиялық жіктелу және антропогендік факторлардың табиғи кешендерге әсері.
Жоспар:
Қазақстанның физикалық-географиялық жіктелуі.
Антропогендік факторлардың табиғи кешендерге әсері.
Әрбір жер – географиялық қабықтың бөлігі. Кез келген жерде компоненттер бір-бірімен тығыз байланыста, бір-бірімен әрекеттес, шарртастық жүйесінде дамиды. Жер бедері, климаты, ішкі сулары, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жиынтығының дамуы сол жердің табиғат жағдайының ерекшелігіне байланысты.
Табиғат кешенінде жүріп жатқан табиғи процестер сол жердің қалыптасу ерекшелігі мен құрылымын анықтайды. Мысалы, климаттың ерекшелігі және сыртқы күштердің әрекеті, желдің әрекетінен тау жыныстардың үгітілуі, топырақ эрозиясы немесе борпылдақ бос жыныстардың қалыптасуы және т.б.
Табиғаттағы барлық компоненттер бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Егер осы компоненттердің біреуі өзгерсе табиғат тепе-теңдігінің заңдылығы бұзылады, яғни қазіргі дүние жүзінде болып жатқан табиғи экологиялық өзгерістерге ұшырайды. Қазіргі жүріп жатқан табиғаттағы келеңсіз көріністер осыны дәлелдейді.
Қазақстанның кең-байтақ жерінің табиғаты алуан түрлі, бір-бірін қайталамайтын табиғат кешендерінен тұрады. Қазақстанның аумағы екі дүние бөлігін (Еуропа және Азия) біріктіріп жатыр. Осыған сәйкес, қайталанбас көркем табиғатымен, үлкен массивті құрылымдармен, жазира даласымен, қарлы биік тауларымен, құрғақ климатымен, теңіз деңгейінен төмен жатқан ойыстармен, күрделі геологиялық құрылысымен, ежелгі географиялық тарихымен, мол табиғат байлығымен өзара ерекшеленетін байтақ елімізді мынадай ірі тоғыз физикалық-географиялық кешендерге бөлуге болады:
Шығыс Еуропа жазығы;
Солтүстік Қазақ жазығы;
Тұран жаззығы;
Орал;
Сарыарқа;
Алтай;
Жетісу Алатауы;
Сауыр Тарбағатай;
Тянь-Шань.
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
№ 9 Тақырып Физикалық-географиялық елдер мен провинциялардың сипаттамасы. Батыс-Сібір физикалық-географиялық елі. Қазақ платосы мен ұсақ шоқысы. Каспий маңы –Тұран физикалық-географиялық елі.
Жоспар:
Батыс-Сібір физикалық-географиялық елі
Шығыс Еуропа жазығы
Тұран ойпаты
Батыс сібір ойпаты - дүние жүзіндегі аса ірі жазықтарының бірі. Қазақстан жеріне Батыс Сібір жазының оңтүстік бөлігі ғана енеді. Аумағы 3 млн. км-ге жуық. Батыс Сібір жазығының жер бедері Шығыс Еуропа жазығының жер бедеріне карағанда тегіс, абсалюттік биіктігіндегі айырмасы шамалы. Батыс Сібір жазыгына Васюган жазығы, Барабы жазығы, Есіл жазығы, Ертіс жазығы, Қүлынды даласы енеді. Бүл шөгінділер ірі мүінай жэне газ орындарына бай. Шығыс Еуропа жазығы – Жер шарындағы аса ірі жазықтардың бірі. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік – шығыс бөлігі енеді. Жазықтың қазақстандық бөлігі Мұғалжар және Үстіртпен, оңтүстігінде Маңғыстаумен шектеседі. Республика аумағындағы Жалпы Сырт қыраты, Каспий маңы ойпаты және Орал алды үстірті осы аймақтың құрамына енеді.
Шығыс Еуропа жазығы, негізінен, Еуропаның шығыс бөлігінде орналасқан. Сондықтан да оны көбінесе Орыс жазығы деп те атайды. Ұзақ геологиялық даму кезеңінде әрбір табиғи ауданның өзіне тән жер бедері, топырағы және өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Жем үстірті жоғарғы бор дәуірінде, Жалпы Сырт палеогендік теңіздің тартылуынан кейін шегінуінен, ал Каспий маңы ойпаты антропогенде, соңғы мұз басу кезеңінен кейін ғана қазіргі жер бедері қалыптасқан. Жалпы Сырт – Оңтүстік Орал мен еділ өзенінің аралығында орналасқан кең жазық қырат. Қыраттың жер бедерін Жайық өзеніне оң жақтан келіп құятын Деркөл, Шаған, Ертек, Ростошь және т.б. өзендердің арналарымен тілімделген. Қыраттың қазақстандық бөлігі негізіне бірімен-бірі жалғасып жатқан жалдардан тұрады. Ол солтүстіктен (100-150м) оңтүстікке қарай (60-70м) еңіс тартып, аласара береді. Жем Орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығын қамтиды. Оның солтүстік – шығыс бөлігі 400-450 м-ге дейін көтерілген. Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, елек, Ор, Сарықобда, Үлкенқобда, Бұлдырты, Өлеңті өзендері басын осы жерден алады. Үстірт оңтүстік- батысқа қарай аласарады (100-150м). Каспий маңы ойпаты – Жалпы Сырт қыраты, Орал алды үстірті мен Каспий теңізінің аралығында орналасқан. Ойпаттың солтүстік жағы теңіз деңгейінен жоғары. Ойпат – жекелеген жондар мен өзен бойларында қақ, сорлар, құмды аудандары бар кең жазық дала. Ойпат арқылы Жайық өзені мен оған құятын шағын салалар (Деркөл, Көшім, Үлкенөзен және Кішіөзен, Шежін, бірінші және екінші Шежін, Шідерті, Жымпиты, Қалдығайты және т.б.) ағып өтеді. Олардың біразы жазда тартылып, бөлек-бөлек көлшіктер мен қарасуларға айналады. Сонымен бірге ойпатта Шалқар, Аралсор, Бесоба сияқты көлдер де бар.
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
№ 10 Тақырып Физикалық-географиялық провинциялар: Өзен-Орал-Ембі, Төменгі Торғай, Жезқазған-Аягөз, Зайсан, Атырау, Солтүстік-Аралмаңы, Бетпақ-Дала, Төменгі Шу, Балқаш маңы-Іле-Алакөл, Маңғыстау-Үстірт, Сырдария маңы.
Жоспар:
Шөлдердің эдафикалық, ботаникалық, климаттық көрсеткіштеріне байланысты таралу типтері.
Құмды шөлдер жіне олардың таралуы. Тасты және сазды шөлдер.
Табиғат ресурстарын бағалау. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері және антропогендік шөлдену.
Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га, республика аумағының 44% -ына жуығын алады. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі.
Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ. Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды. Шөлдің кейбір аудандарында жылдық жауын-шашын 100 мм-ге де жетпейді. Шөл зонасының ауасы құрғақ әрі жауын-шашын мөлшері аз болғандықтан, жергілікті өзендері жоқ. Тек қана шөл зонасынан тыс (Жайық, Жем, Сырдария, Сарысу, Шу, Талас, Іле, Қаратал, т.б.) басталатын өзендері бар. Шөл зонасы солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік шөлдерде Үстірт және Тұран ойпатының солтүстік жартысы, Бетпақдала үстірті, Мойынқұм, Балқаш маңы құмдары жатады. Ал оңтүстік шөлдерге Үстірттің оңтүстігі мен Қызылқұмды қамтитын Тұран ойпатының оңтүстік жартысы жатады. Шөлдің оңтүстігінде жеңіл саздақтың үстіне қалыптасқан қоңыр топырақтың ашық қызғылт топырақтан түсі бөлек және құрамында шәіріндісі аз (2,5%-ға дейін). Шөлдің оңтүстігінде сұр-қоңыр топырақ басым. Оның құрамында шірінді тіптен аз (1,0-1,2 %). Сұр қоңыр топырақ минералды заттарға бай болғандықтан, құнарлы келеді. Мұндай топырақты жерді суарса және тынайтқыштар қолданылса, мақтадан, бидайдан, бау-бақшадан көп өнім алуға болады.
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
№ 11 Тақырып Оңтүстік-Сібір таулары.
Жоспар:
Оңтүстік-Сібір тауларының қоршаған ортаның географиялық орнына мен территорияның дамуына байланысты негізгі көрсеткіштері.
Ландшафт түзуге қазіргі кездегі жер бедерін түзуші факторлардың әсері.
Климаттық ерекшеліктер, гидрографиялық торап, топырақ және өсімдік жамылғысы.
Табиғи ресурстар және оларды игеру жағдайлары.
Алтай Зайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан Алтай-Саян таулары деп аталатын аса үлкен тау жүйесінің бір бөлігі. Қазақстанға оның оңтүстік-батыс шеті ғана кіреді. Оның оңтүстігі Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, батысы Қалба жотасы. Сарыарқадан Шар өзенінің аңғарымен бөлінеді.
Мұзтау – Алтай тау жүйесінің Ресей жеріндегі ең биік шыңы (4506 м). Қатын жотасының шығыс жағын ала, Қазақстан мен Алтай өлкесінің әкімшілік шекарасы маңында жатыр. Ұшар басында Үлкен, Кіші Берель, Меңсу, т.б. мұздықтары бар, бұлардан Қатынсу өзені бастау алады.
Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай қазақстандық Алтай үш ауданға бөлінеді. Олар – Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы.
Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын, өсімдіктерін қорғау мақсатында 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылған.Қорықта Алтайдың тау алды даласы, бал қарағайлы, шыршаоы ормандары, әсем табиғаты қорғауға алынған.
Рахман қайнары – Оңтүстік Алтайдың кіішкене тектоникалық ойпатында Арасан курорты жағасында теңіз денгейінен 1750 м биіктікте орналасқан. Айналасын биік тау, орман қоршаған табиғаты өте көрікті жер.
Шығыс Қазақстан – еліміздегі негізгі ағаш даярлау, ағаш өндеу шаруашылығының орталығы. Орман оның басты байлығының бірі болып табылады. Бірақ кейінгі жылдары осы байлықты ысыраппен пайдалану, ағашты бақылаусыз кесу және өрттің жиі болуы орман алқаптарын азайтып барады.
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
№ 12 Тақырып Орал физикалық-географиялық елі. Жоңғар, Саур-Тарбағатай физикалық-географиялық елі. Ортаазия физикалық-географиялық елі.
Жоспар:
Орал таулары
Жоңғар таулары
Сауыр Тарбағатай
Ортаазия физикалық-географиялық елі
Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі – Мұғалжар тауы ғана кіреді. Тау Жаманқаланың тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстңкке қарай созыла орналсқан, ұзындығы – 450 км, ені – 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктклері – Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсаа. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты болып келеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр.
Мұғалжар – герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулық өлке. Олар, негізінен магмалық, метаморфтанган және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді тау жыныстарынан тұрады. Жер бедерінің қалыптасуына жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялық, денудациялық процестер әсер еткен.
Бірақ олардың көбі су қорын қар суынан жинайды да, жазда тез тартылып қалады. Керісінше, онда жер асты суының мол қоры табылған.
Жонғар Алатауы - Жонғар тау жүйесінің солтүстік және солтүстік-батыс жалғасы. Ол солтүстік-шығысында Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстік – батысында іле өзені аңғары аралығында созыла орналасқан. Ұзындығы 450км, ені 100-200км. Жоңғар Алатауын батыста көксу,шығыста боротала өзендері бөліп жатады. Осы екі бөлік солтүстік және Оңтүстік Жоңғар Алатауы болып,екі үлкен тау жотасын құрайды.
Жоңғар қақпасында соғатын циклон мен жоңғар қақпасының оңтүстік – шығысы арқылы өтетін анцициклонның түиісуінен болады. Ебі желі – жылы жел, жылдамдығы м/сек, Көбііне 1-2, кейде 3-7 тәулік боиы соғады.
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
№ 13 Тақырып Табиғатты зертеудегі геожүйелік-бассейндік көзқарас.
Жоспар
Өзен алабы - өзен ағысының геожүйелері
Физикалық географиядағы жүйелік талдаудың дамуы
Геожүйелердің өзен алабындағы интеграциясы және олардың жіктелуі.
Су – құрлықтағы сұйық, қатты, газ күйінде болатын және бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын бірден-бір минерал. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына байланысты ішкі су да әркелкі келеді. Шөл мен шқлейт зонасында көлдер мен өзендер аз, ал дала мен орманды дала зонасында едәуір мол.
Республика аумағында ішкі суларды бірнеше түрге бөледі. Олар: өзендер, көлдер, жер асты суы, мұздықтар және бөгендер мен каналдар.
Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзенің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды.. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай
Мұздық. Қазақстандағы жер беті ағын суының негізгі көзі – мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033,3 км²-лік 2724 мұздық анықталды. (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км²-ден астам Жетісу Алатауында (мұздық аум. 1369 км²-), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км²), Теріскей (144,9 км²) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км²), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км²). Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады: аңғарлық мұздықтар, беткейлік мұздықтар және денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжіле тегістелген шыңдарда). Осылардың ішінде көбірек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Республика мұздықтары тартылуда. Кейбіреуінің ұз. Жылына 5-20 м-ге, ауд. 1000 м², мұз қоры 0,05 – 0,1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлігінде ауд. 20000 км²-дей көп жылдық тоң белдемі қалыптасқан; оның төменгі шегі Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жетісу Алатауында 2800 м. және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейін төмендейді.
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
№ 14 тақырып. Геожүйелер сипаттамасы. Карск-Об, Теңіз-Нұра, Каспий-Орал, Каспий-Ембі, Арал-Торғай, Арал-Сырдария, Сарысу-Шу, Талас, Солтүсік Балқаш маңы макрогеожүйелері.
Жоспар
Геожүйелер сипаттамасы
Карск-Об макрогеожүйесі
Теңіз – Нұра макрогеожүйесі
Каспий- Орал-Ембі макрогеожүйесі
Арал-Сырдария макрогеожүйесі
Солтүстiк Қазақстан облысы аз ылғалданған аймаққа жатады. Су объектiлерiнiң негiзгi ластану көздерi өндiрiстiк, ауыл шаруашылық және тұрмыстық ағындар және тасқындық сулар болып табылады. Есiл өзенi Обь өзенi жүйесiне жатады. Есiл қармен толықтырылатын өзендер түрiне жатады, ол 80% астам жылдық ағын бередi. Өзеннiң режiмi көктемгi ашық су тасуымен белгiленедi, оның басталуы 10-12 сәуiрге келедi, ал нағыз кезi — сәуiрдiң үшiншi декадасына, және ұзын тұрақты сабамен. Су тасуының төмендеуi шiлде айының ортасына дейiн созылады. Ерекше мол сулы жылдары су деңгейi Петропавл су қоймасы бөгетiнiң төменгi бъефi кестесiнiң нөлiнде 10-11 метрге көтерiледi. Кестенiң нөлiне БЖ (балтық жүйесi) 86,4 метр деңгейi алынды. Судың жайылма алқапқа шығуы су 940 см және одан жоғары көтерiлгенде болады. ХХ ғасырдың 80-90-шы жылдары ең жоғары су тасуы 10-метрлiк белгiден асып кетуi өстi: егер 30 жылда, 1936 ж. бастап 1965 ж. дейiн осындай жағдайлар 4 болса, ал соңғы 30-жылдық iшiнде олардың 9 байқалды, сонымен қатар олардың барлығы 1985 ж. кезеңiне келедi. 1994 ж. көтерiлу деңгейi 11 м асты, бұл максималды белгi барлық байқау кезеңiне арналған. Көктемгi-күзгi саба шiлде айының ортасынан қазан айының ортасына дейiн созылады. Су тартудың көптеген тұйықталған азайтулардың тегiс сипаттамасы, өзен арнасының кiшi еңiстерi және жайылма алқаптардағы маңызды сыйымдылықтар жазғы-күзгi жауын арқылы өзенде су деңгейiнiң өсуiне мүмкiндiк бермейдi. Жазғы-күзгi сабамен қысқыға көшу деңгейдiң төмендеуiмен байқалмайды, керiсiнше, қайраңды өзендерде мұздану процесi ағысты тарылтады және жоғарыда орналасқан терең сулары үшiн тежеу құрайды, соның салдарынан олардағы деңгей аздап көтерiледi. Бұл өзендегi мұздану шебi ағысқа қарсы жүретiнiмен түсiндiрiледi, яғни солтүстiктен оңтүстiкке қарай. Жер асты суларының ағысы арқылы қоректену және облыс шекараларындағы учаскеде жайылма алқаптарға су беру шамалы, бiрақ жазғы-күзгi-қысқы саба кезiнде көлдегi судың тұрақты ағысын ұстап тұру үшiн жеткiлiктi. Байқау кезiнде 1937 жылы өзеннiң кеуiп қалуы байқалды және қатып қалуы 1936-39 жж. және 1986 ж. Өзеннiң орта жылдық ағысы 2,5 км3 жуық құрайды. Мұз басу қараша айының екiншi жартысында болады, мұз басудың ұзақтығы — 5 ай. Есiл жоғары минералдандырылған сулы көлдерге жатады, бұл су тарту бассейнiнiң құрғақшылық климатымен белгiленедi және өзендi суаратын жер асты суларының жоғары тұздылығымен. Есiлдiң минералдануы маусымға байланысты ауысып отырады, су кермек болса. Оттегiлiк режiм қанаттандырады. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап ағыс Вячеславское, Сергеевка, Петропавл су қоймаларымен реттеледi. Есiл өзенi — облыстың ең iрi су тамыры және сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi.
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
№ 15 тақырып. Қазақстан Респуликасының табиғат жағдайының әр түрлілігінің физикалық-географиялық негіздері.
Жоспар
Қазақстан табиғатын қорғау
Ерекше қорғауға алынған табиғи нысандар, қорық, қорықша, табиғи ескерткіштер
Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі – «Жер жанатты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екекнін өмір көрсетіп отыр.
Жер көлемі 2754 мың шаршы километр ұлан-байтақ жерде алып жатқан Қазақстан Республикасында небары 10 қорық бар дегенге сенудің өзі қиын.
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
Достарыңызбен бөлісу: |