Ф со пгу 18. 1/02 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


Екі типті коаксиалды кабелді салыстыру



жүктеу 1,54 Mb.
бет4/10
Дата01.01.2018
өлшемі1,54 Mb.
#6450
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Екі типті коаксиалды кабелді салыстыру

Кабель қанша жуан болса, онымен жұмыс істеу соншама қиын болатыны заңдылық. Жіңішке коаксиалды кабель иілгіш, орнатуы да қарапайым және қымбат емес. Жуан кабельді иіу қиын және осыған сәйкес оны орнату да қиындау. Бұл өте маңызды жетіспеушілік, әсіресе, егер кабельді құбырлар мен науалар арқылы орнату керек болса. Жуан каоксиалды кабель жіңішке кабельден қымбатырақ, бірақ ол сигналдарды алыс қашықтыққа береді.

    1. Коаксиалды кабельді қосуға арналған жабдық

Жіңішке каоксиалды кабельдерді компьютерлерге қосу үшін BNC-коннектор қолданылады. BNC семьясында бірнеше құрауыштар бар:

  • BNC-коннектор. BNC-коннектор немесе пісіріледі, немесе кабель соңында қысылады.

  • BNC Т-коннектор. Т-коннектор желілік кабель мен комьютердің желілік платасын қосады.

  • BNC баррел-коннектор. Баррел-коннектор жіңішке коаксионалды кабельдің екі үзігін біріктіру үшін қолданады.

  • BNC-терминатор. «Шина» топологиялы желіде «бос» сигналдарды сіңіруге арналған терминаторлар кабельдің әрбір шетіне орнатылады. Әйтпесе желі жұмыс істемейді.

    1. Коаксиалды кабельдер класстары және өрт қауіпсіздігінің талаптары талаптары.

Қандай да болмасын коаксиалды кабельдің классын таңдау кабельдің қай жер арқылы өтетініне байланысты. Коаксиалды кабельдің екі классы бар:

  • поливинилхлоридті;

  • пленум аумағында орнату үшін. (сурет№7)

Поливинилхлориді (PVC) – бұл көптеген коаксиалды кабельдердегі сыртқы орау немесе оқшаулаушы ретінде қолданылатын пластик. PVC кабель жеткілікті иілгіш, оны ғимараттың ашық жерлерінде орнатуға болады. Бірақ та өртену жағдайында бұл улы газдар бөліп шығарады.

Пленум (plenum) бұл фалш – төбе және жабу аралығындағы кішкентай кеңістік, әдетте оны желдеткіш ретінде пайдаланады. Өрт қауіпсіздігінің талаптары мұнда орнатыла алатын кабельдер типін қатаң түрде шектейді, егер өрт болған жағдайда олар бөліп шығаратын түтін немесе газдар барлық ғимаратқа тарайды.



Пленум кабелінің оқшаулау қабаты және сыртқы орауы арнайы өртке қарсы тұратын материалдардан жасалынады, олар өрт болған жағдайда түтінді аз шығарады. Бұл химиялық улану қаупін азайтады. Сонымен қатар бұл кабельдерді құбырға орнатпай ашық саал беруге болады. Әйтседе олар поливинилхлоридтілерге қарағанда қымбатырақ және қаттырақ.
Пленумды кабель


Сурет 7. Өрт қауіпсіздігінің талаптары бойынша пленум аумағында орнату үшін арнайы кабельдер типі қарастырылған.

Тапсырма


  1. Зертханалық жұмыстағы берілген теориялық материалды мұқият оқып шығыңдар.

  2. Жоғарыда суреттелген кабельдер типтерінің салыстырмалы мінездемесін құру.

  3. Қандай кабель жақсы, қайсысы нашар және неліктен деген қорытынды шығараыңдар.

Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.

  1. Қолданылатын кабельдердің негізгі топтары. Олардың негізгі мінездемелері.

  2. Коаксиалды кабельдің құрылымы. Қиылысатын кедергілер. Өшу. Коаксиалды кабельдің типтері.

  3. Жіңішке коаксиалды кабельдің мінездемесі.

  4. Қалың коаксиалды кабельдің мінездемесі. (жіңішке коаксиалды кабельден айырмашылығы). Трансивер.

  5. Коаксиалды кабельді қосуға арналған жабдық.

  6. Коаксиалды кабельді пайдаланудағы өрт қауіпсіздігінің талаптары.

3 зертханалық жұмыс



Физикалық интерфейс. Бұралған жұп. UTP кабелін қосуға арналған жабдық.
Сабақтың мақсаттары: негізгі желілі кабельдермен кабельдер мінездемесін суреттеуде қолданылатын терминдер туралы түсінік алу; тар жолақты және кең жолақты хабар туралы түсінік алу; нақты желілік ортаға арналған оптималды кабель типін анықтай алуға үйрену
Теориялық бөлім

Бұралған жұп

Қарапайым бұралған жұп (twisted pair) – бұл бір бірін айнала оралған екі оқшауланған мыс өткізгіш. Кабельдің екі типі бар (сурет 8): экрандалмаған бұралған жұп (UTP) (unshielded) және экрандалған бұралған жұп (shielded) (STP).



Сурет 8. Экрандалмаған және экрандалған бұралған жұптар

Бірнеше бұралған жұптарды бір қорғау орамына жиі орналастырады. Мұндай кабельдер олардың саны әртүрлі болуы мүмкін. Өткізгіштердің бұралуы көрші жұпатр мен және басқа да көздерден, мысалы, қозғаыш, релье және трансформаторлардан туындайтын электрлік кедергілерден құтылуға жол береді.

Егер:


  • ЛВС ұйымдастыру кезінде ақша қаражатына шектеулер болса;

  • компьютерлерді қосу қиын емес операция кезінде қарапайым орнату қажет болған кезде бұралған жұпты пайдаланған жөн.

  • Егер жоғары жылдамдықта беріліп жатқан мәліметтердің тұтастығына абсолютті сенімді болу керек болса, бұрлған жұпты пайдалануға болмайды.



Экрандалмаған бұралған жұп

Экрандалмаған бұралған жұп () ЛВС кезінде кең қолданылады, максималды ұзындығы 100 м (328 фут) құрайды.



Экрандалмаған бұралған жұп екі оқшауланған мысөткізгіштерден тұрады (9 сурет). Кабельдің тағайындалуына байланысты бұралу бірлігінің санын дұрыстайтын бірнеше өзгешелігі бар. UTP Солтүстік Америкада телефондық желіде де қолданылады.

. 9. Неэкранированная витая пара.


Экрандалмаған бұралған жұп ерекше стандартта - Electronic Industries Association and the Telecommunications Industries Association (EIA/TIA) 568 Commercial Building Wiring Standart. EIA/TIA 568 – UTP негізінде - өнімнің біркелкілігін кепілдендіре отрып, әртүрлі жағдайларға арналған стандарттарды орнатады. Бұл стандарттар UTP бес категориясын енгізген.

  • Категория 1. Тек сөйлесуді ғана, мәліметті емес бере алуға болатын дәстүрлі телефонның кабелі.

  • Категория 2. Мәліметтерді жылдамдығы 4 Мбит/с. дейін бере алатын кабель. Төрт бұралған жұптан тұрады.

  • Категория 3. Мәліметтерді жылдамдығы 10 Мбит/с. дейін бере алатын кабель. Метрге тоғыз бұралғышы бар төрт бұралған жұптан тұрады.

  • Категория 4. Мәліметтерді жылдамдығы 16 Мбит/с. дейін бере алатын кабель. Төрт бұралған жұптан тұрады.

  • Категория 5. Мәліметтерді жылдамдығы 100 Мбит/с. дейін бере алатын кабель. Мыс өткізгішті төрт бұралған жұптан тұрады.

Көпшілік телефонды жүйелер экрандалмаған бұралған жұпты қолданады. Құрылыс кезінде көптеген ғимараттарда, UTP бүгінгі күннің телефондандыру қажеттілігі үшін орнатпайды, сонымен қатар, болашақтағы қажеттілігін ескере отырып, артық кабельді де алдын ала қарастырады.Егер құрылыс кезінде орнатылған өткізгішер мәліметтерді беруге арналса, оларды компьютерлік желіде де пайдалануға болады. Бірақ мұқият болу керек, өйткені қарапайым телефонды өткізгіштердің бұралғыштары жоқ, және оның электрлік мінездемелері мәліметтерді компьютерлер арасында сенімді және қатерсіз беру үшін талап етілетін мінездемелерге сай болмауы мүмкін.



Кабельдің барлық типтерінің потенциалды проблемаларының бірі қиылысқан бөгеуілдер болып отыр. (10 сурет). Қиылысқан бөгеуілдер – бұл аралас өткізгіштерде сигналдардан туындаған электрлік туралаулар. Әсіресе, экрандалмаған бұралғыш жұптар қиылысқан бөгеуілдерге ұшырайды. Олардың әсерін азайту үшін экран қолданылады.

Сурет 10.Қиылысқан бөгеуілдер – бұл көрші сызықтар жағындағы электрлік туралаулар.


Экрандалған бұралғыш жұптар

Бұралғыш жұптармен экрандалған кабельдің (STP) мыс орауы бар,сонымен қатар STPөткізгіштер жұбы фольгамен оралған (11 сурет) Нәтижесінде экрандалған бұралған жұптар берілетін мәліметтерді сыртқы бөгеуілдерден қорғайтын тамаша оқшаулауыштарға иеленеді.



Бұның бәрі STP UTP салыстырғанда электрлік бөгеуілдерге аз ұшырайды және сигналдарды жоғары жылдамдықпен және алыс қашықтарға бере алады.

Сурет 11. Экрандалған бұралған жұп.


жүктеу 1,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау