Ф-об-001/033 Қазқстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі



жүктеу 0,76 Mb.
бет10/15
Дата18.12.2017
өлшемі0,76 Mb.
#4664
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Ф-ОБ-001/033

Менің тағдырым еретең, профессор келген соң белгілі болады. Оған дейін бір күн, бір түн уақыт бар...» [14,101]. Автордың көтерген проблемаларының бірі үрей. Біздіңше «үрей» әркімнің қажеттілігінен туатын қателі қорқыныш іспетті, немесе сезім күй.

Бұл адамның сенімсіздігінен туып отыратын қорқыныш сезімі десекте, болады. «Үрей» сезімін автор былайша түсіндіреді: «...Үрей сезімі барлық адамға тән табиғи қасиет, одам ешкім қашып құтылған емес. Қорқыныш сезімінің ең күштісі – ажал үрейі. Ажалдың қыл арқаны мойынға түсіп, қылқындыра бастағанда ғана адмамды ажал үрейі билей ме? Жоқ. Сау-саламат шапқылап жүргенде-ақ бойымызда азды-көпті қорқыныш сезімі

болатын шығар. Әйтпесе неге өлікті көргенде төбе құйқамыз шымырлап кетеді.

Әйтсе де, өлім қауіпі ұдайы төбемізден төніп тұрмайды. Көбінесе оны өз басымызға қатар төнген сәттерде ғана еске аламыз. Өйткені «адамның ақыл-

ойын үрей сезіміне билетіп қоюға болмайды». Көне заманның ұлы ақыны Данте Алегьери осылай депті». [14,79].

Бір қызығы – адам бойындағы қорқыныш сезімінің табиғатын, әсіресе, ажал үрейінің ішкі сырын ғалымдар көптен бері-ақ зерттеп келеді екен.Орыстың ұлы ғалымы, атақты физиолог М.М.Мечников бұл салада бүкіл әлемдік ғылымға қыруар үлес қосқан жан саналады. Алайда ол «қорқыныш сезімін зертеуге, оның құпяларын ашуға, ажал үрейінің бейнесін жасауға» ғалымдардан гөрі, ақын-жазушылар көбірек еңбек сіңірген деп мойындайды.

Өз шығармаларында қорқыныш сезімі, ажал үрейі хақында мейлінше ғалым дәлдікпен жаза білген бірнеше жазушының есімін ұлы физиолог М.М.Мечников зор ілтипатпен атап көрсетеді. «...Олар ағылшын ғалым Джордж Байрон, француз жазушылары Альфон Доде мен Эмиль Золья, орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой». Мәшқұр ғалым М.М.Мечников

Ф-ОБ-001/033

солардың ішінде, әсіресе Толстойды айрықша жоғары бағалайды. Жазушы логикалық ойлану әдісімен-ақ сол кезде ғылымның күші жетпеген сырларды ашқан екен. Біздің қазақ әдебиетімізде де, Н.Келімбетов көтерген «Үрей» проблемасын жан-жақты, егжей-тегжейлі ойлау арқылы жеткізе білген.

Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологында көтерілген проблемалардың қай-қайсысын алып қарасақта, олардың барлығына өзінше психологиялық, философиялық, физиологиялық, педагогикалық жақтарын қарастыра келіп, өзінше жазушы, әдебиетші ретінде үлкен дайындықпен, ізденіспен, дүние танымы арқылы автордың идеал, биік мұрат тұрғысынан екшелген, сұрыпталған өмір құбылыстарының шебері ретінде баға бере білген.



Ф-ОБ-001/033

ІІ тарау.

Образдар жүйесі.

«Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологындағы образдар жүйесі.

Көркем бейне, яки әдеби қаһарман дейік, я болмаса шығарма геройы не кейіпкері немесе персонажы дейік, бәрібір, осылардың бәрі-бір-ақ ұғым – образ. Әдебиеттегі адам, сөздегі сурет, шығамада өмір шындығын жинақтау, адам мінезін дарлау, сайып келгенде, осылардың бәрінің сарқырап құяр сағасы біреу, ол - образ. Ал, «Образ – эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті [17, 106].

Образдың қазақшасы – көркем бейне. Бұл кеңірек ұғым.

Көркем бейне – көркемөнерде, соның ішінде әдеби шығармада жинақталған түрде суреттелетін өмір құбылысының нақтылы көрініс қалпы, кейіпкердің көркем елегінен өткізіліп,қорытындылап жасалған тұлға бейнесі, көркем образда екі түрлі ерекшелік – жинақтау, жалпылық сипаттарды топшылап түйіндеу және даралау,жекелік қасиет белгілерді нақтылы түрде көрсету – осы екеуі іштей астасып, қабысып жатады. Көркем образ әдебиетте құбылыстарды, табиғатты, адам тағдырын бейнелеп көрсету тәсілі. Әдеби шығармадағы адамның көркем образын алсақ, бой-тұлғасындағы, кескін-кейіпіндегі, жүріс-тұрысындағы, қимыл-әрекетіндегі, ойлау-сөйлеу әдетіндегі өзгеше сипат-белгілерді нақтылы суреттеу арқылы жазушы типтік қасиеттерді, яғни қоғамдық жағдай туғызған, басқаларға ортақ, жалпылық мәні бар ерекшеліктерді айқын танытады. Реалистік көркем образ типтендіру тәсілімен жасалады. Жазушы көптеген адамдарға тән қасиет сипаттарды жинастырып, екшеп іріктеп алып, бір адамның бойына сиғызып бейнелейді. Сондай кейіптердің кескін-тұлғасы, характеріндегі жекелік, көпке ортақ жалпылық қасиеттері де жалқылық ерекшеліктермен қатар, бедерленеді.

Кейіпкер – көркем әдебиетте бейнелейтін уақиғаға қатысушы.

«Әдебиетте адамның көркем бейнесін суреттегенде, жазушы оның


Ф-ОБ-001/033

кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезіне сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін

танытаны типтік сипаттармен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктрді де, әсіресе, жүріс-тұрысындағы, сырт келбетіндегі, сөйлеу әдетін анық байқалатын етіп көрсетеді. Көркем бейненің типтік өзгешелігі қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнің ашып беру үшін қандай қажетті болса, оның даралық, жекелік сипат – белгілері адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын айқын елестету үшін, нақтылы қалпында көріп-білу үшін сондайлық қажет. Атап айтатын нәрсе – көркем бейнеге тән типтін және даралық сипат ерекшеліктер екі бөлек жатқан, екідай болып, ажырап көрінетін ерекшеліктер емес. Кейіпкердің іс-әрекетіндегі, мінезіндегі көптеген жекелік сипат белгілер өзінің даралы, нақтылық қалпын сақтай отырып, типтік мағынада алады, сол ортадағы басқа адамдарға да тән қасиетті танытады. Кейіпкердің типтік бейнесін суреттеу қоғамдық өмірдің жан-жақты, терең зерттеп, білгенде ғана ұтымды болады. Романда, әсіресе, повесте кейде өзгелерден көбірек, жан-жақты, толық суреттелетін басты кейіпкерлер болатыны байқалады. Бірақ көлемді көркем шығармада, әдетте бір емес, бірнеше тіпті ондаған адамның бейнесі мүсінделеді» [5,59 ].

«...Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық. Бұл мәселені дұрыс таратып түсіну үшін, әуелі әдебиеттің объектісі - өмір болғанда, предметі – адам екенін ескеруіміз керек.

Кез-келген әдеби шығарманың бетін ашсақ болғаны іздеп табарымыз, тауып толғанарымыз - адам тағдыры, адамгершілік сыры.

Әдебиеттің предметі – адам дегенде, әңгіме дайын әдеби қаһарман жөнінде ғана емес, қаламгердің сол қаһарманды жасау үстіндегі барлық творчествалық әрекетінің ой-қыры, қия-қалтарысы туралы болуға тиіс.» [17, 80 ].

Адам тағдыры – жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді



жүктеу 0,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау