Ф со пгу 18. 1/02 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 1,54 Mb.
бет8/10
Дата01.01.2018
өлшемі1,54 Mb.
#6450
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




  1. Дұрыс параметрлерді таңдап, OK шертіңіз. Осымен бағдарламалық жасауды орнату аяқталады және экранда Network Settings терезесі ашылады. Назар аударыңыз: 3Com EtherLink II Adapter платасы Installed Adapter Cards өрісінде пайда болды.

  2. Intel EtherExpressTM 16 LAN Adapter адаптерлерін келесі орнатулармен қосыңыз:
Параметр

Мағынасы

Interrupt Number

5

I/O Port Address

0x300

I/O Channel Ready

Late

Transceiver Type

Twisted-Pair (TPE)

Назар аударыңыз: Installed Adapter Cards тізімінде екі платалар – 3Com EtherLink II Adapter и Intel EtherExpress 16 LAN Adapter бар



Тапсырма 2. Желілік адаптер платасының драйверін жою.

  1. 1. Network Settings терезесінде Installed Adapter Cards тізімінен 3Com EtherLink II Adapter адаптерін таңдаңыз. .

  2. Remove батырмасын шертіңіз. Назар аударыңыз: «3Com EtherLink II Adapter» жазуы желілік адаптер платалары орнатылған тізімдерінен.

  3. File менюінде Exit Lab командасын шертіңіз.

№6 зертханалық жұмыс.



Өткізгішсіз желілер интерфейсі

Жұмыс мақсаты: Өткізгішсіз желілердің үш типімен және олардың қолданылуымен, және өткізгішсіз желілерде мәліметтерді берудің төрт тәсілімен танысу. Масштабталатын модельдің желісін есептеуді автоматизациялау. Типологиясы көрсетілген берілген масштабталатын моделге арналған желінің құнын автоматты есептеу бағдарламасын жасау.
Теориялық бөлігі

Өткізгішсіз желі

«Өткізгішсіз орта» сөз тіркесі желідегі өткізгіштердің мүлдем болмайды дегенді білдірмейді. Әдетте өткізгішсіз әрекеттер беру ортасы ретінде кабель пайдаланылатын желімен әрекеттеседі. Мұндай аралас компонентті желілер гибридті деп аталады.

Өткізгішсіз ортаның компоненттері:


  • жұмыс істеп тұрған кабельді желіге уақытша қосылуды қамтамасыз етеді;

  • жұмыс істеп тұрған кабельді желіге резервті көшіруді ұйымдастыруға көмектеседі;

  • жылжымалылықтың белгілі деңгейіне кепіл береді;

  • желінің мыс немесе тіпті оптикалық талшықты кабельдермен салынатын максималды созылуына шектеуді жоюға мүмкіндік береді.

Кабельді орнату қиындығы – бұл өткізгішсіз ортаның артықшылығының факторы. Ол әсіресе келесі жағдайларда пайдалы болуы мүмкін:

  • адамдар лық толған ғимараттарда (мысалы, кіре берісте немесе қабылдау бөлмесінде);

  • бір орында жұмыс істемейтін адамдар үшін (мысалы дәрігерлер немесе медбибілер үшін);

  • оқшауланған мекемелермен ғимараттарда;

  • жобалауы жиі өзгеретін мекемелер;

  • кабельді орнатуға болмайтын құрылыстарда (мысалы, тарих немесе сәулет ескерткіштерінде).


Өткізгішсіз желілер типтері

Технологияларына байланысты өткізгішсіз желілерді үш типке бөлуге болады:



  • жергілікті есептеу желілері;

  • кеңейтілген жергілікті есептеу желілері;

  • жылжымалы желілер (тасымалданатын компьютерлер).

Осы желі типтерінің арасындағы негізгі айырмашылық – беру параметрлері. Жергілікті және кеңейтілген жергілікті есептеу желілері желі жұмыс істеп тұрған ұйымға тиісілі берумен қабылдағышты пайдаланады. Тасымалданатын компьютерлер үшін сигналдарды беру ортасы ретінде АТ&Т, MCI, жергілікті телефон компаниялары және олардың жалпыға ортақ қызметтері пайдаланылады.
Жергілікті есептеу желілері

Әдеттегі өткізгішсіз желілердің беру ортасынан басқасы түрі мен қызметі жағынан қарапайым сияқты. Трансивері бар өткізгішсіз желілік адаптер әрбір компьютерде орнатылған, және пайдаланушылар олардың компьютерлері кабельмен қосылған сияқты жұмыс істейді.

Кейде қатынау нүктесі (access point) деп аталатын трансивер компьютерлермен өткізгішсіз қосылған компьютерлермен қалған желілердің арасында сигналдар мен алмасуды қамтамасыз етеді (сурет16).

ЛВС өткізгішсіздерде шағын қабырға трансиверлері пайдаланылады. Олар тасымалданатын құрылғылар арасында радио байланысты орнатады. Мұндай желіні осы трансиверлерді пайдаланғандықтан толықтай өткізгішсіз деп атауға болмайды.



Өткізгішсіз жергілікті желілер мәліметтерді берудің төрт тәсілін пайдаланады:

  • инфрақызыл сәуле шығару;

  • лазер;

  • тар спектрдегі радиоберу (бір жиілікті беру);

  • шашыраңқы спектрдегі радиоберу.


Сурет 16. Өткізгішсіз тасымалданатын компьютер қатынау нүктесіне қосылады.


Инфрақызыл сәуле шығару

Барлық инфрақызыл өткізгішсіз желілер мәліметтерді беру үшін инфрақызыл сәулелерді пайдаланады. Мұндай жүйелерде өте күшті сигнал генерациялау қажет, әйтпесе маңызды әсерді басқа көздер, мысалы, терезелер көрсетеді. Мұндай тәсіл сигналдарды жоғары жылдамдықпен беруге мүмкіндік береді, өйткені инфрақызыл жарық жиіліктің кең диапазонды болады. Инфрақызыл желілер 10 Мбит/с жылдамдығында ойдағыдай жұмыс істеуге қабілетті. Инфрақызыл желілердің төрт типі бар.



  • Тікелей көру желісі. Мұндай желілерде беру берумен қабылдағыштың арасында тікелей көру жағдайында ғана мүмкін.

  • Шашыраңқы инфрақызыл сәуле шашуындағы желілер. Бұл технологияда сигналдар қабырғамен төбеде бейнеленіп, соңында қабылдағышқа жетеді. Тиімді аумағы шамамен 30 м шектеледі (100 фут) және беру жылдамдығы үлкен емес (өйткені барлық сигналдар бейнеленген).

  • Инфрақызыл сәуле шашуда бейнеленген желілер. Бұл желілерде компьютер жанында орналасқан оптикалық трансиверлер тиісті компьютерге берілетін сигналдардың нақты орнын береді.

  • Кең жолақты оптикалық желілер. Бұл инфрақызыл өткізгішсіз желілер кең жолақты қызмет ұсынады. Олар мультимедиялық ортаның қатаң талаптарына сай келеді және кабель желілеріне дес бермейді.

Инфрақызыл желілерді пайдалану жылдамдығымен қолайлылығы өте қызықтырса да, 30 м (100 фут) астам қышықтыққа сиганлдарды беру кезінде қиыншылықтар туындайды. Оның үстіне желілер көпшілік ұйымдарда бар жарықтың күшті көздерінен туындайтын бөгеттерге ұшырайды.

Сурет 17. Тасымалданатын компьютер баспаға шығару кезінде инфрақызыл сәулені пайдаланады.


Лазер

Лазерді технология инфрақызыл технологияға ұқсас ол берумен қабылдағыш арасында тікелей көруді талап етеді. Егер де қандай да болмасын себептермен сәуле үзілсе, бұл беруді де үзеді.


Тар спектрдегі радиоберу (бір жиілікті беру)

Бұл тәсіл қарапайым радиостанция хабарын еске түсіреді. Пайдаланушылар беру мен қабылдағыштарын белгілі жиілікке баптайды. Бұл кезде тікелей көру міндетті емес, хабар аумағы шамамен 46500 м2 (500 000 шары фут). Пайдаланылатын жоғары жиілікті сигнал металл немесе темір бетонды бөгеттер арқылы өтпейді.

Мұндай байланыстың тәсілін қатынауды қызмет көрсетушілер арқылы іске асырылады. Байланыс ақырын (4,8 Мбит/с шамамен).
Шашыраңқы спектрдегі радиоберу

Бұл тәсіл кезінде сигналдар бірнеше жиілік жолақтарында беріледі. Бұл бір жиілікті беруге тән байланыстағы проблемаларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Қатынау жиіліктері екі каналға, немесе интервалдарға бөлінген. Адаптерлер белгіленген уақыт аралығында орнатылған интервалға бапталады, содан кейін басқа интервалға ауысады. Желілердегі барлық компьютерлердің ауысып қосылуы синхронды түрде өтеді.

Мәліметтерді санкцияланбаған қатынаудан қорғау үшін кодтауды қолданады.

250 Кбит/с беру жылдамдығы осы тәсілді ең ақырындардың санатына жатқызады. Бірақ оның негізінде құрылған желілер бар, олар ашық кеңістікте мәліметтерді 3,2 км дейінгі қашықтықта жылдамдығы 2 Мбит/с дейін – және ғимарат ішінде 120 м дейін береді.

Бұл нағыз өткізгішсіз желі. Мысалы Microsoft Windows 95 немесе Microsoft Windows NT операционды жүйе типінің Xircom CreditCard Netware адаптерларымен жабдықталған екі (немесе одан да көп) компьютер бір ранкті желі ретінде кабельсіз жұмыс істей алады. Осы уақытта егер желі Windows NT Server негізінде жұмыс істеп жатса. Сіз осы желілерді Windows NT-компьютерлерінің біреуіне Netware Access Point желі құрылғысын қосу арқылы байланыстыра аласыз.


Кеңейтілген жергілікті желілер

Өткізгішсіз компоненттердің кейбір типтері кеңейтілген жергілікті есептеу желілерінде, олардың ұқсасы – кабельді желілерінде сияқты қызмет етуге қабілетті. Өткізгішсіз көпір, мысалы бір бірінен үш милге дейінгі қашықтықта орналасқан желілерді байланыстырады (сурет 18).



Өткізгішсіз көпір (wireless bridge) деп аталатын компонент кабельдің қатысуынсыз ғимараттар арасында байланысты орнатуға көмектеседі. Қарапайым көпір адамдарға өзеннің бір жағасынан екінші жағасына өтуге қызмет етсе, сол сияқты өткізгішсіз көпір мәліметтер үшін екі ғимарат арасында жол салады. AIRLAN/Bridge Plus көпірі, мысалы, шашыраңқы спектріндегі радиоберу технологиясын ЛВС байланыстыратын магистральді жасау үшін пайдаланады. Олардың арасындағы қашықтық жағдайға байланысты 5 км дейін жетуі мүмкін. Мұндай құрылғыны эксплуатациялау құны қымбат болып көрінбейді, өйткені байланыс сызығын жалдау қажеттілігі болмайды.





жүктеу 1,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау